Ғылыми жұмыс денсаулық сақтауды мемлекеттік реттеу және «Мәңгілік ел» идеясына жету жолындағы адами ресурстың дамуына ықпалы


тарау. Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтауды мемлекеттік реттеудің ағымдағы жағдайы



бет2/3
Дата27.06.2016
өлшемі399 Kb.
#160537
1   2   3

2 тарау. Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтауды мемлекеттік реттеудің ағымдағы жағдайы

Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау жүйесін мемлекеттік реттеу еліміздегі денсаулық сақтау мекемелерінің көпшілігі мемлекет қарамағында болғандықтан олардың болашақ даму бағдарламаларын мемлекет әзірлеп жүзеге асырады. Мемлекеттік реттеуді елімізде ҚР әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау министрлігімен жүзеге асырылады. Дәл осы министрлік еліміздегі денсаулық сақтау жүйесі бойынша негізгі даму бағдарламаларын әзірлейді.

Қазақстанда медициналық мекемелердің 80% мемлекеттiк меншiкте болса, ал 20% жеке меншікте, демек, медициналық сұрақтарда мемлекет басты роль ойнайды. 17 миллион халқымен Қазақстанның нарық медициналық сыйымдылығы 500 миллион АҚШ долларының сомасына бағаланады.

Кесте 1. Ауруханалық ұйымдар саны



Облыстар

2011

2012

2013

Ақмола

51

50

44

Ақтөбе

57

54

52

Алматы

88

90

88

Атырау

40

40

41

Шығыс Қазақстан

102

103

97

Жамбыл

62

60

58

Батыс Қазақстан

45

44

42

Қарағанды

100

102

97

Қостанай

57

57

59

Қызылорда

68

61

53

Маңғыстау

30

27

33

Павлодар

60

60

60

Солтүстік Қазақстан

36

29

32

Оңтүстік Қазақстан

135

133

153

Астана қаласы

26

26

31

Алматы қаласы

63

62

69

Қазақстан Республикасы

1020

998

1009

Қайнар көзі: Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі комитеті // www.stat.gov.kz

Қазақстан Республикасының медициналық мекемелерінде 2013 жылы барлық мамандықтардағы 62 239 дәрігер мен 159 870 орта медициналық қызметкерлер жұмыс істеді. Дәрігерлердің жалпы санының 70%-дан астам бөлігін, орта медициналық қызметкерлер арасында – 85%-ын әйелдер құрайды.

Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау саласындағы 2011-2013 негізіндегі статистикалық көрсеткіштерді төменде көрсетілген сурет-2тен көре аламыз.

Сурет 2. Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау саласындағы 2011-2013 негізгі статистикалық көрсеткіштер [11]


Қазақстан республикасының халқының сырқаттану көрсеткіштерін сурет-3тен көре аламыз.

Сурет 3. Халықтың сырқаттану көрсеткіштері [11]


Халықтың 10 мың адамға шаққандағы дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлердің санын келесі сурет-4тен көруге болады.

Сурет 4. Дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлерінің саны [11]


Қазақстан Республикасы егеменді мемлекет ретінде қалыптасу процесінде әлеуметтік-экономикалық реформалардың қиын жолдары арқылы өзінің әлеуметтік саясатын жүргізіп келеді. Экономикадағы болып жатқан көптеген процестердің арасындағы өзара байланыс әлеуметтік саланың тармақтарының дамуының қарқындылығының жалпы экономикалық өсуді, экономиканың әртүрлі салаларының арасындағы тепе-теңдікті, халықтың өмір сүру деңгейінің сапалық көрсеткіштерін, халықтың денсаулық, білім деңгейінің көрсеткіштерін алдын-ала анықтайтынын дәлелдейді. Бүгінгі таңда халықтың денсаулық көрсеткіштері (орташа өмір сүру ұзақтығы, ана және бала өлімі, ауыру деңгейі және т.б.) әртүрлі мемлекеттер арасында салыстырылатын және әр елдің өркениеттілігінің деңгейін көрсететін факторлардың бірі болып саналады. Сондықтан денсаулық сақтау саласының проблемалары мемлекеттің әлеуметтік-саяси деңгейіндегі өзекті мәселелері деп қабылданып, күнделікті көңіл бөлінетін шараларға айналуы тиіс. Еліміздің дамуының геосаяси болашағы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері, экономикалық өсу және қазақстандықтардың өмір сүру деңгейінің өсуі қоғамдағы адамдардың табиғи және рухани даму деңгейіне, олардың кәсіби белсенділігіне, өмір сүру ұзақтығына тікелей тәуелді болады. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының басымдықтары ретінде ұлттың интеллектуалды және еңбек әлеуетінің сақталуы, адамдардың психофизикалық денсаулығының жақсаруы, олардың өмір сүруінің сапасының артуы сияқты көрсеткіштер есептелуі қажет.

Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының жiктемесi бойынша Қазақстан АИТВ/ЖИТС iндетiнiң шоғырланған сатысында (орташа әлемдiк көрсеткiш 1,1% болғанда халықтың 0,2 %-ы). Халықаралық сарапшылардың бағалау деректерi бойынша Қазақстанда АИТВ ауруы бар тұрғындардың саны 16 мың адамды құрайды, бұл тiркелгендердiң санынан 2 есеге жуық артық. АИТВ жұқтырғандардың жалпы санының шамамен 1/4-iн құрайтын АИТВ жұқтырған әйелдердiң саны өсуде.Халықтың денсаулығы мемлекеттің өз азаматтарының алдындағы жауапкершілігінің деңгейін көрсететін әлеуметтік бағдарының интегралды көрсеткіші болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша адам денсаулығының 50%-ы оның өмір сүру салтынан, созылмалы жұқпалы емес аурулардың (жүрек-қан тамыр жүйесінің аурулары, қант диабеті және т.б.) кеңінен таралуына, сондай-ақ адамның өмір сүру дағдысына байланысты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Жарғысы денсаулыққа “толық рухани, физикалық жəне əлеуметтік аман-саулық жай-күйі” ретінде анықтама береді. Осындай ауқымды жəне адамгершілік түсіндірмемен келіспеу мүмкін емес, бірақ сонымен қатар оның конструктивті емес (сындарсыз) екендігі айқын, өйткені ол сан жағынан бағалауға көнбейтін “аман-саулық” ұғымын мазмұндайды жəне соған қарай оны практикалық медициналық-демографиялық зерттеулерге пайдалану мүмкін емес. Алайда бұл арада мынаған сүйену керек, рухани, физикалық жəне əлеуметтік аман-саулық – денсаулықтың өзара тығыз байланысты ұғымдары. Денсаулығы мықты адамның денсаулығы нашар адаммен салыстырғанда əлеуметтік сəттілік пен рухани өсу биіктеріне қол жеткізу мүмкіндіктері мол.

Соңғы жылдары Қазақстанда халықтың туу көрсеткішінің 18,42-ден 22,75-ге дейін өсуі, өлім-жітім көрсеткішінің тұрақтағаны – 9,74 тұрғындардың табиғи өсу коэффициентінің 1000 адамға шаққанда 13,01-ге дейін артқаны байқалып отыр.

Демографиялық жағдайдың оң өзгеріспен алға жылжуына қарамастан, әйелдер мен балалар денсаулығының төмен деңгейі сақталып отыр. Ұрпақты болу денсаулығы мәселесі өзекті күйде қалып отыр, неке құрған 16%-ы бедеу болып табылады. Ана өлімінің негізгі себептері (2008 ж. тірі туған 100 мың нәрестеге шаққанда. - 31,2) акушершік қан кету, гестоздар, экстрагениталдық патология, жоғары көлемде түсік жасатудың салдары және аурушаңдық (жыныстық қатынас арқылы берілетін жұқпалар, қаназдық) болып қала береді. Бұл жағдай медициналық қызметтер сапасының жеткіліксіздігінен және оның тиісті стандартталуының болмауынан де күшейе түсуде.

Денсаулық сақтаудың негізгі көрсеткіштерінің динамикасы денсаулық сақтау саласына бағытталған бюджет қаражаты көлемінің жыл сайын өсіп отырғанын дәлелдейді.

Соңғы үш жылда Қазақстан дәрі-дәрмек нарығының көлемі шамамен екі есеге ұлғайып, 2011 жылдың нәтижесі бойынша 115 млрд. теңгені құрады.

Мемлекеттік денсаулық сақтауды қаржыландыру салық айналымының немесе әртүрлі әлеуметтік төлемдерден шығатыны белгілі. Мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесі бар елдер денсаулықты сақтауға медициналық қызмет спектрі мен көлемінің шығыстарын қандай да бір жолмен шектеуге бейім.

Ұлттық денсаулық сақтаудың жүйесін барабар қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін қаржыландыруды жетілдіру бойынша іс-шаралар екі кезеңде жүргізіледі:

1-ші кезеңде 2010-2015 жылдары – жұқпалы, психиатриялық және туберкулез ауруларын қоспағанда, ауруларды емдеу кезінде стационарлық және стационарды алмастыратын көмек шеңберінде тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің бірыңғай төлеушісін құру;

2-ші кезеңде 2016-2020 жылдары – жеке және қоғамдық денсаулық үшін мемлекеттің, жұмыс берушінің және азаматтың ортақ жауапкершілік теңгерімін белгілеу;

Халық денсаулығының қазiргi жағдайына және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесiне жүргiзiлген талдау негiзiнде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасының стратегиялық басым бағыттары және iске асыру тетiктерi айқындалды.
Кесте 2.

Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты-Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінген қаржы көлемі



Жылдар

бойынша


Барлығы

Республикалық бюджет

Жергiлiктi бюджет

Басқа көздер

2011 ж.

65 262,7

64 700,3

562,4




2012 ж.

79 966,9

75 312,1

454,8

4 200

2013 ж.

74 059,4

69 367,9

491,5

4 200

2014 ж.

79 086,1

74 290,5

595,6

4 200

2015 ж.

81 983,8

72 926,0

657,8

8 400

барлығы

380 358,9

356 596,8

2 762,1

21 000

Ескерту - «2011-2015 жСаламатты-Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы мәліметтерінің негізінде автормен құрылды.

Бүгінгі күні республикамызда халықтың денсаулығының қалыптасуында әлеуметтік- экономикалық жағдайдың маңызы өсуде. Әлеуметтік-экономикалық фактор, сонымен қатар халықтың өмір сүру дағдысына, медициналық көмектің қызмет ету жүйесіне әсерін тигізеді. Денсаулық сақтау жүйесінің жағдайы халықтың денсаулығына байланысты болатын белгілі бір фактор ретінде, медицинаның мүмкіншілігіне де әсер етеді.

Кесте 3.

Денсаулық сақтауды дамытудың негізгі көрсеткіштері.






2011

2012

2013

Барлық мамандықтағы дәрігерлер саны:










Мың адам

62,2

64,4

66,0

Халықтың 10000 адамына шаққанда

37,6

38,4

38,8

Орта медициналық қызметкерлер саны:










Мың адам

159,9

168,7

169,6

Халықтың 10000 адамға шаққанда

96,5

100,4

99,5

Ауруханалар саны

1009

990

995

Аурулар төсегінің саны, мың

117,7

113,0

107,5

Халықтың 10000 адамына шаққанда

70,6

66,8

62,6

Халыққа амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін дәрігерлік мекемелердің саны

3538

3651

3566

Әйелдер когсультацияларының бөлімшелері (кабинеттерінің) саны

123

131

126

Жүкті және босанатын әйелдерге төсек саны, мың

9,6

9,7

9,4

Ауру балаларға арналған төсек саны, мың

20,1

19,2

18,3

Ескерту: Қазақстанның статистикалық жылнамалығының мәліметтерінің негізінде автормен құрылды

Еліміздегі денсаулық сақтауды дамытудың негізгі көрсеткіштеріне тоқталатын болсақ, біз еліміздегі денсаулық сақтау саласы бойынша бірқатар көрсеткіштердің жақсарғанын байқауымызға болады. Олардың негізгі себептерінің бірі қазіргі таңда мемлекетпен жүргізіліп отырған «Жол картасы», «Саламатты Қазақстан» сынды бағдарламалар шеңберінде жүргізілген жұмыстардың көмегімен келді деп білеміз (толық мәлімет кесте 3-те көрсетілген).


Кесте 4.

Халықтың ауру-сырқаулығы ауру топтары бойынша






2011

2012

2013

Диагнозы өмірінде бірінші рет қойылып, тіркелген ауру адамдар-барлығы, мың

9305,3

9023,6

9191,3

оның ішінде










Жұқпалы және паразит аурулар

287,0

288,1

280,0

Жаңа өскін

2077,0

81,3

81,3

Қан, қан жасау органдарының аурулары және имунды механизмді шарпыған жекелеген ауытқулар

392,9

389,9

386,7

Ендокриндік аурулар, тамақтану мен зат алмасудың бұзылуы

157,0

162,5

164,0

Психиканың бұзылуы және мінез құлықтың бұзылуы

18,9

17,1

15,4

Наркологиялық бұзылулар

54,8

52,3

47,4

Жүйке жүйесі аурулары

323,7

322,8

318,5

Көз бен оның қосалқы мүшелеріің аурулары

431,7

416,2

416,1

Ескерту: Қазақстанның статистикалық жылнамалығының мәліметтерінің негізінде автормен құрылды

Денсаулық пен ұзақ жасау – тек құраушылар, тек салдар ғана емес, сонымен бірге адам дамуының аса маңызды алғышарттары. Мəселен, өндіріс ауқымдарын үздіксіз ұлғайту қоршаған ортаның ластануы сияқты (ауаның, судың, топырақтың, орманның ластануы) келеңсіз салдарларға ұшыратады, ол əр адамның тіршілік əрекетіне теріс ықпалын тигізіп, адам денсаулығы үшін қауіп төндіреді. Денсаулығы нашар адам толық шамада таңдау жасай алмайды, бұл, өз кезегінде, экономикалық өсуді тежейді.



3 тарау. «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асырудағы денсаулық сақтаудың алатын орны

XVI ғасырда өмір сүрген әйгілі француздық философ, жазушы М.Монтельдің айтуы бойынша: «Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш-жігерді, не еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек: Денсаулық үшін өмірдің бір бөлімінде қиюға болады. Денсаулықсыз өмір қызықсыз әлем!». Демек, денсаулық сақтау мәселесі тек XVI ғасырда ғана емес, және ата-бабамыз ежелден көтеріп келе жатқан мәселе. Ұлт денсаулығы мықты мемлекет – экономикасы өркендеген ел болу үшін оның мүмкіндігі ана ғұрлым жоғарылай түседі.

Осыны мақсат еткен біздің елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Ұлт денсаулығы – біздің табысты болашағымыздың негізі» деп атап өтіп, өзінің «Қазақстан 2050 – қалыптасқан мемлекеттің, жаңа саяси бағыты» атты жолдауында денсаулық сақтаудың ұлттық жүйесін ұзақ мерзімді жаңарту аясында біз елдің барлық аумағында медициналық қызметтер сапасының біріңғай стандарттарын енгізуге, сондай-ақ медицина мекемелерінің материалдық – техникалық жабдықталуын бірыңғайлындыруға тиіспіз деді.

Негізгі басымдылықтар:



  • Сапалы және қолжетімді медициналық қызметтер көрсетумен қамтамасыз ету.

  • Аурулар түрінің барынша кең спекторын диагностикалау және емдеумен қамтамасыз ету.

  • Профилактикалық медицина аурудың алдын алудағы басты құралға айналу тиіс. Халықпен ақпараттық – түсіндірмелік жұмыс жүргізуге баса ден қою.

  • «Смарт-медицина», қашықтан профилактика және емдеу, «электрондық медицина» қызметтерін енгізу. Медицина қызметтерінің бұл жаңа түрлері біздікі сияқты аумағы үлкен, кең байтақ елде ерекше сұранысқа ие.

  • Біз балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз етуге жаңа тәсілдер енгізу мәселесімен жұмыс жүргізуіміз қажет. Барлық 16 жасқа дейінгі балаларды медициналық қызметтің барлық спектрімен қамту қажет деді. Оны ең төменгі өмір стандарттарына заңнамалық тұрғдан бекіту қажет.бұл қадам ұлт денсаулығын қамтамасыз етуде маңызды үлес болады.

  • Медициналық білім беру жүйесі түбірімен жақсарту. Медициналық жоғарғы оқу орындары жүйесі мамандандырылған орта деңгейдегі білім беру мекемелері желісі арқылы нығайтылуы тиіс.

  • Күнделікті тәжірибе оқу процесімен барынша ықпалдастырылуы тиіс.

  • Медициналық жоғары оқу орындары жұмысының тәжірибелік ғылыми – зерттеушілік бөлігіне басты маңыз беру. Адамзаттың жаңа білімдері мен технологиялық жетістіктерін шоғырландыратын жоғарғы оқу орындары болуы тиіс. Мысалы ірі және тиімділігі жоғары медициналық орталықтар болып саналады. АҚШтағы университеттік госпитальдерді келтіруге болады. Бұл бағытта да мемлекеттік – жеке меншік әріптестігін дамыту керек.

  • Жеке медицинаның дамуына жағдай жасау. Барлық дамыған әлемде медциналық қызметтердің айтарлықтай бөлігін жеке сектор көрсетеді. Біө жеке ауруханалар мен емтихандарға тезірек көшуге жағдай туғызуға тіспіз.

  • Заңнамалық деңгейде медициналық жоғары оқу орындары мен мекемелердің халықаралық аккредитациясын өткізуді бекіту.

Қазірге дейін ауылдағы медициналық қызметтердің сапасы жөнінде көп сын айтылады. Ал ауыл тұрғындары бізде бүкіл халықтың 43%-ын құрайды.

Дене шынықтыру мен спорт мемлекеттің айрықша назарында болуы тиіс. Нақ сол саламатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып саналады. Алайда, елде барлығы үшін қолжетімді спорт нысандары, спорт құрал – жабдықтары жетіспейді. Осыған байланысты Үкімет және жергілікті органдар денешынықтыруды, бұқаралық спортты дамыту және типтік жобадағы денешынықтыру – сауықтыру нысандары, соның ішінде аула нысандары құрылысы бойынша шаралар қабылдау қажет. Бұл жұмыстарды келесі жылы-ақ бастау керек – деп айтып өтті.

Қазіргі таңдағы экономикалық қатынастар жүйесі азаматтардың барлық стандарттарға сай сапалы әрі толық медициналық жәрдем алуына мүмкіндік бермей отыр. Сондықтанда денсаулық сақтау саласын басқарудың жолдарын қайта қарастыру қажеттігі туындап отыр. Осы тұрғыда Ел басының жолдауында да медицинаны басқару жүйесін жетілдіру, медициналық жәрдем көрсетуді ұйымдастыру, осы жүйенің құқықтық-нормативтік базасын және қаржы ресурстарын тиімді пайдалану мен осыған қатысты мемлекеттік сатып алу секілді мәселелерде елеулі өзгерістерді енгізу туралы баса айтқан болатын.

Денсаулық сақтау жүйесінде нарықтық экономикалық қатынастарға көшу, реформалау және дамыту ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Осы салада көрсетілетін қызметтің сапасын және тиімділігін көтеру, бюджет шығындарын оңтайландыру, нарық элементтерінің негізгісінің бірі бәсекелестікке елеулі септігін тигізетіні сөзсіз.

Денсаулық сақтау қызметі – арнайы заңдармен реттелетін ерекше құқықтық статусқа ие.

Денсаулық сақтаудағы нарықтық қатынастардың дамуымен қатар бұл салада медициналық субъект және медициналық қызметті өндіруші түсінігі пайда болады. Нарықтық қатынас жағдайындағы медициналық қызмет көрсету-экономикалық қатысушылардың, яғни тұтынушы мен өндірушінің мүдделерінің тоғысуы. Осы тұрғыда пациент өзінің қажеттілігін қанағаттандыруға мүдделі болса, дәрігер өз алдына қызмет көрсетіп өз еңбегі үшін ақы алуға қызығушылық танытады. Осы тұста, нарықтық қатынасқа сай ақылық, төлемдік негізінде алынған игіліктің теңдігі орын алады.

Қазіргі таңда елімізде қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық үрдістерді реттеу тәжірибесі, нарықтық экономикасы дамыған елдердің тәжірибесіне сүйеніп отыр. Бірақта посткеңестік елдердің экономикалық дамуының ерекшеліктеріне байланысты, дамыған елдердің денсаулық сақтау моделдерін түп нұсқасына дейін көшіріп алу біздің елдің әлеуметтік- экономикалық ерекшеліктеріне байланысты орынсыз болып отыр.

Медициналық қызмет көрсетуде кәсіпкерліктің дамуы, денсаулық сақтауда нарықтық қатынастар дамуының маңызды аспектілерінің бірі. Жалпы кәсіпкерлік түсінігі бойынша медициналық қызмет көрсету – пайда табу мақсатындағы экономикалық іс-әрекет.

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық қатынастардың ерекшелігі қоғамның әлеуметтік саясатымен тығыз байланысты. Әлеуметтік қызмет көрсету сферасындағы экономикалық қатынастар осы саладағы нарықтық іс-әрекеттердің ерекшелігін анықтайды. Ол қоғамдағы әлеуметтік және құқықтық үрдістердің динамикасымен байланыста қарастырылады.

Бүгінгі күнде мемлекеттік меншік формасындағы ұйымдарда медициналық қызмет көрсетіп отырған ұйым мемлекеттің өзі болып отыр.

Соңғы жылдары Қазақстанда ана мен бала орталығы, Нейрохирургия, Шұғыл медициналық көмек және Кардиология орталықтары кіретін кешенді медициналық кластер құрылды.

Осының нәтижесінде соңғы 15 жыл ішінде қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 70 жасқа жетіп, халықтың саны 14 миллионнан 17 миллионға дейін өсті. Нәтижесінде осылайша қарқынды даму Қазақстанды әлемнің бәсекелестікке қабілетті 50 елінің қатарына қосты. Қорыта айтқанда бас-аяғы шаңырақ көтерген 21 жылы ішінде тәуелсіз Қазақстан Республикасы әлемнің небір даңқты мемлекеттері шыға алмаған биікке көтерілді.

Бүгінде озық үлгідегі қымбат технологиялар белсенді енгізіліп жатыр. Әсіресе, бұл жұмысқа өңірлік денсаулық сақтау жүйесінде үлкен көңіл бөлінуде. Бұл бірінші кезекте ауыл тұрғындары үшін жоғары маманданған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыра түсті. Осы ретте бірнеше дерек келтіре кетейін, егер 2010 жылы ауруханалар құрылымында ғылыми орталықтар мен зерттеу институттарында ем алған ауыл тұрғындарының үлесі 18,2 пайыз болса, 2013 жылы бұл көрсеткіш 28 пайызға жетті.

Бүгінде қаржыландыру мен басқарудың жаңа жүйесі аурудың алдын-алу, диагностика мен емдеудің инновациялық әдістерін енгізуге үлкен мүмкіндік беріп отыр.

Қорыта келгенде, жолдауда денсаулық сақтау саласындағы негізгі басымдық – алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту екені атап көрсетілген. Осыған орай Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі шеңберінде іске асырылатын қаржыландыру жүйесі медициналық қызметкерлер үшін алғашқы медициналық-санитарлық көмек саласында нәтижелі жұмыс істеуге жағдай жасап отырғанын атап көрсетті.

Алдын алуға болатын ана және нәресте өлім-жітімінің болмауы, онкология және туберкулезді ерте кезеңде анықтау, сондай-ақ, науқастардан арыз-шағым болмаған жағдайда медициналық қызметкерлердің негізгі жалақысына қосымша ақы төленеді. 2013 жылы бұл мақсатқа 10 млрд теңге жұмсалса, ағымдағы жылы оның көлемі екі есеге ұлғайтылды.

Жолдауда халық арасында салауатты өмір салты және дұрыс тамақтану қағидалары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту жолдары талқыланды. Осы орайда министр Салидат Қайырбекова Мемлекет басшысының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында айтылған «Өзінің жеке басының денсаулығын алдымен адамның өзі ойлауы керек. Егер денсаулықты ойлау әр отбасының шаруасы болса, онда мемлекет жүзеге асырып жатқан қадамдар әлдеқайда тиімді шығар еді» деген сөзін еске салды.

Халық денсаулығын сақтау саласында мемлекет тарапынан атқарылып жатқан іс-шаралар, салаға бағытталған қаражат, оларды тиімді және ашық пайдалану жайына тоқталып өтті.

Міндетті медициналық сақтандыру үлгілері жөнінде қоғаммен талқылау мақсатында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ресми веб-сайтында форум ашылды.

Ел басы мамандар жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өңірлерге жіберетін жас дәрігерлерге жағдай жасауға шақырды. «Мамандарды тұрақтандырып, сақтап қалу маңызды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және әкімдер арасында қол қойылған Меморандум шеңберінде жергілікті атқарушы органдар міндеттемелер алды. Жарты жылдан кейін медициналық университетерді аяқтап, өңірге келетін жас мамандармен қазірден танысу керек.

Кез-келген дәрігер үшін ауылда жұмыс істеп, тәжірибе жинақтау өте маңызды. Өңірдің медициналық қоғамымен кездесуде болашақ түлектерді емдеу мекемелерімен, қондырғыларымен және технологияларымен таныстырудың маңыздылығына назар аударды. 2013 жылы медициналық ЖОО мен үздік клиникалар арасында қол қойылған меморандумдар аясында студенттер қазіргі таңда клиникаларда бар ең озық құрал-жабдықтармен жұмыс істеп, үйренетін болады. Және білім берудің жаңартылған стандарттарына сәйкес тәжірибелік сағаттар саны ұлғайтылатын болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет