Ғылыми жоба тақырыбы: Слаймның адам денсаулығына әсері


ДӘРМЕНЕ – ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНЫҢ БАСТЫ РӘМІЗІ



бет5/13
Дата24.09.2023
өлшемі202.14 Kb.
#478461
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
ғылыми жоба 2016 жусан Қуанышева и Чамақаева - копия

ДӘРМЕНЕҚАЗАҚ ДАЛАСЫНЫҢ БАСТЫ РӘМІЗІ

Әбубәкір Қайран (Ақ жусан)
Жусан. Жусан.
Ақ жусан, иісің қандай?
Сылқым емес
Сыршылдау сиқың бардай.
Жұпарынды жұта алмай
Жүрмін қазір,
Содан болар тұрамын ұйқым қанбай.

Жусанның ерте кездерден бастап шипалық қасиеті зор түрінің бірі – дәрмене (дәрмене) жусаны (Artemisia cina). Ол жер шарында тек Қазақстанның оңтүстік аймақтарында ғана өсетін қасиетті өсімдіктің бірі. Оны жергілікті тұрғындар «ермен» деп те атайды. «Ермен – жанға дәрмен», «Ермен жеген ер өлмес» деген нақыл сөздер дәрмене жусанының шипалық қасиетін бірден-ақ аңғартып тұр. Ертеде бабаларымыз дәрмене жусанын шет елдерге сауда керуендері арқылы көп мөлшерде жіберіп отырғандығы туралы деректер кездеседі.


Ермен-ай, ермен, ермен шөп аңқиды иісін желмен кеп...! (Нұрлан Мәукенұлы). Кейде ерменді «боз жусан», кейде «ойраншөп» деп те атайды. Оның сабағының биіктігі 2 метрге дейін, ал тамыры 4 метр тереңге дейін таралады.
Дәрмене жусанының шипалық қасиетінің зор екендігін байқаған неміс кәсіпкері 1884 жылы Шымкент қаласында арнайы зауыт ашып, одан «сантонин» дәрісін алып, ішек құртын түсіруге қолданған. Ол дүниежүзіне сантонин шығаратын бірден-бір зауыт болды. Кейін дәрменеден эфир майы т.б. препараттар алына бастады.
Дәрмененің әлемдік даңқының артуына байланысты Оңтүстік Қазақстан облысында арнайы «Дәрмене» шаруашылығы құрылды.

1921-1922 жылдары Алтайдан бастап Орта Азияның дәрілік өсімдіктерін зерттеген фармацевт ғалым Питирим Сергеевич Массагетов дәрмененің Арыс өңірінде көптеп өсетінін және оның «дәрмене дәнегі» шет елдерге жіберіліп тұрған және 1830 жылы одан сантонин дәрісі алынғандығы туралы жазған. Ертеректе Шымкент қаласында бір, Ташкент қаласында екі дәрмене жусанын өңдейтін зауыттар болған.


Ертеде халқымыз құяң ауруымен ауырған адамдардың белін күнжіт майына немесе керосинге қосылған дәрмене тұнбасымен емдейтіндігін жазушы Серік Байхоновтың еңбектерінен кездестіруге болады. Ол «қазақ халқы үшін жусаннан қадірлі, жусаннан қасиетті өсімдік жоқ»,- деп өте орынды жазған.
Ақын Нұрлан Мәукенұлының «Ермен-ай, ермен, ермен шөп, Аңқиды иісің желмен кеп... Ерменнің дәмін алғанмын, елжіреп жүрек қалғанмын» деген жыр жолдарынан ермен жусанының қасиетін аңғаруға болады.
Дәрмене жусаны шағын аумақта ғана өсетіндіктен және сирек кездесетіндіктен қатаң қорғауды қажет етеді және жусанның бұл түрі Қазақстанның Қызық кітабына (1981) тіркелген.
Дәрмене – Цитворная полынь


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет