Ғылымдар бойынша ХХV республикалық студенттік ғылыми конференциясының



Pdf көрінісі
бет145/292
Дата06.12.2022
өлшемі5.25 Mb.
#466590
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   292
ЖТ ЮМ сборник

Әдебиеттер 
1. 
Қазақстан Республикасы Конституциясы. 1995 ж., 30 тамыз. – Алматы: Юрист, 2021. – 36 
б.https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K950001000_ 
2. 
Бекмагамбетов А.Б. Торговля людьми: доктринальный и законодательный подход к проблеме противодействия (на 
материалах Казахстана и России), – 246 с. 
3. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000226 
 
ӘОЖ 343.3 
ТЕРГЕУ ӘРЕКЕТТЕРІН ЖҮРГІЗУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 
 
Әміре Е. – ЮМ 19-1к1 тобының студенті
Каипжанова Н.Е. – оқытушы 
 
«
Қaзaқстaн Рeспубликaсының мeмлeкeттiк тәуeлсiздiгi турaлы» зaңындa, «Aдaм құқықтaрының жaлпығa бiрдeй 
дeклaрaциясындa» жeкe aдaмның құқықтaры мeн бостaндықтaрының үстeмдiгi мойындaлaды» дeлінген болса
Қaзaқстaн Рeспубликaсы Конституциясының 1-бaбындa Қaзaқстaн Рeспубликaсындa eң қымбaт қaзынa – aдaм жәнe 
aдaмның өмiрi, құқықтaры мeн бостaндықтaры – дeп көрсeтiлгeн. Еліміз үшін аса маңызы бар жоғарыда аталған 
құжаттардағы адам құқықтары мен мүдделерін қылмыстылықтан қорғаудың негізгі құқықтық құралдары қылмыстық, 
және қылмыстық іс жүргізушілік заңнамалар болып табылады, олар кез-келген мемлекеттің қылмыстық саясатының 
мәнін айқындайды. Аталған заңнамалар өзара тығыз байланыста болып қылмыстық құқық бұзушылықпен күрестегі 
мемлекеттің қылмыстық саясатының тиімділігін, заңдылығын және негізділігін арттырады. 
2014 жылы 4 шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіндегі 24-тараудың 
нормалары тергеу әрекеттерін жүргізудің жалпы шарттарын реттеуге арналған.
Тергеу әрекеттерінің нәтижелері нақты деректердің қайнар көзі ретінде: қылмыстың оқиғасын, құқыққа қайшы 
әрекет жасаған адамның кінәлі немесе кінәлі еместігін, қылмыстын ниетін, айыпталушының жеке басын сипаттайтын 
мән-жайлар, айыпталушының жауапкершілігінің дәрежесі мен сипатына әсер ететін мән-жайлар, жасалған қылмыстын 
зардабын, қылмыспен келтірілген заладың сипаты мен мөлшерін, қылмыстық жауапкершіліктен және жазадан 
босататын мән-жайларды анықтауға мүмкіндік береді. 


165 
Тергеу әрекеттері өндірісіне тергеу әрекеттерінің қажеттілігін көрсететін негіздер – шын мәнінде деректер қажет. 
Әрбір тергеу әрекеті мәжбүрлі болғандықтан негізсіз жасалған тергеу әрекеті тұлғаның құқықтарына қиянат келтірілуі 
мүмкін. Сол себептен тергеу әрекеті жеткілікті негіз болған жағдайда ғана жүргізілуі керек. Ережеге сәйкес, тергеу 
әрекеті тергеушінің немесе анықтауды жүргізушінің бастамасымен жүзеге асырылады.
Тергеу әрекеттерін оның қатысушыларының өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін, кезек күттірмейтін 
жағдайлардан басқа, түнгі уақытта жүргізуге жол берілмейді. Б.Х.Төлеубековның пікірінше, тергеу әрекеттерін тергеу 
өндірісіне тергеушінің (анықтау органы) жалпы құзіреттіліктерінің болуы шартты. Яғни, уәкілетті тұлға тергеу 
әрекеттерін (тергеу қарауы, сот сараптамасын тағайындау) СДТТБТ тіркелгеннен кейін ғана бастауға құқылы.
Тергеу әрекеттері тергеп-тексеру процесінде өзінің ролі бойынша әдетте бастапқы және кезекті деп бөлінетіні 
белгілі. Бастапқы тергеу әрекеті – сотқа дейінгі тергеп-тексеруден басталатын бірінші кезеңде жүзеге асырылады. 
Кезекті дегеніміз тергеу әрекеті – бастапқы кезеңде жиналған дәлелдемелерді зерттеуге, бағалауға және пайдалануға, 
жорамалдарды түбегейлі тексеруге, қылмыс құрамының эелементтерін дәлелдеуге, сонымен қатар қылмысты жасауға 
және жасыруға жағдай жасаған себептер мен мән-жайларды анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеп-тексерудің 
екніші кезеңінде жүзеге асырылатын тергеу әрекеттері. Сондай-ақ барлық тергеу әрекеттері сотқа дейінгі тергеп-тексеру 
нысанына және субъектілеріне байланысты кейінге қалдырылмайтын және қарапайым деп екіге бөлінеді.
Л.Е.Сигаловтың пікірінше, кейінге қалдырылмайтын тергеу әрекеттерін қажеттілік туындаған кезде кідіртпей 
жүргізу керек. Олар анықтама органдарымен, тергеушімен қылмыстық сотқа дейінгі тергеп-тексеруден кейін қылмыс 
іздерін, сондай-ақ кідірткісіз бекітуді, алуды және зерттеуді (оқиға болған жерді қарап тексеру, сараптама тағайындау, 
алу, куәландыру және үлгілерді алу қылмыстық сотқа дейінгі тергеп-тексеруге дейін жасалуы мүмкін) талап ететін 
дәлелдемелерді анықтау және бекіту мақсатында жүзеге асырылатын кейінге қалдыруға болмайтын тергеу әрекеттері 
ретінде анықталуы мүмкін. Қылмыстық процесс теориясы кезек күттірмейтін әрекеттеріне қарап-тексеру, тінту, алу, 
жауап алуды жатқызады. 
Бірақ та, қылмыстық заңымызда «кезек күттірмейтін» және «кейінге қалдырылмайтын» тергеу әрекеттеріне 
нақты анықтамасы мен тәртібі көрсетілмеген. Тек сөз арасында ғана бұл тергеу әрекеттерінің ережелері келтірілген. 
Қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашу және тергеу үстінде жүргізілетін тергеу әрекеттері, соның ішінде 
кейінге қалдырылмайтын тергеу әрекеттері, әрине, заңда көрсетілген тәртіп бойынша жүргізілуі керек. ҚР ҚПК 32 
бабына сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабар сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде 
тіркелгеннен және кезек күттірмейтін тергеу әрекеттері жүргізілгеннен кейін жәбірленушінің шағымы болмаған кезде 
жекеше және жекеше-жариялы айыптау және қудалау істері бойынша іс жүргізу хабар тіркелген кезден бастап үш 
тәуліктен кешіктірмей ҚР ҚПК 
35-
бабы
ның бірінші бөлігінің 5) тармағында көзделген негіздер бойынша тоқтатылуға 
жатады. Анықтаушы, алдын ала тергеу жүргiзiлетін iстер бойынша анықтау органы бастығының тапсырмасы 
бойынша кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерiн жүргiзуге уәкілетті, ол туралы жиырма төрт сағаттан кешiктiрмей 
прокурор мен алдын ала тергеу органын хабардар етуге мiндеттi. 
ҚР ҚПК 179-бабына сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздың, хабардың Сотқа дейінгі тергеп-
тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелуі не бірінші кезек күттірмейтін тергеу әрекеті сотқа дейінгі тергеп-
тексерудің басталуы болып табылады. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталғаны туралы бір тәулік ішінде прокурор 
хабардар етіледі, ҚР ҚПК 184-бабының прокурор, тергеуші, анықтаушы, анықтау органы қылмыстық құқық 
бұзушылық туралы арыз және хабар тіркелгенге дейін қылмыстық құқық бұзушылық іздерін анықтау мен бекіту 
бойынша кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерін жүргізеді. Сонымен бір мезгілде олар қылмыстық құқық бұзушылық 
туралы арыздың және хабардың сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелуіне, оның ішінде байланыс 
құралдарын пайдалана отырып тіркелуіне шара қолдануға міндетті. Кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерін жүргізу 
арызды, хабарды осы баптың төртінші және бесінші бөліктерінде көзделген тәртіппен қарауға кедергі болмайды. 
ҚР ҚПК 186-бабына сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық туралы тіркелген арызды немесе хабарды 
тергеулігі бойынша беру, осы баптың бірінші бөлігінің қағидалары кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерін жүргізу 
талап етілетін қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар, хабарлар келіп түскен жағдайларға қолданылмайды.
Егер тұрғын үй-жай оқиға орны болса және оны қарап-тексеруді кейiнге қалдыруға болмаса, онда тұрғын үй-
жайды қарап-тексеру сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның қаулысы бойынша жүргiзiлуi мүмкiн, 
бiрақ кейiннен прокурор жүргiзiлген қарап-тексерудің заңдылығын тексеру үшiн ол туралы бiр тәулiк мерзiмде 
хабардар етіледі. Көрсетілген хабарламаны алғаннан кейiн прокурор жүргізілген қарап-тексерудің заңдылығын 
тексередi және оның заңды немесе заңсыз екенi туралы қаулы шығарады, ол қылмыстық істің материалына қоса 
беріледі. Жүргізілген қарап-тексерудің заңсыз екенi туралы шешiм қабылданса, оның нәтижелеріне iс бойынша 
дәлелдеме ретiнде жол берiлмейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   292




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет