ISSN 1814 - 6961 E-ISSN: 2788-9718
Отан тарихы №1 (97) 2022
92
Маньчжурлар, қалмақтар тәрізді этникалық топтар Жетісуға келіп, облыстың Қапал, Көксу,
Верный және тағы басқа жерлеріне орналасты. Қапал уезінің Сарқан, Көксу елді мекендерінде 1008
тұрақтады. Қапал уезі бастығының пікірінше, әлеуметтік жағдайлары мүшкіл қалмақтарды жері
шұрайлы, егіншілік пен мал шаруашылығына қолайлы Сарқан елді мекеніне орналастыру тиімді
делінді. Қытай эмигранттарын орналастыру
барысында оларды жермен, үй-жаймен қамтып,
мәртебелерін анықтау қажет болды. Осы бағытта эмигарттардың Ресей бодандығын және праславие
дінін қабылдаулары тиіс мәселе стратегиялық жоспардың бірі тармағы болып саналды. Маңызды
міндетті іске асыруда 1868 жылы 10 қазанда Сарқанда қытай эмиграттары үшін миссионерлік
мектеп ашу қолға алынды. Ол үшін Батыс Сібір әскери округы мемлекеттік кеңес пен мемлекеттік
экономика департаментінен 1867 жылы 15 сәуірде Ресей бодандығына кірген және православие
діні қабылдағысы келген қытайлық эммигранттарға арналған мектепке діни қызметкерді (бұдан
әрі – священник), шіркеу қызметкерін (церковный причт) және мұғалімін ұстау үшін жыл сайын
қазнадан 920 рубль қаржы бөлуді өтінген ұсыныс жасалды (ҚР ОМА, 29261:1). Ұсыныс қабылданып,
бөлінген қаржы 1868 жылдың 29 қаңтарында мемлекеттің Бас Интенданттық басқармасының
шығыс сметасына жыл сайын 920 рубль түрінде енгізіліп, бекітілді (ЦГА РК, 29261:2). Осы шешім
Жетісу облысының әскери губернаторы Копаковскийге хат түрінде жеткізілді. 1868
жылдың
қаңтарынан бастап мектепке 920 руб., соның ішінде приход священнигіне 300 руб., шіркеу
қызметкеріне 120 руб., мұғалімге 400 руб., оқу құралдарын сатып алуға 50 руб., жалдамалы
жұмысшылар мен күзетшіге 50 рубль бөлінетін болып шешілді. Бұл жөнінде Түркістан әскери
окургының интенданттық басқармасы қаржы бөлімінің 1868 жылдың 24 қаңтардағы әскери
губернатордың атына жазылған хатта 920 рубльді Түркістанның 11-ші линиялық батальонының
поручигі Оманның губернатордың кеңсесіне апарып беретіндігі турасында баяндалды.
Интенданттықтың шығындар бөліміне қаржыны алғандығы хабарлама
жіберілуі керектігі
ескертілді. Оған қоса проручик Оманға белгіленген түбіртекті беру қажеттілігі тапсырылды
(ҚР ОМА, 29261:31). Қаражат мәселесі шешіліп, миссионерлік мектептің діни қызмектері болып
Диамид Чернявский тағайындалды. Д. Чернявский өзінің қызметін адал атқарып, істеген істері
туралы есеп беріп отыруға міндеттелді. Осыған орай Д. Чернявскийдің 1868 жылы 23
қарашада
Жетісу облысының әскери губернаторы Колпаковскийге жазған хатында өзі тұратын үйді жалға
алғаны, миссионерлік қызметті бастап, қалмақ балаларын орыс тілінде оқытып жақтандығы
жөнінде айта келе, одан шіркеуге қажетті икона тақтасының (иконостас) қайсысына тапсырыс
бергендігін сұрағаны жайлы айтылды. Бұған қоса уақытша шіркеу тұғызылуы туралы жазылды.
Миссионерлік мектептің ашылғандығын және онда 24 ер баланың
оқып жатқандығы қуанышпен
жеткізілді. Бастапқы сәтте бұл көрсеткіш жеткілікті делінді. Дегенмен де балалардың мектепке
үнемі келіп жүрулеріне алаңдайтындығын жасырмады. Священник әскери губернатордан өзінің
миссионерлік ісі бойынша келіп түсетін қаржыны тіркеп отыратын дәптер жіберуін өтінді.
Мұндай дәптерді сұрауының өзіндік себебін былаша түсіндірді: «Жақында болған бір оқиға мені
осы ойға жетеледі. Көпес Маслов қалмақтарға деп 3 рубль ақша берді және ақшаны кітапқа жазып
қоюға ниет білдірді. Масловтан басқа қайырымды жандардың миссионерлік істің дамуына қосқан
үлестеріне арналған кітаптың болуы зиян тигізбейді» (ҚР ОМА, 29261:20). Священник әрбір
басқан қадамын, жасаған әрекеттерін әскери губернаторға баяндап отырды. Мәселен, 1868 жылдың
23 қарашасында жазған рапортында «Мен өзімнің ақшамды біздің іс жүргізуші
мен аудармашыға
жұмсадым. Жоғары мәртебелі мырза, православие сенімін қабылдаған қалмақтардың іс жүргізуші
мен аудармашыға жұмсалған қаржыны маған қайтару туралы бұйрық шығаруыңызды өтінемін.
Сол кезде менің ақшам өзіме қайтарылар еді» (ҚР ОМА, 29261:31), – деп жазды. Мұның өзі
миссионердің өзіне тапсырылған міндеттерін жауапкершілікпен атқаруға ұмтылысын көрсетеді.
Осыған священниктің мына бір рапорты дәлел бола алады, дегенмен қаржы жағынан ол үнемі
әскери губернатордың көмегіне зәру болып отырған. Рапорт 1868 жылдың 17 қаңтарында
жазылған. Онда былай делінген: «Сарқан елді мекеніне жақын жерде тұратын жаңадан шоқынған
қалмақтар үшін жиналмалы шіркеу салуға менде қаражат жоқ: а)
менен ақша сұраған мердігер
ағаш шеберіне деп 100 руб. талап етеді; б) үш пұт қажетті заттарды тасу үшін жергілікті бағамен
15 рубль қажет болды; г) шыныларымен қоса терезе жақтауларына 50 рубльден кем емес ақша
төлеу қажет; д) киізді қабырғаларға қағуға бір пұттай шеге қажет. Жалпы айтқанда,
тордан
шіркеу тұрғызуға кететін шығын 200 рубльден кем болмайды. Қаражат түскен бойда жиналмалы
ғибадатхананы салуды бастауға дайынмын» (ҚР ОМА, 29261:32). 1869 жылы 31 наурызда Жетісу
әскери губернаторының атына жазылған хатта Түркістан генерал-губернаторының кеңсесі
Петербордың губерниялық қазнашысының мың рубль (күміс ақшамен) қаржыны салынып жатқан
эмигранттардың ғибадатханасына қажетті заттарды, киім-кешек
пен кітаптарды сатып алуға
жоғары мәртебелінің бұйрығымен бөлінгендігін хабарлады. Генерал-губернаторға бұл қаржының
жұмсалағандығы турасында уақытылы есеп беруді өтінді (ҚР ОМА, 29261:44).
Мектеп ашылып, эмигранттардың балалары оқи бастағанымен, жиналмалы ғибадатхана
салуға қаржы бөлінгенімен миссионердің жұмысы қарқын алуы былай тұрсын, ол бір орнынан