263
айналудың жақсы мүмкіндігін береді. Жаңғыру үстіндегі Қытайдың экономикалық серпініне байланысты өңір
дамуының синергиясы қажеттілікке ие болды [3].
Қытай басшылығы Азияның өңірлік интеграциясы – экономикалық жаһандану барысындағы қажетті кезең деп
пайымдайды. Осыған қарамастан, Азияның қосымша өңірлерінде даму деңгейлеріндегі үлкен алшақтыққа және елдердің
арасындағы әлсіз байланыстарға орай өңірдегі ынтымақтастық Еуропамен және Солтүстік Америкамен салыстырғанда
әзірше жеткіліксіз дамыған. Сондықтан «Белдеумен жол» жобасы іске асыру үшін күрделі, қаржылық жағынан қымбат
тұрады және Оңтүстік, Оңтүстік-Шығыс, Батыс және Орталық Азияның барлық қосымша өңірлерінің интеграциясының
ұзақ мерзімді стратегиялық перспективасына бағдарланған.
«Белдеу мен жол» жобасы өңірлердің арасындағы артықшылықтармен алмасуды ынталандыруға, ұсыныстардың,
өндірістің және баға жасаудың еуразиялық тізбегін жолға қоюға және жетілдіруге, жәрдемдесуге және қорытындысында
жалпыазиялық және еуразиялық ынтымақтастықты сапалық жағынан жаңа деңгейге көтеруге арналған. Бүгінде біз
Қытай тарапы тәсілдемелерінің әртүрлілігін: көршілес елдермен дәстүрлі екі жақты «стратегиялық әріптестік»
форматын; ұлттық даму бағдарламаларының үйлесімін (мысалы, Қазақстанның «Нұрлы жол» жаңа экономикалық
бағдарламасы мен Қытайдың «Белдеу мен жол» бастамасының үйлесімі); ынтымақтастықтың бұрыннан бар
интеграциялық форматтарының түйісуін (мысалы ЕАЭО мен ЖЖЭБ белгілі түйісуі), ШЫҰ,
БРИКС сияқты
халықаралық ұйымдар қызметінің шеңберіндегі көп жақты үйлестіруді байқап отырмыз. Тәсілдемелердің осындай
икемділігі Қытайға қандай да бір формат бұғатталған немесе шектелген жағдайда қажетті маневрді жүзеге асыра
отырып, өз мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік береді. «Белдеу мен жол» бастамасын Қытайдың халықаралық
ретінде таныстырғанына қарамастан, қайткен күнде де оның негізгі мәні Қытай экономикасының дамуына жаңа серпін
беру уәжі болып табылады [4].
Қытайдан Еуропа бағытына жүк транзиттерін Қазақстан арқылы жаңа контейнерлік пойыздармен жіберу,
қытайлық компанияларға өз тауарларын Еуропа мен ТМД нарықтарына шығарудың жылдамдық және сенімділік сияқты
артықшылықтарын
берумен қатар, екі ел аймақтары арасындағы сыртқы сауда байланыстарының дамуына қосымша
ықпал етеді. 2015 жылы Ляньюньган (Цзянсу өлкесі) теңіз портында орналасқан қазақстандық – қытайлық логистикалық
терминал өз жұмысын бастады. Бұл терминал арқылы қазақстандық тауарларды Жапония, Оңтүстік Корея, Азия –
Тынық мұхиты аймағы елдеріне экспортқа шығаруға мүмкіндік ашылады. Бұған қоса, біріккен кәсіпорын халықаралық
мультимодальдық тасымалдауларды, жүк тиеу-түсіру жұмыстарын, консультациялық
және көлік-экспедиторлық
қызметтерін көрсететін болады.
Қытайдың Жаңа Жібек жолы көліктік дәлізін құру туралы Стратегиялық бастамасы қазақстандық өнімдер үшін
әлемдік нарықтарға жол ашады және де экономикалық зор табыс әкеледі. ҚХР төрағасының «Жібек жолының
экономикалық белдеуін» құру туралы идеясы Қазақстан үшін аса табысты болмақ, себебі біз инфрақұрылымдық
жобаларға көп инвестиция салдық. Біздің стратегиялық мақсатымыз Орталық Азия өңірінің ірі іскерлік және транзиттік
хабына, Еуропа мен Азияны жалғайтын көпірге айналу. Көлік дәліздерінің Орталық Азия өңірі арқылы өтетін кез-келген
нұсқасында Қазақстан транзиттік және логистикалық үдерістердің орталығы болмақ, бұл зор экономикалық нәтижелер-
ге ие болуға мүмкіндік береді. Қазақстан үшін әлемдік нарықтарға қолжетімділікке ие болу маңызды [5].
Бүгінгі жаһандану мен интеграциялану заманында ешбір мемлекеттің басқалардан бөлініп,
жеке дара, оқшау
өмірі сүруі мүмкін емес. Сондықтан Қазақстан Қытай елінің «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасы шеңберіндегі «Жібек
жолының экономикалық белдеуі» (ЖЖЭБ) тармағының әлеуетін өз мүддесіне барынша пайдалануы қажет. «Елде болса
ерніңе тиеді» дейтіндей «Жібек жолының экономикалық белдеуінің» біздің жеріміз арқылы өтетін құбыры, теміржолы
мен автомагистралы транзиттік тұрғыдан біз үшін зор мүмкіндік.
Достарыңызбен бөлісу: