ДӘРМЕНЕ - ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДА
Жалпы ата-бабаларымыз «жусан» деген сөзді естіген кезде жандары ерекше жадырап, туған жерге деген ерекше сағыныш сезімге бөленеді. Қазақ халқы үшін жусан қасиетті өсімдік. Алыс сапарға аттанғанда жусанды өзімен алып жүріп, туған жерге деген сағынышын басады, яғни «Отан» деген ұғыммен пара-пар мағынада айтылады.
Мамандардың есептеулері бойынша, майданда атылған 10 оқтың 7-еуі Шымкент қорғасынынан құйылды. Соғыс жылдары облыстың ең көне кәсіпорны – Шымкент химфармзауытының (қазіргі «Химфарм» А.) стратегиялық маңызы ерекше болды.
Ол кезде мұнда ақ жусан (дермене) – тек қана Қазақстанның оңтүстігіндегі Арыс өзенінің аңғарында өсетін дәрілік шөп өңделді.
Зауыт күні-түні толассыз жұмыс істеп, майданға дәрі-дәрмек – морфин, кодеин, анабазин, сапонин жеткізді. Соғыс жылдары зауыт дәрі-дәрмектің 24 түрін шығарды. Тек қана 1942 жылы 25 миллион дәке шығарды.
1997 жылы «Арглабин» препаратының жасалуы Қазақстан үшін үлкен жаңалық болған еді. Алғашқы сынақ барысында дәріні қабылдаған 72 аурудың 44 пайызында ісіктің өсуі тоқтаған екен. Қарағанды зауытында шығарылатын «Арглабиннің» әр ампуласы 3 долларға бағаланып отыр. Бірақ, ол емханаға түскенде үстеме баға қойылуы мүмкін, ал Еуропада ол бұдан да қымбат бағаға сатылады деп отыр Қарағанды облысының кәсіпкерлікті дамыту басқармасының өкілдері.
Ал дәрігерлер болса, «Арглабин» қатерлі ісіктің барлық түрлерін емдей бермейді, есесіне ол әлгі аурудың бірнеше түріне шипалы дегенді айтады. Қарағанды облысының онкологиялық орталығының дәрігері Мұратбек Жұмақаевтың айтуынша, «Арглабинді» жалғыз емес, басқа ем түрлерімен бірге қолданған абзал:
- Ол адамның иммунитетін көтеретіні зертханада анықталған. Сәуленің адам ағзасына ықпалын азайтады, ал, ісікке әсерін көбейтеді. Өз күшімен жазып шыққан бір-екеу ғана. Көбінесе ісікті кішірейтеді. Әсіресе, бауыр, қуық, төс ісіктеріне әсері бар.
Соғыс жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының ең көне кәсіпорыны Шымкент химфарм зауытының (қазіргі «Химфарм ») стратегиялық маңызы ерекше болды.
Ақ жусанның пайдалы жақтарына тоқтала кетсем.
Жусан өсімдігін көбінесе үйде тұтынатын заттарға, атап айтсам киізден жасалған тұскиіз,сырмақ сосын кілем және аңның терісінен жасалған құндыз бөріктер мен тондарға көбелек құрттары түспес үшін іліп қояды.Оның ащы иісі көбелекті таянтпайды.Яғни, сол жусанның иісінен керекті заттарды бүліуден сақтайды. Жусан жер бетіндегі өсімдіктердің ішіндегі ең ащысы.Оның пайдалы жақтары жетерлік . Латындар бұл шөпті артемизия деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |