Ғылыми стиль



бет5/6
Дата12.12.2023
өлшемі309.49 Kb.
#486291
1   2   3   4   5   6
дәріске презентация Ғылыми стиль

Кәсіби лексика дегеніміз – жалпыхалыққа түсінікті бола бермейтін, қолданылу өрісі шектеулі белгілі бір кәсіппен я шаруашылық саласымен шұғылданатын адамдардың арасында ғана айтылатын сөздер. Арнайы ұғымдардың ресми ғылыми атауларын білдіретін терминдерге қарағанда, кәсіби сөздер қатаң ғылыми сипаты жоқ жартылай ресми сөздер ретінде қабылданады. Кәсіби сөздер өндіріс құралдарын, шикізатты, алынатын өнімді белгілеу үшін пайдаланылады.

Кәсіби сөздерді үлкен екі салаға бөлуге болады:

Ірі кәсіпке байланысты кәсіби сөздер: мал шарушалығы (түйе атаулары: жампоз, кезөркеш, кердері, күрт, қаратұяқ, аңырайма); астық шарушалығы (сүт бидай, бал бидай, қодыран, жауша, бақал; тары атаулары: байдербіс, алағарын, шая, шаршау тары); балық шарушалығы (балық атаулары ақауыз, таутан, табан, бекіре; ау аттары: морда, тоспай, итерқұл, аламан ау); бау-бақша (қауыншек, оман арық, желке суы, пісте); мақта шарушалығы (қоза ( мақта өсімдігі), шит (мақтаның тұқымы), терімші (мақта теруші), балдаң (мақтаның сабағы) , жүгері түрлері: дүмбі, пәшік, сота, т.б. қызылша шаруашылығына байланысты: қылша, түбір, өркен, түбіртек, жом, т.б.тағы басқа салаларға қатысты болады.

Шағын кәсіпке байланысты кәсіби сөздер: ұсталық (тарақ балта – жүзі кедір-бұдыр балта, керме ара – жүзінің ортасында тірегіші бар ара, шербек – үлкен ара, тышуыр – бұрап тесетін құрал, пәрбі – шойын тескіш, аттіс – темір қысатын құрал, ыңғуыр – ағаш оятын құрал; етікшілік (созан – ине сияқты құрал, ұштық – созанға өткізілген қысқа жіп, атауыз - шеге суырғыш, пардоз келтек – етіктің тігісін жатқызатын таяқша); балташылық, өрімшілік, тоқымашылық, зергерлік, тағы басқа кәсіп түрлеріне байланысты болады.

Жаргон

Жаргон дегеніміз – белгілі бір әлеуметтік немесе қызығушылығы ортақ топтардың басқаларға түсініксіз, құпия мағынада сөйлесуі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет