Кәсіби жаргон дегеніміз – белгілі бір іс, кәсіппен, т.б. айналысатын адамдар тобы жиі қолданатын ұғымдар мен терминдердің (әдетте, жалпы қабылданған терминдер өте күрделі және ауызекі сөйлеу тілінде қолданысы қолайсыз болып келеді) қарапайым сөздер (қысқартылған немесе бейнелі) арқылы беру негізінде қалыптасқан тілдік бірліктер жиынтығы болып саналады. Осы салаға арналған лингвистикалық әдебиеттерде жаргонның мынандай түрлері болатынын кездестіруге болады: әскери жаргон, журналистік жаргон, компьютерлік сленг, ойын жаргоны, сауда (сетевой) жаргоны және т.б. Жаргон сөздер жастардың көретін, оқитын мәлімет, ақпараттарына байланысты қалыптасады. Әзіл-ысқақтан, пікір қалыптастыратын тұлғалардан үлгі ала отырып заманауи сөздер пайда болады. Мысалы: - "Хейт" – біреуді ашықтан-ашық ұнатпау, оның қаншалық жаман, нашар екенін ауызша немесе жазбаша хабарлау;
- "Гоу" – ағылшынның "go" деген сөзі, "кеттік" деген мағынада қолданылады;"Sorry" – "кешір" сөзінің ағылшындық нұсқасы;"Инсайд" – ағылшынның inside (ішкі) деген сөзінен шыққан;
- "Шарить" – бір нәрсені түсінуді білдіреді.
- "Ботан" – зерделі адам;
- "Типаж болу", "блатной" – өзімшіл, өркөкірек;
- "Косякқа кіру" – ыңғайсыздыққа тап болу;
- "Құлаққа лапша ілу" – өтірік соғу;
- "Маяк тастау" – қысқаша қоңырау шалу;
- "Ауру" – адамға маза бермейтін адам;
- "Қуғынбай" "Қумаш" – артық сөйлеп кеткен, мылжың адам;
- "Өзіне көп алады" – артық кетті, шектен шығу;
- "Типа" – сол сияқты, тәрізді, секілді;
- "Грамотно айтып тастады" – өте орынды пікір білдірді.
Назарларызға рақмет!
Достарыңызбен бөлісу: |