Ғылым және жоғары білім министрлігі



бет10/90
Дата14.03.2024
өлшемі6.89 Mb.
#495543
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   90
УМК ББ IT қолдану. пәні бойынша (1)

Білімдік компетенция-бұл шынайы ақиқаттың объектісіне қатысты жеке тұлғалық және әлеуметтік мәні бар өнімді іс-әрекеті жүзеге асыруға қажетті оқушының өзара байланысқан мәні бар бағдары, білімі, іскерлігі, дағдысы және іс-әрекет тәжірибелерінің жиынтығы.
Білім маманының ақпараттық-коммуникациялық құзырлығы(латын тілінен аударғанда compete-жетемін, сай боламын,сәйкес келемін)-кәсіптік педагогикалық іс-әрекет ретінде ақпараттық кеңістікті қалыптастыру және меңгеру міндеттерін шешу қабілеті.
Білім беру процесінің қашықтан оқыту технологиясы - ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды пайдалануға негізделген қашықтықтағы оқу процесін жүргізуді қамтамасыз ететін, оқу процедураларын әкімшіліктендіру, оқыту әдістері мен құралдарының жиынтығы.
Білім беру кеңістігі-білім берудегі жалпы мемлекетті бірлік сақталатын кеңістік.
Білім берудегі компьютерлендіру-программалық құралдардың пайда болуына байланысты болды және ол компьютер мен адамның диалогты өзара әрекеттесуінің пайдалануын сипатталды.
Білім берудің ұлттық моделі-жалпы білім беру моделі негізінде оның жетістіктері мен үздіксіздігімен білім берудің төрт деңгейін қамтиды:

  • мектепке дейіңгі оқыту және тәрбиелеу;

  • орта білім беру;

  • жоғары кәсіптік білім беру;

  • жоғарғы оқу орыннан кейінгі кәсіптік білім беру;

Бірыңғай ақпараттық білім беру кеңістігі-механизмер мен тәсілдермен ұйымдастырылатын және басқарылатын шынайылық, оқушылардың мәдени, білімдік, кәсіптік деңгейлерін арттыру мақсатына жету.
Виртуалды сынып - бұл виртуалды оқу ортасында синхронды онлайн сабақтарды өткізу технологиясы. Сонымен қатар «ақылды виртуалды сынып» және «сандық сынып» терминдері қолданылады. Сабақты бетпе-бет оқыту сияқты, оқушы мен мұғалім бір уақытта виртуалды бөлмеге кіріп, материалмен жұмыс істейді (немесе синхронды оқыту деп аталады). Оқытушы интерактивті тақтада оқушыға мәтін, суреттер мен презентацияларды көрсетеді, олар бір уақытта оқушының электронды дәптерінде көрінеді. Мұғалім компьютердің жұмыс үстелінің көрсетілімін жасай алады.Сонымен бірге ол оқушы қандай әрекеттерді орындап жатқанын көре алады. Сабақ аяқталған кезде виртуалды сынып оффлайн режимде сақталады, кейін онлайн режиміндегі материалға қайта оралуға мүмкіндік беріледі. Виртуалды сыныптың артықшылықтары:
әлемнің кез келген нүктесінен сабақ өткізу; интерактивті құралдар тыңдаушылардың назарын аударуға көмектеседі. Виртуалды сыныптың кемшіліктері: оқу материалын ұсыну кезінде мұғалімге сұрақ қою мүмкіндігі шектеулі; Қатысудың сәттілігі оқушының және оқытушының компьютерінің техникалық мүмкіндіктеріне байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   90




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет