Ғылыми журнал үш айда бір рет шығатын ғылыми журнал



Pdf көрінісі
бет201/264
Дата30.04.2023
өлшемі4.7 Mb.
#473044
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   264
34-36-PB (2)

Материалдар мен әдістер. 2021 жылдың 5-30 қыркүйек аралығында «Орта Азия қазақтарының 
киелі жерлері (Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Қарақалпақстан): анықтау, жіктеу және 
зерттеу» атты жоба аясында Тәжікстан Республикасына далалық этнографиялық экспедиция 
ұйымдастырылды. Экспедиция барысында Тәжікстанның Хотлон облысындағы Жылыкөл, Руми, 
Сарбанд, Даңғара аудандары мен Душанбек қаласындағы қазақтардың киелі жерлері мен тарихи 
орындары туралы мәліметтер жинастырылып, информаторлардан ақпараттар алынды. Зерттеу 
аясында алынған мағлұматтар ғылыми еңбектермен салыстырыла қарастырылды. 
Талқылау. Тәжікстандағы қазақтар өздеріне бауырлас түркі халықтары: лақай, өзбек, қоңырат, 
найман, адай, қарлық, дүрмен т.б. көшпелі тайпалармен қоян-қолтық өмір сүргендеріне 500 
жылдай уақыт болыпты. Шейбанилердің жаулап алуымен байланысты түркі ұлыстарымен келген. 
1989 ж санақ бойынша 12 мың қазақ болыпты. Қазақтар туралы алғашқы дерек Бұқар әмірінің 
тапсырмасы бойынша Шығыс Бұхарада қандай халықтар өмір сүреді, қанша түтін, жан саны 
қанша деп Мұхамед Садыққожа Гулшаниға тапсырма берген. ХІХ ғ аяғында Гулшани «Тарих 
Хумаюн» (Әділдік тарихы) деген кітап жазып Қорғантобе атырабындағы түркі рулары, жан саны
шаруашылығы, кәсібі т.б. мәселелерді жазып Әмірге тапсырады. 1909 ж қайтадан көшіріледі. 
«Нұрек көпірі арқылы Вахш дариясынан өтсеңіз Болджуван мен Кулябтың иелігі басталады, олар 
Душанбе мен Хисарға бағынбайды... Бұл жерде 150 мың түтін бар, олардың 10 мыңы түрікмен, 5 мың 
қазақ, 35 мыңы өзбек түркілері...». «Бұлардың бәрінің түйелері бар, астық тасумен шұғылданады, 


Отан тарихы №1 (97) 2022
ISSN 1814 - 6961 E-ISSN: 2788-9718
183
жергілікті түркілердің бәрі жылқы өсіреді... 500 мыңнан асатын қой бар. Мұнда су көп, жер 
құнарлы, шөп жеткілікті...». Гулшани түркілердің малы, байлығы жайында тамсана жазады.
Қазақтар ауқатты бай тұрған. Қазіргі күнге дейін қазақтардың бес зираты бар, бұлардың бәрін 
«Қазақ мазар» деп атайды. Қазақтардың байлығына тағы бір дәлел – үлкен қыстаулардың көбіне 
медресе салдырған, медреселердің жанында щәкірттер жатып оқитын жатақхана–құжыралар 
болған және үнемі ағаш отырғызған. Гулшанидің есептеуі бойынша 20 мыңдай қазақ өмір сүрген. 
1920-1930 жылдары Қызыл империяның қызыл терроршылдарынан жан сауғалаған қазақтар 
Ауғанстанға барамыз деп, шекараның бекітіліп тастауына байланысты осы жердегі түркі 
тайпаларын, әсіресе қазақтарды пана тұтып қалып қойған. Оған мысал Қызылорда облысына 
келгендер иесіз жатқан Жылыкөл жағасына қоныстанған (қазіргі аты Гараути) Беснайман елі. Бұл 
елден қазір 100-дей отбасы тұрады. 1920-1930 ж большевиктердің қысымы мен репрессияға 
шыдамаған 30 мыңдай қазақ келіп бұрынғы 20 мың қазаққа қосылып 50 мыңдай болыпты. 
1959 ж. Қазақстанда тың игерудің нәтижесінде жұмыс күшінің жетіспеуіне байланысты 40 мыңдай 
қазақтар Қазақстанға көшкен. Келем деушілерге Қазақстаннан көлік, көтерме ақша берілген. 
Сол кездерде қазақ азайып, 12 мыңдай қалған. Соңғы көш Қазақстанның тәуелсіздік алуына 
байланысты 1991–2000 жылдары Қазақстанға жаппай көшудің арқасында қазір небәрі 2000 жан 
қалыпты. 2006 ж қазақтардың «Байтерек» атты мәдени орталығы ашылған, оны ұлтжанды қазақ 
қызы Саминова Зәуре басқарып келеді.
Тәжікстан жеріндегі қазақтың іздерін кескенімізде жазба және шежірелік деректерге сүйенеміз. 
Қазақтың ортағасырлық тарихшысы Мырза Мухамед Хайдар Дулати Тарихи Рашиди де өзінің 
әкесі мен шешесі туралы былай деп жазады: «Сұлтан хан әкеме (оның әулеті жойылмасын) әртүрлі 
ілтипат көрсетіп, оны ерекше мейірбандықпен құшағын жая қарсы алды, өзінен бір жас үлкен 
әпкесі Хуб Нигар ханымды менің әкеме (әйелдікке) берді. Олардың некесі 1493-1494 жылдары 
Шаш шахарында қиылды. Содан кейін бүгінде Ұратөбе деген атпен белгілі Усуршана уәлаятын 
және сол аймақтың маңындағы барлық иелікті (әкемнің – А.Т.) қолына алуды бұйырып, жақсылап 
аттандырды. Бұл аймақты әкем 9 жыл биледі... Ол 6 жыл билегенде пақырыңыз мен дүниеге 
келіппін» (Дулати, 2003). Сол Ұратөбеде қазірге дейін түркі ұлыстарынан лақай, қоңырат, найман, 
керей, уақ т.б. тайпалар тұрады. 
Жасында шығыс ғұламаларынан тамаша білім алған, шешесінен ерте айрылған 9 жасар 
Мұхамед Хайдариге әкесі батасын беріп, – өз күніңді өзің көр, - деп тағдыр тәлкегіне сап қоя 
береді. 1508-1509 жылдары феодалдық бақастық соғыстарда әкесі Хорасанда азапталып өлтірілді, 
атасы сұлтан Махмұт хан балаларымен Худжанд өзенінің жағасында өлтіріледі. Худжанд 
(Ходжент) Тәжікстандағы үлкен облыс орталығы, күні кешеге дейін түркі тектес тайпалардың 
орталығы болған. Атақты тарихшымыздың атасы балаларымен суға тұншықтырылған болатын, 
біз сол Ходжент өзенінің жағасына тоқтап, оларға құран бағыштадық. 1503 жылы 9 жасар 
Мұхамед Хайдарды әкесі: «өз тағдырыңа өзің ие бол», – деп жібергенде, алдында тұрған қым-қуат 
оқиғаларды болжаған да болар. Егер де өз үйінде, әкесінің жанында болса, өмірі атасының 
(ағайындарының) тағдырындай қысқа болар ма еді, кім білсін!? Бағымызға қарай атақты қаламгер 
аман-есен қалып, бізге «Тарихи Рашиди» атты мұра қалдырды. Сондықтан Ұратөбе мен Ходженд 
өзеніне арнайы барып, Мұхамед Хайдардың ізімен жүргендей болдым. 
Лақайлар – Орта Азиядағы көне түркі тайпаларының бірі, мыңдаған жылдарға жуық тәжік-
парсылардың ішінде тұрып, өздерінің тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, ата-қонысын сақтаған 
халық. Лақайлардың ақсақалдарынан, көзі қарақты кісілерінен сұрасақ, бұл жерге ІХ ғасырда 
келіппіз деп жатады. Бұл сөздің шыны бар: «Лақайлар қарлұқтармен бірге ҮІІІ ғ. арабтарға дейін 
келген, тіпті бұдан ертерек ҮІ ғ болуы мүмкін. Түркі қағанаты кезіндегі түркілердің ұрпақтары» 
(Кармышева, 1976:27). Біздің ойымызша, сөз жоқ, лақайлар Түркі империясынан қалған әскери-
көшпелі тайпалардың жұрнақтары, түркілердің Орта Азияны дүркін-дүркін жаулап алуына 
қарай Х ғ. Қараханидтер, ХІҮ Әмір Темір империясы, ХҮ ғ. Шайбанидтер, ХҮІІІ ғ. Жоңғар 
шапқыншылығы замандарында көшіп келген көшпенді тайпалармен күшейіп отырған. 1918-1920, 
1930 ж большевиктерден қашқан қазақ тайпалары да, атап айтқанда: қоңыраттар қоңыраттарын, 
наймандар наймандарын тауып алып т.с.с. паналаған. Лақай тарихын зерттеуші орыс ғалымдарының 
көпшілігі қазақ тайпалары мен руларының лақай ішінен табылатынын атап көрсетеді. Ұқсас 
этнонимдерінің көпшілігі жағынан қазақтарға келеді, атап айтқанда орта жүзге кіретін арғын, 
найман, керей, қыпшақ рулары (Кармышева, 1976:17; Кармышева, 1956:17-19). 80-ге жақындаған 
лақайлық Абдрахманов Қалмүмін ақсақалдың руы есенқожа қазақ екен, төлқұжатына да қазақ деп 
жаздырып алыпты. Ол: – Арғы атамыз қазақ, Қазақстаннан тарағанбыз, лақай деген сөздің мағынасы 
қайсар–соғыскер–ұрыскер дегенді білдіреді. Ибрагимбек, Егемберді батырлар Қызыл армиямен 
12 жыл соғысқан, - деп отырды. Бұрын домбыра әр үйде болушы еді, қазір ұмытылып барады, 
бұрын өзбек мектептері көп болды, домбыра үйірмелері болды, қазір ілеуде-біреуде. Лақай 
домбырасының қазақ домбырасынан көп айырмашылығы жоқ, қос ішекті. «Қарлұқты қойға 
қой, қоңыратты түйеге қой, лақай найзасын ұстап, ат үстінде болсын» деп айтатындары біздің 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   264




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет