Ғылыми зерттеудің теориясы мен әдістемесі пәні бойынша 050103 – Педагогика және психология мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік кешен



бет5/20
Дата02.02.2024
өлшемі359 Kb.
#490566
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
aitzhanova Караганда

Негізгі әдебиеттер: 2,3,4,6.
Қосымша әдебиеттер: 1,2,3,7.

3 Дәріс тақырыбы:


Зерттеудің теориялық және эмпирикалық әдістері.
1. Зерттеудің логикалық әдістері.
2. Модельді құрастыру әдістері. Модель түрлері.
3. Зерттеудің эмпирикалық әдістері: бақылау әдістері және оның сипаттамасы, түрлері.
4. Сұрау әдістері: олардың сипаттамасы және түрлері.
1. Зерттеудің логикалық әдістері.
Анализ – ыдырату, бөлшектеу деген мағынаны білдірсе, синтез – біріктіру, сәйкестендіру деген мағынаны білдіреді. Ғылымның арнайы тілінде анализ және синтез мәселесі білімдердің эмпирикалық және теориялық деңгейлерін ажыратумен тығыз байланысты.
Индуктивті және дедуктивті әдістер ойды қорытындылайды. Олардың көмегімен эмпирикалық әдістер жан-жақты толықтырылады.
2. Модельді құрастыру әдістері. Модель түрлері.
Соңғы жылдары педагогика ғылымында модельдеу әдісі көптеп қолданылуда. Модельдеу арқылы қандай да болмасын құрылым мен құбылысты нақты талдау үшін негізгі мазмұны мен мәтінін өзгертпей, ықшамдау мен қажетті білімдерді жүйелеуге мүмкіндік беріледі. Сондықтан модельдеу арқылы алынған негіздердің жалпы білім беретін мектептердің оқу-тәрбие жүйесін құру үшін мәні мен маңызы өте зор.
«Модель» термині, латынның «modules» сөзінен шыққан, ол «өлшем», «әдіс», «бейне» деген ұғымдарды білдіреді.
«Модель» - үлгі, сұлба, өрнек, өң, кейіп деген ұғымды білдіреді. Қазіргі заман талабына сай жаңалау, жинақтау деген түсінік.
«Модель» - зерттеу үшін арнайы жасалған бір объектіде, басқа бір обьектінің сипаттамасын қайта жаңғырту. Бұл «модель» деп аталады. Объектінің өзін тікелей зерттеу мүмкін болмаса, қиын әрі қымбатқа түссе, не көп уақыт жұмсауды қажет ететін болса, онда модельдеу қажеттігі туады. Модельдердің негізгі артықшылығы - олардың қолайлылығы, шапшаңдығы және зерттеуге кететін уақыттың аздығы Көптеген ғалым педагогтардың пікірінше «модель» - деп, объект туралы жаңа ақпараттар беруге қабілетті ауыстыратын объектіні бейнелейтін немесе тудыратын материалдың жүзеге асқанын немесе ойша бейнеленген зерттеу жүйесін айтады.
Оқу әрекетін модельдеу екі аспектіден тұрады:

  • біріншісі - оқу үрдісіндегі білімді меңгеру;

  • екіншісі - оқудағы іс-әрекет элементтері.

Сонда бірінші аспектіде модель мен модельдеуді психологиялық бағытта білім жүйесіне енгізу болса, екіншіде - модельдеудің формасын, әдісін қолданатын әрекеттің ерекшелігін оқушылардың икемділігіне карай бағыттауды көрсетеді.
Модель түсінігін қалыптастыру үшін, ең алдымен оның қайда «жұмыс істеу» қажеттігін түсініп, ол қандай талаптарға жауап беретіндігін шешіп алу қажет.


3. Зерттеудің эмпирикалық әдістері: бақылау әдістері және оның сипаттамасы, түрлері
Бұл әдіс педагогикалық зерттеудің қай-қайсысында да қолданыс табады. Себебі педагогикалық құбылыспен танысу зерттеушіге педагогикалық жұмысқа қатысы бар деректерді үйреніп, жинақтап, белгілеп алужы қажет етеді. Мысалға, ғалым сабаққа қатысып отырып, оқушылардың егер мұғалім сабақ материалын қызықты түрде баяндаса, жым-жырт отырып, зейінді тыңдайтынын аңғартады. Осы құбылысьтарды бақылаузерттеушіге алғашқы болжамдарын қортындылауға мүмкіндік береді. Бақылау әдісі осылайша, нақты теориялық ой-пікірлерге нәр беріп, кейін олар басқа да әдістердің көмегімен зерттеліп, тексеріледі.
Педагогикадағы зерттеу бақылауының мазмұнын тану үшін оны түрлерге топтастыру кажет. Бұны бірнеше белгілердің негізінде жүзеге асырады.
Тікелей бақылау. Обьектімен оны зерттеушінің арасында тура қатынастар орнап байланыстар қосалқы өктемсіз жасалған жағдайда бақылау тікелей деп аталады.
Сырттай бақылау кезінде мұнің бәрі көрінбей қалуы мүмкін. әрине, бұл жағдайдағы ересек, білімді адамның оқушылармен бірдей болуы мүмкін емес, дегенмен бақылаудың обьективті біршам тең шартты жағдайда өтуі педагогикалық процесс туралы мүмкіндікті байытады.
Зерттеуші- жетекші. Мұндай көзқарас педагогикалық зерттеу жүргізуге бақылаушы үшін барынша қолайлы жағдай туғызады. Мектеп пен тікелей байланыстағы педагог ғылыми қызметкер оқу-тәрбие жұмысын жүргізетін адамға қарағанда өте қолайлы жағдайда тұрады.
Жанама (опосредованное-косвенное) бақылау. Тікелей бақылаудың материалдрын зерттеушінің тапсырмасы мен бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін өкіл тұлғаның қатысуы арқылы яғни, жанама бақылау арқылы толықтырылуы мүмкін.
Кешенді бақылауға қатысушылар туралы мәліметтердің болуы, сондай-ақ, аралас проблемалар бойынша бақылау материалдарының жинақтары маңызды әрі құнды.
Жанама бақылаудың кейбір ерекшеліктері осындай қаралып отырған әдістің алуан-түрлі сияқты олда зерттеушіні фактілермен байытып, мәселені терең зерттеуге мүмкіндік туғызаді.
Ашық және жасырын бақылау. Бақалау материалдарынің құнды және обьективті болыуы зерттеушіні бақылаған педагогикалық процестің каншалықты табиғи болғанына байланысты, шарттың нақты бейнесі бақылаушыға педагогтармен оқушылар жұмысының шынайы жүйесін көрсетеді. Әдейлеп ұйымдастырылған құбылыстарды емес, шынайы процесті бақлау қажет.
Ашық бақылау. Бұл оқушылармен мұғалімнің көз алуында бөтен адамның қатысуы арқылы жүргізілетін бақылау.
Жасырын бақылау. Қайшылықты, бырақ аса құнды зерттеу әдісі болып саналады. өздерінің бақылаудан тыс жүргеннін сезінетін оқушылардың іс-әрекетін назарға алу процестің нақты бейнесін береді деп айтуға болады.
Үзіліссіз және дискреттік (үзілісті) бақылау. Бақылау құбылысы толық аяқталған күйде, яғни, оқиғаның басталуын, дамуын, аяқталуын сипаттайтындай болса ол үзіліссіз бақылау түріне жатады. Аталған жағдайда, үздіксіз нақты педегогикалық процестің ұзақтығын оны зерттеуге кеткен уақытпен бірдей болады.
Егер зерттеушінің бақылау аймағына тек обьектінің даму барысы ғана емес сонымен бірге бақылауға алынатын процестің пайда болуыда көрініс табатын болса бақылаудың бұл түрі генетикалық деп аталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет