Тәжірибе –зерттеу жұмысы
Өз тарапымыздан өз өңірімізде кездесетін жусанға тәжірибе-зерттеу жұмысын жүргіздік, бұл жұмысты 2015 жылдың шілде айынан бастадық,өйткені тамыз, қыркүйек айларында гүлдейді, сондықтан емдік қасиеті жойылады екен деген деректер бар. Теориялық мәліметтер біраз болғандықтан,адамның өміріне қандай пайдасы бар екенін анықтағымыз келді. Сол себептен жусанның бұл түрі бізді өте қызықтырды. Ең алдымен көп мәліметтер жинадық.Зерттеу барысында біз иісіне де назар аудардық,өйткені иісі өте өткір болды. Әрине бұл зерттеу жұмысты үлкендердің көмегімен ғана іске асырдық.
Ата- аналарымыз мен сынып оқушыларының арасындағы «Жусан өсімдігінің пайдасын білесіз бе?» деген сауалдың көрсеткіші бойынша ,сұралғандардың саны 56 адам, білемін-44адам, білмеймін-9 адам. Сонымен қатар білгісі келетіндер де табылды - 5 адам. 80 пайызға жуық сұралған адамдар білеміз деп жауап берсе де қандай пайдасы бар деген кезде жауап беруге қиналды.
Сонымен қатар жусан өмімдігін өздерінің өлең жырлары мен әңгімелеріне арқау етіп алған ақын –жазушыларымыздың еңбегін де зерттедік. М. Әуезов «Абай жолы», С. Мұратбеков «Жусан иісі», Д.Исабеков «Дермене» повесі.
Біз тәжірибе-зерттеу жұмысын жүргізіп,нәтижесінде жусан өсімдігінің адамның денсаулығына пайдасы бар екенін анықтадық. Енді үлкендердің көбі білетін болады деген ойдамыз.
Ата- аналар мен оқушылардың арасындағы «Жусан өсімдігінің пайдасын білесіз бе?» деген жүргізілген сауалдың көрсеткіші:
Ата-аналар саны
|
Оқушылар
саны
|
Білемін
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |