ISSN 1814 - 6961 E-ISSN: 2788-9718
Отан тарихы №1 (97) 2022
190
қалай шабылған? Кім түсіндереді? – деген сұрағына, – ...Жолдас комиссар, бұл Ибрагимбектің
қылышының ізі, ол зұлым адамның басын қиялай шабады, егерде оң жағынан шапса, баспен қоса
сол иықтың жартысы мен сол қол бірақ кетеді, егер де бастың сол жағынан шапса, баспен қоса оң
иықтың жартысы мен оң қол кетеді, - деп жауап берген лақайлық жауынгер. Сонда Абдолланың:
...Ибрагимбектің қолында қылыш па? Әлде Мұхаммедтің зұмыхары болған ба? – деген сұрағанына:
– Иә, комиссар жолдас, зұлпыхардан кем емес, қылышының салмағы 12 кг...» деген жауап
берілген (Лақай ақсақалдарының әңгімелерінен). Осы әңгімеден байқайтынымыз: Қызыл комиссар
А. Жармұхамедовтың Мұхаммед пайғамбарды және оның зұмыхарын сөз етіп, істің мән-жайына
жетуі. Бұл дерек біраз нәрсені аңғартса керек. Ол заманда бандитті пайғамбармен теңестіруді
қойып, атын атаудың өзі қылмыс болған ғой. Жалпы Кеңес өкіметі Ибрагимбекті жеңе алмаған.
Ел аузында «...Ибрагимбекті жеңу үшін оны қолдап отырған халқын түгел қыру керек...» деген
Сталиннің сөзі сақталған. Жалпы Сталин тәжік республикасын құруда, нығайтуда көп еңбек
сіңірген. Тәжікстанның астанасы – Сталинабад деп аталуы тегін емес. Қазір орыс зерттеушілерінің
кейбіреуі «Сталин таза грузин емес, парсының қаны бар» деп жүр ғой. Сталиннің түркі халықтарын
ерекше жек көруі – Түркияның өмір бойы Грузияға шабуыл жасап, жерін, елін тонауы және Иран
мен Тұран арасындағы ғасырлар бойғы қырғиқабақ соғыс. Сталиннің осы сөзінің астарын лақайдың
елбасшыларымен, ақсақалдарымен кездескенде А. Жармұхамедов жеткізген. Ел аузындағы ескі
сөздердің, әсіресе, Лақай ақсақалдарының айтуынша, «қызылдардан халқым қырылғанша өзім
берілейін» деп Ибрагимбек өз еркімен қолға түскен. 1931 ж. атылған. Ибрагимбекке егеменді
Өзбекстан өкіметі «Халық қаһарманы» деген атақ берді деп айтылып жүр, себебі өзбек деп
жазылып кеткен лақайлардың тарихын Өзбекстан өкіметі өз тарихының бір пұшпағы санайды.
Жер жағдайының, ауа райының ерекше қиындығы, үнемі ат үстінде ұйқысыз, демалыссыз
өткен күндер Абдолланың денсаулығына зиян тигізбей қойған жоқ. Өзінің өтініші бойынша 1927 ж.
ВКП (б)-ның Орта Азия бюросына жіберіледі. 1927-1940 жылдары А. Жармұхамедов Қазақстанда
жұмыс істеді. 1940 ж бір жылға жуық төсек тартып жатып, ақыры тұра алмады, мәңгілік аспанға
аттанды.
А. Жармұхамедов үнемі Кеңес өкіметінің жоғарғы органдарына сайланып отырды. 1919-
1920 жж. Катта-Қорған уезі атқару комитетінің мүшесі. 1921-23 жж. Самарқанд облысы атқару
комитетінің мүшесі. 1920-1924 Түркістан Орталық атқару комитетінің мүшесі. 1926-1927 Тәжікстан
ОАК мүшесі, 1926-1929 жж. Өзбекстан ОАК мүшесі, 1925-1927 жж. КССР ОАК мүшесі,
1929-1938 жж. Қазақстан ОАК мүшесі сайланған.
Тәжікстанда А. Жармұхамедовке ескерткіш тұрғызылып, көше аты берілмесе де толып жатқан
мақалалар мен зерттеулер баршылық, әсіресе орыс тілінде көп, бұл оның тасқа басылып, есімі
мәңгі есте қалды деген сөз. Тәжікстан энциклопедиясында (Таджикская Советская энциклопедия,
1980:112). А. Жармұхамедов тәжік халқының кеңес және тәуелсіздік кезеңдеріндегі тарихында
өз орнын алған қайраткер деп жазылған [История Таджикского народа, 2004:383, 393].
Келешекте шетелдегі қазақтардың әскери және қоғам қайраткері болған А. Жармұхамедовты
Қазақстан тарихына да кіргізген жөн.
Мүсінші Керей Жұмағазин (1929-1984). 1971 ж. КазГУ-дің тарих факультетінде ұстазымыз
Б. Мекішев «Жеті муза» қоғамының бір отырысында Тәжікстаннан әлемдік балет өнерінде бір
жарық жұлдыз пайда болды. Ол Малика Сабирова деп ерекше тебіреніспен баяндама жасап, артынан
іле-шала «Қазақ университеті» газетінде ол туралы мақала жариялады. Кейінірек Болат Аюханов
та қазақ теледидарында Малика Сабированы шығыстан шыққан ерекше құбылыс деп баға берді.
Биыл қыркүйек айында Тәжікстанның ұлттық мұражайын аралап жүріп Малика Сабированың
мүсінін көріп тамашалап, фотоға түсіріп болып, авторы кім екен деп постаментіне үңілсем
К. Жұмағазин деп жазылып тұр. Тәжік халқында мұндай фамилия болмайтынын білем, мұражайдың
әкімшілігіне жолығып, мән-жайын сұрап едім, – иә, ол кісі қазақ. Тәжікстанның атақты мүсіншісі
Е. Татаринованың шәкірті, көркемөнер колледжінде сабақ берген, біздің мұражайда тағы екі
шығармасы бар, – деп жайып салған жауап алдым.
Ақтөбе облысында дүниеге келген жас жігіт Душанбе қаласында әскер қатарында жүргенде
белгілі мүсінші Л. Татаринованың шеберханасына жиі келіп, мүсіншілік өнердің қыр-сырымен
танысады. Зерделі жастың әскерден бос уақытында үнемі келіп, қиын да күрделі өнерді білсем,
үйренсем деген талпынысын байқаған кәнігі шебер оған үнемі қолдау көрсетіп отырады. Армиядағы
уақыты біткен кезде Керей өз еркімен Тәжікстанда қалып Е. Татаринованың шеберханасында
шәкірттік жұмысын жалғастырады. 1960 ж. бастап оның пластикалық жұмыстары республикаға
танымал болады, 1961 ж арнаулы білімі болмаса да Суретшілер одағының мүшелігіне қабылданады.
Қанша дарынды болса да арнаулы білімі болмаған шебердің Қазақстанда, Ресейде одақ мүшесі
болуы мүмкін емес еді. Мысалы, Қазақстанда анда-санда халық шеберлерін мүшелікке қабылдайтын,
ал профессионал мүсіншіге Одақ мүшесі болу үшін тек қана жоғары білім қажет болатын.
Тәжік халқының көркемөнер тарихынан орын алған мүсінші Лениндік сыйлықтың лауреаты
Мирзо Тургунзаденің, хирург Зикрия Хадисаевтың, тәжік әдебиетінің классигі Садриддин Айнидің
Отан тарихы №1 (97) 2022
ISSN 1814 - 6961 E-ISSN: 2788-9718
191
т.б. өнер, еңбек тарландарының мүсінін сомдады. С. Айнидің барельефтік бейнесі Опера және
балет театрының кіреберісінде тұр. «Дала әні», «Құмыра көтерген әйел», «Әйел басы» туындылары
ұлттық мұражай залына қойылған.
2009 ж. дарынды мүсіншінің 80 жылдық мерейтойына республиканың түкпір-түкпірінен,
шетелдерден оның шеберханасынан тәлім алған шәкірттері жиналып атап өтті.
Достарыңызбен бөлісу: |