Ғылымдар бойынша ХХV республикалық студенттік ғылыми конференциясының



Pdf көрінісі
бет102/292
Дата06.12.2022
өлшемі5.25 Mb.
#466590
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   292
ЖТ ЮМ сборник

 
Использованная литература: 
1. 
https://bolotovip.com/ [INTELLECTUAL PROPERTY RIGHTS PROTECTION AND FIGHTING COUNTERFEIT 
GOODS]; 
2. 
https://atameken.kz/ru/services/39-intellektual-naya-sobstvennost
 
3. 
http://doingbusiness.kz/news/56-pravo-intellektualnoy-sobstvennosti
 
ҚАЗЫБЕК БИДІҢ ШЕШЕНДІК ӨНЕРІ 
 
Абдуманап М. - ЮМ 21-1р2 тобы 
Арынбаева Р.Н -Журналистика және қазақ тілі кафедрасының аға оқытушысы 
Қазақ билері — ерте заманда осы күнгі соттың да, тергеушінің да қызметін атқарған. Билер өздерінің бір ғана 
сөзімен небір шытырман даулы мәселелердің дұрыс шешімін тауып отырған. 
Төле би (1663—1759 жж.), Қазыбек би (1667—1764 жж.), Әйтеке би (1644—1700 жж.). 
Қазақ халқының бұл билері елді үш жүздің бірлігін сақтауға шақырды. 
Қаз дауысты Қазыбек бидің өмірбаяны: 
Қазыбек би, Қазыбек Келдібекұлы — қазақ халқының XVII – XVIII ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті 
қоғам және мемлекет қайраткері. Орта жүз арғын тайпасының қаракесек руына кіретін болатқожа атасынан шыққан ол 
1667 жылы Сыр бойында дүниеге келген. Арғы аталары Шаншар абыз, Бұлбұл, өз әкесі Келдібек – есімдері елге белгілі 
әділ билер болған. 
Қаз дауысты Қазыбектің оқыған жерлері, алған білімі туралы нақты дерек жоқ. Дегенмен, ел аузындағы әңгіме, 
аңыздар мен биден жеткен шешендік сөздер оның өз заманында білімді де жетелі, халықтың ауыз әдебиеті мен салт-
дәстүр, рәміздерін, ата жолы заңдарын мейлінше мол меңгерген, озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам 
болғандығын айқын аңғартады. Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Бас биі еткен. Би Әз 
Тәукенің тұсында хан кеңесінің белді мүшелерінің бірі болса, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай ел билеген кезеңдерде де 
мемлекет басқару ісіне жиі араласып, ішкі-сыртқы саясатта ақыл-кеңестер беріп отырған.
Бидің жастық шағы мен бүкіл саналы өмірі қазақ елінің өз ішінде рулық-тайпалық алауыздықтар мен хандық 
билікке таластың неғұрлым өршіген, көрші мемлекеттердің көз тігуі жиілеп, Жоңғар шапқыншылығы үдей түскен 
кезеңге тап келді. Ел аузындағы аңыз-әңгімелерге қарағанда, ол Тәуке ханның белгілі би-батырлары бастаған елшілігіне 
ілесіп алғаш рет қалмақ қоңтайшысы Цэван Рабданға барғанында 14 жаста екен. Қылышынан қан тамған қаһарлы 
қалмақ ханының алдында қазақ билері жасқаншақтық танытып, күмілжіңкіреп қалған сәтте жасөспірім Қазыбек: “Дат, 
тақсыр!” деп жұлқынып алға шығады. 
Жас баланың бұл сөздерінен бас алыспақ батырлықты да, ынтымаққа шақырған ізгілікті де аңғарған қалмақ ханы 
әділдікке жығылып, өжеттігі мен шешендігіне риза болып: “Дауысың қаздың дауысындай екен, бұдан былай сенің 
есімің Қаз дауысты Қазыбек болсын”, – деген екен. Соның арқасында елшілік жау қолындағы 90 тұтқынды шабылған 
мал, тоналған мүлігімен шашау шығармай қайтарып алып, елге олжалы оралған екен. Қазыбек бұдан кейін де 
жоңғарларға екі рет елшілікке барып, ел намысына дақ түсірмей, көздеген мақсатын орындап қайтқан.Би 18-ғасырдың 
40-
жылдарының басында Сыр бойынан Арқаға қарай көшіп, Ұлытау, Қарқаралы өңірін қоныс қылып, Семізбұғы 
тауының беткейлерін жайлаған. Қазыбектен: Бекболат, Қазымбет, Базаргелді, Барқы, Сырымбет есімді бес ұл, Маңқан 
(Қамқа) деген бір қыз туған. Қазыбек ұрпақтары ата-баба жолын қуып, сөз ұстаған парасатты әділ қазылар атанған. 
Баласы Бекболат, одан кейінгі Тіленші, Алшынбайлар да дүйім жұртты аузына қаратқан әділ де тура билер болған. 
Белгілі әнші-композитор Мәди Бәпиұлы да Қазыбек бидің ұрпағы.
Қазыбек би 1764 жылы Семізбұғы тауының етегіндегі Теректі қыстағында 97 жасында дүниеден өткен. Денесін 
баласы Бекболат Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне апарып жерлеп, басына құлпытас орнатқан. Қазыбек 
бидің қайраткерлік қызметі мен шешендік өнері туралы Алексей Левшин, Шоқан Уәлиханов, Шаһабуддин Маржани, 
Балтабай Адамбаев, Нысанбек Төреқұлов, т.б. зерттеулері сақталған. Жазушы Софы Сматаевтың “Елім-ай” романында 
кемеңгер бидің келісімді тұлғасы жасалған. Қарағанды облысында бір ауданға, Алматы, Шымкент қалаларында 
көшелерге би есімі берілген, ел ордасы – Астанада ескерткіш орнатылған.Қазыбек бидің әдеби мұрасы әр жылдарда 
баспадан жарық көрген шешендік сөздер жинақтарына енгізілген. 
Әз Тәуке хан құрған «Билер кеңесінің» мүшесі, атақты шешен, Орта жүздің төбе биі, «Жеті жарғы» аталатын 
заңдар кодексін шығарушылардың бірі. 
Шыққан тегі Орта жүздің Арғын тайпасының Қаракесек руынан. Қазыбектің анасы Тоқмейіл ұтымды да 
тапқыр сөздерді көп білетін зерек кісі болыпты. Анасы айтқан есті сөздерді кішкентай күнінен жаттап өскен ол ер жете 
келе өзі де солай сөйлеуге машықтана бастайды. Осы өнерінің арқасында бала биден дана биге айналып, «қара қылды 
қақ жарған Қаз дауысты Қазыбек би», «алты алаштың ардағы» деген атаққа ие болады. Содан болар Тәуке хан мемлекет 
тұтастығына жарықшақ түсірмей, халықты бірлікте ұстау үшін үш жүзді өзінен шыққан үш биге билету арқылы 
басқарғанда, Орта жүзге осы Қазыбек биді тағайындайды. Ол ел басқару ісіне араласып, Қазақ хандығының ішкі сыртқы 
саясатына елеулі ықпал жасап отырады. 
Жоңғар басқыншылығына қарсы халық күресін ұйымдастырушылардың бірі болған Қазыбек би елдің азаттық 
алуы жолында аянбай тер төгеді. Абылай сұлтан жоңғарлардың қолына тұтқын болып түсіп қалғанда, оны босатып 
алуға белсене араласады. 
Сондай ақ ол Ресей, Бұқар, Хиуа мемлекеттері арасындағы еларалық мәселелерге де араласып, бейбітшілік пен 
достықты дәріптеуші мәмілегер болған, аразды татуластырып, алысты жақындастырып отырған. «Елдестірмек елшіден, 
жауластырмақ жаушыдан» деп, ол елшілік қызметті де мінсіз атқарған тұңғыш дипломат. Оның тұңғыш рет он сегіз 
жасында елшілікке атшы болып барып, басшы болып қайтқаны ел аузында әлі күнге аңыз болып айтылады. 


116 
Қазыбек бидің даналық сөздерін оқығанда қызығушылығым оянып, Қазыбек бидің шешендік үлгідегі сөздеріне 
тереңірек үңілу керек деп санадым. 
Әрине, біз болашақ заңгерлерміз. Бірақ менің казіргі мақсатым-өз мамандығымды терең игерумен бірге өз 
халқымнын саналы да ұғымы терең , даналық сөздерін санама сіңіру.Бұл-әр қазақ жастарының парызы деп 
ойлаймын.
Қаз дауысты Қазыбектің елінің еркіндігі, ұлтының тәуелсіздігі, азаматының азаттығы деп жарғақ құлағы 
жастыққа тимей жылдар бойы түн жортқан жолаушы болып жүріп, 1731 жылғы Ресей патшалығының қол астына бодан 
боп кірген Әбілқайыр хан тіршілігін қолдағанынан да хабардармыз. Ол ол ма, 1741 жылы Орск қамалына барып сенатор 
Иван Неплюевтің алдында императрица Елизавета Петровнаға ант бермекші болған.Орта жүз ханы Әбілмәмбет пен 
Абылай сұлтанға қатты ықпал етіп, Арғын руының атынан ант беруге қосылатындарын білдіріп хат жазып беріп, өз 
өкілін жөнелткенін де көне жазбалардан оқығанымызды растаймыз. Сонда қалай? Азаттық аңсаған Қазыбек, халқының 
еркіндігін көксеп, ұлтының тәуелсіздігін армандаған Қазыбек, кіріптарлықты адам бойындағы ең бір ауыр азап деп 
сезінген батагөй қария құлдық құрығын, отаршылдық бұғауын, теңсіздік қамытын өз Қазағының мойнына өзі салып 
беруге құлшынған ба? — дейтін заңды сұрақ туындайды. 
Бірақ сол кезеңнің шындығына сүңгіп шыққанда ғана, кереғар заманның ақиқатына бойлаған шақта ғана Қазыбек 
сияқты кемеңгер, сұңғыла әрі алдағысына ой көзін жіті жеткізе алатын данышпан адамның жан дүниесіне енуге болады. 
Қазыбектің Бекболат, Қазымбет, Базаркелді, Барқы, Сырымбет атты бес ұлы және Маңқан есімді қызы болғаны белгілі. 
Осы ұлдарының біріне қызын айттырып алып беріп, Қазекең ұлы замандасы Теле бимен құда болған дейтін де болжам 
бар.Қазақ елінің әдет-ғұрып заңдарын қалыптастыруға ат салысқан, халқының еркіндігі мен азаматтығын ойлап, ұзақ 
ғұмырын ат үстінде, ел шетінде, жау бетінде өткізген кемеңгер ойшыл, қажымас қайраткер Қаракесек Қазыбек есімі 
ұлтының есінде мәңгі сақталары аян. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   292




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет