Федоров ауданының 2015 – 2017 жылдарға арналған азаматтық бюджет



жүктеу 186.98 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі186.98 Kb.


Федоров ауданының

2015 – 2017 жылдарға арналған

азаматтық бюджет
Федоров ауданының 2015 – 2017 жылдарға арналған азаматтық бюджет аудандық бюджеттің негізгі көрсеткіштер, оның қалыптасуының параметрлері және бюджеттік қаражаттардың жұмсалуы бағыттар туралы ақпаратты қамтиды.

Осы құжат «Бюджетті жоспарлау», «Ауданның әлеуметтік-экономиалық дамуының негізгі көрсеткіштер» және «Аудан бюджетінің түсімдер мен шығыстар» бөлімдерді қамтиды.

Аудан бюджеті – түсімдер есебінен қалыптастырылатын және ауданның жергілікті мемлекеттік органдарының, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.

Бюджет процесi – мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен регламенттелген, бюджеттi жоспарлау, қарау, бекiту, атқару, нақтылау және түзету, бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есептiлiктi, бюджеттiк есепке алу мен бюджеттiк есептiлiктi жүргiзу, мемлекеттiк қаржылық бақылау жөнiндегi қызметi.

2015 – 2017 жылдарға арналған аудандық бюджет Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстеріне, Федоров ауданының 2015 – 2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес қалптасты және аудандық мәслихат сессиясының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 299 шешімімен бекітілді. Әділет органдарында 2015 жылғы 09 қантардағы № 5280 тіркелген.



  1. «Бюджетті жоспарлау»

Аудандық бюджетінің орта мерзімді кезеңіне арналған болжамды көрсеткіштер мен аудандық бюджет жобасын жоспарлауды бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетт орган жүзеге асырады.

1.1 «Ауданның әлеуметтік - экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштер»






Көрсеткіштер атауы

2014 жылғы нақтысы

2015 жылға болжамы

2016 жылға болжамы

2017 жылға болжамы

1

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі, млн. теңге

22166,3

23718

25378

27155

2

Өнеркәсіп өнімінің көлемі, млн. теңге

3604,7

3340

3068,0

3282,7

3

Тұрғындар саны, мың адам

27,0

27,2

27,4

27,4

4

Жұмыссыздық деңгейі, %

0,2

0,2

0,2

0,2

5

Айлық есептік көрсеткіш (АЕК), теңге

1852

1982

2121

2269

6

Жалақының ең төменгі мөлшері, теңге

19966

21364

22859

24459

7

Орташа айлық атаулы жалақысы, теңге

70327

75250

80517

86154

Федоров ауданының 2014 жылғы даму қорытындылар экономика мен әлеуметтік салалалардың тұрақты дамуын көрсетеді.



Өнеркәсіп және шағын кәсіпкерлік

2014 жылғы қорытындысы бойынша қайта өңдеу өнеркәсіп кәсіпорындар өнімін 3 млрд. 605 млн. теңге сомасына шығарды (қолданыстағы бағалармен), бұл өткен жылдан 209,0 млн. теңгеге көп. Өнеркәсіп өнімінің физикалық көлемінің индексі 103,7 % құрады.

2014 жыл ішінде бөлшектеп тауар алмасуы өсіп 1 млрд. 477,6 млн. теңгені құрады, бұл 2013 жылдан 188,5 млн. теңгеге көп. Физикалық көлемінің индексі 108,6 % құрады.

2014 жыл ішінде кіші кәсіпкерлік объектілерінен бюджетке түскен қаражат 397 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың осындай кезеңінен 20,3 млн. теңгеге көп.

Бастайтын және жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлерге іс мәдениетінің деңгейін арттыру және кәспкерлік бастамашылықты ынталандыру үшін қажетті жағдай жасау мақсатында «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы қолданылуда.

2014 жыл ішінде осы Бағдарламаның 1-бағыты бойынша Федоров ауданы бойынша 1 млн. теңге сомасына өтеусіз грант алынған болатын – «Пужанский» ЖК пейнтбол клубын дамытуға.



Ауыл шаруашылығы

2014 жылғы жазғы егіс алқаптарының құрылымында дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 324,7 мың гектар алаңында егілді, одан 510,0 мың тонна астық жиналды, бұл Қостанай облысының жалпы түсімінің 12 % құрады. Аудан бойынша жалпы өнімділігі гектардан 15,8 центнерді құрады (облыс бойынша бірінші орын).

Әртараптандыру шеңберінде егіс алқаптарының құрылымында майлы дақылдардың алқабы өткен жылмен салыстырғанда 13 мың гектарға ұлғайып, 53,3 гектарды құрады.

Майлы дақылдардың жалпы түсімі 42 мың тоннадан астам болып, орташа өнімділігі 8,2 га/ц құрады.

2014 жылы астық жинау науқаны қиын жағдайда өткен себепті диқандар тұқым қорын толығымен дайындай алмай, қажетті 54 мың тоннадан аудан бойынша 41 мың тонна тұқым салынған болатын.

Малдың табысты қыстау үшін қажетті пішендеме мен сүр шөп дайындалды.

2014 жыл ішіндегі ауыл шаруашылық өнімінің жалпы шығарылым 22,2 млрд. теңгені құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 17,2 млрд. теңге, мал шаруашылығы – 5,0 млрд. теңге. Ауыл шаруашылық өнімінің жалпы шығаруы физикалық көлемінің индексі 108,6 % құрады.

2014 жыл ішінде ауданның аграрлық қызметкерлер жаңа ауылшаруашылық техниканың 41 бірлігін сатып алды: 2 бірлік комбайндар, 2 бірлік егіс кешендер және 39 бірлік тракторлар.

Көктемгі-далалық және астық жинау жұмыстарды жүргізуге, тұқым шаруашылықты қолдауға, гербицидтерді сатып алуға, ЖЖМ құнын арзандатуға ауылшаруашылық өнімін шығарушылар мемлекеттен 1 млрд. 113 млн. теңге мөлшерінде субсидиялар және «Азық-түлік корпорация» ҰК» АҚ арқылы 355 млн. теңге сомасына кредит алды.

Мал шаруашылығын дамытудың да өсу беталысы бар. Ауданда ірі қара малдың саны 24 мың басынан астам,оның ішінде сиырлардың мал басы 11 мың басын құрады.

Мал шаруашылығы саласында орта және ірі тауар шығаруымен үш ЖШС айналысуда:

– Екі ЖШС асыл тұқымды санаттағы – «Тұрар» және «Бек+» ЖШС Голштин фриз қара ала тұқымын өсіруде. Осы шаруаларда сүтті бағытындағы ІҚМ асыл тұқымды мал басы 4016 басты құрады.

– «Гранд» ЖШС етті бағытындағы ІҚМ өсіруімен айналысуда, шаруада ІҚМ саны 571 басты құрады.

Мемлекет тарапынан мал шаруашылығымен айналысып отырған ауылшаруашылық өнімін шығарушыларға елеулі қолдау көрсетілуде. Атап айтқанда, 2014 жыл ішінде мал шаруашылығын дамытуға 376 млн. теңге сомасында субсидиялар төленді.

Аудан малдың асыл тұқымдығын нығайтуда озық орындарды алуда. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2011 – 2014 жылдар ішінде ІҚМ 1266 бас 247,2 млн. теңге сомасына сатып алынды, оның ішінде 57 тұқымдық бұқа.

Негізгі капиталға инвестициялар

2014 жылғы аудан экономикасының негізгі капиталға инвестициялар 5 млрд. 247,2 млн. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2013 жылдан 560 млн. теңгеге көп. Физикалық көлемінің индексі 106,7 % құрады.

Инвестжобалар

2014 жылы аудан бойынша 3 инвестжоба пайдалануға берілді:

1. «Трояна» ЖШС Пешков а/о «Өнімділігі тәулікке 30 тонна астық диірменнің құрылысы». Жобаның жалпы құны 50 млн. теңге (өзінің қаражаттар), 2014 жылғы маусымда пайдалануға берілді.

2. «Беркут» ЖШС Федоров а/о «Жалпы сыйымдылығы 4000 тонна шағын АҚП құрылысы». Жобаның жалпы құны 170 млн. теңге (өзінің қаражаттар), 2014 жылғы 4 желтоқсанда пайдалануға берілді.

3. «Пшеничное» ЖШС Шандақ а/о «500 басқа арналған бордақылау алаңшасының құрылысы». Жобаның жалпы құны 35 млн. теңге (өзінің қаражаттар), 2014 жылғы 31 желтоқсанда пайдалануға берілді.

Абаттандыру

2014 жыл ішінде елді мекендерді жарықтандыру, абаттандыру және көгалдандыруға аудандық бюджеттен 85,3 млн. теңге жұмсалды.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Федоров ауылындағы шағын стадионының ағымдағы жөндеуге республикалық және аудандық бюджет есебінен 60,2 млн. теңге бөлініп игерілді.

2014 жыл ішінде 1258 шаршы метр тұрғын үй алаңы пайдалануға берілді. ФКИ 100,7 % құрады. Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 2 млрд. 464 млн. теңгені құрады, бұл 2013 жылдан 121 млн. теңгеге көп. Құрылыс-монтаждау жұмыстардың ФКИ 100,5 % құрады.

Автомобиль жолдарын пайдалануды қамтамасыз етуге аудандық бюджетте 62,2 млн. теңге бөлініп игерілді.

Федоров – Ленино – Вишневое автожолын қайта жаңартуға республикалық бюджеттен 398,5 млн. теңге игерілді.

Коммуналдық шаруашылығы

Ауданның 52 елді мекеннің 3-те сумен жабдықтау жүйесі орталықтандырылған, 11 елді мекенде әкелінетін су пайдаланылады, 38 елді мекен орталықсыздандырылған сумен жабдықтау жүйесінен қамтамасыз етіледі. Есептік жылы «Компания Ерлан» ЖШС «Қостанай облысы Федоров ауданы Федоров ауылындағы су құбырының тарату желілерді қайта жаңарту» объектісі бойынша 566,3 млн. теңге сомасына мердігерлік жұмыстарды орындады.



1.2 «Аудан бюджетінің түсімдер мен шығыстар»

Мың теңге



Атауы

2014 жылғы

нақтысы


2015 жылғы бекітілген

2016 жылғы

болжам


2017 жылғы

болжам


1

2

3

4

5

ТҮСІМДЕР – барлығы

3539956,9

3517542

2181696

2652061

Өзінің кірістер, оның ішінде

739100,9

746928

774243

817813

Салықтық түсімдер

708892,5

740955

771770

815340

Салықтық емес түсімдер

24369,3

3358

1858

1858

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

5839,1

2615

615

615

Басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетін түсімдер, оның ішінде:

2800856

2770614

1407453

1834248

Нысаналы ағымдағы трансферттер

295241

625635

53206

51220

Нысаналы даму трансферттері

1165338

879003

79779

452850

Субвенциялар

1162338

1265976

1275468

1330178

2014 жылғы Федоров ауданының мемлекеттік бюджет 95,2 %-ға атқарылды. Жоспарында 1339,7 млн. теңге болғанда нақты 1275,6 млн. теңге түсті, бұл 64,1 млн. теңгеге аз. 2013 жылғы есептік деректерге қарағанда түсімі 153 млн. теңгеге ұлғайды.

2014 жылғы салықтар бойынша және аудандық бюджетке басқа да төлемдер бойынша кіріс бөлігі 101,6 %-ға атқарылды, жоспар бойынша 727,7 млн. теңге болғанда нақты 739,1 млн. теңге, немесе 11,4 млн теңгеге көп қаражаты түскен. 2013 жылғы есептік деректерге қарағанда түсімі 67 млн. теңгеге ұлғайды.

Аудандық бюджетке түсетін салықтық түсімдердің жоспары 647,5 млн. теңге болғанда, нақты 662,8 млн теңге түсіп, орындалудың 102,4 % құраған болатын, оның ішінде:

Төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы, түсімдердің нақтыланған жоспары бойынша сомасы 331239,0 мың теңге болғанда аудан бюджетіне нақты 337058,4 мың теңге түсіп, атқарылудың 100,8 % құрады. Қосымша 5819,4 мың теңге түсті. Болжамның артық орындалуы шаруа қожалықтардан жалдамалы қызметкерлерге 2015 жылғы 10 сәуір мерзімі бойынша төлемдердің түскеніне байланысты. Өткен жылмен салыстырғанда «Воробкало» ЖК сүтті сатып алу жөніндегі негізгі қызметтің ашылу мен сүттің сатып алу бағасының өсімі есебінен түсімі 26505,4 мың теңгеге ұлғайды;

Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы, нақтыланған жылдық жоспары бойынша 25117,0 мың теңге болғанда аудан бюджетіне нақты 28247,3 мың теңге түсіп, атқарылуы 112,5 % құрады. Аудандық бюджетке қосымша 3130,3 мың теңге түсті. Болжамның артық орындалуы бір жолғы төлемдерді төлеуден қалыптасты: мүлік пен жер учаскелерді сатудан түсетін кірістерге салынатын салықтан, сонымен қатар салық төлеушілермен жүргізілген жұмысы есебінен кіріс пен бюджетке төлемдердің сомалары ұлғайтылды. Өткен жылғы деректерге қарағанда бір жолғы төлемдер түсімінің азаюы есебінен түсімі 14021,7 мың теңгеге азайды.

Төлем көзінен салық салынатын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы, түсімдердің есептік жылғы нақтыланған жоспары бойынша 461,0 мың теңге болғанда, нақты 495,9 мың теңге түсті. Қосымша 34,9 мың теңге түсті. Артық орындалуы «Федоровские новости» ЖШС бір жолғы төлем төлеген есебінен қалыптасты. Өткен жылмен салыстырғанда осы салықтың түсімі төлеушілер саны 3 салық төлеушіге өскен есебінен 182,1 мың теңгеге ұлғайды;

Әлеуметтік салық 100,1 %-ға атқарылды, түсімдердің жоспары бойынша 165269,0 мың теңге болғанда, аудан бюджетіне нақты 165400,1 мың теңге түсті. Қосымша 131,1 мың теңге түсті. Болжамның артық орындалуы ЖШС қарызының өтелгеніне байланысты. Өткен жылғы деректерге қарағанда 2013 жылы МКК-ның қарызды өтеу есебінен түсімі 2087,2 мың теңгеге азайды;

Заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық. Есептік жылғы жоспары бойынша 66447,0 мың теңге болғанда, нақты 66343,5 мың теңге түсті, бұл атқарылудың 99,8 % құрады. 133,5 мың теңге толық түспеген. Болжамның атқарылмауы салық төлеушілердің есеп шоттарына жүргізілген қайтарулар мен артық төлемдерді басқа салықтарға есепке алумен байланысты. Өткен жылмен салыстырғанда «Бек+» ЖШС малшаруашылық кешені пайдалануға берілгеніне байланысты ағымдағы төлемдердің 1264 мың теңгеге өсуі, «KEGOC» АҚ Сарыбай МЭЖ» филиалының мүлікті 4920,0 мың теңгеге қайта бағалау және 2013 жылғы декларация бойынша 4333,4 мың теңге мөлшеріндегі толық есептелген сомасын төлеу есебінен түсімі 36271,9 мың теңгеге ұлғайды.

Жеке тұлғалардың мүлкiне салынатын салық. Есептік жылғы жоспары бойынша 1400,0 мың теңге болғанда, нақты 1442,9 мың теңге түсті. Қосымша 42,9 мың теңге түсті. Өткен жылғы деректерге қарағанда түсімі 40,7 мың теңгеге көбейді.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жеке тұлғалардан алынатын жер салығы. Есептік жылғы жоспары бойынша 38,0 мың теңге болғанда, нақты 39,6 мың теңге түсті. Артық орындалуы 1,6 мың теңге сомасындағы бұрынғы жылдардағы берешекті өтеу, оның ішінде 1,0 мың теңге мөлшеріндегі өсімпұлды төлеу есебінен қалыптасты. Өткен жылғы деректерге қарағанда түсімі 30 мың теңгеге азайды.

Елдi мекендер жерлерiне жеке тұлғалардан алынатын жер салығы. 104302 коды бойынша есептік жылғы жоспары бойынша 2973,0 мың теңге болғанда, нақты 3003,4 мың теңге түсті. Аудандық бюджетке осы коды бойынша қосымша 30,4 мың теңге түсті. Артық орындалуы бұрынғы жылдардағы берешекті өтеу, оның ішінде 22,0 мың теңге мөлшеріндегі өсімпұлды төлеу есебінен қалыптасты. Өткен жылғы деректерге қарағанда түсімі 181,0 мың теңгеге азайды.

Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жеріне және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерге салынатын жер салығы. Есептік жылғы жоспары бойынша 4023,0 мың теңге болғанда, нақты 4023,1 мың теңге түсті, бұл атқарылудың 100 % құрады. Өткен жылғы деректерге қарағанда артық төлемнің ЖК басқа салықтарға есепке алуы жүргізілгеніне байланысты осы коды бойынша түсімі 61,9 мың теңгеге азайды.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге заңды тұлғалардан, жеке кәсіпкерлерден, жеке нотариустар мен адвокаттардан алынатын жер салығы. Есептік жылғы жоспары бойынша 719,0 мың теңге болғанда, нақты 719,4 мың теңге түсті, бұл атқарылудың 100,1 % құрады. Қосымша 0,4 мың теңге түсті. Өткен жылғы деректерге қарағанда 2014 жылы «Гранд» ЖШС тіркеу есепке алудан аланып тасталғанына сонымен қатар артық төлемнің басқа салықтарға есепке алуы жүргізілгеніне байланысты түсімі 330,7 мың теңгеге азайды.

Елді мекендер жерлеріне заңды тұлғалардан, жеке кәсіпкерлерден, жеке нотариустар мен адвокаттардан алынатын жер салығы. Есептік жылғы жоспары бойынша 2408,0 мың теңге болғанда, нақты 2396,2 мың теңге түсті, бұл атқарылудың 99,5 % құрады. 11,8 мың теңге толық түспеген. Болжамның атқарылмауы «Қазпошта» АҚ БСК 104101 бойынша 50,0 мың теңге сомасында жүргізілген есепке алуына байланысты. Өткен жылмен салытырғанда артық төлемнің басқа салықтарға жүргізілген есепке алуы есебінен түсімі 1056,7 мың теңгеге азайды.

Заңды тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын салық. Есептік жылғы жоспары бойынша 6486,0 мың теңге болғанда, нақты 6575,2 мың теңге түсті, бұл атқарылудың 101,4 % құрады. Қосымша 89,2 мың теңге түсті. Болжамның артық орындалуы төленген берешегі есебінен қалыптасты. Өткен жылмен салытырғанда ең төменгі есептік көрсеткіштің 121 теңгеге өсуі есебінен түсімі 803,9 мың теңгеге көбейді.

Жеке тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын салық. Есептік жылғы жоспары бойынша 42526,0 мың теңге болғанда, нақты 43568,3 мың теңге түсті. Қосымша 1132,3 мың теңге түсті. Төлеу мерзімі 2014 жылғы 31 желтоқсан бойынша ағымдағы төлемдер. Өткен жылмен салытырғанда 2013 жылғы қарыз өтелгеніне байланысты осы коды бойынша түсімі 593,5 мың теңгеге азайды.

Бірыңғай жер салығы бойынша түсімдердің болжамы 2014 жылғы жоспары бойынша 26692,0 мың теңге болғанда, нақты 26933,9 мың теңге түсті, атқарылуы 100,9 % құрады. Камералық бақылау нәтижесі бойынша 2009 – 2013 жылдардағы қосымша ұсынылған есептілік бойынша салықты төлеу есебінен қосымша 241,9 мың теңге қаражаты түсті. Өткен жылмен салыстырғанда түсімі 454,7 мың теңге көбейді.

Акциздер (бензин) бойынша жылға түсімі жоспары бойынша 2289,0 мың теңге сомасында болғанда, нақты 2305,5 мың теңге түсті, бұл атқарылудың 100 % құраған болатын. Өткен жылға қарағанда өткізілудің (сатылым) көлемінің азайғанына байланысты осы коды бойынша түсімі 80,1 мың теңгеге азайды.

Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемнің түсімі есептік жылғы жоспары бойынша 6549,0 мың теңге болғанда, нақты 6434,8 мың теңге түсті, немесе 98,3 %-ға атқарылды. 114,2 мың теңге толық түспеген. Болжамның атқарылмауы салықтардың басқа кодтарға есепке алынғанына байланысты. Өткен жылға қарағанда осы коды бойынша түсімі 1029,1 мың теңгеге көбейді. «Гранд» ЖШС тіркеу есепке алынғанына байланысты салық сомасы 1400 мың теңгені құрады.

Кәсiпкерлiк және кәсiби қызметтi жүргiзгенi үшiн алынатын алымдардың түсімі 103 %-ға атқарылды. Төлемдер біржолғы сипаттағы болып табылады.

Мемлекеттік баж 108,4 %-ға атқарылды. Төлемдер біржолғы сипаттағы болып табылады, алымның сомасы өтініш жасаған клиенттердің санына тәуелді.

2014 жыл ішінде жоспар бойынша аудандық бюджетке салықтық емес түсімдер 24111,3 мың теңге болғанда, нақты 24369,3 мың теңге түсті, бұл атқарылудың 101,1 %, оның ішінде:

– коммуналдық меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер 107,7 %-ға атқарылды. Артық атқарылуы төлеушілер санының өсімі есебінен қалыптасты;

– жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелермен алынатын өзге де айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар 147,9 %-ға атқарылды, жоспар бойынша 8,0 мың теңге болғанда, нақты 11,8 мың теңге түсті. Түсімі айыппұлдарды салу фактілер бойынша қалыптасты;

– басқа да салықтық емес түсімдер 100,7 %-ға атқарылды, жоспар бойынша 23000,0 мың теңге болғанда, нақты 23162,7 мың теңге түсті. Төлемдер біржолғы сипаттағы болып табылады.


Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 102,3 %-ға атқарылды. 2014 жылғы жоспары 5708,0 мың теңге болғанда аудандық бюджетке нақты 5839,1 мың теңге түсті. Төлемдер біржолғы сипаттағы болып табылады.

Трансферттердің түсімі
2014 жылғы облыстық бюджеттен берілетін трансферттердің түсімі 100 % құраған болатын. Жоспары 2800856,0 мың теңге болғанда нақты 2800856,0 мың теңге түсті.
Аудан бюджетіне түсемтін салықтық түсімдер құрылымы


2015 жылға арналған бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер құрылымы


Аудан бюджетінің шығыстар


Атауы

2014 жылғы

Нақтысы

2015 жылғы

баға

2016 жылғы

болжам

2017 жылғы

болжам

1

2

3

4

5

ШЫҒЫСТАР – барлығы, оның ішінде:

3552520,5

3517542

2181696

2652061

Мемлекеттік қызметтер

242900,4

300733

289800

286609

Қорғаныс

2974,9

3692

3658

3658

Білім

1454679,5

1722858

1277530

1733677

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету

97380,1

112995

75196

75196

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

725556,5

923366

236955

254364

Мәдениет, спорт, ақпараттық кеңістігі

336605,6

163765

143707

143707

Отын-энергетика кешені және жер қойнауынпайдалану саласы













Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

63571,3

63797

64887

64887

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі және өзгелер

13994,3

11163

10611

10611

Көлiк және коммуникациялар

460690,0

188060

52239

52239

Өзгелер

149016,3


27113

27113

27113

Нысаналы пайдаланылмаған трансферттерді қайтару

5135,4










Бюджет тапшылығы (профициті)

-39495,8

-28795

-15800

-15800

Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану)

39495,8

28795

15800

15800

Бюджеттік кредиттерді өтеу

13183,3

15800

15800

15800



2015 жылғы аудан бюджеті қаражатының жұмсалудың негізгі бағыттар


Трансферты, выделенные из республиканского и областного бюджетов

на 2015 год

Тыс. тенге



  • оқушыларды әкелуді жүзеге асыру үшін автобустарды сатып алуға

37350,0

  • балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеуді қамтамасыз ету және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмегін көрсету жөніндегі қызметтер аудандық деңгейге берілгеніне байланысты психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерді ұсатуғав

10062,0

3330,0

  • мамандандырылмаған аудандық және қалалық балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің қызметін қамтамасыз ету қызметтер аудандық деңгейге берілгеніне байланысты балалар-жасөспірімдер спорт мектептерін ұстауға

35951,0

  • Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде қалалар мен ауылдық елді мекендерді дамытуға (Баннов ОМ мен қазандықтың ағымдағы жөндеу)

136379,0

  • Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге тұрмыстық мұқтаждықтарға көмегінің мөлшерін 6-дан – 10 айлық есептік көрсеткіштеріне дейін ұлғайтуға

1142,0

  • Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы ұстауға

10000,0

- «Федоров ауданы Федоров селосындағы су құбырының тарату желілерді қайта жаңарту (2-кезек) түзету» жұмыс жобасы бойынша мердігерлік жұмыстарға

753182,0

  • көлік инфрақұрылымын дамытуға. «Федоров – Ленино - Вишневое» автожолын қайта жаңарту

125821,0

- үш деңгейлі жүйе бойынша біліктілігін арттырудан өткен мұғалімдерге еңбекақыны көтеруге

35555,0

13774,0

- ауылдық жердегі мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға

44595,0

  • «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» 2-бағыты шеңберінде құрал-жабдықтарды сатып алуға

6000,0

  • халықты әлеуметтік қорғау және көмек көрсетуге (мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етудің нормаларын ұлғайту)

20298,0


- білім беретін мектепке дейiнгi ұйымдардағы мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға

159988,0

  • 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақыларға

864,0

  • Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жетпіс жылдығына арналған іс-шараларды өткізуге

9630,0

  • мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлерінің, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлерінің лауазымдық жалақысына ерекше еңбек жағдайлары үшін ай сайынғы үстемеақы төлеуге

270643,0

  • жұмыспен қамту орталықтардың қызметін қамтамасыз етуге

13777,0

  • кәсіптік даяпрлау, қайта даярлау және кадрлардың біліктлігін арттыруға

5693,0

  • жалақыны ішінара субсидиялауға

4001,0

  • жастар практикасына

5351,0




©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет