Негізгі әдебиеттер: 6,7,9.
Қосымша әдебиеттер: 5,6,7.
№4 Дәріс тақырыбы:
Педагогикалық эксперимент.
1. Педагогикалық эксперименттің мәні .
2. Эксперименттің түрлері .
3.Эксперимент жүргізудің әдістері .
Педагогикалық эксперименттің мәні.
Эксперименттік зерттеу адамзаттың қоғамдық тарихи және теориялық, танымдық өміріндегі аса маңызды қырларының бірі, оның ғылымдағы маңызы да үлкен.
Эксперимент- адамзат практикасындағы болжамдардың ақиқаттығын тексеруге арналған әрекеттердің бірі. Ғылыми таным әдісі реттіндегі педагогикалық эксперименттің мәні неде? Бірнеше анықтамаға жүгінейік: «Педагогикалық эксперимент дәл есепке алынған жағдайдағы тәрбие құбылыстарына жасалған ғылыми тәжірибелер немесе бақылаулар» . Осының барысында тәрбие мен оқытудың шарттары мен оның нәтижелерінің арасындағы қандайда бір педагогикалық ықпалдылықтың тәуелділігі анықталады ( Педагогикалық сөздік ).
Эксперимент кезінде белгілі бір шарттар араларында, кейбіреулері күшейеді, үшіншілері әлсірейді немесе мүлдем жойлады ( Педагогиа, лекциялар курсы. Г.И.Шукина).
Эксперимент оқу – тәрбие процесіндегі мақсатты өзгерістерді жүзеге асыруға және арнайы жасалған қоғамдық тәрбие ортада педагогикалық факторлардың әсері мен тұлғаларды тәрбиелеудің белгілі бір қырларын зертеуге мүмкіндік береді .
2. Эксперименттің түрлері .
Педагогикалық эксперимент әртүрлі болуы мүмкін және ол бірнеше белгілердің негізінде топтастырылады: а) эксперимент шарты әрекетінің уақыты бойынша – ұзақ және қысқа мерзімдік. ә) зерттелетін педагогикалық құбылыстың құрылымы бойынша қарапайым және күрделі. б) зерттеудің мақсаты бойынша- педагогикалық процестің барысын өзгертуші эксперимент ( немесе оны қалыптастырушы эксперимент, жасампаздық эксперимент деп атайды), дәйектеуші эксперимент, бақылаушы эксперимент және т.б.
Экспериментті жүргізуді ұйымдастыру бойынша – лабароториялық, табиғи , кешенді ( комплекісті ) болады.
Дәйектеуші эксперимент игерілген білімді немесе белгілі бір болжамдарды нақтылау, тексеру үшін пайдаланылады. Қандай да бір педагогикалық процестерді оқып –үйрену барысында педагогикалық ықпал мен нәтиженің ара-қатынасын дәиектеу қажет болады. Эксперименттің кез-келген түрі мынадай жағдайлардың болуын талап етеді: а) болжамдардың әзірленуі; ә) эксперименттік жұмыстар бағдарламасының жасалуы, пактикалық тәрбие тәжірибесіне қатысатын әдістер мен әдістердің анықталуы ; б) эксперименттік жұмыстар процесін жүзеге асыру үшін қажетті шаралардың атқарылуы; в) эксперимент барысы мен нәтижесін қаржыландыратын жолдармен тәсілдердің әзірленуі; г) жетекші ғалымның-эксперимент жүргізушінің бұл жұмысқа қатысатын барлық мұғалімдерді ( студенттерді )әзірлеу; ғ) зерттеу жүргізушілермен зерттелетіндердің ара-қатынасының дұрыс жолға қойылуы.
Достарыңызбен бөлісу: |