Оқу тілі: қазақ, орыс
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: Лингофон класы, кітапхана қоры, интернет ресурстары, интерактивті тақтаны пайдалану.
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Құқық негіздері
Пәннің коды: KN2109
Пәннің типі: Жалпы білім беру циклы, міндетті компонент
Оқу жылы: 2-оқу жылы
Оқу семестрі: 4
Кредит саны: 2 KZ кредиті
Дәріс беруші : Милова Е. – заң ғылымдарының кандидаты, доцент
Жарекеев Қ. – аға оқытушы
Курстың мақсаты: ҚР-ң мемлекет пен құқық тарихы пәні Қазақстан аумағында әр кезеңде өмір сүрген мемлекеттердің құрылымы мен құқықтың пайда болуын, даму жолдарын зерттейді. Мемлекет пен құқық қалыптасу тарихын зерттеп болашақта дамуды болжауға, мемлекет құрылымдарды қалыптастыруға, саяси экономикалық реформалардың құқықтық негізін қалау, құқықтық реформаны жалғастырып, құқықтық мемлекеттің негізін қалауға көмектеседі.
Деректемелері/Пререквизиттері: Қазақстан тарихы, саясаттану.
Курстың мақсаты: Заң мамандығын алмайтын студенттерге мемлекет пен құқық теориясының, мораль ұғымының басты түсінігін студенттердің білуі; ұлттық құқықтың жетекші салаларының шеңберінде қажетті білім беру; Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің дамуының алғышартымен және мәселелерімен таныстыру;
Қазақстандық мемлекеттік- құқықтық механизмнің жетілдірілуінің саяси- құқықтық жолдарын анықтау; Студенттердің ҚР конституциялық құрылымын, мемлекеттік билік жүйесін және олардың басқа қоғамдық- саяси институттармен өзара қатынасын білуі; Студенттердің адам және азаматтық құқықтық жағдайын негіздерін білуі;
Студенттердің егеменді Қазақстанның құқық салаларын білуі (азаматтық, отбасы, еңбек, әкімшілік, қаржы, қылмыстық т.б.)
Деректемелер/Пререквизиттері: Қазақстан тарихы, Саясаттану, Мемлекет және құқық тарихы, Экономикалық теория
Курстың/пәннің мазмұны: «Құқық негіздері» курсы әлеуметтік-гуманитарлық цикл пәндерінің бірі ретінде жоғары білімді мамандар даярлауда үлкен маңызға ие. Қазіргі уақытты алғышарттардың бірі болып құқықтық тәрбие, заңдық білімдерді нақтылау сияқты мәселелер қарастырылуда. Осыған байланысты аталмыш курс бағдарламасында демократиялық, құқықтық мемлекет құру, адам мен азаматтың құқығы мен бостандығының негізгі қағидалары, заң және оның түрлері сияқты ұғымдар тереңірек қарастырылады. Мемлекет пен құқық негізі ұғымдары мен түсініктері. Құқықтық қатынастар. Заңды мінезқұлық және құ-қық бұзушылық. Заңды жауапкершілік. Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының негіздері. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық негіздері. Қазақстан Республикасы азаматтық құқық негіздері. Қазақстан Республикасының отбасы құқығы негіздері. Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметі мен ұйымдастырылуы негіздері. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы негіздері. Қазақстан Республика-сының қылмыстық іс жүргізу және азаматтық іс жүргізу құқықтарының негіздері. Халықаралық құқық негіздері т.б.
Ұсынылатын әдебиет:
-
Қазақтың ата заңы 1,2,3,4,5,6,7,8,9,
-
Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет және құқық негіздері Алматы, 1999ж.
-
Өзбекұлы С., Қопабаев Ө. «Мемлекет және құқық теориясы». Алматы, Жеті жарғы, 2006ж.
-
Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Оқулық. Ерекше бөлім, Алматы, 2000 ж.
-
Байжанов Н. Неке және отбасы. Алматы, 1997ж.
-
Сапарғалиев Ғ.С. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы. Оқулық. Алматы, 1997ж,
-
Төлеуғалиев Г.И. Азаматтық құқық. Жалпы бөлім. А., 2001ж.
-
Баққұлов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Алматы, 2001ж.
-
Дулатбеков, Амандықова, Турлаев. Қазіргі Қазақстанның мемлекет және құқық негіздері. Алматы, 2004ж.
-
Оспанов Қ.И. Құқық негіздері. Алматы, «Жеті Жарғы» 2006 ж.
Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері-лекциялық және практикалық сабақтар; интрактивті әдістер - шағын топтарда жұмыс, презентация, пікір-талас, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану. Лекциялық курс құқық негіздерінің машықтарын игеру үшін іскерлік ойындар, ситуациялық семинарлар, практикалық тапсырмалар түрінде өтетін семинар сабақтардың негізі болып табылады.
Компьютер арқылы тапсырылатын тестілеу студенттерге өз білімдерін тексеруге мүмкіншілік береді және қосымша тренинг та болады.
Практикалық сабақтарды өткізу әдістемесі және компьютерлік тестілер қазіргі құқықтық білім беру талаптарына сай келеді.
Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.
Оқу тілі: қазақша, орыс топтарына орысша
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, электронды білім ресурстары, (РЭМБ – республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана), электронды кітапханалар ресурсы.
Курстың мақсаты: Студенттерге саяси өмір саласындағы күрделі құбылыстар мен тенденцияларға өз бетінше талдау жасау дағдысын ұялату, саясат туралы қажетті білім беру, студенттердің санасында ұғымдық ақпаратты қалыптастыруға ықпал ету. Саяси дүниетанымы мен саяси мәдениетін қалыптастыруға бағытталған, олардың Қазақстан Республикасы алдында тұрған міндеттерді шешуге белсенді қатысуына септігін тигізеді. Қазақстандағы және одан тыс жерлерде жүріп жатқан саяси процестерді ұғынуға және еркін бағдарлай алу ептілігіне тәрбиелеу.
Деректемелер/Пререквизиттері: - Қазақстан тарихы, Мәдениеттану.
Курстың/пәннің мазмұны: Саясат, саясаттың өмір сүру заңдары, оның тарихи дамуы. Сонымен қатар, билік, мемлекет, мемлекетаралық қатынас мәселелері. Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы халыққа жолдауы аясындағы және үдемелі жаңару кезеңіндегі егеменді мемлекет саясаты. Қазақстанның саяси жүйе, саяси партиялар, қозғалыстар, ұйымдар. Саяси мәдениет пен саяси идеология. Әлемдік саясат және қазіргі халықаралық қатынастар. Жаңа геосаяси конфигурациядағы Қазақстанның ұлттық мемлекеттік мүдделері.
Ұсынылатын әдебиет:
1. Саясаттану негіздері. Қуандық Е. С. Оқу құралы. - Алматы «Дәуір», 2005.
2. Саясаттану. Жамбылов Д. 2-басылым. Алматы - Жеті жарғы, 2005.
3. Саясаттануға кіріспе. Мұстафин Т.Т. – Алматы, 1994.
4. Политология. Учебник для вузов. Нысанбаев А. – Алматы: Ақыл кітабы, 1998.
5. Мұсатаев С.Ш. Қазақстандық азаматтық қоғам: қазіргі жағдайы мен келешегі.. – Алматы, 2007.
6. Казахстанская политическая энциклопедия. – Алматы, Қазақстан даму институты, 1998.
7. ҚР Конституциясы. - Алматы, 1995 ж.
8. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз». 28 қаңтар, 2011жыл. Егемен Қазақстан.
Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері – лекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.
Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан - тест, қорытынды баға.
Оқу тілі: қазақша, орысша
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (Республикалық ЖЖЖ аралық электронды кітапхана).
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Философия
Пәннің коды: Fil 2111
Пәннің типі: Жалпы білім беру циклы, міндетті компонент
Оқу жылы: 2-оқу жылы
Оқу семестрі: 3
Кредит саны: 3 KZ кредиті
Дәріс беруші : Күлбашева Г.К.- философия ғылымдарының кандидаты, доцент
Әпенов Б.- философия ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы
Пәннің мақсаты: Студенттерде философияық білім негіздері, дүние кұрылымы, дүниедегі адамның ролі мен орны туралы түсініктер қалыптастыру. Болмыс, ойлау, таным, адам мен дүниенің мәні мәселерін талдау. Адамның өзін-өзі тануында, ақпараттандыру мен жаћанданумен байланысты әлеуметтік және этикалық мәселелерді талдаудағы философиялық білімнің ролін түсіну. Қазіргі қоғамдағы тұлғаның еркіндігі мен жауапкершілігінің мәнін ашу, тарихи оқиғаларды сыни көзқарас тұрғысынан талдау қабілетін жетілдіру.
Пререквизит: Қазақстан тарихы, Саясаттану, Мәдениеттану, Адам және қоғам.
Курстың мазмұны: Әлемдік және Отандық философия тарихы, әр алуан философиялық ілімдер. Философия мәдениет феномені ретінде, оның мәдени тарихы контексі. Болмыс философиясы, болмыс және бейболмыс мәселесі. Материя өмір сүру тәсілдері мен формалары. Сана және таным философиясы, таным методологиясы. Диалектиканың тарихи типтері және оның категориялары. Ғылым философиясы. Философиялық антропология, адам өмірінің бірегейлігі. Қоғам феномені, оның әлеуметтік құрылымы мен динамикасы. Жаћандық мәселелер философиясы.
Негізгі әдебиеттер:
-
Ғабитов Т. Философия. – А., 2005
-
Кішібеков Д. Философия. – А., 2005
-
Алтаев Ж., Қасабек А., Мұқамбетқалиев Қ. Философия тарихы. – А., 2000.
4. Философиялық сөздік. – А., 1996.
5. Әбішев К. Философия. – А., 2001.
Қосымша әдебиеттер:
1. Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Философия тарихы. – А., 1999.
2. Мәдени-философиялық энциклопедиялық сөздік. – А., 2004.
3. Философия. Қ.Тұрғынбаев. Алматы 2001.
4. Кішібеков Д., Сыдықов К. Философия. – А., 2005.
5.Алтаев Ж., Ғабитов Т. Философия және мәдениеттану. – А., 1998.
6. Бұқаралық ақпарат құралдары, мерзімді басылымдар, интернет деректері
Интернет-ресурсы
1
|
http://www.philos.msu.ru/libfile
|
Философиялық қайнар көздері
|
2
|
http://www.yanko.lib.ru/gum.html
|
Философиялық түп негіздері
|
3
|
http://filosof.historic.ru/ -
|
Философиялық әдебиеттер
|
4
|
http://referats.allbest.ru
|
Реферат тақырыптары
|
Оқу әдістемелік бағыттары: компаративистік, анализ, сұрақ-жауап, суреттеу т.б.
Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.
Пәннің тілі: қазақша, орысша
Мамандық бойынша оқытудың негізгі шарттары: материалдық база, кітап қоры, оқу кабинеттері, электронды оқу залдары т.б.
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Базалық шетел тілі (ағылшын,А1,А2,В1 деңгейлері)
Пәннің коды: BSHT 1202
Пәннің типі: Базалық, міндетті компонент
Оқу жылы: 1-оқу жылы
Оқу семестрі: 1,2
Кредит саны: 5 KZ кредиті
Дәріс беруші : Ибрагимова Э.А. – аға оқытушы
Ержанова А.С .- оқытушы
Курстың мақсаты: Студенттердің мәдениетаралық және кәсіби коммуникативтік біліктіліктерін қалыптастыру. Коммуникативтік мәдениет тануға бағытталған оқып үйренудің мақсаты – лингвистикалық (тілдік), дискурсивтік (сөйлеу), мәдениәлеуметтік және стратегиялық компоненттерден тұратын күрделі интегративтік тұтастық болып саналады.
Деректемелері/Пререквизиттері: Практикалық фонетика, практикалық грамматика, мамандыққа кіріспе.
Курстың/пәннің мазмұны: Кәсіби-оқу қарым-қатынас аясы: алғашқы байланыстар, менің жанұям, менің университетім, менің тұратын үйім, тағам, киім, адамның сыртқы келбеті, денсаулық, спорт және салауатты өмір салты. Әлеуметтік-мәдени аясы: бос уақыт, елдер мен ұлттар, мерекелер, салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, кино, театр, музыка, қоршаған орта.
Ұсынылатын әдебиет:
1. Adrian Tennant. Straightforward. Student’s book. Macmillan.2009
2. Adrian Tennant. Straightforward. Workbook. Macmillan.2009
3. Liz and John Soars. New Headway. Elementary . student’s book. Oxford. 2000.
4. Liz and John Soars. New Headway. Elementary. Work book. Oxford. 2000.
5. Аракин В.Д. Практический курс английского языка, Москва,2003
6. Джанабаева К. Basic English. Алматы,2004
Сабақ беру әдістері: Role playing, case study, brainstorming, puzzle, presentation, discussion, true/false, games
Бағалау әдісі: : Әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.
Оқу тілі: қазақ, орыс, ағылшын
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: Компьютер класы, кітапхана қоры, интернет ресурстары, тілдік-сандық лаборатория, интерактивті тақтаны пайдалану.
Курстың/пәннің/юниттің атауы:
Базалық шетел тілі (ағылшын,В2 –бастауыш, В2-жалғастырушы деңшейі)
Пәннің коды: BSHT 1202
Пәннің типі: Базалық, міндетті компонент
Оқу жылы: 2– оқу жылы
Оқу семестрі: 3,4
Кредит саны: 5 KZ кредиті
Дәріс беруші : Қыпшақбай Н.К.- филология магистрі, аға оқытушы
Бекенова Г.С.- педагогика және психология магистрі, оқытушы
Курстың мақсаты: Студенттердің мәдениетаралық және кәсіби коммуникативтік біліктіліктерін қалыптастыру. Коммуникативтік мәдениет тануға бағытталған оқып үйренудің мақсаты – лингвистикалық (тілдік), дискурсивтік (сөйлеу), мәдениәлеуметтік және стратегиялық компоненттерден тұратын күрделі интегративтік тұтастық болып саналады.
Деректемелері/Пререквизиттері: Практикалық фонетика, практикалық грамматика, мамандыққа кіріспе.
Курстың/пәннің мазмұны: Кәсіби-оқу қарым-қатынас аясы: мамандық таңдау, оқу, менің болашақ кәсібім, менің университетім. Қарым-қатынастың әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени ауқымы: жарнамалау, лотерея ойыны, кеңседегі жұмыс, көлік иемденудің жақсы және жаман жақтары, шағым хат, кеңес беру, атақты адамдардың жеке өмірі, спорт түрлері және оның үйренудің жолдары, қайырымдылық жасау, спорт және өнердегі жүлделер, газет және журналдағы мақалаларды талқылау, адам өміріндегі маңызды оқиғалар, ырым-тыйымдар, әйел адам және ер адамның әр түрлі жағдайларға байланысты көзқарастарының ұқсастықтары мен ерекшеліктері.
Ұсынылатын әдебиет:
1. Adrian Tennant. Straightforward. Intermediate Student’s book. Macmillan.2009
2. Adrian Tennant. Straightforward. Intermediate Workbook. Macmillan.2009
3. Аракин В.Д. Практический курс английского языка, Москва,2003
4. Norman Coe, Mark Harrison, Ken Paterson. Oxford Practice Grammar.2007
Сабақ беру әдістері: Role playing, case study, brainstorming, puzzle, presentation, discussion, true/false, games, song, grammar translation method, audio-lingual.
Бағалау әдісі: : Әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.
Оқу тілі: қазақ, орыс, ағылшын
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: Компьютер класы, кітапхана қоры, интернет ресурстары, тілдік-сандық лаборатория, интерактивті тақтаны пайдалану.
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Классикалық тіл (латын)
Пәннің коды: КТ 1201
Пәннің типі: Базалық, міндетті компонент
Оқу жылы: 1- оқу жылы
Оқу семестрі: 2
Кредит саны: 1 KZ кредиті
Дәріс беруші : Жылқыбаева А.Қ. - оқытушы
Ержанова А.С.- оқытушы
Курстың мақсаты: Студенттерде лингвистикалық компетенцияны - классикалық тіл грамматикасының негізін, қазіргі тілдер лексикасының дамуына ықпал еткен негізгі лексикалық қорын, классикалық тіл деректерін ана тілімен шетел тілі құбылыстарымен салыстыра алуы дағдыларын қалыптастыру.
Деректемелері/Пререквизиттері: Практикалық фонетика, практикалық грамматика.
Курстың/пәннің мазмұны: Латын алфавиті. Фонетика. Оқу ережелері. Етістік жайлы жалпы мағлұматтар. Зат есімнің бірінші септеуі. Жіктеу есімдіктері. Зат есім мен сын есімнің екінші септеуі. Ырықсыз етіс. Предлогтар. Префикстар. Перфект жүйесі шақтары.
Ұсынылатын әдебиет:
1. Абжанова Т. А Учебник по латинскому языку. Алматы, 2005.
2. Покровская З.А., Кацман Н.Л. Учебник латинского языка. М.,2001.
3. Гончарова Л.Н. Учебник латинского языка. Минск, 2000.
Сабақ беру әдістері: Сұрақ-жауап, салыстырмалы-салғастырмалы әдіс, ролдік ойындар, пікірталас.
Бағалау әдісі: : Әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.
Оқу тілі: қазақ, орыс, латын
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: Компьютер класы, кітапхана қоры, интернет ресурстары, интерактивті тақтаны пайдалану.
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Мамандыққа кіріспе
Пәннің коды: MK 1204
Пәннің типі: Базалық, міндетті компонент
Оқу жылы: 1-оқу жылы
Оқу семестрі: 1
Кредит саны: 1 KZ кредиті
Дәріс беруші : Ташенова Ж.А.- аға оқытушы
Курстың мақсаты: Студенттерге аудармашы мамандығы туралы бағыт беру, тәжірибелі аудармашының басты қабілетін ашу, болашақ мамандықтары туралы өз бетінше іздеу жұмыстарын жүргізуге үйрету, кәсіби аудармашылық қызметтерінің саласы мен ерекшелігі туралы түсініктер беру, кәсіби аудармашының басты біліктілігін ашып көрсету, студенттерді болашақ мамандығы шеңберінде өз бетінше ізденіс зерттеу жұмыстарына машықтандыру.
Деректемелері/Пререквизиттері: жалпы кәсіби шетел тілі, практикалық грамматика, практикалық фонетика.
Курстың/пәннің мазмұны: Қазіргі таңдағы аударманың рөлі мен орны. Аударматанудың жалпы концептуальды негіздері. Филология пәндерінің жүйесіндегі аударма теориясы. Трансформациялық ілім ретіндегі аударма. Аударманың жалпы теориясы. Аудармашылық зерттеулердің әдістері мен тәсілдері. Ақпараттық аударма. Көркем аударма. Мәдениетаралық және тіларалық делдал ретіндегі аудармашының негізгі біліктері: өзге тілдік-қатынастық, әлеуметтанушылық-жеке тұлғалық, жалпы кәсіби, арнайы кәсіби.
Ұсынылатын әдебиет:
1. Актуальные проблемы межкультурной коммуникации и перевода: Материалы международной научно-практической конференции. – Алматы, 2001
2. Алексеева И.С. Профессиональный тренинг переводчика. – М., 2001
3. Брандес М.П., Проворотов В.И. Предпереводческий анализ текста. – Курск 1999
4. Бреус Е.В. Основы теории и практики перевода с русского на английский. М., 1998
Сабақ беру әдістері: Салыстырма-салғастырмалы әдіс, дискуссия, әңгіме, дөңгелек үстел.
Бағалау әдісі: : Әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.
Оқу тілі: қазақ, орыс
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: Компьютер класы, кітапхана қоры, интернет ресурстары, интерактивті тақтаны пайдалану.
Курстың/пәннің/юниттің атауы:Аударма теориясы (ағылшын-орыс/қазақ тілдері)
Пәннің коды: AT 3205
Пәннің типі: Базалық, міндетті компонент
Оқу жылы: 3-оқу жылы
Оқу семестрі: 5,6
Кредит саны:4 KZ кредиті
Дәріс беруші : Бекбулатова С.А.- аға оқытушы
Курстың мақсаты: Аударма ғылымының қазіргі жағдайын, аудармашының іс-әрекетінің негізгі концепцияларын, аударманың әр түрлі типтері мен формаларын, аударманың лексикалық, фразеологиялық, грамматикалық және стилистикалық мәселелерін білуге, аударма ғылымындағы ғылыми идеяларды, концепциялар мен теориялық тұжырымдарды сыни көзқараспен талдауға, нақты мәліметтерді саралай отырып, жинақтап, қорыта білуге, лингвистикалық, энциклопедиялық, лексикографиялық және арнайы әдебиетпен жұмыс істей білуге, практикалық білімді игеріп, оны кейіннен негізгі мамандық бойынша өздік кәсіби және ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуде пайдалану үшін аударматанудың теориялық базасын меңгеруге дағдыландыру.
Деректемелері/Пререквизиттері: Тіл біліміне кіріспе, Аударма ісі мамандығына кіріспе, Оқылатын тіл теориясының негіздері, Аудармашының кәсіби қызметінің негіздері, Ауызекі сөйлеу мәдениетінің практикумы
Курстың/пәннің мазмұны: Аударма теориясының қалыптасуы мен дамуы. Аударма теориясының негізгі ұғымдары. Аудармашылық іс-әркеттің типологиясы. Аударманың эквиваленттілігі. Аударма прагматикасы. Аударма процесі. Аудармалық сәйкестіліктер. Аудармашының тілдік тұлғасы.
Ұсынылатын әдебиет:
1.Алексеева И.С. /Профессиональный тренинг переводчика/Санкт-Петербург. 2005г.
2.Брешко Н. /Основы перевода/Киев. 2006г.
3.Виноградов В.С. /Общие и лексические вопросы/ М. 2006г.
4.Комиссаров В.Н./Введение в современное переводоведение/ М. 2001г.
5.Комиссаров В.Н., Кораллова А.Л. /Практикум по переводу с русского языка на английский/ М. 1990г.
6.Комиссаров В.Н. /Теория перевода/ М. 2002г.
7.Латышев Л.К., Провоторов В.И.. /Структура и содержание подготовки переводчиков в языковом вузе/ М. 2001г.
Сабақ беру әдістері: Мәтніге лингвистикалық талдау, салыстырмалы-салғастырмалы әдіс, синтез, талдау әдісі, трансформациялық әдіс.
Бағалау әдісі: : Әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.
Оқу тілі:қазақ, орыс, ағылшын.
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: Компьютер класы, кітапхана қоры, интернет ресурстары, интерактивті тақтаны пайдалану.
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Ауызекі сөйлеу мәдениетінің практикумы (ағылшын)
Пәннің коды: ASMP2203
Пәннің типі: Базалық, міндетті компонент
Оқу жылы:2- оқу жылы
Оқу семестрі:3,4
Кредит саны:2 KZ кредиті
Дәріс беруші : Бекенова Г.С.- педагогика және психология магистрі, оқытушы
Курстың мақсаты: Мәдениетаралық өзара әрекет жасау субъетілері ретінде студент-аудармашылардың сөйлеу қарым-қатынастарының мәдениетін жетілдіру және қарым-қатынастық және мәдениетаралық біліктілігін қалыптастыру және шетел тілінде коммуникативтік іс-әрекеттің ауызша және жазбаша түрлеріне машықтандыру, пәнді оқыту барысында меңгерген білім мен дағдыларды өз бетінше жетілдіру және тереңдетуге дағдыландыру.
Деректемелері/Пререквизиттері: Базалық шетел тілі, қазақ, орыс тілдері, классикалық тіл, мамандыққа кіріспе, тіл біліміне кіріспе.
Курстың/пәннің мазмұны: Оқылатын тіл елінің ұлттық, әлеуметтік, мәдениеттік ерекшеліктері. Аудармашының кәсіптік іс-әрекетін қамтамасыз ететін тілдік қарым-қатынастың мәдениеті. Аудармашының мәдени-адекваттық стратегиясы мен кәсіптік-бағдарлы жағдайларда сөйлеу қарым-қатынастарының тактикасы.
Ұсынылатын әдебиет:
1.Абдыгаппарова С.К. Культурное многообразие. Практикум по межкультурной коммуникации. Часть 1. Учебное пособие на английском языке. Алматы, 2002.
2. Абдыгаппарова С.К. Язык и культура. Практикум по межкультурной коммуникации. Часть 2. Учебное пособие на английском языке. Алматы, 2002.
3. Barry Tomalin, Susan Stempleski. Cultural Awareness. Oxford University Press.
Достарыңызбен бөлісу: |