Ғылыми журнал үш айда бір рет шығатын ғылыми журнал



Pdf көрінісі
бет225/264
Дата30.04.2023
өлшемі4.7 Mb.
#473044
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   264
34-36-PB (2)

Отан тарихы №1 (97) 2022
ISSN 1814 - 6961 E-ISSN: 2788-9718
205
C3-F3850 субкладына жататын қоңырат тайпасы ең жақын екендігі анықталды. Жапондар мен 
қоңыраттардың ортақ ата бабалары осыдан 3300 жыл бұрын бір болған» деп жазады (Сабитов, 2018). 
Осы Байсын тауы және осы солтүстік-шығыс қытайға жақын тұстағы Бурятияда Байсын өзені 
бар. Бұл өңірлер, яғни бүгінгі солтүстік -шығыс Қытай жері қоңыраттың, яғни ғұнның ата жұрты. 
Кейін қоңыраттар, яғни ғұндар тарихта жазылғандай батысқа жаппай көшіп, бір бөлімі Сыр-
Дәрия мен Әму-Дәрияның бойына қоныстанды. Сол кезде олар атажұрттарын есте сақтау үшін екі 
өзеннің аралығын Байсын деді. Бірақ, бұл жер шөлді, жиделі дала болған соң Жиделі деген сөзді 
қосып айтып, Жиделі-Байсын аталды.
Қоңыраттардың ата қонысының Қиыр Шығыс екендігіне тағы бір дәлел қоңыраттардың 
босаға таңбасымен байланысты. Шежірелік және жазба деректерде бұл таңба бүкіл Орта жүздің 
таңбасы ретінде де аталады (Сейдімбек, 2019:664). 
босаға қақпа, есік, дар~мар болып та 
айтылады. Бұл таңба “Күннің шығатын есігі, қақпасы, босағасы, дары” деген мағынаны білдіретін 
Қиыр Шығысты таңбалау үшін алынған.
Қорыта айтқанда, ғұн-қоңырат этникалық, тарихи және мәдени байланыстарын, олардың 
шығу тегінің ортақтығын шежірелік, тарихи-географиялық және антропологиялық деректер толық 
растайды. Енді, қоңыраттардың Еуразияның кең-байтақ кеңістігіне шашырай орналасу себебін, осы 
аймақтарды мекендейтін халықтардың қалыптасып, дамуына қатысу себебін ғұндар тарихымен 
байланыстыру арқылы түсіндік. 
Ғұн империясы ыдыраған соң, ұзақ ғасырлар бойы бұрынғы ғұн бірлестігінің құрамындағы 
тайпалар, қоңыраттар болып аталып Еуразияның түкпір-түкпіріне тарады. Алтайдағы қоңыраттар 
Түркі қағанатының құрып, кейін Еуразия далаларында пайда болған өзге де мемлекеттердің 
дамуына ықпал етті. 
Осы орайда, көне және ортағасырлық түркі мемлекеттерінің билеушілерінің лақап аттары 
сенімді мысал бола алады. Көбінесе, билеушілерге «тоғрыл», «чағры», «сұңқар» т.б. сияқты 
жыртқыш құстардың аты беріледі. Бұл дәстүр сонау ғұндар кезеңінен бастап, Ұлы далада жасаған 
барлық түркілік империяларға (Түркі қағанаты, оғыз, қыпшақ, ғазнауи, селжүк, моңғол т.б. ) тән 
дәстүр болды. Түркі қағандарының бас киімдеріне өздерінің лақап атына сай жыртқыш құстардың 
бейнесі бейнелетін кезі де болады. Күлтегіннің бас киімінен де қыран құстың бейнесін байқауға 
болады. Осы орайда, Ә. Кекілбаевтың «ескі аңыз бойынша Шыңғысты ақ киізге көтеріскен 
Саңғыл биге «Ұраның – Қоңырат, құсың - қыран, ағашың - алма ағашы, таңбаң – ай болсын деп 
бата берген» деуін тарихи шындық деп қарастыру керек (Кекілбеков, 1997:5). 
С. Қаржаубайдың жазуынша «Қыпшақтармен бәсекелесiп билiк тiзгiнiне әлсiн-әлi ұмтыла 
берген екiншi үлкен тайпалық одақ - тоғыз-оғуздар едi. Хунну империясы билiк құрудан 
қалғаннан кейiн Орталық Азияда Моңғол үстiртiндегi қыпшақ пен Тоғуз-оғуз тайпалық бiрлестiгi 
(конфедерация) үстемдiк еттi. Қыпшақтар аталық әулет атанып (ашина), билеушi тайпаға айналды 
да, тоғуз-оғуздар аналық (ашидэ) әулет атанды. Бұл екi үлкен конфедерацияның арасында бiр 
қарағанда билiк үшiн мәңгiлiк бәсекелестiк тоқтамаса, екiншi жағынан бiрiн-бiрi толықтыру, 
даму, өсу процесi жүрiп жатты. Ол туралы Қытай деректерiнде: «Оғуздардың (ойху) ата-бабалары 
Хунну Ордасының (хан тұқымының) қызынан тарайды» - деген аңыз қалған (Қаржаубайұлы, 
2003:214-215). Бұдан түркілердегі аналық негіздің ғұндардан бастау алуын қоңыраттардың 
ғұндармен тікелей туыстық байланыстың болғандығын байқаймыз. 
Қытайдың жазба деректерінде түркі қағандарының хуяң (қоңыр) руынан қыз алу дәстүрінің 
кейін де үзілмегенін көреміз. Бұл дәстүрдің Қытайдың солтүстігінде ірге көтерген Қидан 
мемлекеті (907-1125 жж.) кезінде де жалғасқаны мәлім. Қидан билігі дәуіріндегі қоңыраттар қытай 
деректерінде юфцзюелюй деген атпен танылыпты (Кычанов : 1980. с. 141.) «Қидан мемлекетінің 
тарихы» еңбегінде «оуцзюэлюй» деп белгіленеді. Олардың әдет-салттары тузцюэлермен (түрктермен) 
бірдей деп көрсетіледі (Е Лун-ли, 1979:328). Қидандарды чжурчжендер (шүршіттер) жеңгеннен 
кейінгі деректерде қоңыраттар гуанцзила атпен белгілі болып, олар «текті тұқым» деп ерекшеленді 
(Евсюков, 1980:150).
Моңғол тарихын жан-жақты зерттеген ғалым Л. Викторова былай дейді: «Моңғол көсемдері 
Тумбинай сэчена (1084 г.) кезінен бері қиданның унгират тайпасы мен оларға туыс олконут
тайпасының қыздарынан жар таңдайтын еді» (Викторова, 1980:167). Бұл мысалдан моңғол 
билеушілерінің қоңыраттармен құдандалы болуының бұрыннан жалғасқан дәстүр екенін көруге 
болады. Шыңғыс ханның әкесі Есугей бахадүрдің қоңыраттардың биі Дай шешеннің қызы Бөртені 
баласына әперуінің өзі де осы ежелгі үрдістің бір көрінісі еді. 
Тіпті Шыңғыс ханның өз империясын орнатқан соң қаған әулеті мен қоңыраттар арасындағы 
ежелгі некелік ережені өз пәрменімен заң жүзінде бекітеді. Ол туралы «Мэн-да бэй-лу» 
сипаттамасында мынадай жолдар бар: «Тай-цзу императордың жарлығына сәйкес хун-цзи-ла 
(qunggira) тайпасында қыз бала өмірге келсе, олар патшайым болады; ұл бала өмірге келсе, олар 
ханшайымдарға үйленеді» (Мэн-да бэй-лу, 1975:266). 
Шыңғыс ханның моңғол империясының негізін салуында, оның саяси күрестерде жеңіске 
жетуіне осы көне дәстүрге сүйеніп көне мемлекеттегі аналық биліктің иесі – қоңырат тайпасының 


ISSN 1814 - 6961 E-ISSN: 2788-9718
Отан тарихы №1 (97) 2022
206
қызына үйленуі алдын ала қабылданған оңтайлы шешім болды. Шыңғыс хан да көне дәстүр 
бойынша қоңыраттан қыз алып, өз ұлдарын да ақсүйек румен некелік байланыстарын орнатты. 
Шыңғысхан Бөртені айттыра барғанда қоңырат ақсүйектерінің:
«Біз, қоңыраттар, 
Көне заманнан атақтымыз 
Қыздармыздың сұлулығымен, ақсүйектілігімен. 
Қоңырат патшайымдардан…, 
Патша тағына отырғызамыз»–деуінің тарихи негізі осыған келіп саяды.
Көріп отырғанымыздай, ғұндар заманынан келе жатқан дәстүр билеуші әулеттерінің текті хуяң 
(қоңыр) тайпасымен құдандалы болу салтын сақтады. Осы жерде Ергене Қон аңызының төркіні 
де ойға оралады. Ергене Қон темір балқытып жол тауып шыққан Қиян мен Нүкіз тұқымдарының 
қатарында (Рәшид ад-дин осы екі адамнан тараған ұрпақтарды түріктер деп айтады: «моңғолдар 
түркі нәсілінен...моңғолдар дәуірінен бері,.. олардың құдыретінің ықпалымен..түркілердің көп 
бөлігін енді моңғолдар деп атайды» (Рашид ад-дин, 1946:77) өздері дара қимылдаған қоңыраттар 
да болып еді. Бұл дерек те өздерін сол аңыздағы қияннан тараған қиятпыз деп санайтын 
моңғолдардың «алтын аяқтан туған» қоңыраттармен ежелден ұласқан қарым-қатынастарынан да сыр 
аңғартады.
Шыңғысхан тұсындағы қоңыраттарға деген құрмет моңғол империясының шеткері 
аймақтарында да маңызды болды. Марко Поло Қытайдағы Юань әулетіндегі қоңыраттарға құрметі 
жайлы былай деп жазады: «Ұлы хан (Құбылай) денесінде бір дақ жоқ аппақ қардай он мыңға 
жуық ақбозат биелер ұстайды. Осы биелердің қымызынан алғаш дәм татуға император отбасы 
мүшелері мен гориаттардан (қоңыраттар) басқа ешкімнің қақысы жоқ. Өйтені бұл дәстүр, 
кезінде осылардың арқасында билікке келген Шыңғыс ханның өзінен өсиет болып келе жатқан 
қоңыраттарға деген құрмет (Марко Поло, 1956:96). 
Осылайша, ғұн империясы ыдырағанмен, мемлекеттік дәстүрлер мен рухани-материалдық 
мәдениет із-түзсіз жоғалып кеткен жоқ. Көне заманнан ХХ ғасырдың басына дейін өмір сүрген 
Еуразиялық мемлекеттерде орнығып, қоңыраттар арқылы біздің заманымызға дейін жетті. 
Қоңыраттардың Түркі қағанатындағы ықпалына олардың дүниетанымдық бірлігі айқын 
мысал бола алады. Мүрденiң басын шығысқа, немесе солтүстiкке қаратып жерлеу дәстүрi ғұндар 
кезеңiнде де көне түркiлерде де болды. Екi кезеңдегi қабiрге өлiкпен бiрге көмiлетiн бұйымдар да 
бiрдей болды. Мысалы, ысқырғыш жебелердi ғұндар да көктүрiктер де пайдаланды, қабiрге де қоса 
көмдi. Бұдан өзге, от түтеткiш құрал, төрт аяқты ыдыстар, әшекейлер, қабiр асы (қой етi, тары), т.б., 
сияқты қабiрге көмiлетiн заттар екеуiнде де бiрдей болды. 
Ғұндардан қалған орасан мәдени мұра олардан кейiнгi салтанат құрған түркiлерге, олардың 
ұрпақтарына қалды. Ғұндардың да орхон сына жазуларына ұқсас өз жазулары болды. Тәңірлік 
діннің діни өкілі бақсының діни құралы–қобыз қазіргі қазақ халқының мәдениетінде басты 
саздық аспап болып саналады (Төлеубаев, 2001:64).
Ел ордасын – орталықты белгiлеу де ғұндардың дүниетанымымен тiкелей байланысты болды. 
Билеушi отыратын орда қасиеттi мекен саналды. Далалықтардың мемлекет үрдiсiнде хан ордасын 
құру салтын ғұндар алып келдi. Қаржаубайұлының пiкiрiнше ғұн шаньюйының екi ордасының бiрi 
Ордас, екiншi астанасы кейiн Түркi қағанатының, Керейiт және Моңғол мемлекеттерiнiң астанасы 
болған Өтiкен жотасындағы Қарақорым қаласы (Қаржаубайұлы, 2003:16) болды. 
Шыңғысхан ұрпақтары да билік құрған тұста ол өзінің билеуші ұрпақтарына қоңырат тайпасын 
өз ордаларының маңайына жүздеген шақырым айналдыра орналастыруды өсиет етіп қалдырды. 
Қазақ хандарының орталығы болған Түркістан қаласында, қоңыраттар әулеттері билеген Хиуа, 
Қоқан, Бұхара хандықтарының орталықтарының маңайында да тек өзбек, қазақ, қарақалпақ 
қоңыраттары қоршай орналастырылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   264




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет