ISSN 1814 - 6961 E-ISSN: 2788-9718
Отан тарихы №1 (97) 2022
186
әкесі мен шешесінің басына құлпытастар жасатып, сағана есігінің екі жағына қабырғамен біртұтас
етіп бекітеді. Сағана ұзыншалау, күнбатыс жағы доғал бұрыштау болып келеді. Құлпытаста «Әли
Мұхамед қажы Түркістани» деген жазу қашалып жазылған. «Қазақ әулиеде»
тәу етуші қазақтар,
тәжіктер, өзбектер, басқа да мұсылмандар қысы-жазы толастамайды. Ел арасында бұл кісінің
құдіреті кеңінен таралған.
Ақ әулие Хатлон облысы Дангара ауданы Котошор қышлағындағы (бұрынғы Атшабар қазақ
ауылы) киелі жер. Молламан атты қазақ аулында бір діни оқымысты жергілікті қазақ, тәжікке
танымал
адам тұрған, оны сол өңірдің халқы қадірлеп «Ақ әулие» деп атаған. Ол кісі үнемі
Ауғанстанға барып, кітаптар әкеп тұрған. Ауғанстанға бармақшы болып ауылынан аттанып, қазіргі
өзі қайтыс болған жерге жеткенде қарақшылардың қолынан өлген. Ауылдастары мен тумалары
арулап көмген жер Ақ әулие атанып кеткен. 1985 ж М. Горбачевтің жариялылық кезеңі басталғаннан
кейін тәжік жұрты басына күмбез тұрғызған (3-сурет). Мазаратқа кіреберісте сәнді қақпа бар,
жоғарғы маңдайшасында тәжік тілінде «Ақ әулие» деген сөз жазылған. Қақпадан кірген бойда
сол жақта келушілерге арналған үй, намазхана бар, оң жақта асфальтталған жол тура Ақ әулиенің
күмбезіне апарады.
Қабырғалары төртбұрышты, шатыры (күмбезі) ағаштан шошайта басы
біріктірілген, сырты қаңылтырмен жабылған. Күмбезден әрірек таман қызыл кірпіштен салынған
көне құрылыстың орны бар.
3-сурет. Ақ әулие. Қотошар елдімекені (Бұрынғы Атшабар деген қазақ ауылы).
Даңғара ауданы. Хотлон облысы.
Көне медресенің орны – Хатлон облысы Данғара ауданы Шашар қышлағында орналасқан
(4-сурет). Құрылыстың орны қышлақтың дәл ортасында төбенің үстіне орналасқан. Қызыл
кірпіштердің сынықтары, тіпті бүтін кірпіштер де көп кездеседі.
Кірпіштердің өлшемдері
23х22х5 (см), 23х23х5 (см). Қышлақ тұрғыны ұлты тәжік Саифов Әбділфейіздің айтуынша ертеректе
осы төбені қазған кезде бүтін кірпіштер көп шығатын, бір ерекшелігі кірпіштердің бетінде қазақ
ою-өрнегі бар еді. Медреседен жоғарырақ төбеде қазақ мазараты бар. Үлкендерден естігенім
бойынша, - дейді Ә. Саифов, - бұл жер де қазақтың ауылы. Бұл медреседе тау-таудың арасындағы
мал баққан қазақтар балаларын оқытқан, жатып оқитын жатақханасы болған. Тәліптер
(шәкірттердің) ішінде қыз балалар да болған. Тағы бір тәжік ақсақалы: «Біздің үлкендердің айтуынша
бұл осыдан 500 ж
шамасы болса керек, қазақтар кеткен соң, біздің (тәжіктер) ата-бабаларымыз
келіпті. Қазақта мал көп болған, осы таудың іші толған мал еді,- деген мәлімет берді.
4-сурет. Көне қазақ медресесінің орны. Шашар қышлағы. Даңғара ауданы. Хатлон облысы.