Ғылымдар бойынша ХХV республикалық студенттік ғылыми конференциясының



Pdf көрінісі
бет137/292
Дата06.12.2022
өлшемі5.25 Mb.
#466590
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   292
ЖТ ЮМ сборник

 
Әдебиеттер 
1. 
Саадабаев Г.А. Об ответственности медицинских работников // Казахстанский журнал между-го права.– Алматы, 
2015. – 
№1 (57) – С. 39-45. 
2. 
Джансараева Р.Е. Проблема эффективности уголовного законодатель- ства и принципы криминализации // ҚазҰУ 
хабаршысы. Заң сериясы№ 1 (57).– Алматы, 2011. – 129 с. 
3. 
Сералиева А.М. Проблемы уголовно-правовой ответственности медицинских работников // Мат-лы научно-практ. 
конф. «Мировые и региональные тенденции современной преступности и стратегии противодействия». – Алматы: 
Қазақ университеті, 2012. – С. 188-192. 
4. 
Тaжибaев Б.Н. Медицинaлық қылмыстық құқық бұзушылықтaрдың aлдын aлу мәселелері // ҚазҰУ Хабаршысы. Заң 
сериясы. №1 (77), – Алматы, 2016. – 403 б. 
АЗАМАТТЫҚ ІСТЕРДЕГІ МҰРАГЕРЛІК МӘСЕЛЕСІ 
Ерланқызы А. ЮМ-191к11 тобының студенті 
Есенбекова П. - аға оқытушы 
Қазақстан Республикасының заңнамасында адам қайтыс болған кезде оның мүліктік құндылықтары мұрагерлер 
арасында бөлінеді деп атап көрсетілген. Мұра қалдырушы қайтыс болғаннан кейін қайтыс болған адамның 
мұрагерлігіне олардың міндетті үлесіне құқығы бар адамдар бірінші кезекте өтініш берушілерболып табылады. Бұл 
санатқа бала (егер бірнеше бала болса, онда олардың барлығы мұрагер болады), жұбайы және ата-анасы. Заң 
талаптарына сәйкес, дәл осы адамдар мүліктің бір бөлігін мұраға алады. Қазақстан заңында ресми өкілдік құқығы 
бойынша мұрагерлік сияқты ұғым да бар. Мұра қалдырушы мен мұрагердің қайтыс болуы бір уақытта орын алса, онда 
мұра оның туысқандарына қалдырылады. Мұндай стандартты емес жағдайларда мұрагердің ұрпақтары үшін мүлікке 
мұрагерлік құжаттың (яғни, ресми өсиеттің) жасалғанына немесе жасалмағанына қарамастан туындайды. Мұрагерлiк 
өсиет және (немесе) заң бойынша жүзеге асырылады. Өсиет қалдырылмаған не бүкiл мұраның тағдыры айқындалмаған 
кезде, мұрагерлiк заң бойынша орын алады.Қазақстан заңнамасы мұрагерлікке кіруге заңды құқығы бар мұрагерлердің 
құқықтарын қорғайды, мұраны мұрагерлер арасында тең бөледі.Мұрагер ретінде мұра қалдырушының барлық 
ұрпақтары, соның ішінде мұра қалдырушы қайтыс болғаннан кейін туылған баласы (баланың мұрагермен туыстығы 
расталуы міндетті болып табылады).Бірінші кезекте мұрагерлер тобына қайтыс болған адамның жұбайы, балалары және 
оның ата-анасы кіреді. Немерелері ретінде , егер мұра қалдырушы мұрагермен бірге қайтыс болған жағдайда, мұра 
қалдырушының басқа балалары болмаған кезде мұрагерлік тізімге кіреді. Егер де мұрагерлер мұрадан бас тартқан 


156 
жағдайда немесе мұрагерлер мүлде болмаса онда екінші сатыдағы мұрагерлер тобына мұраның ауысуы заңды болып 
табылады. Екінші сатыдаға мұрагерлер ретінде мұра қалдырушының бауырлары, туысқандары, ата-әжесі кіреді. 
Жоғарыда көрсетілген мұрагерлер заң бойынша алты ай уақыт ішінде мұраны алмаса немесе тиісті құжаттарды 
өткізбесе онда мұрагер ретінде мұра қадырушының алыс тустары да өзінің мұрагер ретінде ұсына алады, тек оның 
туыстық қатынасын анықтайтын арнайы құжаттар болуы шарт. Мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс 
болды деп жариялау салдарынан ашылады. Мұра екі түрде қалдырылады: заң және өсиет бойынша. Мұра қалдырушы 
қайтыс болар алдында мүлкі жайлы ешкімге өсиет етпесе немесе өсиет еткеннен кейін де мүлік иесіз қалса, мұрагерлер 
заң бойынша мұраға ие болуға шақырылады. Мұраны қабылдап алу жалпы өсиет бойынша жүзеге асады,бірақ қазақ 
менталитетінде өсиет жазып мұра қалдыру толық енбеген. Сол себебпті қазіргі таңда мұраны қабылдап алу көбіне даулы 
істер қатарына енеді. Мұрагерлікті беру және оны қабылдап алу ҚР АҚ 6-тарауына сәйкес іске асады. Мұра ретінде 
өтетін мүлік – бұл мұрагерлердің материалдық және рухани сұраныстарын қанағаттандыратын азаматтардың жеке 
меншігі. Егер де азамат қайтыс болған жағдайда ешқандай өзінің мүлкіне қатысты өкім жасамаған болса, онда заң 
мұрагерлікке балаларын, жұбайын, ата-аналарын, жақын туыстарын шақырады. Сонымен мұрагерлік құқық қайтыс 
болғанның мүлкін отбасында оның мүдделерін қамтамасыз етіп сақтайды және пайдалану мүмкіншілігін тудырады. Бұл 
азаматтардың жеке меншік құқығын толықтырады және бекітеді, оның қорғауына қызмет етеді. Мұра қалдыру құқық 
қатынастары басқа қатынастар сияқты дамыған. Олар қоғамның экономикалық даму өнімі болып табылады. 
Материалдық құндылықтар өндірісіндегі процесте адамның қарым-қатынасы қоғамның экономикалық базисі болып 
табылады. 
Көп жағдайда тұрғын үй отбасы мүшелеріне ортақ мүлік болып есептеледі. Сондықтан қазіргі күші бар заң 
бойынша, кәмелетке жастары толған бірнеше баласы бар отағасы баспананы балаларының біріне мұрагерлікке қалдыра 
алмайды. Өйткені ол ортақ мүлік болып саналады. Отбасына ортақ меншікке қатысы бар адамның қайтыс болуы оның 
меншіктегі үлесін айқындау және ортақ мүлікті бөлу Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі негізінде жүзеге 
асырылады. Мұндай жағдайда мұра қайтыс болған адамның ортақ мүліктегі үлесіне, ал мүлікті заттай бөлу мүмкін 
болмаған кезде үлестің құнына қатысты белгіленеді. 
Мұраға ауысу – жер учаскесіне жеке меншік, ұзақ мерзімді жер пайдалану және уақытша қысқа мерзімді жер 
пайдалану құқығы бар азамат қайтыс болған жағдайда жеке меншік немесе жер пайдалану құқығының (егер уақытша 
жер пайдалану шартында басқаша көзделмесе) басқаға ауысуы. Мұраның құрамына мұраға берушіге тиесілі, оның 
қайтыс болуына байланысты тоқтатылмайтын, құқықтар мен міндеттер де кіреді. Мұра қалдырушының барлық 
құжаттары мұрагерлік арқылы беріле бермейді. Мысалы, мұра қалдырушының отбасылық некелік қатынасқа жататын 
мүліктік емес құқықтары адам қайтыс болысымен жойылады. Мұрагерлік бойынша қайтыс болған адамның жеке 
басымен байланысты құқықтары немесе өзіндік меншік құқығы заң бойынша заңды мұрагерлеріне өтеді. Мысалы 
қайтыс болған адамның авторлық және өнер табыс қатынастарынан туындайтын құқықтары мұрагерлеріне мұралық 
жолмен ауысады. Авторлық құқыққа қысқартылған мерзім қолданылған күнде, онда авторлық құқық мерзімінің қалған 
бөлігі мұрагерлерге заң бойынша ауысады. 
Мемлекеттік заңдар-мүліктік қатынаста және азаматтардың құқықтарын қорғау саласындағы заңдылықты одан 
әрі нығайтудың маңызды құралы болып табылады. Азаматтардың жеке меншігін және оған мұрагер болу құқығын 
мемлекет қорғайды. Мұрагерлік құқық жеке меншікпен басқа да мүліктердің мұра қалдырушы адамның мұраға ие 
болатын мұрагерлерінің қарауына өтуін реттейді. 
Бес институционалды реформа аясында қабылданған азаматтық-процесстік кодекс нормалары да азаматтық 
істерді соттың қарауына тыңғылықты дайындауды көздейді. Сондықтан мұрагерлік дауларды жедел қарап шешуді 
қамтамасыз ету мақсатында судья сот талқылауына істерді дайындауға ерекше көңіл бөлуі қажет.Мұрагерлік туралы 
істер бойынша дауларды шешкен кезде іске қатысатын адамдар шеңберін және олардың процессуалдық мәртебесін 
анықтау, істі қарау мерзімін анықтау үшін келіп түскен арызды сотта қарау тәртібін, қолданылатын материалдық 
норманы білу маңызды.Мұрагерлік даулары талап қою іс жүргізу және ерекше іс жүргізу тәртібімен қаралады.Өсиетті 
жарамсыз деп тану, мұрадан бас тарту, мұраны бөлу, мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіру туралы даулар талап 
қою іс жүргізуі тәртібінде қаралады.Мысалы, мұрагерлік мүлікке қатысты жасалған мәмілені жарамсыз деп тану туралы 
талап мұраны қабылдаған мұрагермен ғана қойылуы қажет. Мұраны қабылдау фактісі - талапкердің процессуалдық 
мәртебесінің және оның аталған талапты қою өкілеттігінің қажетті шарты. Мұраны қабылдау мұрагерлiкке құқық 
туралы куәлiкпен (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1073-бабы (бұдан әрі - АҚ) немесе мұрагер мұраны 
қабылдады деп таныған соттың шешімімен (АҚ-нің 1072-3 - бабы) расталады. Өсиетті толық немесе ішінара жарамсыз 
деп тану туралы талапты өзіне мүліктік салдар тудыратын тұлға қоюы қажет.Басқа жағдайлардың барлығында талап 
қою талаптары қанағаттандырылудан бас тартылады. 
Мұрагерлік туралы істер бойынша дауларды шешкен кезде соттар мұра ашылған күнде қолданыста болған 
заңнаманы басшылыққа алуы тиіс. Мұрагерлік жөніндегі қатынастарды реттеудің бұрынғы тәртібіне қандай да бір 
өзгерістер мен толықтырулар енгізетін жаңа заң, ол қолданысқа енгізілгеннен кейін туындаған құқықтар мен 
міндеттерге қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   292




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет