7 - параграф. Гидрометаллургиялық және электро гидрометаллургиялық өндіріс
296. Ылғалды өндірістік үрдістері бар ғимараттарда жылдың суық мерзімінде 16 – 20 0 шамасында қалыпты температура қамтамасыз етіледі.
297. Ылғалды технологиялық үрдістерді жүргізуге арналған аппаратура еден деңгейінен 0,1 м кем емес шығып тұратын іргетастарға орнатылады.
298. Өндірістік ғимараттарда орнатылатын аппаратура үшін сыртқы беттеріне тот басуға қарсы қорғаныс қаралады.
299. Барлық ыдыстық технологиялық аппаратура (реакторлар, қойылтқыштар, араластырғыштар т.с.с.) максималды жабылады және жергілікті сорумен жабдықталады.
300. Негізгі технологиялық құрал – жабдық желдеткіштің қалыпты жұмыс режимінің бұзылуы туралы белгі бергіш құрылғылармен жабдықталған сәйкес тарту желдеткіш жүйелерімен жалғанған.
301. Желдеткіш жұмысында келеңсіздіктер орын алған кезде құрал – жабдық жұмысы тоқтатылады.
302. Кезеңдік жұмыс кезінде барлық өндірістік телімдердегі тартқыш желдеткіші жұмыс басталғанға дейін 15 минут бұрын, ал жұмыс аяқталғаннан кейін 15 минуттан ерте емес уақытта қосылады.
303. Агрессивті сұйықтықтар үшін барлық ыдыстық аппаратура жоғарғы деңгейдің белгі бергіштерімен және сұйықтық берудің автоматты құрылғыларымен жабдықталады.
304. Қышқылдар және басқа да агрессивті заттармен байланысты жұмыстар жүргізілетін телімдерде көрінетін және оңай қол жетімді орындарда шаруашылық - ішетін су құбырларына жалғанған су бүріккіштер мен көмек раковиналары орнатылады.
305. Қышқылдар ерітінділері және басқа да реагенттерімен барлық жұмыстар екеуден кем емес жұмыскермен орындалады.
306. Сұйық агрессивті сұйықтықтарды тасымалдау құбырлы өткізгіштермен жүргізіледі.
307. Цех магистраліне қышқылды беру алдында қышқыл берілетін қышқыл өткізгіштерде алдын ала вентильдер ашылады.
308. Қышқылды қабылдауды тоқтатуға тек қышқыл қоймасында сорғыны сөндіргеннен кейін ғана рұқсат етіледі.
309. Аталған реагенттерді аз мөлшерде төгілу мүмкіншілігіне жол бермейтін ыдыста тасымалдауға болады. Ыдысты көтеру және орнын ауыстыру құралдардың көмегімен жүзеге асырылады. Ыдыстан реагенттерді алу механикаландырылады.
310. Қышқылы және сілтісі бар бутыльдер еденге бір қатарға орнатылады. Әрбір бутыль қышқылдың, сілтінің атауы бар биркамен жарақталады.
311. Қышқылдар беру магистральдарының фланецті қосылыстарында қорғаныс қаптамалары бар. Магистральдарда ауысу орындарында фланецті қосылыстардың болуына жол берілмейді.
312. Ерітінділер мен электролиттер дайындау тарту желдеткішімен және газ талдауыштармен жарақталған бөлек ғимараттарда жүргізіледі.
313. Ерітінділермен жұмыс істеу кезінде олардың шашырауы мен еденге төгілуіне жол бермеу шаралары жүзеге асырылады. Уытты ерітінділер төгілген жағдайда олар жиналады, мысалы, жинағыш арқылы вакуумдық сорғымен, ал еден мұқият шлангтен ағызылған сумен жуылады.
314. Күкірт қышқылының ерітінділерін дайындау кезінде алдымен су құю, содан соң қышқылды құю керек. Қышқылдар қоспаларын дайындау кезінде күкірт қышқылын соңғы кезекте құю керек. Жұмыстарды кварц құмы толтырылған поддондарда 50 мм кем емес биіктікте, поддон тереңдігі 100 мм кем емес, белгіленген нормативтерге сәйкес тарту желдеткіші жұмыс істеп тұрған кезде поддон периметрі бойынша тарту зонтының астында тұрып орындау керек.
315. Күйдіргіш сілтілер үздіксіз араластыру кезінде аздаған порциялармен ерітілуі тиіс.
316. Сілтілі ерітінділермен жұмыс аяқталуымен резина етіктер, алжапқыш және саусақты қолғаптар сумен жуылады.
317. Цехтағы қышқыл бактары және цистерналар тазартылар алдында ондағы қышқылдан босатылуы және бактар қабырғаларын мол мөлшердегі шлангтен ағызылған сумен жуылуы тиіс. Бактар мен цистерналарды тазартуды жұмыскерлер противогаздармен, резина комбинезонмен және саусақты қолғап киюмен жүргізеді.
318. Цистерналар, қышқыл бактары және ыдыс аппараттарының ішінде адамдардың болуымен байланысты жұмыстар үш адамнан кем емес бригадамен, оның ішінде екеуі бақылаушы, орындалады.
319. Технологиялық ерітінділерді беру мен тасымалдау құбырлы өткізгіштермен жүргізіледі.
320. Ыдыстық технологиялық құрал – жабдықты (жинағыштар, реакторлар, электролизерлер, сілтілер ванналары т.с.с.) ерітінділермен және суспензиямен толтыру кезінде құрал – жабдықтың жоғарғы шетінен 0,2 – 0,3 м биіктікпен бос қуыс қалдыру керек.
321. Электролиз ванналары мен аппараттарды температурасы 80 – 100 0С сумен толтыруды қақпақтағы штуцер арқылы аздаған арынмен немесе ерітінді ағымен жүргізу керек.
322. Аппараттар мен құбырлы өткізгіштерде агрессивті және уытты ерітінділердің ағуы пайда болған эксплуатациялауға жол берілмейді.
323. Фланецті қосылыстардағы ағысты тоқтату құрал – жабдықты сөндіргеннен кейін жүргізіледі.
324. Қышқылдар өткізгіштерін, қышқылдар өлшеуіштерін, реакторлар, сорғыларды жөндеу және тексеру, қышқыл құбырларындағы бекіту арматурасын ашу қорғаныс көзілдіріктері мен саусақты қолғаптармен жүргізілуі тиіс.
325. Ыдыстардың, аппараттардың (реакторлар, жинағыштар т.с.с.) ішкі тексерісі, тазартуы және жөндеуі келесі талаптарды орындау кезінде наряд – шақтама бойынша жүргізіледі:
аппараттар электр қозғалтқыштарынан және қоректендіргіш құбырлы өткізгіштерінен сөндірілген, электр қозғалтқыштарындағы кернеу алынған; қосу құрылғыларында «Қосуға болмайды. Жөндеу жұмысы жүріп жатыр!» деген жазуы бар плакат ілінген;
аппараттар ерітінділерден босатылған және желдетілген;
аппараттардағы улы газдар мен булар концентрациясы санитарлық нормалардан аспайды;
аппаратқа жұмыскерлердің түсуіне тек жұмыстардың басшысы бар болған кезде рұқсат етіледі;
аппаратта екі және одан да көп адам жұмыс істеген кезде ауа шлангтері мен сақтандыру арқандары аппараттан шығарылған сақтандыру белдіктерінен қарама-қарсы орындарда диаметрлік орналасқан, арқанның бос шеті аппараттан тыс бекітілген, противогаздың жинау шлангысы таза ауа аймағына шығарылған;
аппарат ішін жарықтандыру үшін кернеуі 12 В тасымалданатын электр жарықтандырғыштары қолданылады;
аппаратқа түсу және одан шығу кезінде жұмыскерлердің қолдары қандай да заттардан бос болуы тиіс;
аппаратураны тазарту және жөндеуге арналған құрал – саймандар оған адамдар түскенге дейін жеткізіледі.
326. Каустик, хром ангидриді тағы сол сияқты заттар толтырылған металл ыдысты ашу құралдың көмегімен немесе тарту желдеткішімен жабдықталған оқшауланған камерада стендте жүргізіледі.
327. Трифосфат, каустик және кальцилі соданы уатуды ашық тәсілмен жүргізуге рұқсат етілмейді.
328. Реагенттер сақталатын және қолданылатын ғимараттарда тамақ ішуге және темекі тартуға рұқсат етілмейді.
329. Электролиз қондырғыларын орнату, эксплуатациялау және жөндеу электр қондырғылары құрылғылары талаптарына, тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық эксплуатациялауы және тұтынушылардың электр қолдырғыларын эксплуатациялау кезіндегі қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келеді.
330. Электролиз қондырғыларының ванналарын еден деңгейінен 0,75 – 0,85 м биіктікке шығарып орнатады. Ванналар араларындағы қашықтықтар катод матрицасын тасымалдау кезінде еденге ерітіндінің түсіп кетуінен сақтану үшін қалқандармен жабылады.
331. Электролиз ванналары мен шина өткізгіштер жерден оқшауландырылады, ал электролитке арналған жинау бактары жермен тұйықталады.
332. Шина өткізгіштерде токтың кетуі туралы белгі бергішпен оқшауландырғышты бақылау үшін құрылғы қаралады.
333. Ванналар мен қызмет көрсету алаңдарында оқшаулағыш орнату кездейсоқ төгілу кезінде оларға ерітіндінің тиюіне жол бермейді. Оқшаулағыштар жақсы жарықтандырылған және тазалау жүргізуге қол жетімді.
334. Ванналар мен шиналар астында тазартуды қорғаныс көзілдіріктерімен, резина саусақты қолғаптармен ағаш сабы бар қырманы пайдаланумен жүргізу керек. Тоқ өткізгіш құрал – саймандар пайдалануға рұқсат етілмейді.
335. Ылғалды орындарда оқшаулағыштарды тазарту кезінде аяқтың астына құрғақ резина төсеме салу керек. Оқшаулағыштарды тазарту кезінде пайдаланылатын сатылар еденнен оқшауландырылады.
336. Еденнің жүріс және жұмыс зоналары электролиз ванналары қатарымен (сериясымен) ағаш төсемемен (торлармен жабдықталады, оларға иректі резина төсемелері төселеді.
337. Электролиз ванналарынан газдың бөлініп шығуы борттық сорғышпен көшіріледі.
338. Металдан жасалған желдеткіш ауа шығарғыштары элетролиз ванналарынан электрден оқшауландырылған және жермен тұйықталған.
339. Электролиз ғимаратында сумен, сығылған ауамен және желдеткіш жүйелермен жарақтау олар 30 м-ден төмен биіктікте төселген жағдайда электрден оқшауландырылады немесе қоршалады.
340. Электролиттің циркуляциясы үшін сорғылар мен құбырлы өткізгіштер «жерден» оқшауландырылады.
341. Тоқпен зақымданудан сақтану үшін серияларда барлық оқшауландырғыш төсемелерді бақылау орнатылады.
342. Хром алуға арналған электролиз ванналарының бортты сорғыштарының ауа өткізгіштері тазартуға немесе желдету қондырғысына газ ауа қоспасы түсіп кеткенге дейін электролит шашырандысын аулау үшін тамшы жойғыштармен жабдықталады.
343. Серияның қосылуы мен қайта қосылуы туралы шешімді бақылаушы тұлға қабылдайды.
344. Электр доғасының түзілуімен серияда электр тізбегі уақытша үзілген кезде кернеуді алып тастағанша серияға жақындауға рұқсат етілмейді.
345. Жөндеу және басқа да мақсаттармен бөлек ванналарды сөндіру және ванналарды қосу тек бақылаушы тұлғаның қатысуымен жүргізіледі.
346. Электролиз ванналарынан катод матрицаларын шығару кезінде ваннаға электролиттің ағып кетуі үшін ұстап тұру керек. Бұл жұмыстарды резина етіктермен және саусақты қолғаптармен орындауға рұқсат етіледі.
347. Қалдығы бар катод матрицаларын жуу кезіндегі жұмыстар және катод қалдығын тазалау механикаландырылған.
348. Электролиз ванналарын жөндеу технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.
349. Гидрометаллургиялық және электрометаллургиялық өндірістердің өндірістік ғимараттары технологиялық операцияларды механизациялау және жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жүк көтеру құрылғыларымен, газдар мен булардың құрамын бақылау үшін газ талдауыштармен жабдықталады.
8 - параграф. Вакуум – термиялық өндірісі
350. Араластырғыш барабандар және араластырғыш машиналар саңылаусыздандырылады және аспирациондық қондырғылармен жабдықталады.
351. Араластырғыштарға салу технологиялық регламентпен белгіленген нормалардан аспайды. Араластырғыш машиналарының аудару механизмі шекті сөндіргіштермен жабдықталады.
352. Араластырғыш қақпағын ашу және араластыру механизмі жұмыс істеп тұрған кезде қолмен босатуға рұқсат етілмейді.
353. Барабанды араластырғыштан қолмен шихта сынамасын алу кезінде оның жетегі көзден ажыратылады және қосу құрылғысына ескерту плакаты ілінеді.
354. Брикет пресс қоршаумен және оны қосар алдында қосылатын белгі бергішпен жабдықталады.
355. Брикет пресс жұмыс істеп тұрған кезде престе тұруға және онда қандай да жұмыстар істеуге (реттеу т.б.), пресс шұңқырын тазалауға рұқсат етілмейді.
356. Электрлік кедергі пештері пештің кернеу ықпалында болатындығын көрсететін белгі бергіш шамдармен немесе жарықты табломен жабдықталады.
357. Электр пештері аспирациондық қондырғылармен жабдықталады.
358. Электр пештері электр режимін бақылау аспаптарымен және зоналар бойынша шекті шамалары технологиялық регламентпен қаралатын температураны бақылау үшін термопаралармен жабдықталады.
359. Пештің суыту жүйесінен судың ағуы анықталған жағдайда зақымдануды жойғанша пеш сөндіріледі.
360. Электр пештерінің қақпақтары бекіткіш құрылғыларымен жабдықталады.
361. Вакуумды электр кедергі пеші саңылаусыздандырылады және вакууммермен және манометрмен жабдықталады.
362. Вакуумдық сорғылардан кейін орналастырылған атмосфераға газ шығаруға арналған құбырлар вонарьдан немесе атшадан 40 м кем емес биіктікке шығарылады.
363. Қысым ықпалында болатын азот өткізгіштің арматурасында қандай да жөндеу жұмыстарын жүргізуге рұқсат етілмейді.
364. Вакуум – термиялық пештің камераларының ішінде суық және ыстық жөндеулер жүргізу тәртібі технологиялық регламентпен қаралады.
9 - параграф. Технологиялық құрылғыларды орналастыру және дайындау
365. Тарату құю ыдыстарын астарлау, кептіру және жөндеу жұмыстары технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.
366. Тарату құю шөміштерінің цапфалары шыңдалған және сегіз дәрежеден кем емес беріктік қорына ие болады.
367. Химиялық және механикалық қасиеттері шыңдалған цапфалардың қасиеттерімен сәйкес келген жағдайда 20 және 35 маркалы болаттардың электр қожды балқыту әдістемесімен жасалынған цапфаларды қолдануға рұқсат етіледі.
368. Шөміштердің цапфаларының тозуы барлық өлшемдер бойынша бастапқы өлшемдерінен 10 % дан аспайды.
369. Шөміштердің цапфаларының күйіне бақылау жүргізу ұйымдастырылады. Шөміштердің цапфалары кем дегенде жылына бір рет бұзбай бақылау әдісімен тексеріледі. Тексеру нәтижелері актпен толтырылады.
370. Шеттеріне дейін металмен немесе қожбен толтырылған шөміштердің ауырлық центрлері тірек цапфаларынан 200 мм кем емес.
