Факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінің төрағасы


Студенттердің білімін бағалау критерийлері



бет4/55
Дата20.09.2022
өлшемі0.72 Mb.
#460991
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Квалиметрия

Студенттердің білімін бағалау критерийлері

«өте жақсы» бағасы (А; 4,0; 95-100%;)

  • Семинар тақырыбы бойынша талқылауда белсенді қатысу, оқуға берілген материалды қолдану және қосымша өзбетімен жұмыста оқыған материалдарды өте жоғары дәрежеде жеткізе білу, басқалардың айтқанын қайталамау, өзінің кәсібилігін, берілген тақырып, пән бойынша құзіреттілігін көрсете білуі, аудитория алдында өзін көшбасшы ретінде танытып, топқа бағыт бере білу, басқа студенттердің жауаптарын мұқият тыңдап, оларға орынды сұрақ қоя білу;

  • Студент бағдарламалық материалды толық меңгерген және қандай да бір қателік, дәлсіздік жібермесе, бақылау тапсырмаларын, жұмыстарын, коллоквиум, үй тапсырмаларын уақытында және дұрыс орындаған жағдайда, сонымен бірге, ерекше ойлау қабілеті, ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысу, пәнді оқуда өзбетімен ғылыми әдебиеттерді пайдалану, бағдарламалық материалды өзбетінше жүйелей алған жағдайда қойылады.

«өте жақсы» бағасы (А-; 3,67;90-94%)

  • семинар сабағының тақырыбын талқылауға белсенді қатысу, оқуға берілген материалдан басқа қосымша материалдарды оқығандығын көрсете білуі, ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысу, нақты өмірмен байланыстыра алуы, талқылау барысында кәсібилігін көрсету; басқа студенттердің жауаптарын мұқият тыңдап, оларға орынды сұрақ қоя білу;

«жақсы» бағасы (В+;3,33; 85-89%;)

  • Студент семинар тақырыбын талқылағанда белсенді қатысып, оқуға берілген материалдарды қолданады. Теориялық материалдар мен нақты өмірдегі проблемалар мен оқиғалардың арасындағы байланыстарды көре алады, ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысу, қарым – қатынаста кәсібилік танытады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет