Ғылыми журнал үш айда бір рет шығатын ғылыми журнал



Pdf көрінісі
бет104/264
Дата30.04.2023
өлшемі4.7 Mb.
#473044
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   264
34-36-PB (2)

Отан тарихы №1 (97) 2022
ISSN 1814 - 6961 E-ISSN: 2788-9718
95
Казактарға қосылу міндетті емес, әркімнің өз еркінде. Дегенмен казак ортасына түскендердің 
әскери міндеткерліктен босатылатындығы, жаңадан шоқынғандарға арналған жер қорынан ғана 
емес әскери жер қорынан немесе бос жақтан қазақ жерлерінен қосымша үлес берілетіндігі 
айтылды. Казак сословиесіне қосылғысы келмейтіндер жаңадан шоқынғандардың қоғамы 
құрылғанға дейін бұрынғы мекен жайларында қала береді, бірақ олардың өтініштері қазақ 
басқармаларына емес, жергілікті атаманға, қажет жағдайда станица атаманына берілуге тиіс болды 
(ҚР ОМА, 416:9). Мұның өзі патша үкіметінің жаңадан шоқынғандарға қатысты жоспарының 
түбегейлі ойластырылғандығын, стратегиялық мақсаты Қазақ елінің байырғы тұрғындарын 
біртіндеп кіріптарлықпен орыстандыру болғандығын дәйектейді.
Сарқаннан өзге Жетісу өлкесінде қытайлық эмигранттарды шоқындыру үрдісі Верныйда, 
Қапалда, Көксуда, Түргенде орын алды, өйткені олар осы өңірлерге де орналастырылды. Мәселен, 
Көксудағы жаңадан шоқындырылғандарға жәрдем ақы беру ісі арнайы қаралған. Артиллерия 
комитетінің әскери губернаторға 1869 жылы 16 қаңтарда берген рапортында Көксуда тұрып жатқан, 
Ресей бодандығын, православие дінін қабылдаған қоныс аударушыларға жәрдем ақы беруде 
туындаған қиындықтар айтылды. Комитет эмигранттарға арнап 275 рубль қаржыны есептеген, 1869 
жылы қолдарында тек 110 руб. 16 тиын болған. Бұл қаржы Қапал мен Түргенді қоса есептегендегі 
жаңадан шоқынғандарға жетпейтін болғандықтан қазнадан қайта өкім шығаруын өтініп, қажетті 
қаражат сұраған (ҚР ОМА, 29302:4). Осыған орай Түркістан қазна палатасы 1869 жылғы 
7 қарашадағы хабарламасында мемлекеттік қазна департаменті 13 қыркүйекте Ташкент облыстық 
қазнасына Верный уезі бойынша бас интенданттық басқарманың ерекше нұсқауымен Жетісу 
облысындағы қытай эмигранттарына жәрдем ақы төлеуде 16250 рубль несие бөлінгендігін 
жеткізген (ҚР ОМА, 312:24).
Верныйда 1869 жылы қалмақтың 19 отбасы христиан дінін қабылдап, жәрдем ақы өтінген. 
Оларға 5 рубльден ақша берілген (ҚР ОМА, 436:24). Бұл қаражат жаңадан шоқынғандарға өздері 
тұрғызған жертөлелердің (жартылай жерден қазылып, салынған баспана) төбесін жабуға арналған 
материал сатып алу үшін берілді. Айта кетерлік жайт, Қазақ Елінің барлық миссионерлік мектебі 
бар аймақтардағы жаңадан шоқынғандарға 5 рубльден беріп отырған. Ал жәрдем ақының жалпы 
мөлшері турасында деректер архив қорларында кездесе бермейді. Верныйдың маңындағы қоныс 
аударушыларға 5 рубльден өзге астық қоймасынан күзде қайтарылуға тиіс несие ретінде бидай 
тұқымын берді. Осылардың қарымтасы ретінде жаңадан шоқынғандардың есімдері мен тектерін 
өзгертіп, оларды орысшалаған. Мәселен, Верный қаласында тұрақтаған барлығы 37 қалмақтың 25 
ер адамның алтауы Яков, жетеуі Стефан, жетеуі Николай, бесеуі Иван болып өзгертілген. Ал 11 
әйелдер мен қыздардың бесеуіне Екатерина, бесеуіне Варвара, біреуіне Иоанна есімдері таңылған. 
Тектері жағынан үшеуі Семенов, алтауы Константинов, тоғызы Михайлов, төртеуі Иванов, екеуі 
Петров, төртеуі Дмитриев, тағы төртеуі Александров, екеуі Васильев, біреуі Ксенофонтова болып 
жазылды (ҚР ОМА, 29302:9).
Дегенмен қалмақтарды шоқындыру ісі үнемі өз уақытында, сәтті жүргізіле бермеген. Біріншіден, 
қоныс аударушылардың қаладан алыс әр жерде орналасуына байланысты, барлығын жинап, 
шоқындыру рәсімін өткізу қиынға түскен. Екіншіден, іске олардың барлығының көктемнен бастап, 
күз айларына дейін егістік басында жұмыста болуы іске кедергі келтірген (ҚР ОМА, 29302:60). 
Ал қыс айларында қалың қар жауған кезде де шоқындырудың рәсімін өткізу мүмкін болмаған. 
Мұндай жағдайларда жергілікті патша шенеуніктері байырғы тұрғындар арасынан эмигранттар 
ортасында насихат жұмыстарын жүргізетін, ықпалды адамдарды іздеп тауып, солардың көмегіне 
сүйенген. Мәселен, 1869 жылдың 19 желтоқсанында Жетісу облысы Оңтүстік Тарбағатай отрядының 
бастығы есаул Шмаковтың әскери губернаторға жіберген рапортында эмигранттар ортасында 
орыс бодандығы мен православие дінін қабылдау жөнінде үгіт-насихат жұмыстарын ашық түрде 
жүргізудің тиімсіздігі көрсетіліп, бұл істі атқаруға эмигранттарға етене таныс, қалмақтар арасында 
құрметті адам – Отыншы бидің баласы Нұрсапаның ниет білдіргені айтылды. Нұрсапаға есаул 
Шмаковтың көзқарасынша, орыс мүддесіне берілген, сенімге кірген, бірнеше тапсырмаларды 
уақытында, күш-жігерін де аямай, сәтті орындаған адам ретінде мінездеме берілген (ҚР ОМА, 
29302:128). Нұрсапа кезекті тапсырманы да табысты аяқтап, қытай эмигранттарын Ресей 
бодандығын қабылдап, христиан дініне енуге көндірген. Осындай міндетті атқарғаны үшін ол 1870 
жылдың 13 наурызында әскери губернатордың мақтау қағазымен мараптталған. Марапатты есаул 
Шмаков өз қолымен тапсырған (ҚР ОМА, 29261:211).
Миссионерлер қоныс аударушыларды христиан дініне енгізгендерін жоғары биліктегілерге, дін 
басыларына хабарлап қана қоймай, жұмсалған қаражат туралы да есеп беріп отырды. Ссвященник 
Григорий Студитскийдің 1871 жылы 28 қаңтарда Жетісу әскери губернаторына жолдаған хатында 
Бақты бекінісіне жақын маңда орналастырылған қытай эмигранттарын шоқындыру рәсімі бүге-
шігесіне дейін баяндалған. 1871 жылы 17 қаңтар күні шоқынуға 34 қоныс аударушы және 1 қазақ 
әйелі жиналған. Рәсімді тамашалауға отряд қолбасшысы штаб капитан Гурдов, дәрігер Колежский, 
кеңесші поручик Алексей Яковлев, есаул Степан Новоселов, поручик Николай Попов, екі урядник, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   264




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет