Ғылымдар бойынша ХХV республикалық студенттік ғылыми конференциясының



Pdf көрінісі
бет99/292
Дата06.12.2022
өлшемі5.25 Mb.
#466590
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   292
ЖТ ЮМ сборник

 
Список литературы: 
1. 
Электронная версия
2. https://www.dissercat.com/content/preduprezhdenie-prestuplenii-sovershaemykh-v-sostoyanii-alkogolnogo-opyaneniya-v-
semeino-byt 
3. 
Электронная 
версия 
данной 
статьи 
можно 
найти 
на 
сайте 
https://online.zakon.kz/document/?doc_id=31575252&doc_id2=31575252#activate_doc=2&pos=237;-107&pos2=1718;-105
 
ӘОЖ 339.9.3 
СЫРТҚЫ САУДА ОПЕРАЦИЯЛАРЫ 
 
Абдукаримов А. - ЮМ 20-4к 
Бекжігітова С.Б. - аға оқытушы,құқық магистрі 
 
Сыртқы экономикалық қызметті әрі қарай либерализациялау Қазақстан экономикасына шетел 
инвесторларының қатысуы, елдің интеграциялық мүддесі және тағы басқалар кедендік саясат кұралы мен кеден 
мақсаттарын сақтай отырып, кеден ісінің элементтерін жетілдіруді қажет етеді. Ондағы кедендік статистика - кеден 
орындары қызметінің қажетті атрибуты, қажет жағдайда оның мәліметтері негізінде сыртқы экономикалық байланыстар 
туралы толық мағлұматты алуға болады және оған қабылданған шешімді түзетуге болады. 
Мемлекеттік жоғарғы билік органдарының кеден саясаты мен сыртқы экономикалық қызметі мемлекеттік 
реттеу саласында дұрыс шешім қабылдауы үшін оның экономикалық жағдайларын зерттеудің, сыртқы 
саудадинамикасына, құрылымына, деңгеише непзделген нақты талдаудың, яғни кедендік статистиканы жүргізудің маңызы 
зор. 
Кеден статистикасын жүргізген кезде деректердің халықаралық салыстырмалығы мен елімізде пайдаланылатын 
мемлекеттік статистика деректерімен салыстырмалылығын қамтамасыз ететін әдістеме пайдаланылады. Сыртқы сауданың 
кеден статистикасын жүргізуде мемлекетгік өкіметтің жоғарғы органдарын еліміздің сыртқы саудасының, республикалық 
бюджетке кеден төлемдері мен салығының түсуін бақылаудың, валюталық бақылаудың, Қазақстан Республикасының сыртқы 
саудасыньщ ахуалы мен дамуының, оның сауда және төлем баланстары мен жалпы экономикасының ахуалы туралы 
ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында ҚР кеден органдары республиканың кеден шекарасы арқылы тауарлардың 
өткізілуі туралы мәліметгер жинап, өңдеу жүргізеді, сонымен қатар кеден статистикасын табыс етіп, жария етеді. 
Кеден статистикасын құруға кіретін мәліметтерге тауарларды декларантпен рәсімдеуде толтырылған кеден 
декларациясындағы жүк жөнінде белгіленген ақпарат жатады. Қызметтік функциясын орындау барысында Қазақстан 
Республикасының кеден органдары арнайы статистика жүргізеді, онда статистикалық мақсаттағы ұсынылатын 
мемлекеттік және жекеленген өзіндік (коммерциялық, банктік және басқа да заңмен қорғалатын) акпараттар құпия болып 
табылады. 
Мұндағы құпия ақпарат деп кедендік жүк тасу декларациясы мазмүнындағы сырткы экономикалык қызмет 
қатысушыларына байланысты нақты мәліметтерді айтамыз. Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген өзге 
де міндеттерді шешуді қамтамасыз ету мақсатында бүл органдар ҚР орталық кеден органы белгілеген тәртіппен арнаулы 
кеден статистикасын жүргізеді. 
Тұтастай ішкі және сыртқы саясаттың негізін құрайтын кеден ісін реттейтін кеден ережелерін бұзушылық не 
Қазақстан Республикасы кеден органдарының қалыпты қызметіне қол сүғатын құқық бұзушылық болып табылатын кеден 
статистикасын жүргізуге байланысты құқық бұзушылық үшін, тұлғалар Кеден ісі туралы заң нормаларына сәйкес жауап 
береді. 
Сыртқы саудадағы кеден статистикасы ережелерін жүйелеу мақсатында ел Үкіметімен (1995 ж. 6 шілдедегі N238 
қаулысы негізінде) барлық атқарушы орган басшыларына өз қызметі барысында әлем елдерінің топтарын коса алғанда, 
ТМД мемлекетгері қатысушыларының сыртқы саудадағы кедендік статистикасының бірыңғай әдістемелерін 
басшылыққа ала отырып, оны қолдануға тапсырма берілген болатын. Кеден статистикасында тауарларды топтастыру және 
кодпен жазу үшін топтастырғыш ретінде сырткы экономикалық қызметтегі тауар номенклатурасы (СЭҚТН) 
қолданылады. Бұл жерде тауар номенклатурасының үйлесімділігі маңызды рөл атқарады. Оның сипаттамасын бере 
кетсек, ол тауар ретінде пайдалану тұрғысынан алып қарағанда, әртүрлі ассортимент топтарындағы тауарлар арасындағы 
жақындық, ұқсастық белгі болып табылмақ. Тауар номенклатурасының ауқымдылығы ассортименттік топ 
шеңберіндегі әрбір жеке тауарды ұсыну нүсқалары ретінде танылады. 


113 
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының орталық кеден органы сыртқы экономикалық қызметтің тауар 
номенклатурасын жүргізу үшін заң нормаларына қайшы келмейтін өзге де функцияларды жүзеге асыра алады. 
Сыртқы экономикалық қызметте үйлесімділік жүйе номенклатурасы басқа кез келген топтастыру сияқты өзінің 
қүрылымына ие болады. Сонымен, оның қүрушыларына топтастыру және кодтау жүйелерін жатқызамыз. 
Шекарадан тауарларды және көлік құралдарынөткізудің негізгі қағидалары кеден саясатының мына 
мақсаттарын ұстайды: мемлекеттің экономикалық дамуына ықпал ету, одан кейінгі экономикалық құрылымдық жағынан қайта 
құрылуына жол ашу, дайын өнім экспорты мен импорт алмастырушы өндірісті ынталандыру, шетел инвестицияларын тарту 
және т.б.Яғни, бұдан біз кеден саясатын - кедендік шекара арқылы өткізілетін объектілерге қолданылатын және бір 
мақсатқа бағытталған, бірыңғай кеден төлемдері жүйесін құру жолымен жүзеге асатын, сыртқы экономикалық қызметті 
мемлекеттік реттеуге бағытгалған, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының құрамдас бөлігі деп түсінеміз. Сонымен, 
шекарадан тауарлар мен көлік құралдарын өткізу, әкелу мен әкету құқығын бекіту келесі қағидаларға негізделетіндігін жіктеп 
көрсетуге болады:тауарлар мен көлік құралдарын әкелуге немесе әкетуге тыйым салу;әкелу мен әкетуді шектеу;оны өткізу 
тәртібі;кедендік режимді таңдау мен өзгерту; кедендік рәсімдеу мен бақылаудың міндетті жүргізілуі; кедендік 
шекарадан өтетін орын мен уақытты анықтау; кеден шекарасынан өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына билік
ету, шартты түрде шығарылған тауарларды, көлік құралдарын пайдалану және басқару. 
Кедендік мағынадағы "тауарлар" деген ұғымды кез келген қозғалатын мүлік, сондай-ақ валюталық құндылықтар, 
электр жылуы және басқа да энергия түрлері, тауарлар мен жолаушыларды тасымадцау үшін қолданылатын көлікпен басқа 
көлік құралдары деп түсінуге болады. Демек, тауар және көлік қүралдары деген түсінікті қолдану осы айтылған тұжырыммен 
түсіндірілмек. 
Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан 
Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен өзге де заттарды өткізу тәртібінің орындалуын қамтамасыз ету 
үшін кедендік бақылау жүргізеді. 
Соның нәтижесінде, әрі Үлттық Банк ресми бағамы негізінде барлық азаматтарға 3000 АҚШ доллары сома 
шегінде шетел валютасын әкетуге еркіндік берілген. Көрсетілген азаматтар категориясына ұлттық валютаны әкетуге 
тыйым салынған. Ал, спирттік ішімдік өнімдері бір адам басына шаққанда 1,5 литрден аспайтын, вино 2 литрден аспайтын 
мөлшерде сыртқа шығарыла алады. Бас тартуға арналған заттарды 100 доллар сома шегінде республика азаматтарына 
Қазақстан Республикасынан алымсыз әкетугерұқсат берілген, ал одан жоғары сомадан белгіленген мөлшерлеме 
бойынша кеден бажы төленеді. 
Ал мемлекетімізге әкелуге тыйым салынған заттар: түрлі әскери үлгідегі қару-жарақ және оның оқ дәрісі; есірткі 
және психикаға әсер ететін заттар, сонымен кдтар оларды қолдану қүралдары (Қазақстан Республикасы Денсаулық 
сақтау министрлігінің ерекше рүқсатымен ғана әкелуі мүмкін); мемлекеттік және қоғамдық құрылысты әлсіретуге 
бағытталған соғыс, терроризм, күштеу, нәсілшілікті насихаттайтын басылым және бейнелеу материалдары, сонымен 
қатар порнографиялық материалдар болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   292




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет