Ғылыми зерттеудің теориясы мен әдістемесі пәні бойынша 050103 – Педагогика және психология мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік кешен



бет3/20
Дата02.02.2024
өлшемі359 Kb.
#490566
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
aitzhanova Караганда

1.8. Бағалау жөнінде мәлімет:


Ағымдық бақылау:

  • сабақтардың дәрістік конспектісінің болуы;

  • өзіндік жұмыстарға қатысу және оған дайындық.



Аралық бақылау:

  • өздік жұмыстардағы тапсырмалардың орындалуы;

  • 2- аралық бақылау қарастырылған.

Үй жұмыстары бойынша бақылау:

  • таңдалған тақырып бойынша реферат жазу;

  • таңдалған тақырып бойынша баяндама дайындау.

Рейтинг – шкала

Бақылау түрі

Балдар

Ағымдық

20

10

Аралық

30

20

Үй жұмысы

10

30

Қорытынды

40

40

Барлығы

100

100



1.9. Курстың саясаты мен процедурасы



Рефераттың мерзімінде орындалмауы

-2 балл

Рефераттың қолмен жазылуы

-3 бал

Баяндаманың мерзімінде орындалмауы

-5 балл

СӨЖ тапсырманың орындалмауы

Тақырып бойынша минус 2 балл

СӨЖ тапсырмаларының орындалмауы

Тақырып бойынша минус 2 балл

Сабаққа белсенді қатыспауы

Минус 1бал

Сабаққа кешігіп келуі

Минус 1бал

Сабаққа қатыспау

Минус 1бал



2. ПӘН БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР


2.1 Күндізгі бөлімнің тақырыптық жоспары


Барлығы: 3 несие.


2.1 Курстың тақырыптық жоспары





Тақырып аттары

Дәріс

Семинар

ОСӨЖ

СӨЖ



1.

Педагогикалық
зерттеудің негізгі
элементтері

4

2

6

6

2.

Ғылыми
педагогикалық
зерттеу
әдіснамасы және
әдістері

6

2

7

7

3.

Зерттеудің
теориялық
және
эмпирикалық
әдістері

6

2

6

6

4.

Педагогикалық
эксперимент

6

3

6

6

5.

Әдебиеттермен жұмыс істеу

4

2

6

6

6.

Архив
материалдарымен
жұмыс істеу

2

2

6

6

7.

Білім беру мекемелеріндегі
ғылыми
эксперименттік
жұмыстар

2

2

8

8




Барлығы:

30

15

45

45



2.1 Сырттай оқу бөлімінің тақырыптық жоспары
Барлығы 3 несие





Тақырып аттары

Дәріс

Семинар

ОСӨЖ

СӨЖ



1.

Педагогикалық
зерттеудің негізгі
элементтері

2

4

6

6

2.

Ғылыми
педагогикалық
зерттеу
әдіснамасы және
әдістері

2

4

7

7

3.

Зерттеудің
теориялық
және
эмпирикалық
әдістері

2

4

6

6

4.

Педагогикалық
эксперимент

3

6

6

6

5.

Әдебиеттермен жұмыс істеу

2

4

6

6

6.

Архив
материалдарымен
жұмыс істеу

2

4

6

6

7.

Білім беру мекемелеріндегі
ғылыми
эксперименттік
жұмыстар

2

4

8

8




Барлығы:

15

30

45

45



2.2 Дәріс сабақтарының қысқаша мазмұны

1 Дәріс тақырыбы:


Педагогикалық зерттеудің негізгі элементтері.
1. Зерттеудің объектісін, зерттеу затын таңдау, проблемалары мен мақсатын белгілеу.
2. Мәселе қою және зерттеудің болжамдарын жүйелеу.
3. Зерттеудің әдістерін таңдау.

1. Зерттеудің объектісін, зерттеу затын таңдау, проблемалары мен мақсатын белгілеу.


Зертеу оның объектісі мен пәнін анықтаудан басталады. Философия әлеуметтік тұлға болып табылатын адамның практикалық және теориялық іс-әрекетінің зерттеу заты боп табылатын объективті шындықтың белгілі бір бөлшегін объекті деп айтады.
Таным заты –деп тәжірибеде белгіленген және адамның практикалық іс-әрекет процесіне еңгізілген, нақты жағдайда және белгілі бір шарт бойынша нақты мақсатпен зерттелетін объектінің ерекшеліктерімен қасиеттерін айтамыз.
Объект туралы білімнің даму мөлшеріне қараай оның жаңа қырлары ашылып, оның өзі тану затына айналады.Сөйтіп зерттелетін зат оның объектісіне қарағанда біршама нақты түсінік болып табылады. Ол бар болғаны объектінің бөлігі, белгілі бір қыры,элементі. Мысалы оқыту процесі зерттеу объектісі болса ол зерттеу заты етіп оқытудың әдістерін ғана аламыз.
«Объект» және «зат»ұғымдары салыстырмалы ұғымдар. Айталық оқыту әдістері объектінің ролін атқарса сол әдістердің бір тобы мәселен оқытуды көтермелеу әдісі зерттеу затты болады. Сондықтан зерттеуші белгілі бір зерттеудің барысында ненің объекті, ненің зерттеу заты болатының нақты белгілеу керек. Бұның өзінде объект үш қиырсыз кең көлемде алынбай нақты зерттеу заттының сыртында тұрған нақты шындық болғаны жөн.
Қаралып отырған зерттеу заты объектінің басқа құрамдас бөліктерімен тікелей байланыста салынып сипат алады. Мысалы біз оқыту түрін зерттеген кезде сол оқыту процесі зерттеу объектісі болып табылады да оқытуды ұйымдастыру түрлері оның құрамдас бөліктерінің міндетін атқарады. Егер зерттеу объектісі етіп одан көрі кеңдеу ұғымды мәселен мектептің қызметін алатын болсақ оқытуды ұйымдастыру түрлері мен мектеп өмірі арасындағы байланыс зерттеу затының орнында болуы мүмкін. Оқыту түрінің барлық мәнді сипаттары оқытудың міндеттеріне оқытудың мазмұнына оқытудың әдістеріне және оқыту құралдарына байланыстыра қаралады. Яғни оқу процесінің басқа қырыларымен өзара байланыста қаралып сондықтан зерттеу объектісі болып табылады.
Зерттеу заты – көбінесе объектінің элементі (мысалы оқытуды ұйымдастыру түрлері зерттеу заты , ал оқу процесі оның объектісі болады).
Ал зерттеу заты мен байланысты болатын проблема өзіне тән ерекшеліктерге де ие болады. Ол кейбір проблемалық жағдайлардың атап айтқанда нақты практикадағы зерттеу затының жағдайы мен қоғамның оған деген талаптарының қайшылықтарының көрсететін сипаттама болып табылады.Сондықтан зерттеу проблемасы әр дайым зерттеу затын жетілдіру мен анықталған қайшылықтардың себептерін көрсетумен педагогикалық практикадағы зерттеу затының тиімділігімен сапасын жақсартуға бағытталған шаралар жүйесін жасау мен зерттеу заты туралы теориялық білімді тереңдету мен байланыста болады.


2. Мәселе қою және зерттеудің болжамдарын жүйелеу.
Белгілі бір проблеманы шешу кез келген ғылыми зерттеудің мақсаты болып табылады.
Мақсат – зерттеудің нақты міндеттеріне бөлінеді. Зерттеу міндеттерін зерттеуші пайда болған проблемаларды теориялық талдау негізіне және оны шешуді мектеп практикасында бағалау негізінде қояды. Бар нәрсені талдап алмай болуға тиіс жобаны игеру мүмкін емес. Өкінішке қарай мұндай кемшіліктер педагогикалық зерттеуде әлі де кездеседі.
Қандайда бір проблеманы шешудің теориялық және практикалық жағдайын талдау осы мәселеге қатысты әдебиеттер мен танысудан басталады. Бұл ретте проблеманың теориясына қатысты кітаптармен ғана емес, сонымен бірге мектептердің белгіленген бағыттағы жұмыс тәжірбиесі туралы жарық көрген шығармалармен де қаруланған да дұрыс.
Әдебиетті осылай алдын ала талдау ғалымның өз зерттеуінің міндеттерін жобалауға , мүмкіндік береді.
Зертеудің міндеттері мынандай элементтерді өз құрамына кіргізеді:

