Ғылыми журнал үш айда бір рет шығатын ғылыми журнал



Pdf көрінісі
бет103/264
Дата30.04.2023
өлшемі4.7 Mb.
#473044
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   264
34-36-PB (2)

ISSN 1814 - 6961 E-ISSN: 2788-9718
Отан тарихы №1 (97) 2022
94
танытып отырғандары туралы баяндаған. Алайда кәсіпке үйрететін екі бөлмеден кем емес 
ғимараттың Сарқан елді мекенінен табылмай отырғандығын және ондай ғимаратты жалдау үшін 
қаражаттың жоқтығына қиналатындығын қынжыла жазған (ҚР ОМА, 29261:243). 
Миссионерлік қызметтің бір бағыты христиан дініне енгендерді казак әлеуметтік тобына қосу 
болды. Бұл да әуел баста терең ойластырылған саясат екендігін аңғартады. Осы бағытты жүзеге 
асыруда жаңадан шоқындырылғандар казак станицаларына орналастырылды. Сарқандағы 
миссионерлік мектептің діни қызметкері де Қытайдан қоныс аударылып келген қалмақтардың 
балаларына қатысты мәселеде бастапқыда түсінбестік танытқанымен соңында эмигранттардың 
балаларын казак балаларымен бірге оқытуды қолға алды. В. Покровскийдің Г.А. Колпаковскийге 
кезекті хатында Сарқан елді мекенінің өзінің казактарға арналған мектебінің бар екендігі, онда 
мұғалім казак Назаровтың сабақ беретіндігі жөнінде жазылған. Сондықтан да казак балалары мен 
миссионерлік мектептің балаларын қосып оқытуға қарсы екендігін ашық білдірген. Миссионерлік 
мектепте орыс тілін, құдай заңдарын және арифметиканың оқытатындығы, өзінің көмекшісі бар 
екендігін алдыға тарта келе, балаларды оқытуды ортақ түрде жүргізген жағдайда көмекшісінің 
немесе мұғалім Назаровтың жұмыссыз қалатындығына алаңдаған. Казак балалары миссионерлік 
мектепке қосылған кезде мұғалім қызметінің тоқтатылатындығын хабарлаған (ҚР ОМА, 29261:300). 
Алайда мәселе миссионер ойлағандай болмай шықты. Әскери губернатор Г.А. Колпаковский 
1870 жылы 19 қарашада Василий Покровскийге жауап хат жазды. Хатта былай делінді: «Қытай 
эмигранттары казак сословиесіне енгізілді және Сарқан елді мекені қоғамының құрамына 
кіргізілді, сондықтан да олар басқа тұрғындар тәрізді ақысыз қоғамдық мектептің ғимаратын 
пайдалана алады. Ал мұғалім Назаровқа келетін болсақ, оны оқушыларымен бірге балаларды сауат 
ашуға оқыту міндетімен миссионер-священник Покровскийдің қарамағына беру тиімді болады. 
Осыны сіздің құзырыңызға мәлімет ретінде және көрсетілген өкімді орындау үшін хабарлап 
отырмын. Өкімді тезірек орындау және уақытты үнемдеу мақсатында оны Сарқан елді мекенінің 
атаманына жіберіп отырмын» (ҚР ОМА, 29261:309).
Бұдан кейінгі уақыттарда Сарқандағы миссионердің қоныс аударушылармен тіл табысып, 
олардың арасында қарқынды жұмыс жүргізгені байқалады. Ол миссионер Василий Покровскийдің 
1871 жылы 18 мамырда Жетісу облысының әскери губернаторына жазған хатынан көрініс тапқан. 
Оның айтуынша, сол жылдың қаңтар-мамыр айларында Сарқан шіркеуінде 77 қытай эмиграты 
шоқындырылды. Олардың 36-сы ер адам, 41-і әйелдер болған (ҚР ОМА, 29261:307). 
Жаңадан шоқынғандардың балалары мен казак балаларын бірге оқыту Қазақ елінің өзге де 
өңірлеріндегі миссионерлік мектептерде орын алды. Мәселен Бөкендегі миссионерлік училищеде 
жаңадан шоқынған балалар мен казак балалары бірге білім алған. Училищеде жалпы 40 бала білім 
алған. Мектеп жанынан шіркеу міндетті түрде қоса салынған. Шіркеуді казактер өз күштерімен 
тұрғызған. 
Генерал-губернатор Колпаковский Бөкендегі миссионерлік мектепке арнайы ат басын тіреген. 
Мектепке кіре берісте балалар: «Аспан патшасына» деп ән шырқады. Мұның өзі діни сабақтардың 
оқытылу деңгейінен хабар береді. Қазақ Елінің әр аймағындағы миссионерлік мектептердің 
өзгешеліктерінен гөрі ортақ белгілері көп болған. Сарқандағы миссионер православие дінін 
қабылдағандарды арнайы кәсіпке үйретуді қолға алса, Бөкен миссионері жоғары лауазымды 
билеушіден училище ғимаратының тар болуы себепті қыздарға арналған мектеп салып беруді 
өтінген. Генерал-губернатор болса ұсынысты толығымен қолдап, өзінің адютантына өтінішті жазып 
қоюды тапсырды. Бөкенге мұғалиманы алдырып, оған да, мектепке де қаржы жеке қарамағынан 
бөлетіндігін жеткізген (ҚР ОМА, 312:4). Мұның өзі православиелік миссионерлік қызметке 
мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, қыруар қаржы бөлінгендігін дәйектейді. 
Генерал-губернатор Колпаковский Сарқандағы миссионердің қызметін үнемі бақылауда 
ұстап отырса, Бөкенге арнайы сапарында осы жердің священнигінің үйіне онымен әңгімелесіп
қызметінің қыр-сырын білмек ниетпен әдейі барған. Бұл үйдегі таңғы ас үстінде генерал-губернатор 
миссионермен шүйіркелесіп, оның қандай да бір көмекке мұқтаж екенін сұраған. Священник 
қырғыз миссиясына көрсетіліп жатқан қолдауларға дән ризашылығын білдірген. Сол кезде 
генерал-губернатор миссионерлік іс-әрекетке кедергілер бар ма деген сауал қойған. Миссионер 
ешқандай күрделі кедергілердің орын алмағандығын айта келе, өкінішке орай қазақтардың жаңадан 
шоқынғандарды ұрлап әкеткен бірнеше оқиғалардың болғандығын атап айтқан. Шындығында 
қазақтар өздерінің руластарының «кәпірлердің» дінін қабылдауға үзілді-кесілді қарсы шыққан. 
Шоқынуға шарасыздықтан барғандардың өздерін ұрлап әкетіп отырған. Миссионердің айтуы 
бойынша, жазасыздықтан, қазақтар шоқынған адамды ұрлау қылмыс емес деп ойлайды, сондықтан 
мұндай жайт қайталана береді. Солардың бірі, жақында Бөкен казактары ұрылардың қолынан 
екі қазақты құтқарып қалған. Қазақтар шоқынған руластарының қол-аяғын байлап, алдын-ала 
дайындалған жылқыларға өңгеріп, алып кетпекші болған. Алайда шоқынғандардың айғайынан 
казактар ұры қазақтарды ұстап алып, билік қолына тапсырған. Осындай оқиғалар қайталанбас 
үшін миссионер христиан дінін қабылдаған қазақтарды казак сословиесіне қосуды ұсынған. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   264




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет