Аллостериялық орталық - Екі немесе одан да көп суббөліктен тұратын бірқатар ферменттерде, өзінің катализдік орталығынан тыс, молекула бетінде қосымша байланыстырушы учаске болады, ол учаске аллостериялық орталық деп аталады. Мұндай ферменттер аллостериялық ферменттер деп аталады.
- “Аллостериялық” (грек. Allo - басқа, stereos - орын) деген термин “басқа жермен байланысты” не “басқа орталықпен байланысты” деген мағынаны береді.
- Ферменттердің аллостериялық эффекторлары: субстраттар немесе реакция өнімдері, нуклеотидтер (АМФ,АТФ), амин қышқылдары, металл иондары, сутегі иондары.
Ферменттер атаулары - Жүйелік атау: әр ферменттің номері (шифры) болады, ол төрт саннан тұрады.
- бірінші сан ферменттің класын білдіреді,
- екінші сан класс тармағын,
- үшінші сан – класс тармағы бөлігін,
- төртінші сан өз тармағындағы номерін көрсетеді. Мысалы, 2.7.1.2.АТФ: глюкоза-6-фосфотрансфераза.
- Тривиалдық атаулар екі жолмен пайда болады:
- 1) Фермент әсер ететін субстрат атауына –аза жұрнағы қосылады. Мысалы, мальтозаны екі молекула глюкозаға гидролиздейтін фермент мальтаза.
- 2) Фермент катализдейтін реакция атауына –аза жұрнағы қосылады (оксидаредуктаза).
- Кейбір ферменттердің тарихи қалыптасқан атаулары бар. Мысалы, пепсин, трипсин, папаин,эластаза,т.б.
-
Ферменттер жіктемесі: Ферменттер әсерінің теориясы - Фермент өзінің субстратын айырып таниды. Э.Фишердің айтуы бойынша “құлыпқа дәл келетін кілт сияқты”, субстрат та активті орталыққа дәл келуі керек
- Қатал іріктеп өзіне ғана тән реакцияны катализдейді.
- Теория бойынша фермент әсері екі сатыдан тұрады:
- 1)фермент пен субстрат арасында комплекс – фермент-субстрат түзіледі
- 2) фермент-субстрат комплексі ыдырайды да, реакцияның соңғы өнімдері түзіледі, ал фермент босап шығады.
- Ферменттік реакциялар кинетикасы деп реакция жүру жылдамдығын айтады.
- Реакция жылдамдығын белгілі бір уақыт өлшемінде фермент әсерімен түзілген өнім бойынша (немесе субстраттың жойылу мөлшері бойынша) есептейді.
- Л.Михаэлис пен М.Ментен бойынша: фермент концентрациясы тұрақты кезде реакция жылдамдығы субстрат концентрациясына байланысты.
- Реакция жылдамдығы субстрат концентрациясына пропорционал болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |