Ғылыми жоба тақырыбы: Слаймның адам денсаулығына әсері


ЖУСАН ӨСІМДІГІНІҢ КӨПТҮРЛІЛІГІ



бет8/13
Дата24.09.2023
өлшемі202.14 Kb.
#478461
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
ғылыми жоба 2016 жусан Қуанышева и Чамақаева - копия

ЖУСАН ӨСІМДІГІНІҢ КӨПТҮРЛІЛІГІ

Қазақстанда өсетін жусанның 17 түрі сирек кездеседі және олардың кей түрлері тек біздің еліміздің аумағында өсетін эндемик түрлерге жатады. Мысалы, Қазақстанның оңтүстік аймағында ғана өсетін дәрмене деп аталатын жусанның шипалық қасиеті өте зор. Шырғалжын жусанының жапырағы мен сабағын тағам ретінде пайдалануға болады. Жусанның улы түрлері де бар. Ащы жусан, қара жусан, боз жусан (дәрмене) т.б. жусан түрлері құнарлы мал азығы болып саналады. Тамыржусан мен дәрмене жусаны қолдан өсіріледі.-
Улы түрі «Таврий» жусаны,оны мал жемейді.
Қазақстанның орталық аймағында өсетін жусанның бір түрі – тықыр жусан деп аталады. Осы жусан түрінен көпжылдық ізденулердің нәтижесінде «Арглабин» деген жаңа дәрі жасап шығарды. Қазіргі кезде бұл дәрі әлемнің көптеген елдерінде – АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Қытай, Германия, Швеция т.б. таралып, қатерлі ісік ауруына қарсы қолданылуда. Қара Жусанның емдік қасиеті ерте кезден-ақ белгілі болған. Шөбі мен тамырының тұнбалары тәбет ашады, асқазан, ішек бездерінің қызметін күшейтеді, жүйке жүйесін тыныштандырады. Сондай-ақ оның тер шығаратын, ішек құртын түсіретін қасиеті бар. Демікпеге шалдыққан адамға Қара Жусанның сабағы мен жапырағының түтінін иіскетеді.Қытай медицинасында бүйрекке тас байланғанда сол шөптің қайнатындысынан ванна жасайды. Ермен-ай, ермен, ермен шөп аңқиды иісін желмен кеп...! (Нұрлан Мәукенұлы).
Кейде ерменді «боз жусан»,кейде«ойраншөп» деп те атайды. Оның сабағының биіктігі 2 метрге дейін, ал тамыры 4 метр тереңге дейін таралады.
Зерттеу жұмысы кезінде қазақ даласында кездесетін жусан түрлері кесте жусаны, қара жусан, шымырауық жусан жəне т.б. Жусан тіркеліп, олар өсу ортасына, таралуына, кездесуіне қарай жіктелді. Зерттелген жусан түрлерінің ішінен тек біреуінен ғана ісік ауруына қарсы дəрі шығатыны анықталды. Сондықтан, əрі перспективті эфирмайлық, əрі дəрілік өсімдік ретінде қолданылатын жусанды тиімді, күтіп ұстауды ұсынамыз.
Қара жусан Қазақстанда Каспий маңының құмдарында, Мұғалжар, Торғай, Ұлытау, Зайсан, Балқаш- Алакөл ойысында өседі. Биіктігі 25-30 см, жапырағы ұсақ. Қара Жусанның құрамында шырышты жəне шайырлы заттар, каротин, С витамины, эфир майы мен аздаған алкалоидтар бар. Қара Жусанның емдік қасиеті ерте кезден-ақ белгілі болған. Қытай медицинасында бүйрекке тас байланғанда Қара Жусан шөбінің қайнатындысынан ванна жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет