Ферменттер


Ферменттің активті орталығы



бет3/8
Дата11.10.2024
өлшемі3.29 Mb.
#504582
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8
Ферменттер слайд

Ферменттің активті орталығы

  • Фермент молекуласының субстратпен тікелей тиісіп жанасатын бөлігін ферменттің активті орталығы деп аталады;
  • Активті орталық бүйір радикалында функционалды тобы бар амин қышқылдарының қалдықтарынан түзіледі.
  • Күрделі ферменттерде активті орталыққа металл иондары мен коферменттер де кіреді.

Ферменттiң активті орталыѓы

  • Ферменттiң активті орталыѓы
  •  
  • Ферменттiк катализ жүзеге асқанда бiрiншi сатысында фермент (Е) субстратпен (S) әрекеттеседi де, фермент-субстратты комплекс (ЕS) түзiледi:
  •  
  • Е + S  ЕS
  •  
  • Фермент субстратпен өзара байланысқанда, белок молекуласының шаѓын ѓана бөлiгi бұл әрекетке қатысады. Осы фермент молекуласының субстратпен тiкелей жанасатын бөлiгiн ферменттiң актив орталыѓы деп атайды.
  • Ферменттiң активті орталыѓы екi бөлiктен құрылады. Субстратты таңдап алуына жауапты актив орталыѓының бөлiгi ферменттiң адсорбциялық орталыѓы деп аталады. Каталитикалық процеске қатысатын активті орталыѓының бөлiгi ферменттiң каталиттiк орталыѓы деп аталады.
  • Ферменттердiң құрылымында, ерекшелiгiнде, каталитикалық әсерiнiң меха-низмiнде айырмашылыѓы болады. Осыѓан қарамастан, әр түрлi ферменттердiң активті орталыѓының жалпы қасиеттерi бар.

Реакцияласуға қабілетті топтары бар амин қышқылдары:

  • Реакцияласуға қабілетті топтары бар амин қышқылдары:
  • цистеин,құрамында сульфгидрлік тобы –SH бар;
  • серин, гидроксильдік -OH тобы бар;
  • гистидин, имидазол сақинасы бар;
  • аспарагин мен глутамин қышқылдары құрамында екінші карбоксильдік -COOH топ бар;
  • триптофан, құрамында индол сақинасы;
  • гидрофобты амин қышқылдары, құрамында субстраттың полярсыз учаскесіне жақын гидрофобты (полярсыз) бүйір топтар болады.
  • Активті орталық кеңістік пішінді, ол ферменттің полипептидтік тізбегінде бірінен-бірі қашық орналасқан жеке амин қышқылдарының өзара жақындасуынан пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет