161
Отбасындағы тұрақтылық пен береке болмаса, осыған байланысты қоғам тарапынан көмек көрсету әрекеттері
сәтсіз болған жағдайда тіршілік етудің балама орындарын пайдалану мүмкіндігін қарастыру қажет екендігі белгілі.
Яғни, балаларды тұрақты әрі берекелі отбасы жағдайына мейлінше жақындатылған
мекемелерде тәрбиелеу болып
табылады. Баланың келешегіне кері әсер ететін жағдайларды айтпағанда, олардың ата-анасынан айыруға жол бермейтін
ұлттық бағдарлама жасаудың және оны іске асыру қажеттігілігі тууы мүмкін. Қылмыстық іске тартудың әдісі заңда
көрсетілмеген, деген мен қылмыстық іске тартудың бірнеше түрлері бар. Мысалы ұру, қорқыту, уәде беру, алдау және
тағы басқа. Бұл іс-қимылдар баланы психикалық ауруға ұшыратады. Кәмелетке толмаған жасөспірім амалы жоқтығынан
қорқып оны орындайды. Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алудың ең маңызды алғышарты болып
табылатын, отбасындағы берекені сақтаудың негізінде,
субъективтік себептерден басқа, өтпелі кезеңнің әлеуметтік-
экономикалық жағымсыз құбылыстары әсер етеді. Ата-анасының материалдық жағдайының нашар болуына байланысты
балабақша мен мектептерге бара алмай қараусыз қалған,
тастанды, үй-жайы жоқ, сөйтіп, құқық бұзушылық жасауға
баратын балалар санының өсуі осы жағдайдың бір себеп-салдары ғана. Демек, балалар мен жасөспірімдер арасындағы
қылмыстылық деңгейінің артуына ықпал ететін факторлардың бірі атааналардың төлем қабілеттілігінің төмендеуі және
бос уақытты өткізудің барлық түрлерінің коммерциялануы болып табылады [2].
Кәмелетке толмағандар үшін мәні бар мәліметтерді немесе мән-жайларды қасақана айыптау немесе олар жөнінде
үн қатпау арқылы жаңылыстырып қоғамға қауіпті іс-әрекетті істеуге тартуды алдау деп түсінеген жөн. Мысалы, ересек
адам көмелетке толмаған адамға көрші үйден өзіне тиістің жүкті жол бойына жеткізуді өтінеді, нәтижесінде ол бөтеннің
мүлкін ұрлауға көмектескенін бірақ біледі.Кәмелетке толмаған адамды басқа да тәсілдермен қылмыс жасауға тартуға,
оларды иландыру, сатып алу, оларды зұлымдық, қараниетті іс-әрекеттерді істеуге жігерлендіру, бопсалау, материалдық
тәуелділік жағдайын пайдаланып қалу тағы сондай сияқты әрекеттер жатады.
Сөзімді қорытындыласам, қоғамда сан алуан құқық бұзушылықтар орын алады.
Сол құқық бұзушылықтарды
азайту үшін біздің Ішкі Істер Министрлігінің органдары құқық бұзушылықты азайту үшін қолдан келгеннің барлығын
жасап жатыр. Үй тәрбиесінде де балаға бір мезгіл көңіл бөлген жөн.
Достарыңызбен бөлісу: