Факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінің төрағасы


Тақырыбы: Сапа деңгейін бағалау әдістемелерін



бет13/55
Дата20.09.2022
өлшемі0.72 Mb.
#460991
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   55
Квалиметрия

Тақырыбы: Сапа деңгейін бағалау әдістемелерін
жасаудың негізгі ережелері
Дәрістің жоспары:
1 Өнімнің сапа деңгейін бағалауының дифференциалдық әдісі
2 Өнімнің сапа деңгейін бағалауының кешенді әдісі
3 Кешенді көрсеткішке қойылатын талаптар
4 Біртекті емес өнім сапасының деңгейін бағалау
1 Біртекті өнімнің сапасын бағалауын дифференциалды, кешенді және аралас әдістерін қолданып жүргізеді.
Дифференциалды әдісті сапаның қажетті деңгейіне жетілуін анықтау үшін бағаланатын өнімнің сапасын базалық үлгімен салыстырғанда қолданылады. Сапаны салыстыруын бір көрсеткіш немесе көрсеткіштердің жиынтығы бойынша орындауға болады. Сапа көп мөлшерлі ұғым және көрсеткіштердің жиынымен қалыптасатын болғандықтан көрсеткіштердің жиынтығы бойынша салыстыруды жүргізуі дұрыс.
Бір көрсеткіш бойынша сапаны салыстыру нәтижесі – салыстырмалы көрсеткішті (К) анықтау, көрсеткіштердің жиынтығы бойынша сапаны салыстыру нәтижесі интервалдар шкаласы (Pi-Pib) немесе қатынастар шкаласы (Pi / Pib) бойынша берілуі мүмкін. Қатынастар шкаласы бойынша сапа көрсеткіштерін салыстыру кезінде олардың динамикасын сипаты есепке келесідей алынады: сапа көрсеткіштерін сандық мәндірінің қатынасын қарағанда базалық үлгімен салыстырғанда сапасы артқанда ол бірден көп, ал сапасы төмендегенде – бірден төмен болуы керек.
Қатынастар (немесе интервалдар) шкаласы бойынша сапаны өлшеудің қажетті шартты болып бірыңғай эталон немесе оның сапасының көрсеткіштерінің тізімін немесе базасын бекіту табылады. Базалық көрсеткіштердің мәндері ретінде өнімнің әртүрлі үлгілерінде жетілген көрсеткіштердің ең жоғары мәндерін белгілеуге болмайды. Базалық үлгі ретінде бір нақты үлгіні қабылдау қажет.
Сапаны дифференциалды әдіспен бағалау квалификационды әдіс болып есептеледі, өйткені оның көмегімен техникалық бұйымдарды мынандай сапалық категориялары бойынша белгілі осыларға ұқсас бұйымдардың сапа деңгейіне (мысалы, дүниежүзілік) «сәйкес» немесе «сәйкес емес», не «одан жақсы» деп бағалайды.
Сонымен қатар өнімнің сапасын дифференциалды әдіспен бағалағанда бұйымның әртүрлі қасиеттері сандық жолмен бағаланады, бұл осы өнімнің сапасын басқаруда нақты шешімдерді қабылдауға әкеліп соқтырады.
Мысалы машиналар жасауда, әрбір қарастырылатын көрсеткіші маңызды болып есептеледі және егер бір көрсеткіші болса да бірден аз болып келсе, онда бағаланатын өнімдердің (бұйымдардың) техникалық деңгейі базалық үлгінің техникалық деңгейінен төмен деп саналады.
Келесі жағдайларда, қасиеттердің қатынастық көрсеткіштерінің бөлігі бірден үлкен немесе оған тең болса, ал екінші бөлігі бірден төмен болса, яғни өнімнің сапасын бағалауда белгісіздік тұрса, онда бағалаудың мынандай әдістемесін қолдану керек. Қасиеттердің барлық қатынастық көрсеткіштерін маңыздылығы бойынша екі топқа бөледі. Біріншісіне (негізгі) топқа ең маңызды қасиеттерді сипаттайтын көрсеткіштерді, ал екіншісіне – маңыздылыѓы жағынан төмен көрсеткіштерді жатқызуға болады. Егер бірінші топтағы барлық қатынастық көрсеткіштер бірден жоғары немесе оған тең болса, онда бағаланатын бұйымның не өнімнің сапасы базалық үлгінің сапасынан төмен емес деп саналады.
Өнімнің сапасын сипаттайтын, техникалық деңгейдің нақты және ақпаратты беру жағынан толық бағалауын жүргізу үшін, сапа көрсеткіштерін салыстыру диаграммасын салады, онда қай көрсеткіштің көмегімен басқару және техникалық шешімдерді қабылдауға болатынын жақсы көруге болады.
2 Кешенді әдіс – барлық жекеленген көрсеткіштерді есепке алатын және математикалық өңдеуге келетін жиынтық көрсеткішті анықтау. Бұл әдісті күрделі бұйымдардың сапасын нақты, дәл бағалауға қолданады.
Кешенді көрсеткіш деп қасиеттердің біртекті тобын сипаттайтын жекеленген көрсеткіштерден тәуелді болатын функцияны айтады.
Көрсеткіштердің бұл тобына сенімділік, эстетикалық, қауіпсіздік, т.с.с. көрсеткіштер жатады.
Кешенді сапа көрсеткіштің бірнеше түрі болады:
бас, өнімнің негізгі белгілеуін көрсететін ең маңызды бірлік көрсеткіші;
орташа салмақталған кешенді көрсеткіш;
сапаның интегралды көрсеткіші.
Кешенді әдістің бірінші түріне өнімнің негізгі белгілеуін көрсететін ең маңызды көрсеткішті қолдану, яғни сарапшылардың тұжырымдары бойынша өнімнің (бұйымның) сапасын сипаттайтын көрсеткішті қолдану болып табылады.
Кешенді әдістің екінші түріне орташа салмақталған көрсеткішті қолдану әдісі жатады. Әдістің бұл түрін қолданғанда бағаланатын өнімнің сапасын бір немесе бірнеше базалық үлгілермен салыстырады.
Кешенді әдістің үшінші түрі – интегралды көрсеткішке негізделген әдіс.
Интегралды сапа көрсеткіші J – бұл өнімнің технико-экономикалық сапа көрсеткіші, ол өнімді тұтыну немесе пайдалану кезінде алынатын тиімділік пен өнімді жасап пайдалану кезінде алынған жинақтық шығындарды салыстыруға негізделген.
J = Э / З = Э / (Зс + Зэ),
мұндағы: Э- өнімнің жарамдылық мерзімі ішіндегі жинақтық тиімділік, ол ақшалай түрінде сипатталады;
(Зс + Зэ) – бұл жинақтық шығындар, ақшалай түрінде беріледі;
Зс - өнімнің жасалуына немесе сатып алуына жұмсалған шығындар;
Зэ - өнімнің жарамдылық мерзімі ішінде пайдалануына немесе тұтынуына жұмсалған шығындар жиыны.
Интегралды көрсеткішті тұтыну саласындағы бұйымдарға қолдану қиын болып келеді, сонымен қатар ол шикізат пен материалдарға қолданылмайды. Оны пайдаланғанда эргономикалық, эстетикалық, т.с.с. кейбір басқа қасиеттер есептелмейді. Интегралды көрсеткішті көбінесе ақшалай түрде тиімділігі бар бұйымдарды қолдануда пайдалануы жөн деп саналады.
3 Сапаның кешенді көрсеткіші келесі талаптарға жауапты болу керек:
- репрезентативтілігі – көрсеткіште бұйымның сапаны бағалайтын барлық негізгі сипаттамаларыныњ көрсетілуі.
- басқа көрсеткіштердің тіркелген мәндерінде сапаның жекеленген көрсеткіштерінен қайсысы да өзгерген кезінде өнімнің сапасының кешенді көрсеткішінің өзгеруінің монотондығы;
- өзгерілетін параметрлерге сезгіштігі;
- нормалаулығы – сапаның салыстырмалы көрсеткіштерінің ең жоғарғы және ең төменгі мәндерінің арасындағы кешенді көрсеткіштің сандық мәні. Бұл талап кешенді көрсеткішті өлшеулер шкаласының құлашынын көрсетеді.
4 Біртекті емес өнім деп анықталған өндірістік мақсатқа жету үшін арналған бұйымдардың жиынтығын түсінеді. Бұл технологиялық кешенді немесе өндірістік процестің машиналар жүйесін құрастыратын әртүрлі технологиялық машиналар болуы мүмкін. Егер де кәсіпорын немесе өндірістік бірлестік бірнеше типті бұйымды шығаратын болса, онда біртекті емес өнімді жасайды.
Біртекті емес өнімнің сапа деңгейін бағалау үшін сапа индексын пайдаланады.
Сапа индексы – бағаланатын және базалық өнімдерінің барлық түрлерінің сапасының орташа салмақталған көрсеткіштерінің салыстырмалы мәніне тең болатын біртекті емес өнімнің сапа деңгейінің кешенді көрсеткіші.
Біртекті емес өнімнің сапа деңгейін кешенді бағалау кезінде қолданылатын негізгі көрсеткіш – сапаның салыстырмалы орташа салмақталған арифметикалық индексы – Иku:

мұнда:
s және m – бағаланатын және базалық өнімнің әртүрлерінің саны;
βn және βk - өнімнің n-дық бағаланатын және k-базалық түрлерінің салмақтылық коэффициенттері;
Кбаѓ және Кбаз – бағаланатын және базалық өнімнің сәйкесті үлгілерінің қасиеттерінің жиынтығының кешенді көрсеткіштері.
Салмақтылық коэффициенттерді келесі формулалар бойынша анықталады:

мұнда:
Сn және Ck өнімнің n және k түрлерінің жеке үлгілерінің құны.
Біртекті емес өнімнің сапа деңгейін бағалау кезінде қолданылатын тағы бір көрсеткіш – сапаның орташа салмақталған геометриялық индексы Иkv. Бұл индекс келесі формула бойынша анықталады:

Кn - дифференциалды әдіспен анықталатын өнімнің n-түрінің сапасының салыстырмалы көрсеткіші, яғни

мұнда:
Pn - өнімнің n-түрінің сапасының басты жекеленген немесе кешенді көрсеткіші;


Pnбаз - өнімнің n-түрінің сапасының базалық көрсеткіші;
N - өнімнің шығарылатын түрлерінің саны;
αn - өнімнің n-түрінің салыстырмалы көлемі, яғни салмақтылық коэффициенті.
αn салмақтылық коэффициенті келесі формула бойынша анықтайды:

мұнда:
Сn – ақша түрінде көрсетілген өнімнің n-түрінің шығарудың жоспарланған немесе нақты көлемі (көтерме бағаларда).
Даралық өнім үшін:

мұнда:
ζ n - - өнімнің n-түрді бұйымдардың саны;
Цn - өнімнің n-түрінің өткізу бағасы.
Ақау индексы Иа – қарастырылған уақыт аралығында шығарылған өнімнің сапа деңгейін бағалау үшін пайдалынатын біртекті емес өнімнің кешенді көрсеткіші. Ол бағаланатын өнімнің орташа салмақталған ақау коэффициентіне тең.

Ra - өнімнің n-түрінің ақау коэффициенті;
N – бағаланатын біртекті емес өнімнің түрлерінің саны;
αn - өнімнің берілген түрінің салмақтылық коэффициенті.
Өздікбақылауға арналған сұрақтар:
1 Өнімнің сапа деңгейін бағалауының дифференциалдық әдісі дегеніміз не?
2 Өнімнің сапа деңгейін бағалауының кешенді әдісін қалай қолданады?
3 Кешенді көрсеткішке қойылатын талаптарды атаңыз?
4 Біртекті емес өнім сапасының деңгейін бағалауды қалай жүргізеді?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Федюкин В.К. Основы квалиметрии. Управление качеством продукции. Учебное пособие. – М.: Информационно-издательский дом «Филинъ», 2004. – 296 с.
2 Фомин В.М. Квалиметрия. Управление качеством. Сертификация. Курс лекций. – М.: ЭКМОС, 2000. – 320 с.
3 Шишкин И.Ф., Станякин В.М. Квалиметрия и управление качеством: Учебное пособие. - М.:Изд-во ВЗПИ, 1992.-255 с.

№ 12 дәріс (1 сағат)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет