160
Континенталдық Еуропа мемлекеттерінің бірқатарында конституциялық
бақылауды арнайы құрылған
Конституциялық соттар жүзеге асырады. Конституциялық соттар сот билігі жүйесіне жатқызылғанымен, өзге соттар
секілді қылмыстық және азаматтық істерді қарамайды. Мұндай елдерге Испания, Австрия, Германия, т.б. елдер жатады.
Бұл модельде, өз кезегінде, екі негізгі айырмашылық бар: конституциялық мәселелерді конституциялық соттар
қарайтын австриялық континеттік модель және арнайы квазисот органы - Конституциялық Кеңестің моделіне
негізделген француздық континенттік модель.
Конституциялық соттар Австрияда, Италияда, Испанияда, ГФР-да, Румынияда, Чехияда, Словакияда, Венгрияда,
Болгарияда, Македонияда, ТМД елдерінде (Қазақстаннан басқа) бар. Конституциялық соттардың құзыретіне жататын
мәселелер үш топқа бөлінеді.
Бірінші топ құқықтық актілердің конституциялылығы мәселелерін қамтиды. Федеративтік мемлекеттерде
федерацияның да, штаттардың да басқа нормативтік актілері де конституциялық қадағалауға алынады.
Екінші топты лауазымды адамдардың әрекеттерінің конституциялығы құрайды. Соттар конституциялық бақылау
функцияларымен қоса жоғарғы органдарының құзыреті
туралы дауларды қарайды, федерацияларда - федерация мен
оның субъектілері арасындағы құзыреттерді шектеу туралы дауларды қарайды, республика президентін (кейде
парламент депутатарын) сайлаудың және референдум өткізудің дұрыстығын қадағалайды, президентке және үкімет
мүшелеріне қарсы айтылған айыптауларды қарайды және т.б.
Үшінші топқа жалпы соттардың конституциялық мәселелер бойынша шешімдерін қадағалау кіреді [3, 12 б.].
Конституциялық бақылаудың келесі үлгісі - бұл сот органдарына кірмейтін арнайы құрылған органдармен
жүзеге асырылатын бақылау. Жоғарыда оларды «квазисот» органдары деп атадық. Конституциялық бақылаудың
еуропалық моделі өзінің даму барысында кейбір елдерде жаңаша сипатта болды. Франция, Алжир, Марокко, Мозамбтк,
Сенгал, Нигер,
Коста-Рика, Эфиопия сияқты елдерде бақылау органның функциясы соттық сипатта емес, арнаулы
органдарға жүктелген. Қазақстан Республикасы да осындай үлгідегі елдердің қатарына жатады. Францияяның
Конституциясына сәйкес Конституциялық Кеңес 1958 жылдан бастап конституциялық бақылау органы болып
табылады.
Жалпы және конституциялық соттарға қарағанда Конституциялық Кеңес квазисоттық орган болып табылады. Ол
заңның немесе әкімшілік актінің конституциялылығы туралы мәселені сот процедурасының ережесі бойынша
талқыламайды, тікелей баяндаманы талқылау арқылы қарайды. Францияда Конституциялық Кеңеске жүгіну
қатаң
уақытпен шектелген. Мысалы Парламентте заңға дауыс беру мен оның промульгациясы арасындағы қысқа уақытта ғана
сұрау салуға болады.
Қазақстанда конституциялық бақылау институты 1989 жылы Қазақ КСР-інің Конституциялық бақылау комитеті
нысанында жарияланды. Содан кейін 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі
туралы» Конституциялық Заңға сәйкес, 1992 жылдың маусымында Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты
құрылып, 1995 жылдың Қазан айына дейін жұмыс істеді. 1995 жылы қабылданған Конституцияға сәйкес біздің елде
Конституциялық Кеңес жұмысын бастап, бүгінгі күні конституциялық бақылауды қамтамасыз ететін орган ретінде
көрініс табады [5, 196 б.].
Сонымен конституциялық бақылау - оның маңызды демократиялық институттың бірі болып саналады және ең
бастысы азаматтардың жоғары деңгейдегі құқықтары мен бостандықтарын қорғауды көздейді.
Достарыңызбен бөлісу: