Электрод ұстағыш, электродтардың орнын ауыстыру және түсіру механизмдері
132. Руданы қалпына келтіргіш пештердің түйістіру жақтары электрод ұстағыштың тоқ тасымалдамайтын бөліктерінен электрлік оқшауландырылады.
133. Тұтас магниттік контурдың енуіне жол бермеу үшін электрод ұстағыштың сақинасы бір бірімен магнитті емес материалдардан (бронза т.с.с.) жасалған төлкемен бірі біріне жалғанған екі жартылай сақинадан тұрады.
134. Өздігінен жомдалатын электродтың қаптамасының конструкциясы электрод массасының сенімді ұсталынып тұруын және электродтардың қалыпты қайта қосылуын қамтамасыз етеді.
135. Электродтардың қаптамалырының секциясын орнату оларды ұзарту кезінде және электродтарға электрод массасын салу механикаландырылған.
136. Жабық электр пештері олардың тік күйін қамтамасыз ететін электродтардың бекітпелері құрылғыларымен жабдықталады.
137. Электродтардың орнын ауыстыру механизмі электр пешінің тоқ тасымалдауыш бөлшектерінен оқшауландырылады және электродтардың жоғарғы және төменгі күйін шектейтін шекті сөндіргіштері бар.
138. Электродтардың орын ауыстыру механизмі жетек сөндірілген кезде электрод ұстағыштың өздігінен орын ауыстыруына жол бермейтін өздігінен тежеу немесе тежеу құрылғысына ие болады.
139. Электродтардың орнын ауыстыру үшін гидравликалық жетек қолданылған кезде технологиялық регламентпен жұмыскерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шаралар қаралады. Гидрожетектен майдың ағуына жол берілмейді.
140. Барлық жаңадан жарақтандырылатын пештер дистанциондық немесе автоматты басқарылатын электродтарды қайта қосу механизмдерімен жабдықталады. Барлық электр пештерінде электродтардың қайта қосылуы механикаландырылып қаралады.
141. Электродтардың қайта қосу механизмінің конструкциясы оның сырғанап кетуіне жол бермей электродтардың ұсталып тұруын қамтамасыз етеді.
142. Электрод ұстағыштың түйіспелі жақтарын кернеумен қосылу және босату оқшауландырғышпен жарақталған кілттермен және төсемелер көмегімен рұқсат етіледі.
143. Қаптамаларды пісіру, электрод массасымен электродтар толтыру және электродтарды қайта қосу механизмдеріне қызмет көрсету бойынша жұмыстар жүргізу алаңының конструкциясы электр қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
144. Аталған жұмыстарды орындауға арналған алаңдар электр өткізбейтін және металдан жасалған жермен тұйықтаушы бөлшектерге ие болмауы қаралады.
145. Ферроқорытпа пештерінің өздігінен жанатын электродтардың қаптамаларын ұлғайту және қайта қосу, тежеу таспасын пісіру және электрод массасын тиеу жұмыстарын технологиялық регламентке сәйкес және электрқауіпсіздік шараларын сақтаумен көпірлі кран ілгегінде оқшауландырғыш бар болған кезде кернеуді алмай орындауға болады.
146. Электродтардың қаптамаларын пісіру технологиялық регламентпен қаралған қауіпсіздік шараларын сақтаумен жүргізіледі.
Тазарту пештерінің электродтарын қайта түсіру сөндірілген пеште жүргізіледі. Электродта оларды қайта түсіру жүргізу үшін қолданылатын байлауыш құралдарды қалдыруға болмайды.
147. Графиттелген электродтарды алмастыру пеш сөндірілгенде жүргізіледі.
148. Өздігінен жанатын электродтарды ұзарту және графиттелген электродтарды алмастыру технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.
149. Тазарту пештерінің электродтарының контржүктемелері қоршалады. Қоршаулардың есіктері құлыппен жабылады.
Электр пештерінің сумен суытылуы
150. Пештердің сумен суытылатын элементтері оларды орнатар алдында технологиялық регламентке сәйкес гидравликалық сынақтан өткізіледі.
151. Электр пештердің элементтерінің сумен суытылуы шартты таза айналымдағы сумен жүргізіледі. Судың сапасы қайнау қағының түзілуіне және суытылатын беттерді шламның түзілуіне жол бермейді.
152. Келтірлетін судың қысымын бақылау үшін әрбір пешке манометр қойылады.
153. Шығатын су үшін коллекторлардың қотару воронкалар құрылғысы және орналастырылуы судың шығуын және оның температурасын үнемі бақылауды және қадағалау мүмкіншілігін қамтамасыз етеді.
154. Сумен суытылу элементтерінен келетін су температурасы технологиялық регламент талаптарымен анықталады. Электр пештерінде дабыл беру мен суытқыш су температурасының бақылау аспаптарын орнату қаралады.
155. Сумен суыту жүйесінің келтіретін және әкететін құбырлы өткізгіштері сумен суытылатын тетіктер мен тораптар бойынша маркаланады.
156. Сумен суыту жүйесінің резина шлангтері жоғары температура әсерінен қорғалады.
157. Жүйеде немесе бөлек тораптар мен тетіктерде судың айналысы тоқтатылған жағдайда пеш сөндіріледі, судың айналымын орнына келтіру шаралары жүзеге асырылады.
158. Сумен суыту жүйесінен судың ағуы байқалған жағдайда пештің жұмыс істеуіне жол берілмейді.
159. Ферроқорытпа газындағы сутегінің мөлшерін бақылау үшін өзі жазатын және жырықты дыбыстық дабыл бергіші бар газ талдауыштар орнатылады.
Электр пешінің көрігі және оған қызмет көрсету
160. Пештердің астауларына қызмет көрсету алаңдары оларға қызмет көрсетуге ыңғайлылығын қамтамасыз ететіндей биіктікте орнатылады.
161. Көріктегі көрікшіні жылу сәулеленуінен қорғау үшін экрандаушы құрылғылар орнатылады.
162. Астауды күйдіру және көсеу жұмыстарын диэлектрлік материалдан жасалған құрғақ алаңда (төсемеде) тек тұрып орындауға болады.
163. Пештердегі шунт сөндіргіштері жермен тұйықталады. Қосу орындарында көрікші үшін оқшаулағыш төсемелер қаралады. Төсеме құрғақ және таза күйінде сақталады. Пештер астауды күйдірудің дистанционды басқарылатын аппаратымен жабдықталады.
164. Астауды күйдіруге арналған аппаратта оның қысылғандығы туралы ескертетін белгі бергіш шам болады. Аппаратты тек астауды күйдіру кезінде қосуға болады. Жүктеме ықпалындағы аппаратты қосуға және сөндіруге рұқсат етілмейді.
165. Еден деңгейінен 3,5 м кем емес биіктікте орналастырылған күйдіру аппаратына тоқ өткізгіш қоршалады. Тоқ өткізгіштің иілгіш жылжымалы бөлігі оқшауландырылады.
166. Ферроқорытпаларды қож үрдіспен, қожсыз үрдіспен балқытуға арналған үздіксіз әрекетті пештер пештің қуаттылығы 23 мВА артық болған кезде астауларды ашу және жабу машиналарымен жабдықталады.
167. Пеш көрігінің алаңдары таза, бос және құрғақ болады.
168. Астауды күйдіру және пештен металды шығару кезінде оған қызмет көрсетумен қатысы жоқ тұлғалардың көрік маңайында болуына рұқсат етілмейді.
169. Астауды бөлшектеу және жөндеу жұмыстарын шөміште, қалыпта немесе басқа да ыдыстарда тұрып жасауға рұқсат етілмейді.
170. Астауды көсеуге және бөлшектеуге арналған металл сымдар құрғақ болуы тиіс.
171. Астауды оттегімен күйдіруге пайдаланылатын түтіктер кептірілген және үрленген.
172. Оттегі шлангысы түтікке құралмен бекітіледі. Түтіктер мен шлангте май мен мазут іздері болмауы керек.
173. Астауды оттегімен үнемі, дүркін-дүркін күйдіру кезінде оттегін текілей баллондардан пайдалану керек. Бұл кезде баллон пештен 10 м жақын емес, тік және орнықты орнатылады. Жұмыс посты оттегі баллондарынан немесе стационарлы оттегін тарату постыларынан қоректендірілген кезде соңғысына газ қысымын төмендету және кері клапан қызметін бір уақтылы орындау үшін редуктор орнатылады.
174. Астауды оттегімен күйдіру технологиляқ регламентке сәйкес жүргізіледі.
175. Пеш астауын бөлшектеу немесе басқа да мақсаттарда көріктегі жұмыстар үшін оттегінің үнемі пайдаланылуы қажет болған кезде оны пайдалану орнына беру оттегі станциясына немесе оттегі рампасынан құбырлы өткізгіштер бойымен орталықтандырылып беріледі.
176. Оттегі рампасы бөлек ғимаратта орнатылады. оттегі бар баллондар тіректерде орналастырылады.
177. Оттегі рампасының редукторы рампа ғимаратының сыртында, ал жалпы вентиль рампа ғимаратында редуктордың алдында болады.
178. Оттегі бар баллондарды сақтау газ талдауыштармен жабдықталған ғимаратта жүргізіледі. Ғимарат құрылғысы, сақтау тіртібі, оттегі бар баллондарды тасымалдау және пайдалану қысыммен жұмыс істейтін сосудтар құрылғылары және қауіпсіз эксплуатациялау талаптарына сәйкес келеді.
179. Астарланған шөміштер металл құюға құю шүмегін, шөміш астарын тексергеннен кейін және түзеткеннен кейін, арбаша ұясындағы оның тығыздығын тексергеннен кейін беріледі.
180. Кептірілмеген тарату құю ыдыстарына пештен балқыма шығаруға рұқсат етілмейді.
181. Технологиялық ыдыстары бар арбашаларды көрікке қарай және одан кері әкету механикаландырылған және дабыл бергіштермен жабдықталған. Лебедкалар көмегімен арбашаларды жүргізген кезде олардың жүру жылдамдығы 12 м/мин аспауы керек. Жетегі бар арбашалардың қозғалыс жылдамдықтары 25 м/мин максималды шапшаңдық кезінде 0,2 м/с аспайды.
182. Металл мен қожды тасымалдау жолдарының горизонтал болуы қаралады. Пеш жағына қарай еңіс 0,0025 аспайды. Рельс жолдарының шеттерінде тұйықталу қаралады.
183. Технологиялық ыдыстары бар арбашаларды әрі-бері жүргізген кезде тарту тросы мен жолдар маңайындағы қорғалмаған телімдерде, олардан 5 м-ден жақын орындарда адамдардың болуына жол берілмейді. Арбашалар қозғалысы баяу, шеттерінен металл мен қождың төгілуіне жол бермейтіндей болуы тиіс.
184. Металл шығарар алдында астауды жабуға арналған машина толығымен зарядталған және санықтан өткізілген. Астау массасының құрамы технологиялық регламентпен реттеледі.
Пеш колошнигіне қызмет көрсету
185. Электр пешін іске қосу технологиялық регламентпен қаралған тұлғамен жүргізіледі.
186. Пештерді іске қосу алдында барлық алаңдарда жұмыс істеп тұрған жұмыскерлер дыбыстық белгімен ескертіледі және одан қауіпсіз орынға шығарылады.
187. Пешке қызмет көрсететін барлық қызметкерлерге тоқ жүктемесін алмай пешті сөндіруге, апаттың орын алу қатері (электродтың күюі, желідегі қысқа тұйықталу, т.с.с) туындаса немесе адамдар өміріне қауіп төнгенде рұқсат етіледі.
188. Металл құрал – саймандар электр пештерінде жұмыс жүргізу үшін пайдаланылған кезде жермен тұйықталады немесе жұмыстар оқшаулағыш төсемелерде орындалады.
189. Электродтар сынықтарын алып тастау пешті сөндірілгенде жүргізіледі.
190. Пешке қызмет көрсету үшін пайдаланылатын құрал – саймандар бөлек орындарда сақталады.
191. Тазартқыш пештің зонтының жапқыштары жабық күйде болады. Жапқыштар тек колошникті өңдеу және пешке тиеу кезінде ашылады.
192. Зонтта колошник жағдайын қадағалау үшін терезелер мен қорғаныс экраны қаралады.
193. Пештегі балқыған бетке ылғалды шихта материалдарын салуға болмайды. Балқыту пештерімен жұмыс істеу үшін және сынама алу үшін қолданылатын құрал – сайман құрғақ және қыздырылған болуы тиіс.
194. Жабық пештерден газдағы сутегінің шекті мөлшері зерттеулер негізінде технологиялық регламентпен бекітіледі және шикізатты материалдардың ылғалдануына жол берілмейтін пеш бөлшектерінің сумен суыту тетіктерінің бұзылуы салдарынан көрік асты қуысына судың түсуі болмаған жағдайда шихта материалдарында пайдаланылатын сутегі мөлшері анықталады.
195. Газдағы сутегінің мөлшері белгіленген шамадан 5 % артып кетсе, көрік астындағы қысымды 2 – 3 мм сын. бағ. көтеру керек. Сутегінің мөлшері балқытылатын қорытпаға байланысты технологиялық регламентте көрсетілетін шамаға дейін одан әрі тұрақты ұлғайғанда пеш ондағы келеңсіздікті жойғанша сөндіріледі.
196. Газдағы оттегінің мөлшері белгіленген шамадан 1 % артып кетсе, көрік астындағы қысымды 2 – 3 мм сын. бағ. көтереді және ауаның сорылуын жою шаралары жүзеге асырылады. Егер оттегінің газдағы мөлшері 2 % дейін көтерілсе, пеш ауаның сорылуын қалпына келтіргенше сөндіріледі.
197. Пеші көрігінің астындағы газ қысымы қалыпты. Өлшеу жүргізілген бөлек нүктелерде, колошник газының құрамы оттегі мен сутегінің мөлшері бойынша қалыпты сақталған жағдайда, шамалы сиретумен жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
198. Көрік астында сиретумен жұмыс пеш көрігінің астындағы температура 600 0С жоғары пештер үшін рұқсат етіледі.
199. Пеш көрігінің астындағы газ температурасы технологиялық нормалармен қаралған шамалардан аспайды.
Индукциондық пештер
200. Индукциондық пештің аркасы индуктордан оқшауландырылады. Пешке ток келтіру құрылғылары қоршалады.
201. Пешті ию механизмі металл мен қождың шашырауынан қорғалады.
202. Электр жетегімен ию механизмі пешті оның кез келген иілген күйінде тоқтатылуын, оның ішінде электр энергиясынан үзілгенде де, қамтамасыз ететін тежеуішпен және июді шектеуішпен жабдықталады.
203. Пештің астында орналасқан құрал – жабдықтарды тексеру және жөндеуге электр пеші көтерілген күйде берік әрі орнықты тіректердің көмегімен қосымша бекітпелер болғанда рұқсат етіледі.
204. Индуктор түтікшелері суытылатын судың жұмыс қысымынан 1,5 есе артық гидравликалық қысыммен тығыздыққа және беріктікке сынақтан өткізіледі.
205. Пеш индукторына судың үздіксіз келіп тұруын бақылау үшін суытқыш су берілуі үзілген жағдайда пешті автоматты түрде сөндіретін арнайы аспаптар қолданылады.
206. Индуктордың торамдарының арасында мүмкін болатын қысқа тұйықталуды жою үшін пешті автоматты түрде сөндіретін максималды тоқ қорғанысы құрылғысы қаралады.
207. Металл шашырауынан сақтану үшін балқыған ваннаға шихта мен қоспа заттар салуға рұқсат етілмейді.
208. Пеш индукторына суытқыш су беру тоқтатылған жағдайда балқыма пештен қотарылып алынады.
209. Индукциондық пештерге қызмет ету кезінде қолданылатын құрал - саймандардың саптары оқшауландырылады.
210. Пештің жұмыс алаңы барлық периметрі бойынша төменнен тұтас қаптамасы бар қоршаулармен қоршалады. Пеш маңайындағы жұмыс алаңының еденге электрден оқшаулағыш төсеме төселеді.
211. Қызметкерлерді жоғары жиілікті электромагнитті өрістің әсерінен қорғау үшін электр магниттің өрісті генерациялайтын құрылғылар электр магнитік өріс кернеу және жұмыс орнындағы сәуле шығару қарқындылығы санитарлық нормалармен қаралған шамалардан аспайтындай етіп есептелген экрандармен жарақталады.
4 - параграф. Металлтермиялық өндірісі
212. Металлтермиялық балқыту технологиялық регламентке сәйкес қорытпаның әрбір түрі үшін жүргізіледі. Металлтермиялық цехтар жабық балқыту камераларымен жабдықталады. Ашық алаңдарда балқыту жүргізуге рұқсат етілмейді.
213. Балқыту камерасы аспирациондық қондырғымен жабдықталады. Балқыту жүргізу кезінде камераның есігі тығыз жабылады. Камераның қарау терезелері қорғаныстық металл сеткамен немесе ыстыққа төзімді шынымен қапталады.
214. Балқыту камерасының едені құрғақ. Балқыту камерасында шихта немесе қандай да басқа материалдар жоқ.
215. Балқыту алдында балқыту шахталары, шөміштер, қалыптар және вагонеткалардың оңтайлылығы тексеріледі.
216. Шахталар секцияларында, қалыптарда жарықтар жоқ және орнықты бекітілген. Ақаулардың (раковиналар, волосинкалар, жарықшақтар) рұқсатты өлшемдері технологиялық регламентте көрсетіледі.
217. Балқыту шахталарының, шөміштер мен қалыптардың астары мен тиелуі құрғақ отқа төзімді материалдармен жүргізіледі. Ерітінділер пайдаланған кезде астарды кептіру керек. Кептіру температурасы мен ұзақтығы технологиялық регламентпен қаралады.
218. Тұтандырғыш қоспа массасы мен оның құрамы технологиялық регламентпен белгіленеді.
219. Дайындалған тұтандыру қоспасы бөлек жабық ғимараттарда түсті металдан жасалған жәшіктерде сақталады.
220. Тұтандыру қоспасын дайындау және араластыру металдан жасалған немесе ағаштан жасалған ыдыста жүргізіледі.
221. Дайындалған тұтандыру қоспасының мөлшері ауысымдық қажеттіліктен аспайды.
222. Тұтандыру қоспасын тек түсті металдан жасалған ыдыста немесе тығыз қағаздан жасалған пакетпен ғана тасымалдауға рұқсат етіледі.
223. Шихта қоспасын тұтандыру алдында тиеу құралдарының және құрылғыларының, тарту желдеткіштің оңтайлылығын және балқыту алаңы мен балқыту камерасының маңайында адамдардың болмауы тексеріледі.
224. Шихта қоспасын тұтандыру үшін электр қондырғысын пайдалану кезінде оның құрылғысы мен эксплуатациялануы электр қондырғылары құрылғыларына, тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық эсплуатациялауы, тұтынушылардың электр қондырғыларын эксплуатациялау кезіндегі қауіпсіздік техникасы талаптарына сәйкес келеді.
225. Балқыту жүрісі кезеңінде шихта салу газдардың еркін шығуына кедергі жасамайды. Шихта салу секторы технологиялық регламенпен қаралады.
226. Технологиялық регламенпен қаралған балқытудың технологиялық үрдісіне қандай да өзгерістер енгізуге тек ұйымның техникалық басшысымен жазбаша өкімі кезінде ғана рұқсат етіледі.
227. Балқыту жүргізгенде тарту бұзылған кезде және жұмыс аймағына газдардың түсуі шекті нормалардан асып кетсе, тартудың бұзылуына алып келген себептер қалпына келтірілгенша одан әрі балқыту тоқтатылады.
228. Цехтың газдануынан және сұйық қождың төгілуінен жол бермеу үшін шахтаның, шөміштің, балқыту камерасынан қалыптың сырғытылуы тек газ бен металдан газдың бөлініп шығуы тоқтатылғаннан кейін ғана жүргізіледі.
229. Балқымасы бар шахтаны балқыту камерасынан сырғыту және оны тарату құю және суыту орнына тасымалдау кезінде шахтаға 10 м жақын жерде адамдардың болуына рұқсат етілмейді.
230. Электр пеші қондырғыларында металл термиялық балқымалар өндірісіне осы Талаптар таратылады.
231. Металл блогын шылау және суытуға арналған ванна түзілген су буларының толығымен жойылуын қамтамасыз ететін аспирациондық жүйемен жабдықталады.
232. Металл суытатын су шашыратқыш форсункалармен жоғарыдан беріледі.
233. Ваннаның табанында тор немесе балкалар салынған, оған металл блогы орнатылады.
234. Қож бен қоқыс тор (балка) астында жиналуына жол бермей өз уақтылы тазартылады, судың ағуы қамтамасыз етіледі.
235. Металды шыламас бұрын ваннадағы барлық су жойылады. металл мен қожды шылауға болмайды.
236. Дайындау кезінде бұылған шихта материалдары бақылаушы тұлғаның өкімімен ғана пайдаланылады. Бұл материалдарды сақтау жабық ыдыста және қауіпсіз орында жүргізіледі.
237. Балқытуға дайындалған пайдаланылмаған шихтаны цехта тек айрықша жағдайларда ғана қалдыруға рұқсат етіледі. Шихта сақтау жабық ыдыста белгіленген орында жүргізіледі.
238. Ферротитан өндірісі үшін моношихта сақтау тәуліктік қажеттіліктен аспайтын мөлшерде жабық ыдыста жүргізіледі.
Электр көпірлі крандардың троллеяларының астында оңай жанатын шихта материалдарын орналастыруға болмайды. Аталған материалдармен жұмыс істеу кезінде ұшқын шығармайтын құрал – саймандар пайдаланылады
239. Алюмотермиялық әдіспен ферротитан өндірісі кезінде екінші реттік алюминий ұнтағын қолдануға жол бермейтін моношихта дайындау әдістемесі пайдаланылады. Моношихта өндірісіне осы Талаптар таратылады.
240. Құрамында ылғалы, майы, эмульсия және басқа да органикалық заттар, титан жаңқасы бар материалдарды моношихта дайындау үшін пайдалануға болмайды.
241. Шихта жанған жағдайда, мүмкіндігінше шихтаның жанып жатқан бөлігін бөлу, концентрат беруді жалғастыра отырып, араластырғышқа сұйық алюминий беруді тоқтату керек.
242. Жанып жатқан шихтаны сөндіру магнетизі ұнтағымен немесе концентратымен жүргізіледі.
5 - параграф. Конвертор өндірісі
243. Конвертор бөлімшесі оны электротермиялық цехқа орналастырған кезде цех ғимаратының бүйіржақ бөлігінде орналастырылады.
244. Конверторлар жарықты дабыстық белгі бергіштерімен жарақтандырылған қызмет көрсетуге ыңғайлы жұмыс алаңдарымен, фурмаларға қызмет көрсету алаңдарымен жабдықталады.
245. Конверторлар газдардың толығымен жойылуын қамтамасыз ететін тарту зонттарымен және санитарлық нормалардың орындалуын қамтамасыз ететін концентрацияға дейін газ тазарту жүйесімен жабдықталады.
246. Конвертордлың басқару пульті жақсы көрінуін қамтамасыз ететін бөлек ғимаратта орналастырылады.
247. Басқару пульттері мен конверторлар араларында тікелей телефон байланысы мен екі жақты дыбыс күшейткіш байланысы орнатылады.
248. Конверторларды басқару пульті және оттегін тарату құрылғысы ғимаратында апаттық жарықтандырғыш бар.
249. Конверторлар цапфаларының тозуы бастапқы өлшемдерінің 10 % нан аспайды.
250. Цапфалар бұзбай бақылау әдістемесімен жаңадан дайындалатын және күрделі жөндеуден өткізілетін конверторларда тексеріледі.
251. Конверторлардағы барлық жалғаулар түрлері (болттық, шпонкалық, сынамалық) бекітілудің беріктігі мен тығыздығын қамтамасыз етеді және өздігінен ажырап кетуінен сақтандырылған.
252. Конверторларда бұру механизмдері екі электр қозғалтқышпен (оның біреуі – резервтік) және электр энергиясы сөніп қалған жағдайда конверторды сол күйінде ұстап қалу үшін тежеуіштермен жабдықталады.
253. Оттегімен жоғарыдан үрлеу кезінде фурманың тік қозғалысы механизмі шекті сөндіргіштермен жабдықталады. Фурма конверторға тек тік күйінде және центрі бойынша енгізіледі. Осы талапты орындау үшін блокировка орнатылады. Конвертордағы фурма күйі көрсеткіш немесе тіркеуші аспаптар көмегімен бікітіледі.
254. Конвертордың басқару пульті оттегінің, судың шығыны мен қысымын көрсететін, тіркейтін аппаратурамен жабдықталады.
255. Автоматты бұғаттауыш шығатын су температурасын, қысымы мен шығыны технологилық регламентпен қаралған шамалардан ауытқыған кезде фурманың апаттық көтерілуі мен оттегін беруін тоқтатуды қамтамасыз етеді.
256. Металдық конверторға құйылуына және оның эксплуатациялануына мына жағдайларда тыйым салынады:
конвертор астары технологиялық регламентпен қаралған рұқсатты шектен артық тозғанда;
конверторға жанынан үрлеумен фурма ұзындығы 250 мм кіші болғанда;
ию механизмдері істемегенде;
зонт істемегенде;
оттегін өткізгіш, арматура және оттегі қысымы мен шығынын көрсететін аспаптар істемегенде.
257. Конверторды ию және іске қосар алдында дыбыстық және жарықты белгі бергіштер іске қосылады.
258. Фурмалық тесік немесе астап күйген кезде үрлеуді тоқтату және қалған металды қотару керек.
259. Үрлеу кезінде зонт конвертордың үстіне орнатылады, ал қызмет көрсететін қызметкерлер конвертордың жұмыс алаңының сыртында 10 м-ден жақын емес қашықтықта немесе жасырыну орнында болуға тиіс. Конверторды иілген күйінде үрлеу (ІІ кезең) кезінде конвертордың мойнына қарсы адамдардың тұруына рұқсат етілмейді.
260. Мына орындарда тұруға рұқсат етілмейді:
конвертер мойынын тазалаған кезде, егер онда металл болса, конвертор астында тұруға;
металды құю және шөмішті жүргізу кезінде шұңқырда тұруға;
ию механизмі сөндірілмеген кезде жөндеу жүргізгенде конверторда;
зонт қозғалысы кезінде алаңда.
261. Зонттарда қалыптасқан қатқақтар тез арада жойылады.
262. Мойынды тазарту және конвертордың астарын сындыру механикаландырылған.
263. Конверторларға оттегін беру орталықтандырылған және оттегі станциясынан құбырлы өткізгіштермен жүргізіледі.
264. Оттегін өткізгіштердің фланецті қосылыстарын және олардың арматурасын қысыммен тартуға болмайды.
265. Оттегі арматурасын тығыздау үшін алдын ала майдан арылтылған фибра немесе паранит қолданылады. Төсемелер майдан тазартылғаннан кейін ылғалды толығымен жою үшін майы жоқ қыздырылған ауамен үрленеді.
266. Оттегі арматурасын қағазды маталы, кендірлі төсемелермен тығыздауға болмайды.
267. Орнатылар алдында фурма, шлангтер мен құбырлар майдан арылтылады. Су мен ауа беру үшін оттегі шлангтерін пайдалануға болмайды.
268. Қысым ықпалында болатын оттегі өткізгішті, оның арматурасын және фланецті қосылыстарды соққылауға болмайды.
269. Конверторларды астарлау және сылау жұмыстары бақылаушы тұлғаның қатысумен жүргізіледі.
270. Конверторларды кептіру және қыздыру технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.
271. Хлорлы магниймен жұмыс істеу кезінде жұмыскерлерге қорғаныс көзілдіріктерін пайдалану керек.
6 - параграф. Балқымаларды араластыру әдістемесімен ферроқорытпалар өндірісі
272. Рудалы – флюсті балқымалар өндірісіне осы Талаптар таратылады.
273. Балқымаларды араластыру бойынша барлық операциялар механикаландырылған.
274. Сұйық металл – тотықсыздандырғышты (ферросилиций, ферросиликохром т.с.с.) балқымаға құю аударғыштың көмегімен жүргізіледі.
275. Металл – тотықсыздандырғышты көпірлі кранның көмегімен құюға болады, бұл кезде кранның кабинасы металл шашырауынан және жылумен қыздырылудан қорғалады.
276. Балқымалардың орын ауыстыру торабы газ талдауыштармен және түзілген газдардың жойылуын қамтамасыз ететін аспирациондық жүйемен жабдықталады.
277. Орын ауыстыру торабының платформалық таразылары отқа төзімді материалмен астарланады және таразы механизміне балқыма шашырауынан қорғалады.
278. Таразылар құрылғысы балқымасы бар шөміштің орнықты күйін қамтамасыз етеді.
279. Орын ауыстыру торабының таразылары тотықсыздандырғышты құюды аяқтауда автоматты дабыл бергішпен жабдықталады.
280. Араластыру торабы балқыту үрдісінде шөмішке металл қалдықтарын және қатты шихтаны салу үшін механикландырылған құрылғымен жабдықталады.
281. Балқымаға тотықсыздандырғышты құю алдында дыбыстық белгі беріледі.
282. Цехтағы балқымалардың орын ауыстыруының қауіпті телімдері балқытуды құю кезінде жарықты табломен жабдықталады.
283. Жаңадан салынатын және қайта конструкцияланатын цехтарда балқыту өнімдерін араластырғаннан кейін шөміштен шөмішке қотару аспирациондық қондырғымен жабдықталған құю – қотару торабында жүргізіледі.
284. Шөміштердің асталануы технологиялық регламентке сәйкес жоғары отқа төзімді материалдармен жүргізіледі.
285. Руда – флюсті балқымамен шөміштің шекті толтырылу деңгейі технологиялық регламентпен белгіленеді.
286. Шөміштерде балқыма мен тотықсыздандырғышты араластыру алдында қалыптасқан қыртысы тесіп сындырылады. Қож қыртысын тесіп сындыруды қолмен жүргізуге болмайды.
287. Егер тотықсыздандырғышты құюды бастағаннан кейін бірнеше секундтан кейін тотықсыздану реакциясы басталмаса, үрдіс басталғанша тотықсыздандырғышты құю тоқтатылады. Егер реакция жүрмесе қож қыртысын қайталап тесіп сындыру керек.
288. Араластыру үрдісінің қалыпты жүрісінен ауытқудың әрбір жағдайында бақылаушы тұлға сәйкес шараларды жүзеге асырады.
289. Балқымаға тотықсыздандырғыш құю жылдамдығы қауіпсіздікті қамтамасыз ету шарттарын ескере отырып, технологиялық регламентпен қаралады.
290. Балқыма көбіктенген жағдайда тотықсыздандырғышты құю және балқымаға қатты шихта салу тоқтатылады және құю жылдамдығы төмендетіледі.
291. Тотықсыздандырғышты құю аяқталғаннан соң шөміштегі балқыма бетінен газдың бөлінуі тоқтағанға дейін ұстап тұру жүргізіледі.
292. Балқыту уақытында араластыру торабы ауданында адамдардың жүруіне рұқсат етілмейді.
293. Қауіпті зоналар шекаралары технологиялық регламентпен қаралады.
294. Балқымаларды араластыру кезінде шөмішке салынатын қатты шихта, металл мен балқыманың қайта балқытылатын қалдықтары құрғақ және май қоспаларынсыз болуы тиіс.
295. Сұйық тотықсыздандырғышы бар шөміштің қаптамасы қызарып кеткен кезде балқыту жүргізуге болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |