13 - параграф. Ферроқорытпаларды бөлшектеу, қоймаға салу және тиеу
Бутобойлар қондырғыларында ферроқорытпаларды ұсақтау
453. Ферроқорытпалар құйылмаларын бөлшектеу үшін бутобойлар қондырғыларын орналастыру және құру көрші телімдер жұмыс істеп жатқан жұмыскерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
454. Бутобойлар қондырғыларының орналастырылуы металл кесектерінің ұшуына жол бермейтін қорғаныс қоршауларымен жабдықталады, дыбыс оқшаулағыш камераларға салынады.
455. Бутобойдың қозғалыс механизмі шекті сөндіргіштермен жабдықталады. Қондырғының рельс жолдары тұйықтаушы тіректермен жабдықталады.
Бутобой қондырғысының басқару пульті қондырғыда жұмыс істейтін жұмыскердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін сеткалы қоршаумен жабдықталады. Қондырғыда жұмыс істеу кезінде қорғаныс көзілдіріктерін кию керек.
Ауа шлангтері мен кескіштер қондырғының жұмысы кезінде олардың үзілуіне бол бермейтін бекітпелі болады.
456. Бутобой жұмысын реттеу және тексеру ағаштан немесе түсті металдан жасалған кескіш үшін төсеніште жүргізіледі.
457. Бутобоймен құйылманы сындырғаннан кейін қорапшаларға металл тиеу механикаландырылады.
458. Жұмыс аяқталуымен, жөндеу жұмыстары және бутобой қондырғысына тексеру жүргізу кезінде ауамагистралі сөндіріледі, ал ауа магистральдан айдалады.
459. Ферроқорытпаларды ұсақтауға арналған каперлі қондырғылар құрылғысы және эксплуатациялау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 18 қыркүйектегі № 172 бұйрығымен бекітілген қара және түсті металдар сынықтары мен қалдықтарын дайындау және қайта өңдеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді.
Жақты ұсатқыштарда ферроқорытпаларды ұсату
460. Жақты ұсатқыш механизмдерінің барлық қозғалмалы бөліктері қоршалады. Ұсатқыш түтігінде ұсақтау кезінде металл кесектерінің ұшуына жол бермейтін қоршаулары бар.
461. Ұсатқыш бункері ұсатқыштың түтік өлшемдерінен аспайтын өлшемді ұяшықтары бар тормен жабылады.
462. Тор ұяшықтарының өлшемдері 300 мм артық болған кезде бункердің саңылауы қоршаулармен қоршалады немесе қызмет көрсету алаңдары бункердің жоғарғы шетінен 1,1 м төменде орналастырылады.
463. Ұсақтау және сұрыптау тораптары қалқаланады және аспиарациондық қондырғылармен жабдықталады.
464. Ұсатуға ферроқорытпаларды салу механикаландырылады.
465. Ұсатылған материалды беру үшін ұсатқыштың жанындағы орналастырылған шұңқыр қоршаулармен қоршалады және сатымен жарақталады. Шұңқырда адамдар бар болған кезде оған қораптарды түсіруге және одан шығаруға рұқсат етілмейді.
466. Ферроқорытпаларды ұсату кезінде пирофорлы қасиеттерге ие болатын және қалқымалы күйдегі шаңның жарылу қаупі бар (силикокальций) немесе өртену қаупі бар (ферротитан, кристалды кремний, ферромарганец, металды марганец, металды хром, жоғары пайызды ферросилиций т.б.), ұсату қондырғыларынан және аспирациондық қондырғылардан дер кезінде және үнемі тазарту бойынша ұсату агрегаттарынан шаңды максималды жою бойынша шаралар жүзеге асрылады.
467. Технологиялық мүмкіншілік бар болған кезде ферроқорытпаларды шаю және гидро шаңнан айыру қолданылады.
468. Аспирациондық қондырғылардың ауа өткізгіштерінің конструкциясымен оларда шаңның жинау мүмкіншілігіне жол берілмейді.
469. Ғимарат пен құрал – жабдықты шаңнан тазарту кезеңі, тіртібі мен тәсілдері технологиялық регламентпен анықталады.
Шарлы және өзекшелік ұсатқыштарда ферроқорытпаларда ұсақтау
470. Шарлы және өзекшелік ұсатқыштарда ферроқорытпаларды ұсату тораптары ұсатылған ферроқорытпаларды механикаландырылған тиеу жүйесімен, қалқандармен және істемей тұрғанда торапты эксплуатациялауға рұқсат етілмейтін аспирация жүйесімен жабдықталады.
471. Шаңының жарылу немесе өртену қаупі бар ферроқорытпаларды ұсатқыштарда ұсату азот немесе басқа инертті газдың қорғаныс атмосферасында жүргізіледі.
472. Ұсатқыштар, материалдарды салу және түсіру тораптары саңылаусыздандырылған немесе барлық ұсату торабы саңылаусыз камераға орнатылады.
473. Бұл камералар мыналармен жабдықталады: газ немесе ауа шығаруға арналған білте, ұсатқыш қуысына тікелей инертті газды бөлек кіргізу жолы және камерадан инертті газды жою үшін механикалық желдеткіш, камерадағы қысым, газ құрамын және температуран бақылау үшін бақылау - өлшеу аппаратурасы, технологиялық регламентпен қаралған параметрлер бұзылған кезде ұсатқыштың сөндірілуін қамтамасыз ететін дабыл бергіштер және бекітпелер жүйелері.
474. Камера есіктері қондырғы жетегімен жалғанған.
475. Ұсату ғимаратында ұсатқыштың жұмысы кезінде барлық есіктер жабылады және жарықты ескерту таблосы жанады.
476. Ферроқорытпалар ұнтақтарын тиеу және алу кезінде тиеу – түсіру орнының саңылаусыздығы қамтамасыз етіледі.
477. Ұнтақтарды тасымалдау өздігінен түсіретін жабық контейнерлермен жүргізіледі. Контейнерлер конструкциясы мен олардан түсіру және қайта төгу кезіндегі алаңдарда ұшқынның түзілуіне жол берілмейді.
478. Ғимарат пен құрал – жабдықтарды жинастыру технологиялық регламенпен белгіленген мерзімдерде ылғалды тәсілмен жүргізіледі.
479. Ұсақтау ғимаратында темекі тартуға және ашық отты пайдалануға рұқсат етілмейді. Пісіру жұмыстарын пайдаланумен құрал – жабдықтарға жөндеу жүргізу наряд– шақтама бойынша жүзеге асырылады.
Ферроқорытпаларды тазарту және орамалау
480. Ферроқорытпалар өндірісі технологиясы қорытпаны тарата құю және ұсатқаннан кейін металды тазарту бойынша операцияларды максималды қысқарту немесе жоюды қамтамасыз етеді.
481. Ыстық металды тазартуға рұқсат етілмейді. Металды тазарту кезінде қорғаныс көзілдіріктерін пайдалану керек.
482. Ферроқорытпаларды ыдыстарға салу механикаландырылады.
483. Силикокальций, ферросилиций және ылғалды болғанда және ұзақ уақыт бойы сақталған кезде жарылу қаупі бар және уытты газдар қалыптастыруы мүмкін басқа да ферроқорытпаларды тек құрғақ күйінде орамалау керек.
Ферроқорытпаларды қоймаларға сақтау және тиеу
484. Жаңадан салынатын және қайта конструкцияланатын цехтарда дайын өнім қоймаларында ферроқорытпаларды ұсату, сұрыптау, орамалау және вагондарға тиеу бойынша барлық операциялар механикаландырылған.
485. Дайын қоймаларының едендері механикалық орнықты етіп қаралады.
486. Металы бар қораптарды биіктігі бойынша қалау бір қатарға жүргізіледі. Қораптардың орнықты күйі қамтамасыз етілген жағдайда және технологиялық регламентке сәйкес оларды іліністіру мен орын ауыстыруы бойынша жұмыстар қауіпсіз жүргізілгенде екі қатармен қалауға рұқсат етіледі.
487. Металы бар жәшіктерді биіктігі бойынша қалау төрт қатардан артық емес, ал металы бар барабандарды екі қатардан артық емес етіп қалау керек.
488. Ыдысқа салынатын металдар штабельдерінің араларында ені 1 м кем емес өту жолдары қаралады.
489. Силикокальций тұтынушыларға тек металл барабандармен немесе ағаш жәшіктерге салумен тасымалданады. Барабанның жоғарғы бөлігінде газдардың жиналуына жол бермеу үшін диаметрі 3 – 6 мм тесік жасалады.
490. Силикокальциі бар жәшіктер мен барабандар сақтау ғимаратта немесе оларға ылғал тимейтін жағдайда ғимарат сыртында аспалы күйде жүргізіледі.
491. Вагондарға ферроқорытпаларды тиеу механикаландырылған.
492. Ферроқорытпаларды тиеу кезінде вагондардың қозғалысы тиеу тораптарында механикаландырылған.
493. Тиеуіштер көмегімен ферроқорытпаларды тиеу кезінде вагондардың доңғалақтарының астына башмактар қойылады. Вагондардың қарама-қарсы жақтарындағы есіктер жабық, ал вагондар аралары мен тиеу рампасы арасындағы қуыс тірегі бар көпіршемен жабылған.
494. Вагон ішін жарықтандыру үшін кернеуі 36 В тасымалданатын жарықтандырғыштар пайдалануға рұқсат етіледі.
14 - параграф. Қож өңдеу
Қождарды жинау және үйінділерге тасымалдау
495. Қожды өңдеу бөлек ғимараттар мен мекемелерде ұйымдастырылады.
496. Істеп тұрған цехтарда бөлек қож өңдеу цехтары немесе телімдері болмаған кезде суыту және тиеу орындары пештерден максималды алыстатылады.
497. Қож пролеттарында еден тегіс және механикалық орнықты етіп қаралады.
498. Шашылған қождар цехтан ыстық күйінде (олар тарағанша) әкетіледі.
499. Цехтардан қож үйіндісіне жеткізілген қожды түсіру механикаландырылған.
500. Қож тасымалдағыштар үшін балқыту цехтарындағы қою жолдары, қож шөміштері мен ыстық қожды қабылдауға арналған думпкарлар құрғақ, қар мен мұздан тазартылған.
501. Қож шөміштерін аударуды басқару дистанционды қаралады. Қож тасымалдағыштардың электрмен жарақталуы жалғауыш муфтаның көмегімен қож тасымалдағышқа жалғанған кабельмен жүзеге асырылады. Кабельдің төселуімен оған ыстық қождың тиіп кету мүмкіншілігіне жол берілмейді.
502. Қож шөміштері оларды қож тасымалдағыштарға орнатқан кезде барлық тіректеріне бекітіледі.
503. Қож шөміштерін аудару алдында қож тасымалдағыштар олардың аударылып кетпеуі үшін бекітіледі.
504. Қож шөміштеріне әктас қоспасын бүрку және оны дайындау толығымен механикаландырылады; бұл операциялар жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қондырғыларда жүргізіледі.
Тараған қождарды сепарациялау
505. Ферроқорытпаларды қожға құю кезінде металл құйылмалары мен қожды айыру осы мақсатта балқыту цехында саңылаусыздандыру қондырғылары болмаған кезде цехтан сырт орындарда ұйымдастырылуы тиіс.
506. Цехтағы қожды сепарациялайтын барлық құрал – жабдықтар саңылаусыз және қарастырылады және шаңды аулау үшін аспирациялық жүйелермен жабдықталған. Цех телімдері шаңды пневмо жинастырудың стационарлы жүйесімен немесе жылжымалы қондырғыларымен жабдықталады.
507. Жаңадан салынып жатқан цехтарда қабылдау бункерлерінің колоисникті торларынан металл скордовиндарын жинастыру механикаландырылған.
508. Қождың қатпауы мүмкін бөлігін (сұйық) қождың колосникті торына түсіруге рұқсат етілмейді.
509. Қожды шығарғаннан немесе құйғаннан кейін түсіру уақыты жатып қалған қождан бункерлерді тазарту жұмыстарын жүргізу тәртібі технологиялық регламентпен реттеледі.
510. Суыту пролеты қож шөміштерін орналастыру стендтерімен жабдықталады.
511. Қож қалыптарына құюға арналған балқытпалар колосникті торларға тек толық қатқаннан кейін ғана сырғытылады.
512. Колосникті торлардан құйылмаларды алуға және олардың темір жол платформасына тасымалдауға тек қож толығымен тарағаннан кейін ғана рұқсат етіледі.
513. Цементтеліп қалған қождан ауасепараторының ішкі қуысын тазарту сепараторды желіден сөндіріп схеманы бөлшектегеннен кейін жүргізіледі. Сепараторда жұмысты орындаушы тұлға сақтандырғыш құралдарды (арқаны бар белдіктер, қорғаныс көзілдіріктері, респираторлар, сатылар) және кернеуі 12 В артық емес жарықтандырғыш қолданады. Үнемі сепараторда жұмыс істейтіндер екеуден кем емес адаммен бақылауды қамтамасыз ету керек.
514. Бункерлерден қож бен металды түсіру магниттік сепарация телімінде вагондарға сепараиядан өткізілген қож тиеу және оларды ыдысқа орамалау толығымен механикаландырылған.
Қождарды құю және түйіршіктеу
515. Ферроқорытпалар қождарын түйіршіктеуді сумен, сығылған ауамен немесе сумен және сығылған ауамен бір уақтылы жүргізуге рұқсат етіледі.
516. Түйіршіктеу қондырғыларының негізгі параметрлері (ауа, су шығыны мен қысымы, түйіршіктеу бассейнінің тереңдігі т.б.) жобалау ұйымымен анықталады.
517. Ұйымда түйіршіктеу қондырғыларының белгіленген параметрлерін өзгертуге жобалау ұйымының келісімімен рұқсат етіледі.
518. Ғимарат ішінде орналастырылған түйіршіктеу қондырғылары будың толығымен жойылуын қамтамасыз ететін аспирациондық жүйелермен жабдықталады.
519. Түйіршіктеудің кез келген тәсілі кезінде шөміштерді аударудың басқарылуы құю орнынан 10 м жақын емес орналасқан гидроқондырғылардың дистанциондық басқару пултінен қаралады.
520. Түйіршіктеу қондырғыларының пульттері отқа төзімді етіп қаралады және қож буы мен шашырандыларынан қорғалаған.
521. Қожды түйіршіктеу кезінде қондырғы маңайында адамдардың болуына жүк көтеру крандарының жақын орналастырылуына, теміржол маневрлеу жұмыстарын жүргізуге рұқсат етілмейді.
522. Түйіршіктеу алдындағы шөміштегі қож қыртысын сындыру механикаландырылған.
523. Түйіршіктелген қожды тасымалдауға арналған теміржолдар судың ағуын және шашылған қождың кері түйіршіктеу бассейніне немесе ағындық арналарға қайтуын қамтамасыз ететін астаулармен жабдықталады.
15 - параграф. Алюминий ұнтағы өндірісі
524. Алюминий ұнтағын өндіретін цехтарда (бөлімшелерде) жұмыстарды қауіпсіз жүргізу бойынша технологиялық регламент болады.
525. Сұйық алюминийді тозаңдандыру оттегі мөлшері 10 % аспайтын (көлемдік) инертті газбен (азот, көмірқышқыл газ) жүргізіледі.
526. Алюминийдің бірінші реттік және екінші реттік сорттарынан ұнтақтар алу үшін істеп тұрған цехтарда бытыраңқылық камерасындағы температура 180 0С артық емес болған жағдайда сығылған ауаны қосуға рұқсат етіледі.
527. Пешке құймалы алюминийді салу механикаландырылған. Егер пешке салу кранмен жүргізілсе, онда кран кабинасы қорғаныс сеткасымен жабдықталады.
528. Балқыту пештерінің тиеу терезелері механикалық және қол жетегімен жабдықталған қақпақтармен, жапқыштармен, жарақталады. Жетек конструкциясымен оның ашылуы кезінде қызмет көрсететін қызметкерлердің терезенің алдына тұруына жол бермейді.
529. Балқытылған алюминиді қабылдау және одан тозаңдандыру қазандығы саңылаусыз қаралады және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 189 бұйрығымен бекітілген Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды қауіпсіз эксплуатациялау құрылғысы Талаптарына сәйкес келеді.
530. Қазандық сұйық алюминийдің төменгі деңгейінің дабыл белгі бергіштерімен (форсункаға алюминий беру үшін түтіктің төменгі қимасынан 10 - 15 мм жоғары) жабдықталады.
531. Қазандыққа ауа берілісінде қазандықтағы ауа қысымын апаттық түсіру үшін кран орнатылады.
532. Сұйық алюминийдің тозаңдандыру қондырғысы өлшеу және және тіркеу үшін бақылау - өлшеу аспаптарымен жабдықталады:
форсунка алдындағы құбырлы өткізгіштегі және қазандықтағы ауа мен инертті газ қысымы;
қазандықтағы металл қысымы;
тозаңдандыру камерасындағы температура;
инертті газ пайдаланылған жағдайда тозаңдандыру камерасындағы атмосфера құрамы;
тозаңдандыру ұзақтығы;
қазандықтағы металл дейгейі.
533. Тозаңдандыру қондырғысының алдына ауа өткізгіште немесе газ өткізгіште манометр орнатылады.
534. Сұйық алюминийді тозаңдандыру қондырғысы тозаңдандыру камерасындағы температура 180 0С асып кеткенде ауа берілуін автоматты түрде сөндіретін бекітпемен жалғанады.
535. Сұйық алюминийді тозаңдандыру қондырғысы тозаңдандыруға газ немесе газ беретін қазандық пен құбырлы өткізгіштерде максимал және минимал рұқсатты қысым кезінде тозаңдандыру камерасында рұқсатты максимал температурадан асып кетсе дыбыстық дабыл бергіштермен жабдықталады.
536. Шекті параметрлері қызыл сызықпен белгіленген көрсеткішті аспаптар бойынша көрсетілген параметрлерді бақылау жүргізуге рұқсат етіледі.
537. Тозаңдандыру камерасының бункерлері тозаңдандыру үрдісінде ыстық ұнтақтың конвейерлік таспасына түсіп кетуіне жол бермейтін ысырмалармен жабдықталады.
538. Камера бункерлерінің ысырмаларында, төгу тораптарының асуы, орамалау торабында өздігінен түсіретін қауғаларға немесе барабандарға алюминий ұнтағын түсіруде тығыздаушы құрылғылар болады.
539. Алюминий ұнтағын барлық төгу – тиеу тораптары (таспалы конвейерге тозаңдандыру камералары бункерлерінен түсіру, бункерлерге дайын өнімді салу, орамалау торабында қауғаларға немесе барабандарға дайын өнімді бункерлерден салу) аспирациондық жүйелермен жабдықталады.
540. Алюминий ұнтағы өндірісі ғимараттарында орнатылған құрал – жабдықтар (түсіру тораптары, жақты ысырмалар, қоректендіргіштер т.б.) жұмыс кезінде және кездейсоқ соққы кезінде ұшқының туындауына жол бермеу керек. Аталған ғимараттар едендері ұшқын шығармайтындай етіп қаралады.
541. Конвейерлік галереяларда, бункерлік ғимараттарда, дайын өнім қоймаларында және орамалау телімдерінде пайдаланылатын электр құрал – жабдықтары ғимарат класына, жарылу қаупі бар қоспа санаты мен тобына сәйкес келеді.
542. Құймалы алюминий пешке салар алдында кірден тазартылады және қыздырылады, пештегі балқытылған балқыма мөлшері ванна көлемінен ¼ артық емес, барлық бүйір терезелер жабық.
543. Пешке алюминий салу кезінде қызмет көрсететін қызметкерлер (алюминий балқытушылар) қорғалған орындарда болады, тиеумен байланысы жоқ барлық басқа тұлғалар пештен 15 м кем емес қашықтыққа шығарылады.
544. Тиеу кезінде пештің жоғарғы алаңында тұруға болмайды.
545. Тиеу терезесінде алюминий құймалары ілінісіп қалған кезде ілінісуді жою бойынша жұмыстар бақылаушы тұлғаның басшылығымен жүргізіледі. Егер осы уақытта пеште ванна көлемінен ¼ мөлшерде балқыған алюминий болса, онда ол пештен шығарылады.
546. Пештен алюминийді шығарар алдында қазандық, астау және тасымалдағыш астау күйлері тексеріледі. Қазандық шығарылатын алюминий температурасына дейін қыздырылады.
547. Қазандықты сұйық алюминиймен толтыру оның қақпақпен қосылатын орнынан 50 мм төмен.
548. Қазандыққа алюминий толтырғаннан кейін алюминий бетінен қож және басқа да бөгде заттар мұқият тазартылады. Осы мақсатта қолданылатын құрал – сайман қыздырылады. Алюминий бетін тазарту жұмыстары аяқталғаннан кейін қазандық люгі асбестті төсемесі бар қақпақпен жабылады және сенімді бекітіледі.
549. Қазандыққа түтікті орнатар алдында ауа өткізгіштердің және газ өткізгіштердің, өлшеу аспаптарының және тозаңдандыру құрылғыларының оңтайлылығы тексеріледі.
550. Қазандықққа ауа мен газ беру құбырлы өткізгіштерінің және тозаңдандырудың вентильдері жабық, қазандықтан қысымды апаттық түсіру ашық.
551. Қазандыққа орнатылар алдында түтік қызарып шыңдалғанша қыздырылады.
552. Форсунканы шабуға орнатар алдында сұйықтық шүмегі тазартылады. Тозаңдандырғыш қалпақ сабы мен шүмегі арасындағы ауа саңылауы технологиялық регламенпен қаралады.
553. Алюминийді тозаңдандыру алдында конвейер галереялары, бункерлер ғимараты, камера есіктері құлыппен жабылады. Алдын ала осы ғимараттарда адамдардың, бөгде заттардың жоқтығына көз жеткізу керек. Аталған ғимараттар кілттері бақылаушы тұлғада болады.
554. Алюминиймен тозаңдандыру бақылаушы тұлғаның рұқсатымен жүргізіледі.
555. Алюминийді тозаңдандыруға және камера бункерлерінен үнтақты бір уақтылы беруге рұқсат етілмейді.
556. Қондырғыны қосар алдында газ алдымен форсункаға, ал содан соң қазандыққа беріледі. Тозаңдандыру аяқталуымен газды берудің тоқтатылуы кері тәртіппен жүргізіледі, бұл кезде қазандықта қысымды түсіру үшін апаттық кран ашылады.
557. Сұйықтық шүмегі бітеліп қалған жағдайда және басқа да кез келген келеңсіздіктер кезінде тозаңдандыру дереу тоқтатылады.
558. Алюминийді тозаңдандыру аяқталуымен камера диффузоры жабылады.
559. Тозаңдандыру камерасының бункерлерінен дайын өнім бункерлеріне алюминий ұнтағын беру жұмыстары, конвейер галереяларындағы және бункерлер ғимараттарындағы барлық басқа жұмыстар бақылаушы тұлғаның басшылығымен жүргізіледі.
560. Желдеткіш істен шыққанда ұнтақты беруге, ағындарды және басқа құрал – жабдықтарды тығыздауға рұқсат етілмейді.
561. Аспирациондық жүйелерді алюминий шаңынан тазарту технологиялық регламентпен белгіленген мерзімдерде жүргізіледі.
562. Алюминий ұнтағымен жұмыс істеу кезінде пайдаланылатын барлық ыдыстар мен құрал – саймандар ұшқынның түзілуіне жол бермейтін түсті металдардан немесе ағаштан жасалады. Алюминий ұнтағын тасымалдау үшін болатпен соқтығысқанда ұшқын шығармайтын түсті металдан жасалған конусы бар өзі түсіретін болаттан жасалған қауғаны қолдануға рұқсат етіледі, бұл кезде қауғаны және ұнтақ сақтауға арналған бункерлердің мойынын орналастыруға арналған барлық алаңдар табақшалық алюминиймен қапталады.
563. Алюминий ұнтағын ыдыстарға орамалау механикаландырылған.
564. Алюминий ұнтағын орамалау, сақтау және тасымалдау үшін құрғақ әрі таза ыдыс қолданылады. Дайын өнімі бар барабандар қоймада тік күйде сақталады. Барабандарды екі қабатпен араларына тақтай салып қалауға рұқсат етіледі.
565. Қоймада алюминий ұнтағын сақтау тұтынушы – цехтардың бес тәуліктік сұраныстарынан аспайды.
566. Алюминий ұнтағын елеу және сыпырынды қоймасына қабылдауға рұқсат етілмейді.
567. Алюминий ұнтағының тотығуы, өздігінен жануы және жарылуына жол бермеу үшін оның өндірісі және сақтау орындарында ылғал мен дымқылдың болуына жол берілмейді.
568. Жанған алюминий ұнтағын сөндіру ұсақталған магнетиз ұнтағымен, ұсақталған қожбен немесе гиноземді ұнтақпен жүргізіледі. Бұл құралдардың мөлшері мен сақтау орындары жобамен анықталады.
569. Жанған ұнтақты сумен, құммен, топырақпен сөндіруге рұқсат етілмейді.
570. Бункерлер ғимараттары, конвейерлер галереялары және орамалау бөлімшелеріндегі құрал – жабдықтар мен еденнен шаңды жинастыру ай сайын, ал қабырғалар, төбелер мен металл конструкцияларынан аптасына бір рет жүргізіледі.
571. Шаңды жинастырудың жүргізілуі туралы ауысым журналына жазба жасалады.
572. Шаңды жинастыру кезінде қоқыс жинайтын және алюминийден жасалған күректерді пайдалануға рұқсат етіледі. Қылдан және металдан жасалған щеткаларды қолдануға рұқсат етілмейді. Сумен жуу немесе ылғалды шүберектермен сүртуге тек құрғақ жинастырғаннан кейін ғана рұқсат етіледі.
573. Тозаңдандыру камераларын шаң мен құймалардан тазарту аптасына бір рет тәуліктің жарық мерзімінде келесі талаптарды сақтаған кезде жүргізіледі:
камераларды тазарту жұмыстары бақылаушы тұлғаның басшылығымен жүргізіледі;
камераны тазарту үшін ағаш қырмалар мен ысқылау щеткалары пайдаланылады;
камераларды тазарту уақытында көрші ғимараттардағы барлық жұмыстар тоқтатылады, электр энергиясын беру сөндіріледі, технологиялық регламентке сәйкес пештерге газ беру қысқартылады, ашық отты пайдалану, пісіру және отпен қатысы бар басқа да жұмыстар тоқтатылады;
барлық жұмыскерлер камераларды тазарту бойынша жұмыстарды бастамас бұрын қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде нұсқамалықтан өтеді, ол туралы журналға нұсқамалықтан өткен және оны жүргізген жұмыскерлердің қолдары қойылады.
574. Камераларды тазарту диффузорды тығыз жапқан кезде жүргізіледі.
575. Жөндеу жұмыстарын жүргізу алдында ғимараттардың және құрал – жабдықтар шаңнан тазартылады және желдетіледі, ал пісіру жұмыстарын жүргізу үшін сумен жуылады.
5 - тарау. Агрегаттар мен құрал – жабдықтарды жөндеу және тазарту
1 - параграф. Жалпы талаптар
576. Құбырлы өткізгіштер және олардың аспалы колонналарын жүктерді көтеру үшін тірек ретінде пайдалануға рұқсат етілмейді.
577. Құрылыс конструкциялары ауытқыған блоктар және басқаларды олардың аспалық қабілеттерін тексергеннен кейін лебедкаларды бекіту үшін пайдаланылады.
578. Алаңдарға жөндеу жұмыстарын орындау үшін сатылар, кірпіш және басқа да материалдарды қойған кезде штабельдер мен материалдар араларында ені 1 м кем емес өту жолдарын қалдыру керек, штабельдер биіктігі 1,5 м аспайды.
579. Механизмдерді реттеу және тексеру жұмыстары технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.
580. Сатыларды бөлшектеу жоғарыдан төменге қарай қабаттары бойынша жүргізіледі. Сатылар элементтерін төменге түсіру механикаландырылған тәсілмен жүргізіледі. Бөлшектеу алдында сатылар қоқыстан тазартылады.
581. Сатыларды бөлшектеу бақылаушы тұлғаның тікелей қадағалауымен жүргізіледі.
582. Жөндеу жұмыстарының аяқталуымен құрал – жабдықтарды сырлау жүргізіледі.
583. Құрал – жабдықтар мен бөлшектердің қорларын сақтау үшін цехтарда жүк көтеру механизмдерімен жарақталған алаңдар немесе ғимараттар қаралады.
2 - параграф. Күйдіру пештерін, олардың көмейлерін,
газ жолдарын және түтін құбырларын жөндеу және тазарту
584. Пештер, олардың көмейлері мен түтік құбырларын тазарту және жөндеу тек пешті толығымен тоқтатқаннан кейін, онда күйдіру немесе кептірілетін материал болмаған кезде және жұмыс жүргізілетін орындағы температура 40 0С жоғары емес болғанда ғана жүргізіледі.
585. Жұмыстар басталғанға дейін пештің барлық телімдері желдетіледі және газдың жоқтығына ауаны талдау жүргізіледі. Барлық терезелер, люктер мен есіктер ашық.
586. Күйдіру пешін тазартар алдында оның ішкі бөлшектеріндегі қаламаның беріктігіне көз жеткізу керек. Тазарту қаламаның тұтастығын бұзбай жүргізіледі.
587. Пештерді ішкі жарықтандыру үшін кернеуі 12 В аспайтын тасымалданатын жарықтандырғыштар қолданылады.
588. Газ жолдары мен түтін құбырларының жоғарғы бөліктерін тазарту үшін көпірлер, баспалдақ сатылар немесе сол телімде жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басқа да құралдар орнатылады.
589. Пештерді тазарту кезінде қорғаныс көзілдіріктері, каскалар, респираторлар немесе марля таңғыштары, шлангылы немесе оқшаулағыш газдан қорғауыш аппараттар қолданылады.
590. Молибден концентратын күйдіру жүргізілетін пештерді тазарту және жөндеу кезінде пайдаланылатын арнайы киім мен арнайы аяқ киім жұмыстың аяқталуымен концентраттың өте ұсақ бөлшектерін жоюды қамтамасыз ететін өңдеуге ұшыратылады.
591. Қажетті тазартумен жөнге келмейтін арнайы киім мен арнайы аяқ киім қолданыстан шығарылады.
592. Пештерді тазарту және жөндеу жұмыстарын орындауға жұмыстарды орындау жобасы жасалады.
593. Пештерді жөндеу және тазарту жұмыстары наряд – шақтамамен жүргізіледі.
3 - параграф. Металл балқыту пештері мен технологиялық ыдыстарды жөндеу
594. Ыстық және суық жөндеулер жүргізуге тек пеш көзден ажыратылғанда, электр схемасы бөлшектенгенде және жермен тұйықтаушыларды орнатқаннан кейін ғана жүргізіледі.
595. Руда тотықсыздандырғыш пеште күрделі жөндеу жүргізу кезінде электродтар тростарға ілінеді немесе электродтар электрод ұстағыштар бүршіктерінен алынады және стендтарға орнатылады немесе алаңға қойылады.
596. Егер пеш ваннасына су төгілген болса, пешті жөндеуге буландыруды тоқтатқаннан кейін кірісуі керек.
597. Жарылыс жұмыстарынан кейін пешке адамдарды жіберу осы жұмыстардың жүргізілуі үшін жауапты тұлғамен қираған орынды, қорғаныс құрылғыларын, іргелер мен қоршауларды тексергеннен кейін ғана рұқсат етіледі.
598. Балқыту және кептіру пештерінің астарларын, технологиялық ыдыстарды бөлшектеу және алу механикаландырылған.
599. 1,5 м биіктікте астарды қалау сатыларда, көпіршелерде т.с.с. құралдармен жүргізіледі.
600. Сұйық шынымен және сульфидті сілтімен жұмыс кезінде қорғаныс көзілдіріктерін пайдалану керек.
601. Отқа төзімді ерітінділер мен тығыздау массаларын дайындау, отқа төзімді материалдарды ұсату, араластыру және сұрыптау, араластырғыштар, жүгіргіштер, ұсатқыштар тағы сол сияқты құрал – жабдықтарға тиеу және түсіруді қоса, толығымен механикаландырылған.
602. Жабдықталған шеберханалардағы немесе жабық пештердің мойындарын және біріктіру секциясын бетондау арнайы болат өтетін қабырғада жүргізіледі.
603. Ұнтақты отқа төзімді материалдарды қоймаға қою және сақтау бункерлерде жүргізіледі.
________________________
Достарыңызбен бөлісу: |