371. Сыйымдылығын ұлғайту үшін шөміштерді үлкейтуге болмайды.
372. Шөміштер және сұйық металл мен қожды қабылдауға арналған басқа да технологиялық ыдыстар жоғарғы шетінен 100 мм кем емес өлшемге дейін төменірек толтырылады.
373. Шөміштер, қож ыдыстары, қалыптар және сұйық металл мен қожды қабылдауға арналған басқа да ыдыстар су буларын толығымен жойғанша кептіріледі.
374. Шөміштерді кептіру жану өнімдерін жою құрылғыларымен жабдықталған орындарда жүргізіледі.
375. Тарата құю ыдыстарының күйін бақылау, тексеру тәртібі мен оларды ақауға шығару нормалары технологиялық регламентпен қаралады. Оларды қысу құралдары мен жүк көтеру крандарының көмегімен тазартуға жол берілмейді. Шөміштерді тазарту кезінде жылу сәулесінен қорғау үшін экрандар қолданылады.
376. Пештің астауының астында металл мен қожға арналған технологиялық ыдыстарды жөндеуге рұқсат етілмейді.
377. Шөміштерді жөндеу және астарлау сатылары бар алаңдармен жабдықталған стендтерде немесе жөндеу шұңқырларында жүргізіледі.
378. Шұңқыр қабырғалары мен шөміш арасындағы аралық алаңдармен жабылады.
379. Шөміштің бортында тұрып жұмыстар жүргізуге рұқсат етілмейді. Шөміштің ішіне қол жеткізу үшін шөміштің бортына ілгіші бар саты қолданылады.
380. Тарату құю пролетында алынбалы траверсаларды орнату құрылғысы, конструкциясы оларды тікелей еденге қоюды қажет етпейтін шөміштерді орнату стендтері қаралады.
10 - параграф. Металды бөліп құю
381. Металды құю, жинастыру және суыту бөлімшесіне жеткізу механикаландырылады.
382. Шөміштегі қожды өшіру үшін қоқыс немесе тиеу материалдарының шикізатын үюге болмайды. Металды бөліп құю орындарында және көрікте қожды өшіру үшін құрғақ материалдар қолданылады.
383. Сұйық металы бар шөмішті кранмен тасымалдау алдында 0,1 м-ден жоғары биіктікке көтеру және кранның тежеу әрекеттерінің сенімділігіне және шөміштің ілінісуінің дұрыстығына көз жеткізу керек.
384. Металы немесе қожы бар шөміш тасымалдау кезінде қоршауларға кездескенде 0,5 м кем емес биіктікке көтеріледі.
385. Металы бар шөмішті бөліп құю орнына тасымалдау кезінде дабыл бергіш қаралады.
386. Металды құю алдында көрікші шөміштегі қож қыртысын кеңірек бөлшектеуі керек. Егер шөміштегі металл қыртыс түзілуі салдарынан құйылмай жатса, құю тез арада тоқтатылады, ал шөміш шүмегін бөлшектеуге беріледі. Егер бөліп құю шөмішінің жоғарғы қыртысы жұмыс алаңының деңгейінде болса, шөміш жағын көріктішінің басып кетуіне жол бермейтін алынбалы қоршау орнатылуы тиіс.
387. Металл құю кезінде құю ауданында қандай да басқа жұмыс жүргізуге және аталған жұмысқа қатысы жоқ адамдардың болуына жол берілмейді.
388. Металды тарату құю және суыту кезінде құйылмаларды жұлатын жұмыскерлердің жарақаттануына жол бермейтін жағдайлар қамтамасыз етілуі тиіс.
389. Тазартылған феррохром құйылмаларын тиеу тек платформаларға және биік борттары бар қораптарға немесе жабық орында кәдімгі қораптарға тиеуге рұқсат етіледі.
390. Балқытпаларды дайын өнім қоймасына тасымалдау құйылмаларды толығымен сілкігеннен соң жүргізіледі.
391. Құйылмаларды «қатып қалған» шөміштер және түйіршіктеу бактары қалыптарында суытуға жол берілмейді.
392. Қож гарниссаждарын онда сұйық қож немесе металл бар болған кезде аударуға болмайды.
393. Металды қож қалыптарына тарата құйған кезде қож тарағанға дейін тарата құю пролетынан қождарды сепарациялау цехына немесе құйылмалардың суытылуы қоршалған және бөліген орындар бар болған кезде суыту пролетына шығарылады.
Конвейерлік машинада металды құю
394. Ғимараттан тыс эстакадаларда орналастырылған конвейер машиналарына металды бөліп құю үшін конвейердің барлық ұзындығы бойымен отқа төзімді материалдан жасалған аспамен жарақталады.
395. Бөліп құю машинасының жұмыс алаңы бөліп құю пролетында екі жағынан да сатымен жарақталған кіру (шығу) есіктерімен жабдықталады.
396. Конвейердің екі жағынан ені 1 м кем емес қызмет көрсету алаңдары қойылады.
397. Бөліп құю машинасының конвейерінің астындағы қуыс барлық жақтарынан торлармен немесе қоршаулармен қоршалады. Қоршауларда есіктер қаралады. Таспалар астындағы өту жолы берік аспамен қоршалады.
398. Таспалардың астына орнатылған құрал – жабдықтар мен аппараттардың үстіне олардың қорытпаның үзіліп түскен құймаларды қорғау үшін аспалар қойылады.
399. Таспалардың астына бекіту және реттеу арматурасын орнатуға болмайды.
400. Бөліп құю машинасының басқару пульті жылжыту камерасының барлық жұмыс алаңы көрінетіндей етіп орналастырылады. Пульт конвейердің тиеу бөлігіне қызмет көрсететін қызметкерлермен байланыста болуы үшін екі жақты дыбыс күшейткіш немесе жырықты дыбыстық дабыл белгі бергіштермен жабдықталады.
401. Аударғыш камераның қарау терезелері қорытпа шашырындысынан және жылу сәулесінен қорғану үшін ыстыққа берік шынымен немесе қалың сеткамен жабылады.
402. Конвейер астындағы жинағыштан су ағуы үшін торлармен жабылған астаушалар қаралады.
403. Жинағыштардан скрапты жинау механикаландырылады.
404. Бөліп құю машинасының бас бөлігіне қызмет көрсету үшін жүк көтеру механизмдері қаралады.
405. Бірнеше құю машинасы үшін әктасты қоспаны дайындау орталықтандырылады және бөлек ғимаратқа орналастырылады. Әктасты қоспаны дайындау және әктасты жеткізу бойынша барлық операциялар механикаландырылады.
406. Әктасты қоспаны және бүріккіштерді дайындау ғимараттарында едендерді гидрошаю қаралады.
407. Пайдаланылған әктас қоспасын ағызу арықтары жеңіл алынбалы тақталармен, ал жинағыштар қоршаулармен қоршалады.
408. Құю машиналары мен галереяның металл конструкциялары берік коррозияға қарсы қабаттармен қорғалады.
409. Құю машиналарын галереяларға орналастырғанда және құйылмаларды суыту үшін суды пайдаланғанда бу шығарғышпен қамтамасыз етіледі.
Құю машинасының аудару құрылғысының конструкциясы тарату құю шөмішінің бекітпелерінің орнықтылығы мен сенімділігін, оның реттелмелі жылдамдықпен баяу аударылуын, металды бөліп құю кезіндегі металдың ең аз мөлшерде шашырауын қамтамасыз етеді және шөмішті аударудың шектеуіші бар.
410. Ғимаратта орнатылған құю машинасының аудару құрылғысы аспирациондық жүйемен жабдықталады.
411. Конвейер тізбегінің звеноларына қалыптардың бекітілуі олардың қауіпсіз және тез ауыстырылуын қамтамасыз етеді. Қалыптардың конструкциясы мен материалы олардың орнықтылығын қамтамасыз етеді және құймалардың ілінісіп қалуына жол бермейді.
412. Құю машинасы конвейерінің таспасының қозғалыс жылдамдығы және суыту жүйесі металл құйылмаларының қалыптардан шыққанға дейінгі толық қатуын қамтамасыз етеді.
413. Қалыптарға құю кезінде құлайтын металл шашырандысын жою үшін конвейер торамдарының араларына оларды скрап пен қақтан тазарту үшін гидро шаю бар еңкіш тақталар орнатылады.
414. Құю қалыптарының қалыптарын әктасты немесе қандай да басқа ерітіндімен сырлау механикаландырылады.
415. Қалыптардан металл құймаларын қағып шығару механикаландырылады.
416. Құю машинасы жарықты дабыстық дабыл белгі бергіштермен жабдықталады. Дыбыстық және жарықты белгілер құю алдында беріледі.
417. Аудару құрылғысы үшін гидро жетек жалғасуы кезінде оны сұйық металл шашырандыларынан қорғау жөнінде шаралар және өртке қарсы шаралар қаралады.
418. Аударғышқа шөмішті орнату және алу құю машиналарының машинистінің басшылығымен жүргізіледі.
419. Шөмішті беру кезінде аудару құрылғысы камерасында адамдардың болуына рұқсат етілмейді.
420. Құю машинасының машинисті металды құймас бұрын аудару құрылғысындағы шөміш бекітпелерінің сенімділігіне көз жеткізуі керек. Қысуға арналған шөміш тіректерінде кертіктер, жарықтар және т.б. ақаулар болмауы тиіс.
421. Құю машинасының арнасы үнемі металл құймалары тазартылады және құрғақ құм салынады. Ұзақ уақыт тоқтап тұрғаннан кейін арна кептіріледі.
422. Металл құю алдында қалыптар әктас немесе басқа арнайы ерітінділермен қапталады және кептіріледі.
423. Конвейер немесе аударғыш астында су немесе мұз болған кезде құю машинасын қосуға болмайды.
424. Іктас ерітіндісі форсункаларын тазарту сорғыны сөндірумен қорғаныс көзілдіріктерін және резина қолғаптарын киюмен жүргізіледі.
425. Жарылған немесе күйіп қалған қалыптарға металл құюға болмайды.
426. Құю машиналарынан құймалар алу құрғақ қораптарға жүргізіледі.
427. Құю машиналарынан арна немесе қораптар жанына құлап түскен құймаларды жинастыру тек машинаны тоқтатқаннан кейін жүргізіледі.
11 - параграф. Шөміштерде ферроқорытпаларды вакуумдау
428. Шөміштерде ферроқорытпаларды вакуумдау пештен бөлек алаңда орналастырылады.
429. Жерге батырылған вакуумдауға арналған жаңадан салынған камераларда биіктігі 0,8 м кем емес борттар болады.
430. Алынбалы типті қақпақтарда бекіткіш құрылғылар болады. Камера қақпағы жылудан оқшауландырылған.
431. Вакуум – камераның қақпағын ашуға тек ол сиретілгеннен кейін және атмосфера мен вакуум – камераны жалғайтын түтікше ашық болғанда ғана рұқсат етіледі.
432. Металл мен қождың шамадан тыс көбіктерінің алдын алу үшін камерада сиретілу вакуумдау кезінде баяу жүргізіледі.
12 - параграф. Ферроқорытпаларды түйіршіктеу
433. Түйіршіктеу үрдісі металқабылдағыш пен түйіршіктеуге арналған бак арасында орналастырылған аралы түйіршіктеу астауында ұйымдастырылады.
434. Ферроқорытпаларды түйіршіктеу кезінде пайдаланылатын су шығыны мен қысымы технолоогиялық регламентпен реттеледі.
435. Қорытпаларды түйіршіктеу үшін пайдаланылатын техникалық суда өлшемдері форсунканың саңылауының енінен немесе минималды диаметрінен асатын механикалық қоспалар болмауы керек.
436. Шөміштен түйіршіктеуге арналған бакқа металл шығару бакта орнатылған қабылдағыш арқылы жүргізіледі.
437. Қабылдағыштың ішкі көлемі және бақылаушы тесік өлшемі қауіпсіз түйіршіктеуді қамтамасыз етеді және нақты қорытпалар үшін технологиялық регламенпен реттеледі.
438. Арна шүмегі форсункадан шығатын су ағымының центрі бойынша орнатылады. Арнаның астары қираған кезде қорытпалармен түйіршіктеу жүргізуге болмайды.
439. Арна шүмегінің түбі мен форсунканың жоғарғы қатарындағы тесік арасындағы қашықтық су шығыны мен қысымы минималды болған кезде 300 мм артық емес.
440. Ферросилиций мен феррохромды түйіршіктеуге арналған түйіршіктеу қондырғысы шүмек арқылы шөміштен металды қотаруға арналған аударғыш құрылғымен жабдықталады. Аудару құрылғысы шөміштің иілуін шектеуішпен жабдықталады.
441. Қайта жасалған және көміртекті феррохромды түйіршіктеу металды шөміштің төменгі бөлігіне тесік арқылы шығарумен электр көпірлі кранның көмегімен жүргізіледі.
442. Феррохром қабылдағышта оның толып кету жағдайында қорытпаны ыдысқа шығаруға арналған қосымша арнасы бар.
443. Түйіршіктеу қондырғылары судың белгіленген параметрлері бойынша жарықты дабыл белгі бергіштермен жабдықталады. Аудару құрылғысы су қысымы рұқсатты шамадан түсіп кеткенде түйіршіктеуді автоматты тоқтатумен су қысымымен жалғанған.
444. Түйіршіктер немесе қождың магистралды ағын суларға түсіп кетуіне жол бермеу үшін түйіршіктеуга арналған бакқа дер кезінде тазартылатын жинағыш орнатылады.
445. Түйіршіктеу қондырғыларына қызмет көрсету тиімділігі және қауіпсіздігі үшін қоршалған алаңдармен жабдықталады.
446. Түйіршіктеу қондырғысының басқару пульті қауіпсіз орынға орналастырылады. Басқару пультінен шөміштің, форсунканың, металл мен су ағынының көрінуі қамтамасыз етіледі.
447. Түйіршіктеуге арналған бактар мүмкіндігінше жабылады және түйіршіктеу кезінде түзілген будың толығымен жойылуын қамтамасыз ететін тарту желдеткішімен жабдықталады.
448. Металды түйіршіктеу алдында аудару құрылғысының, қотару арнасының және форсункалардың оңтайлылығы тексеріледі. Қабылдағыш құрғақ материал – құммен, түйіршіктелген металмен толтырылады.
449. Металды түйіршіктеу кезінде басқа жұмыспен айналысатын жұмыскерлер түйіршіктеу қондырғысынан 10 м кем емес қашықтыққа алыстатылады.
450. Су қысымы рұқсатты шамадан төмен түсіп кеткенде немесе су беру тоқтатылғанда металды түйіршіктеу тоқтатылады. Бұл жағдайда қайта жасалған феррохромды түйіршіктеу кезінде қорытпа жанында тұрған ыдысқа құйылып алынады.
451. Түйіршіктеу бактарын металдан тазарту механикаландырылады.
452. Бактың ішіндегі жөндеу жұмыстары, оны металл қалдығынан су айдаумен қолмен тазарту келесі талаптары міндетті сақтаумен технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі:
бакқа түсу сатымен жүргізіледі;
бак ішін жарықтандыру үшін кернеуі 12 В артық емес тасымалданатын шамдар қолданылады;
сорғыны немесе металға арналған ыдысты бакқа түсіру және олардың көтеру тек бак ішінде адамдар бар болған кезде орындалуы тиіс;
бактағы жұмыстар резина етіктермен орындалады;
бакта жұмыстарды орындау кезінде ескерту белгілері ілінеді;
бакта жұмыстың жүргізіліп жатқандығы туралы көпірлі крандардың машинистері хабардар етіледі;
бак үстінде жұмыстар орындауға және жүктер тасымалдауға жол берілмейді;
бактағылардың жұмыстарын бақылау үшін бактың жанында бақылаушы тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |