Ғылыми жоба тақырыбы: Слаймның адам денсаулығына әсері



бет9/13
Дата24.09.2023
өлшемі202.14 Kb.
#478461
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
ғылыми жоба 2016 жусан Қуанышева и Чамақаева - копия

Дəрмене жусан – тұқымдасына жататын дəрілік өсімдік. Оның дəнінен адамның ішкі ағзаларына ем ретінде пайдалануға арналған дəрі-дəрмектер жасалады. Қазақ халық медицинасындаоныдəріжасамайда ем-домға пайдалана береді. Оны дəрілік шикізат ретінде көп пайдаланғ андықтан, жылдан-жылға сиреп бара жатыр.
Шымырауық жусан – Қазақстанның барлық өңіріндегі шалғынды, далалық өңірлерде өседі. Биіктігі 40-150 см, тамыр сабағы сүректенген. Дара немесе бірнеше тік сабақты, аз бұтақтанады, тақыр, оның өзіне тəн иісі болады. Жапырағы таспа не қандауыр пішінді жиектері бүтін. Гүлі ақшыл, сарғыш, жасыл түсті, гүлшоғыры шілде – тамызда гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – дəнек. Шымырауық жусан дəрілік өсімдік жапырағының құрамында 15%-дай каротин болады. Оны көкөніс тұздаған, консерві жасау үшін, сондай-ақ дəм танымдық өсімдік ретінде пайдалынады.
Кесте Жусан – Алтайдың ең сиреккездесетін өсімдігі. Бұл көпжылдық жергілікті түр əлемнің текбір ғана нүктесінде – Азутау жотасының оңтүстік беткейіндегі Мрамор тауында кездеседі. Құрғақ тастақты беткейлерде, кейде сирек кездесетін Алтай қасқыржидегімен бірге өседі. Тамырсабағы өрмелегіш, бұтақтанған 2-6 гүлді себеті бар. Жапырағы жібек тəрізді сұрғылт қалың түкті. Сабақтарының биіктігі 70 см-ге дейін. Вегетативті өркендердің жапырағы жай дөңгеленген ромб тəрізді тақталы жəне сағақты. Гүл шоғыры диаметрі 3 см-гедейін, ақ тілше тəрізді жиектегі гүлдерімен жəне сары қосжынысты түтік тəрізді. Бұл түр маусымда гүлдейді, шілдеде жеміс береді. Жемстері көп сұр қабырғалары тұқымшалар, айдарсыз жай ғана жерге шашылып қалады. Қарағанды қаласындағы «Фитохимия ХҒӨХ» акционерлік қоғамының өнімі – «Арглабин» дəрісі Ресейдің ғылыми орталығында клиникалық сынақтан өтіп, ТМД аумағына таралу құқығына ие болып отыр. Бұл туралы Ұлттық ғылым академиясының өкілдері хабарлады. Бұған дейін осы дəрі 11 елдің патентімен қорғалған болатын. Дəрігерлердің айтуынша, бұл дəрі бауыр, өкпе жəне сүт бездерінде пайда болған ісіктерді емдеуге жəне олардың алдын алуға мүмкіндік береді. Осы уақытқа дейін қатерлі ісік ауруларына қолданылатын бұл дəріге шетелдерден 11 миллион данаға тапсырыс түссе, ішкі сұраным 2 миллион данаға жетіп отырған көрінеді. Қарағанды қаласында осыдан 2 жыл бұрын Елбасымыз Н.Ə. Назарбаевтың тапсырмасымен «Арглабин» дəрісін шығаратын зауыт құрылысы басталып, жусаннан қатерлі ісікке қарсы дəрі жасайтын фармацевтикалық кəсіпорын құрылысына инвесторлардан жəне Қарағанды облысының бюджетінен 93 миллион бөлінген болатын.
Қазақстанда өсетін 1000 түрлі жусанның тек біреуінен ғана осындай дəрі жасауға болады дейді мамандар. Қарағандыдағы фитохимия институтының мамандары бұл жусанның атын жəне дəрі жасау технологиясын құпия ұстап отыр дейдіоблыстыңкəсіпкерліктідамыту басқармасыныңөкілдері. 1997 жылы «Арглабин» препаратның жасалуы Қазақстан үшін үлкен жаңалық болған еді. Алғашқы сынақ барысында дəріні қабылдаған 72 аурудың 44 пайызында ісіктің өсуі тоқтаған екен. Қарағанды зауытында шығарылатын «Арглабиннің» əр ампуласы 3 долларға бағаланып отыр. Бірақ, ол емханаға түскенде үстеме баға қойылуы мүмкін, ал Еурпада ол бұдан да қымбат бағаға сатылады деп отыр кəсіпкерлікті дамыту басқармасының өкілдері. Ресми ақпарат бойынша, Қазақстанда «Арглабин» денсаулық сақтау министрлігінің өмірлік маңызы бар дəрілердің тізіміне енгізілген. Қарағанды облыстық онкологиялық орталығының дəрігері Мұратбек Жұмақаевтың айтуынша, дəрі жоғары технологиялар бойынша жасалады, ал фармацевтика ғарыш, информатика жəне электроника сияқты жоғары технология салаларының бірінші төрттігіне кіреді дейді ол.
1 кесте. Жусан (Artemisia) туысының түрлері



Жусан туысының түрлерінің аттары

1

Бөрте жусан (A. Austriaca L.)

2

Ащы жусан (A. absinthium Jacq.)

3

Қара жусан (A. vulgaris L.)

4

Биік жусан (A. procera Willd.)

5

Жазық жусан (A. campestris L.)

6

Шыралжын жусан (A. dracunculus L.)

7

Теңіз жағалық жусан (A. maritima L.)

8

Армян жусан (A. armeniaca Lam.)

9

Гмелин жусан (A.Gmelinii Web.)

10

Ақ жер жусан (A. terrae-albae Krasch.)

11

Жібек жусан (A. sericea Web.)

12

Сұр жусан (A. glauca Pall.)

13

Саралжын жусан (A. pontica L.)

14

Алмастырушы жусан (A. commutata Bess.)

15

Өрмекті жусан (A.tomentella L.)

16

Сібірлік жусан (A. sibirica L.)

17

Жіпті жусан (A. nitrosa L.)

18

Сиверс жусан (A. sieversiana Willd.)

19

Біржылдық жусан (A. annua L.)

20

Жапырақты жусан (A. latifolia Ledeb.)

21

Шыбық жусан (A. scopaeformis Ledeb.)

22

Шренк жусан (A. schrenkiana Ledeb.)

23

Шашақты жусан (A. scoparia Waldst.)

24

Маршалл жусан (A. marschalliana Spreng.)

25

Мұз жусан (A. frigida Willd.)

26

Ірігүлді жусан (A. macrantha Ledeb.)

27

Жырық жусан (A. laciniata Willd.)






    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет