Ғылыми журнал үш айда бір рет шығатын ғылыми журнал



Pdf көрінісі
бет205/264
Дата30.04.2023
өлшемі4.7 Mb.
#473044
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   264
34-36-PB (2)

ISSN 1814 - 6961 E-ISSN: 2788-9718
Отан тарихы №1 (97) 2022
188
біткенше қарсыласамыз, - дейді. Сонда ақсақал: Батырларымның айтқаны дұрыс, соғысқа 
дайындалудан басқа ешқандай шарамыз қалған жоқ. Ар–намыс, иманымызды қорғау үшін 
күрескендердің жаны жаннатта болады, - дейді. 
Ауылдың бар-жоғы 15-тей отбасы екен. Ол кезде қазақтың жанұялы патрихалдың бірнеше 
ұрпақтан тұратынын ескерсек, әр үйде кемінде орта есеппен 7-8 адам бар десек, барлығы 100–120 
адамдай болады. Мылтық ұстауға жарайтындардың бәрі өлген, Қызыл әскерилердің бесатарларын 
иемденеді, оқтарын алады, қылыштарын асынады. Балалар мен қарттарды, әйелдерді тау 
үңгірлеріне жасырады. 
Түн ортасы ауғанда ауылды бірнеше жүз Қызыл әскерлер қоршап алады. Сол кезде жер 
жағдайын жақсы білетін ауыл жігіттері стратегиялық жағынан жақсы орналасып, олардың оғы 
өтімді болып, нысанаға дәл тиіп жатаы. Қызыл әскердегілер қайда жасыратындарын білмей, 
абдырап, не істерін білмей, тисең терекке, тимесең бұтаққа дегендей, жан-жаққа оқты боратады. 
Таң ата олар ауылға өрт қояды. Ол кезде қазақтың үйі ыстық, шоқтың қасы, бәрі екі-үш туырлықты 
жауып отырған, киіз үйдің іргесін топырақпен көміп тастап, қандай қыстан болса да шығатын. 
Сырты күнге, іші түтінге қақталған киіз үйлерге қызыл әскерилер арнайы дайындалған 
факелдермен өрт қойғанда бірден дуылдап жанған. Сай-сайды, үңгір ағаштарды паналаған 
әйелдерді, бала-шағаны да аямай қырып тастаған. Тек ауылдың желкесіндегі қос тұт ағашына 
бекінген Әлім мен Әкімді ала алмаған. Қос мергеннің алдында ауыл да, оны қоршаған қызыл 
әскерилер де алақанға салғандай көрінетін жерден қылт еткендерін мүлт жібермей атып отырған. 
Екі күннен астам уақыт–ай. Ақыры ағайынды екі жігітті ала алмайтынын біліп, оларды айналып 
өтіп, таудың үстінен қызыл әскерилер залппен дүркін-дүркін оқ атып 2,5 күн дегенде үндерін 
өшірген. Сөйтіп екеуі де ерлікпен қаза тапқан. Осы қос ағашты жергілікті тәжіктер де шахид
болған жер деп қазірге дейін құрметтейді, ақ байлайды. Жалпы шаһид болғандардың ауылы деп 
бұл жерден ештеңе алтынға да ағаш т.с.с. алмайды екен. Білетін қарттардың айтуынша осы жойқын 
қырғыннан соң өз үйінде өлтірілген адамдар сол жерге көмілген, сондықтан бұл ауыл мазаратқа 
айналған. Бүгінде сол жерде адам тұрмайтыны содан болса керек» (Нуралив, 2016:84). Осы жерді 
тауып, анда-санда келіп құран оқып жүретін 80-нен асқан Қожамқұл Нұрматов: – Алғаш осы жерге 
келіп, құран оқып отырғанда жылап отырдым. Осыдан бастап Қызыл империяға қарғыс айтпасам 
тұра алмайтын болдым, - дейді. Оқиғаның өткен жері төменде, ауылдың орналасқан жері. 
Тасбұлақ, Жоғары тау жағындағы Әлім мен Әкімнің бекінген қос ағашын ұзақ араладым. Қос 
ағаштың түбінде бірталай отырдым, Әлім мен Әкім елестегендей болды, ағайынды қоңыр қаз бір-
біріне оғымыз жете ме? – деп тұрғандай маған көрінді. 
Күйші Әлшекей Бектібаев (1847-1932). Қазіргі Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында 
Бектібай деген ауқатты отбасында дүниеге келген. Жас кезінен домбыра тартуды шебер меңгеріп, 
халық композиторларының шығармаларын орындаумен қатар, өзі де күй шығарумен әуестенген. 
Өмірінде 70-тен астам шығарған күйлерінің он-ы ғана біздің заманымызға жеткен. Қызыл өкімет 
келгенде, байдың, төренің тұқымы есігінде құл ұстайды деген жаламен елінен кетуге мәжбүр 
болады. 1928 ж басында бір топ тума жұрағаттарымен бірге Қорғантөбе аймағының Яван 
қыстағына көшіп келеді. Шығыс музыкасының бір қасиеті көкірегінде сәулесі бар екінші шығыс 
ұлтының тыңдаушысы өзі көрмеген ұлт аспабын бір-екі тыңдаған соң тез түсінетін. Қос ішекті 
домбыраның құлағында ойнайтын Әлшекейдің өнері көршілес тәжік, лақай халықтарының 
да жүрегінен жол табады. Әсіресе оның ат үстінде отырып домбыра тартуы тыңдармандарын 
таңырқатып қана қоймай, құлақтарының құрышын қандырады. Яванда тұратын тәжіктің атақты 
әншісі Кадир Жуги жұбы жазылмас дос болады. Қазір қазақтың күй тарихынан хабарсыз бәз 
біреулер қытай қазақтарында сақталып, біздің заманымызға жетіп қоймай Шыңжаңның Алтай 
қаласында 10 мың адам бір мезгілде ойнап Гиннес кітабына кірген «Қаражорға» күйін бақсының 
күйі, бақсының биі деп әр саққа жүгіртеді. «Қара жорға» күйін Әлшекейдің ат үстінде тартқан 
өнерін заманында қазақпен қатар тәжік, лақай елі де таң-тамашалаған. Әлшекейдің өз күйлері: 
«Егес», «Теріс қақпай», «Қыз жоқтаған», «Жаяу кербез», «Шерпі», «Аққу кеткен», «Толқын». 
Бұл күйлерін қазақ күй өнерінің алтын қазынасына тіркеткен белгілі зерттеуші А. Сейдімбеков те 
жазып кеткен. 
Белгілі Сыр бойының ақыны Манап Көкенов Әлшекейге арнап поэма шығарған. Біз осы 
сапарымызда Әлшекеңнің мәңгілік жай тапқан жерін, Тәжікстандағы қазақ мәдени орталығы – 
Бәйтеректің төрайымы З. Саминованың көрсетуімен есепке алдық. Әлшекейдің жерленген жері 
Хотлон облысы, Ябан қаласында екен. Біз осы жолы екі рет барып қабірін таба алмадық. 
Тәжікстандағы қазақ ағайындар бұл мәселені шешетіндерін айтып, бізге хабар бермекші. 
Абдолла Жармұхамедов (1896-1940). Бұл кісінің есімін алғаш рет 1969 жылы КазМҰУ-дың 
тарих факультетінде оқып жүргенде ұстазым Мұсатай Ақынжановтан естіген едім. Семей өңірінің 
тумасы Мұсатай ақсақал 1930 жылдың ортасында Семей қалалық атқару комитетінің төрағасы 
болып келген Абдулламен жақынырақ танысып араласады. Бір әңгімесінде 1920 ж Фрунзе екеуі 
Бұхара қаласын алғанда Бұхар әмірі отбасын тастай қашқанын, оның балаларының көп болғанын, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   264




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет