Оқу-ғылыми шағын стиліндегі шығармалардың басты мақсаты –шәкірттерге нақтылы бір ғылымның негіздерінен білім беру немесе ғылымның жеке саласы бойынша тұрақты түсінік қалыптастыру. Осыған байланысты мектеп оқушыларына арналған оқулықтар ең бастысы «жеңілден – қиынға қарай, қарапайымнан – күрделіге қарай» деген ұстанымға сай келу керек. Көпшілікке арналған ғылыми шағын стильде жазылған еңбектер алдыңғылардан өзгеше. Олар білім-ғылымның белгілі бір саласындағы мамандарға немесе білім алуға ұмтылған жастарға емес, жалпы қауымға, жасына интеллектуалдық дәрежесіне, ұлттық ерекшелігі мен наным-сеніміне қарамастан, кең аудиторияға арналады. Мақсаты – ғылым саласындағы жаңалықтар туралы немесе елдің ішкі, сыртқы жағдайы туралы көпшілікті хабардар ету. Ғылыми стильдің мазмұндық ерекшеліктері: нақтылық, объективтілік, қисындылық. Ғылыми стильдің басты лексикалық ерекшелігі – терминдер. Терминдер –ғылым мен техниканың, өнер мен саясаттың белгілі бір саласында қолданылатын нақты бір ұғымның атауын білдіретін сөз немесе сөз тіркесі. Ғылыми стильдегі еңбектерге монография, диссертация, мақала, баяндама, тезистер, реферат, оқулық, ғылыми есеп, патенттер жатады. Ғылыми стильдің грамматикасының жазылу стилінің екі түрі бар. Бірі – стильдік мәнері толық қалыптасқан, екіншісі – ғылыми стильден ауытқушылығы басым келетін ғылыми шығармалар. Ғылыми стильдің өзіне тән құрылымдық жүйесі болады: ғылыми мәтін, олардың құрылысы, авторлық бағалау, ғылыми зерттеудің мақсаты мен міндеттері, ғылыми мәтіннің сыртқы элементтері, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды. Ғылыми стильде метафоралар кездескенмен, оның бейнелілік, көркемдік қасиеті бәсең болады. Есімді сөйлемдермен қатар етістікті сөйлемдер өте көп кездеседі. Ғылыми стильдің ауызша және жазбаша түрлері кездеседі. Ауызша түрінің жазбаша түрден айырмашылығы оның стилінің еркіндігі деп айтуға болады. Кәсіби лексика. Кәсіби жаргон.
Достарыңызбен бөлісу: |