Отан тарихы №1 (97) 2022
ISSN 1814 - 6961 E-ISSN: 2788-9718
207
арабтың جز – «джоз” сөзінен шыққан (Рубинчик, 1970:436). Алтын Орда мен Қазақ хандығының
исламдану процесінің күшеюі осы кезеңде көптеген араб-парсы сөздерінің түркі тіліне, әсіресе,
мемлекетттік басқару жүйесіне енуін жылдамдатты.
Қазақ қоғамындағы «жүз» ұғымы, туыстық-генеологиялық
мағынадан гөрі, әкімшілік-басқару
жүйесін білдіретін түсінік. Оған дәлел ретінде қазақтың руларының қазақтың барлық жүздерінде
кездесетінен байқауға болады. Мысалы, қоңырат тайпасы рулары мен аталарының атауларына
талдау жасар болсақ онда тайпа құрамындағы жекелеген ру, аталардың атауларынан бүкіл қазақ
ру-тайпалық құралымын құраған этнонимдер жүйесімен бірқатар сәйкестіктерге көз жеткіземіз.
Мысалы, жиембет руының атауы табын, тама тайпаларының, дулат тайпасының жаныс,
шымыр
руларының және жалайыр тайпасының құрамында кездеседі. Божбанның итемген атасының аты он
екі ата абақ керейдің, сіргелі тайпасының жайдақ руының, байұлының байбақты тайпасының
құрамында кездеседі.
Маңғытай руының атауы Кіші жүз шөмекей,
әлімұлы құрамында, Ұлы жүз жалайырдың
шуманақ руының құрамында жеке атаның аты болып қайталанады. Тіней руы адай мен найманда
да бар.Көптеген жазба тарихи деректерден дулаттар мен қоңыраттардың,
шапыраштылар мен
адайлардың тарихи тамыры ортақ екендігін байқаймыз.
Бұл мәліметтер тарихи зерттеулер жүргізгенде қазақтардағы жүздік жүйенің шеңберінде
қалып қоюдың жансақтығын тағы да көрсетеді. Шын мәнінде бір жүзге жататын ру-тайпалардың
бір-бірімен ешқандай да ортақ тарихи тамырға ие болмауы мүмкін екендігінен,
керісінше, басқа
жүздегі тайпалардың осы тайпамен тарихының тамырлас болуы мүмкіндігінен хабар береді.
Достарыңызбен бөлісу: