3. Экспериментті жүргізу әдістемесі .
Алуан түрлі, тиіпті бір ғана проблемаға қатысты, өз ар өте жақын мәселелерді оқып үйрену және әдістеменің болуын қажет етеді .
Әдістеменің қандай түрі жүзеге асырылсада мынандай талаптар басты назарда болуға тиісті;
1) Зерттелетін құбылысты оның алғашқы мәліметтері мен болжамдарын анықтау үшін алдын ала мақсатты бақылау жүргізу ;
2) Эксперимент пен эксперимент үшін алынған обьектінің бір деңгейде болуына жағдай жасау;
3) Эксперименттік жұмыстың процедураларын жан-жақты ыждағаттылықпен /тщательно/ жүзеге асыру ;
4) Зерттелетін құбылыстың ( обьектінің ) даму барысына жүйелі бақылау жасап, фактілерді дәл баяандау. Біздің баяандауларымыз дәлдігі жағынан әр түрлі болса эксперименттік ықпал мен алынатын нәтиженің өз-ара байланысын математикалық жолмен көрсететіндей жолмен баяандау қажет болады.
5) Фактілерді түрлі құралдармен және тәсілдермен тиісті қондырғыларды, схемаларды, анкеталарды, тестілерді, психологиялық, педагогикалық сипаттамаларды, математикалық аппарттарды пайдалана отырып жүйелі түрде тіркеу ( мүмкіндік болған жерде өлшемдер мен бағаларды жазу ).
6) Қайталанатын ситуацияларды жасау, шарттың сипатын өзгерту, қайшылықты әрекеттер туғызу, бұрынғы мәліметтерді бекітетін ( немесе жоққа шығаратын ) күрделі ситуациялар туғызу ;
7) алынған нақты материялдарды эмпириялық зерттеуден логикалық жинақтауға, талдауға және теориялық өңдеуге кірісу.
Факті дегеніміз - себептердің салдары. Ал бұл себептер фактілердің нәтижесінде алынған нәтижелер мен салыстыру, олардың ара қатынасын анықтау жүзеге асырылады.
Негізгі әдебиеттер: 6,7,9.
Қосымша әдебиеттер: 5,6,7.
№5 Дәріс тақырыбы:
Әдебиеттермен жұмыс істеу
1.Әдебиеттермен жұмыс істеудің маңызы.
2.Қажетті әдебиеттерді іздестіру және олармен алдын-ала танысу.
3.Әдебиеттерді оқып үйрену.
1.Әдебиеттермен жұмыс істеудің маңызы.
Ғылыми қызмет арнаулы әдебиетті жүйелі және мұқият оқып үйренуді қажет етеді. Зерттеуші ғылымның дамуында алдыңғы қолжеткен білімнің негізіне сүйенеді. Ол сондай – ақ өз кезіндегі аса маңызды ғылыми оқиғалардан тысқары қалмауға тиісті. Қандай да бір проблеманы шешу барысында маман біліммен жан – жақты қарулануға міндетті. Әдебиеттермен, баспа материалдармен жұмыс істеу, зерттеу қызметінің құрамдас және біртұтас бөлшегі.
Әдебиеттерді оқып үйрену көптеген көрнекі ғалымдардың ғылыми қызметінде үлкен орын алады.
Шығармашылдық ізденістің барлық кезінде зерттеу қызметтінің бөлшегі бола отырып әдебиеттермен жұмыс істеу кез келген ғылыми еңбектің бастауыда болып табылады. Бұл кезеңде тақырып таңдалып, дәлденеді, зерттеудің мақсаты мен жетекші идеясы айќындалады, ғылыми жұмыстың болжамдары мен әдістері жасалады. Тақырыпқа кіріспес бұрын баспа материалдары бойынша мәселенің сол сәттегі жай – күйін, зерттелетін проблемаға қатысты барлық мәселелерді: тақырыптың қойылысын, пайда болу тарихын, зерттелу деңгейін, зерттеудің әдістері мен қолда бар шешімдері біліп алуға тиісті.
Зерттелетін тақырыпқа қатысты әдебиеттерді жан – жақты жєне жүйелі оқу ғылыми еңбектің сауатты жүруінің басты кепілінің бірі болып табылады. Баспа материалдарының оқу барысында жасалған жазбалар алынған мәліметтерді еске сақтауға әсер етіп қана қоймайды, сонымен бірге адамның еске ұстау қабілетінің қос жиегін кеңейтеді. Сондықтан да жазбаларды хатқа түкен зерде деп те атайды. Соның көмегі арқылы педагогикалық зерттеу жүргізуге қажетті қызықты да маңызды материалды әрдайым қол астынан табуға болады.
Егер, зерттеуші көп әдеби материалмен танысып, оларды ретке келтіріп, жүйелеп пайдаланса одан алынған мәліметтер дәл, сенімді деп айтуға болады.
Әдебиеттермен жұмыс істеу барысында кейбір ғылыми материалдар жинақталады. Олар оқу барысында туған болжамдар мен көз жеткізулер, жаңа ойлар мен мәселелер, қарсылықтар мен сындар, бағалар және болашақ зерттеудің жоспары мен жобасы.
2. Қажетті әдебиеттерді іздестіру және олармен алдын-ала танысу.
Ғылыми тақырыпты таңдау үшін педагогикада және оған қатысы бар білім саласындағы ең соңғы зерттеулермен танысу қажет. Әдеби материалдарды талдау, жаңа мәліметтерді (эксперименттік, суреттемелік, статистикалық) қорытындылау ғылыми ізденістің пєні болуы мүмкін.
Қажетті әдебиетті іздеу барысында зерттеуші өзі алған тақырыбының басқа проблемалары мен мәселелері арасындағы орны мен маңызы туралы түсінік алады. Сөйтіп, зерттеудің мәні оның бағытты жалпы деңгейде мәлім болады.
Әдебиетпен тереңдеп танысу барысында проблема нақтыланып өзгеріске түсуі мүмкін.
Проблема бойынша негігі әдебиетті анықтамалық басылымдардан табуға болады. Сөздіктерде, энцеклопедияларда барынша маңызды мақалалар библиографиялық көрсеткіштерге ие болған.
Достарыңызбен бөлісу: |