Ғылыми стильде жазылған шығармадан қазақ әдеби тілінің деңгейін тануға болады. Ғылым мен техниканың дамуына байланысты ғылыми стильдің сөздік қоры да арту үстінде. Жаңа терминдер алдымен ғылыми стильде көрініс тауып, кейін тіл заңдылықтарына қайшы келмейтіндері етене сіңіп, жалпы халықтық лексикаға айналады. Ғылым тілі лексикасын жалпы қолданыстағы сөздер, жалпы ғылыми сөздер және терминдік қабаттар құрайды. Ғылыми мәтінді құрайтын жалпы қолданыстағы сөздер ауқымы мәтіннің қандай оқушыға, яғни қандай ғылыми ортаға арналғанына қарай өзгеріп, түрленіп отырады. Ғылыми стильдегі мәтіннің мазмұны нақты, беретін дерегі баяндау сипатында емес, дәлелдеу, дәйектеу, пікір білдіру сипатында, айтылған пікірі тұжырымды, дәлелді болады. Бірақатар тұжырымдар ғылыми стиль мәтіндерін әртүрлі белгілері бойынша жіктеуге мүмкіндік береді. Олар: 1) шығарманың көлемі; 2) мәтіндегі баяндау типтері; 3) мәтіннің кімге арналғандығы (адресат сипаты). Бірақатар тұжырымдар ғылыми стиль мәтіндерін әртүрлі белгілері бойынша жіктеуге мүмкіндік береді. Олар: 1) шығарманың көлемі; 2) мәтіндегі баяндау типтері; 3) мәтіннің кімге арналғандығы (адресат сипаты). Қазіргі зерттеулерде мәтін көлеміне орай бірнеше түрлері ажыратылады: - ірі топ (монография, оқулық, лекциялар курсы т.б.)
- орта топ (баяндама, мақала, дәріс т.б.)
- кіші топ (баяндама тезистері, аннотация, резюме, рецензия т.б.).
Ғылыми тілдің ең бір дамыған және еркін жанры – ғылыми мақала. Мақаланың еркіндік сипаты онда қамтылатын материал мазмұнының құрылымынан, мәтіннің логикалық ұйымдасу, коммуникативтік мүшеленуі тәртібінен, тақырыпты тандаудан көрінеді. Ғылыми тілдің ең бір дамыған және еркін жанры – ғылыми мақала. Мақаланың еркіндік сипаты онда қамтылатын материал мазмұнының құрылымынан, мәтіннің логикалық ұйымдасу, коммуникативтік мүшеленуі тәртібінен, тақырыпты тандаудан көрінеді. Ғалымдар мақаланың мынандай түрін көрсетеді: деректерді ықшам баяндау, ғылыми нәтижелерді кең баяндау, ғылыми-әдістемелік мақала, тарихи-ғылыми .
Достарыңызбен бөлісу: |