- Ферменттік реакциялар жылдамдығына температураның әсері;
- Ортаның рН көрсеткішінің әсері;
- Фермент әсерінің ерекшелігі;
- Фермент активаторлары мен ингибиторлары;
- Проферменттер және оларды активтендіру;
- Изоферменттер;
- Мультиферменттік жүйе.
- 30-400С температурады тірі ағзада ферменттер белсенді келеді. Егер бұл температура деңгейі төмен не жоғары болса, онда фермент белсенділігі төмендейді
- Ферменттің өзі ақуыз болғандықтан, олар өте жоғары температурада бұзылып, өздерінің катализдік қасиеттерінен айырылып қалуы мүмкін.
- Төменгі температурада ферменттік реакциялардың жылдамдығы өте төмен болады. Бұл жағдай практикада азық-түлік өнімдерін сақтау үшін (ет, май, балық, сүт, көкөністер т.б.) пайдаланады.
Фермент әрекетіне орта рН шамасының әсері - Ортаның рН шамасына байланысты ферменттер белсенділігі бірден өзгереді. Әр түрлі ферменттер әрекеті үшін рН көрсеткішінің шамасы әр түрлі болады;
- Кейбірі қышқыл ортада, екіншісі бейтарап ортада, үшіншісі әлсіз сілтілі немесе сілтілі ортада ерекше белсенді болады;
- Ферменттер ақуыз сияқты электр заряды бар заттар, сондықтан олардың кеңістіктік құрылымы рН шамасына тәуелді.
Ферменттердің өздеріне тән ерекшелігі - Реакцияның жылдамдығын арттырғанда фермент:
- тек өзінің ғана субстратын байланыстырады және сол субстратты катализдейді.
- тек өз субстратын танып білуі, байланыстыруы және ары қарай реакция катализін жүргізуі- бұл ферменттің өзіне тән ерекшелігі деп аталады.
- Кейде фермент ұқсас құрылымы бар субстраттар тобына да әсер етеді және молекуладағы белгілі бір химиялық байланыстарды ажыратып бөледі.
Ингибиторлар мен активаторлар - - Фермент активтілігі ортада әр түрлі химиялық заттардың болуына байланысты. Кейбір зат фермент активтілігін арттырады, мұндай қосылыстар активаторлар деп аталады.
- - екінші бір заттар фермент әрекетін баяулатады, тіпті оны тежейді. Мұндай заттар ингибиторлар (тежегіштер) деп аталады.
- - ферменттер әсерінің бәсекелес және бәсекелес емес тежеушісін ажыратып бөледі.
Достарыңызбен бөлісу: |