ЭТНОЛОГИЯ ЖӘНЕ АРХЕОЛОГИЯ
ЭТНОЛОГИЯ И АРХЕОЛОГИЯ
ETHNOLOGY AND ARCHEOLOGY
ҒТАМР 03.61.91 DOI 10.51943/1814-6961_2022_1_181
ТӘЖІКСТАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАРДЫҢ КИЕЛІ ЖЕРЛЕРІ МЕН ТАРИХИ ОРЫНДАРЫ
(ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯ МАТЕРИАЛДАРЫ БОЙЫНША)
Тоқтабай Ахмет Уалханұлы
1
*
1
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Алматы, Қазақстан.
*Автор-корреспондент
Е-mail: akhmet.t@mail.ru (Тоқтабай)
Түйіндеме. Мақалада 2021 ж. Тәжікстан Республикасындағы қазақтардың киелі жерлерін
зерттеу мақсатында ұйымдастырылған далалық этнографиялық экспедиция барысында жинақталған
материалдарға талдау жасалды. Экспедиция барысында жинақталған деректер негізінде
Тәжікстанның Хатлон облысындағы аудандарда – 17 қасиетті жерлері анықталып, олардың тізімі
жасалды. Сондай-ақ, экспедиция кезінде жергілікті тұрғындардан сұхбат алынып, аңыз-әпсаналар
жинақталды. Тәжікстандағы ескерткіштерді зерттеу барысында Мұхамед Хайдар Дулатидың туған
жері Ұратөбе (Усуршана) қаласы, атасы Махмұд сұлтанның балаларымен өлген жері – Худжан
(Ходжент) өзені есепке алынды. Бұдан өзге Қазақ мазар, Ташрабад қазақ мазары, Бұрынғы қазақ
қыстаулары, Тереклік ата, Тәмеке мазар (қазақ мазар), Ақ әулие, Молламан қыстауы, Әбдіқадыр
әулие медресесі, Шахидон (шахит болғандар) мазараты сынды көптеген қасиетті орындар
анықталды. Сондай-ақ, Кеңестік Тәжік үкіметінің алғашқы мүшесі, алғашқы ішкі істер комиссары
А. Жармұхамедовтың қызметі жан-жақты зерттелді, жазбаша деректер мен фотолар табылып,
зерттеліп, сараланды. Аталмыш елдегі қазақ халқына қатысты киелі жерлер мен тарихи орындардың
хронологиясы ортағасырлардан бастап қазіргі таңға дейінгі уақытты құрайды.
Түйін сөздер: Тәжікстан, Хатлон облысы, Лақай, диаспора, медресе, қыстау, кесене, зират.
Мақала ҚР БҒМ Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыруымен AP08855925 «Орта Азия
қазақтарының киелі жерлері (Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Қарақалпақстан): анықтау,
жіктеу және зерттеу» атты жоба аясында дайындалды.
Достарыңызбен бөлісу: |