  • жалпы проблеманың құрамына кіретін белгілі бір теориялық мәселелерді шешу;

  • осы проблеманың практикалық шешімдерін тәжірбие жүзінде оқып үйрену, оның түрлі жағдайын анықтау, түрлі кемшіліктері мен қиындықтарын, олардың себептерін озық тәжірбиелерінің түрлі сипатттарын, тағы басқа қасиеттерін белгілеу;

  • Алға қойылған дидактикалық міндеттерді шешу үшін қажетті шаралар жүйесін негіздеу;

  • Ұсынылған шаралар жүйесінің негізінде тәжірбиелік тексерулер жүргізу және олардың тиімділік талаптарына сай келуін анықтау;

  • Зерттеудің нәтижелерін практикалық жұмыста пайдаланау үшін әдістемелік ұсыныстар әзірлеу;

Айтылып отырған міндеттердің жиынтығы зерттеудің мақсатын тұтастай көрсетуге бағытталған. Жұмыстың мақсаты зерттеу проблемасына сақадай сай келуі қажет. Мұндай логиканың бұзылуы зерттеуде бейберекетсіздікке жол беріп, қойылған міндеттерді толық орындауға кедергі жасайды.
Зерттеудің мазмұнындағы жаңалықтарды мақсат логикасында ашып көрсетіп, зерттеудің міндеттерін шешкенде нақтылау қажет.
Болжамның (гипотеза) екі түрі болуы мүмкін: біріншісі суреттемелі болжам – онда зерттеудің себептерімен мүмкін болатын салдары суреттеледі. Екіншісі түсіндірмелі болжам - онда белгілі бір себептердің мүмкін болатын болжамдары түсіндіріледі, сондай-ақ бұл салдар міндетті түрде көрініс беретін шарттар сипатталады. Яғни, бұл салдарда қандай факторлар мен шарттар болатыны түсіндіріледі.


3. Зерттеудің әдістерін таңдау.
Зерттеуші өз жұмысының қортындысында қандай әдістерді қолданатында ойластыруы керек. Зерттеу нәтижелерін тұжырымдап педагогикалық процестің белгілі бір қырларын жеттілдіруі жөніндегі ұсыныстарды жасағанда әдістерді анықтаудың маңызы зор. Көп жағдайда тәжірбие мәліметтерін теориялық тұжырымдау және процесті одан әрі жетілдіруді болжау әдістері араластыра қолданылады. Сөйтіп зерттеу әдістерін таңдай ғалымның іс-әрекетіндегі жай ғана жұмыс тәсілін емес шешілуге тиісті міндеттердің проблемалардың мазмұнын зерттеушінің мүмкіндіктерін анықтап, жинақтап барып таңдалатын ерекшелік болып табылады. Осыған орай педагогикаға ғылымында бар әдістерді пайдалана беру тиімді еместігін оның ішінен нақты зерттеу жұмысына қолайлы әдістерді пайдаланғанда ғана алға қойылған міндеті ойдағыдай тағы атап көрсетеміз. Зерттеу әдістерін таңдап алғаннан кейін зерттеудің заты мен проблемасын нақты таңу оқып –үйрену міндеті қойылады. Яғни, алға қойылған міндеттерді таңдап алған әдістер деңгейінде шешу қажет болады. Көбінесе бұл жұмыс проблеманы теориялық талдаудан басталады. Бұл ретте ең алдымен проблеманы әдістемелік негіздеу және логикалық тарихи талдау міндетін жүзеге асыру қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет