Филология факультеті 5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы



бет8/25
Дата15.06.2016
өлшемі1.63 Mb.
#137822
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25

Бағалау әдісі/нысаны: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, электронды білім ресурстары, (РЭМБ – республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана), электронды кітапханалар ресурсы
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Оқытудағы ақпараттық технологиялар

Пәннің коды: Oat 4307

Пәннің типі: Таңдау компоненті

Оқу жылы:3

Оқу семестрі:5

Кредиттер саны:3 KZ кредиті

Дәріс берушінің/профессордың аты-жөні: Жакиш А.

Курстың мақсаты:Курстық мақсаты – ақпараттық коммуникациялық технологияның қазіргі заманға сәйкес ақпараттық жабдықтарын пайдалана алатын, алынған білім мен практикалық біліктілігін ғылыми-жаратылыстану пәндерін оқуда, сонымен қатар, курстық және дипломдық жұмыстарды жазуда қолдана білетін мамандарды дайындау.

Деректемелер/ Пререквизит: Пән бойынша берілетін тапсырмаларды толық меңгеру үшін мектеп курсындағы информатиканы жақсы меңгеру қажет.

Курстың/ пәннің мазмұны: «Оқытудағы ақпараттық технологиялар» курсы ақпараттың құрылымын, жалпы қасиеттерiн, сонымен қатар оны жинау, өңдеу, сақтау, тасымалдау және сипаттау әдiстерiн зерттейдi. Пәндi оқу нәтижесiнде студент мыналарды игеруi қажет:

  • ақпаратты сипаттау және өңдеу, оның құрылымы мен түрлерiн талдау әдiстерiн бiлуi тиiс;

  • компьютерлiк жүйелер мен ақпараттық технологиялардың заман талабына сай жиi өзгерiске түсуiн қадағалай бiлу;

  • ақпараттық технологиялар, қасиеттері, түрлері және т.с.с. тараулардың фундаментальді ұғымдарымен танысу;

  • жаңа ақпараттық технологияның білім беруде қолданылуының тиімділігін бағалау;

  • жаңа ақпараттық технологияларды үйрену методологиясын меңгеру;

  • студенттердi қазiргi заманғы озық әмбебап компьютерлердiң құрылысымен таныстыру және олардың компьютерде жұмыс iстеу дағдысын қалыптастыру;

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Бидайбеков Е.Ы. Информатизация образования в Казахстане. // Алматы: АГУ им. Абая, - 1998. 27 с.

  2. Үсенов С.С. Разработка, оценка качества и применение электронных ресурсов по информатике для студентов вузов. // Монография. Кызылорда 2008г.

  3. Досжанов Б.А. Білім берудегі мультимедиалық технологиялар. Оқу құралы. – Camelot International, 2008.-100б.

  4. Досжанов Б.А. Мультимедиа және оның техникалық құрамы. Оқу құралы. Қызылорда: ҚМУ, 2004-81б.

  5. Норенков И.П., Трудоношин В.А. Телекоммуникационные технологии и сети. М:Изд-во МГТУ им.Н.Э.Баумана, 2000.-248с.

  6. Григорьев С.Г., Гриншкун В.В. Использование мультимедиа технологии в общем среднем образовании./ Интернет издание, 2008.-98с.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі/нысаны: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Мектепте дін тануды оқытуда теориялық және әдістемелік негіздері

Пәннің коды: Mdotan 4308

Пәннің типі: Кәсіптендіру пәндері, міндетті компонент

Оқу жылы:3

Оқу семестрі:6

Кредиттер саны:2 KZ кредиті

Дәріс берушінің/профессордың аты-жөні: Қожамберлиев Б.-филос. ғ.д., профессор

Деректемелер /Пререквизит: Қазақ халқының әл-Фараби, Қожа Ахмет Иасауи, Абай, Шәкәрім, Ы. Алтынсарин сияқты ойшылдары мен ағартушылары өз еңбектерінде адамның ішкі жан дүниесінің қыр-сырын ұғуда, оның қоршаған табиғи және қоғамдық ортамен үйлесімді дамуында, рухани-адамгершілік биік қасиеттерге ие болуында діннің тәрбиелік әлеуетінің аса мол екендігін ашып көрсетті.

Курстың мақсаты:Қазіргі Қазақстанның саясаты әлемде бейбітшілік пен конфессиялық келісім, рухани-парасаттылық құндылықтардың жаңа жүйесін орнықтыруға бағытталған. Бұл поликонфессиялық, полиэтникалық жағдай қазақстандық қоғамда өзекті тақырып. Діндер мазмұнындағы сан ғасырлық рухани құндылықтарды білім мен тәлім-тәрбие жүйесіне ендіру, дәстүрлі діндердің ғасырлар бойы жинақтаған жасампаздық тәжірибесін жастарға беру — бүкілхалықтық қажеттілікке айналды.

Курстың/пәннің мазмұны: Діни ұғымдардың даму тарихы Қазақстан мәдениетінің дамуына және өркендеуіне едәуір әсерін тигізді. «Дінтану негіздері» бағдарламасының басты мақсаты — жастар бойында жалпыадамзаттық рухани құндылықтарды қалыптастыру және олардың әлемдегі бейбітшілік пен келісім үшін өзара түсіністікке негізделген қоғам құруға белсенділікпен саналы атсалысуын арттыру.

Ұсынылатын әдебиет:

Абай. Шығармаларының екі томдық жинағы. — Алматы «Жазушы», 1995.

Алтынсарин Ы. Мұсылманшылықтың тұтқасы. Шариат-ул-ислам /Дайындаған А. Сейдімбеков/. — Алматы «Қазақстан». — 1991. — 80 б.

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІ съезінде сөйлеген сөзі. Кітапта: «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІ съезі». — Алматы «Өнер», 2006. — 136 б.

Діндер үнқатысуы және адамзат тағдыры. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІІ съезінде сөйлеген сөзі. «Егемен Қазақстан» газеті. 02.07.2009.

Құран Кәрим. Қазақша мағына және түсінігі /Ауд. Халифа Алтай/. — Екі харамның қызметкері Фаһд патшаның Құран шәриф басым комбинаты, 1991. — 604 б.

Қазақстан Республикасының Конституциясы. — Астана, 2009.

«Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңы.

Әбсаттар қажы Дербісәлі. Ислам және заман. — Алматы «Дәуір», 2003. — 560 б.

Құдайбердіұлы Ш. Мұсылмандық шарты. — Алматы «Қазақстан», 1993. — 80 б.

Есім Ғарифолла, Артьемов А.И., Қанаев С.З., Біләлова Г.Н. Дінтану негіздері /Оқулық/. — Алматы «Білім», 2003. — 156 с.

Фетхуллаһ Гүлен. Ғаламның Рақым Нұры: Мұхаммед Пайғамбар. — Алматы «Дәуір», 2009. — 647 б.



Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі/нысаны: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, электронды білім ресурстары, (РЭМБ – республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана), электронды кітапханалар ресурсы
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Қазақ тілінің тарихи грамматикасы

Пәннің коды: KKTTG 4209

Пәннің типі: Базалық пәндер, міндетті компонент

Оқу жылы:4

Оқу семестрі:7

Кредиттер саны:2 KZ кредиті

Дәріс берушінің/профессордың аты-жөні: Бекмағанбетов Ш-ф.ғ.к, доцент

Курстың мақсаты:қазақ халқының ұлттық ерекшелігінің негізгі атрибуты болып табылатын ұлттық тілімізді ұлттық рухымыздың, тарихи дамып қалыптасуымыздың, мәдени-әлеуметтік жетілуіміздің, елдігіміз бен мемлекеттігіміздің ежелден қалыптасқан, терең тарихи негізді тірегі ретінде танытылу мақсат етіледі.

Деректемелер/ Пререквизит:Қазақ ілінің тарихи грамматикасы пәні бойынша студенттерге, негізінен, мынадай білім жүйесі ұсынылады: қазақ тілінің тарихи қалыптасу, даму жүйесі, түркі тілдері арасындағы орыны, басқа түркі тілдерінен негізгі фонетика-грамматикалық ерекшеліктері, тарихи даму кезеңдері, тарихи-мәдени түпнұсқа негіздері (көне, орта түркі дәуірлеріндегі жазба деректер), тіліміздің құрылымдық жүйесі, негізгі грамматикалық категорияларының тарихи қалыптасуы.

Курстың/ пәннің мазмұны: Тарихи грамматика – тіл білімінің дербес саласы. Мүнда қазіргі тілдік деректердің, қазіпгі тіліміздің қызмет ету заңдылықтарының тарихи қалыптасу жүйесі жалпы түркі тілдерінің пайда болуы мен қалыптасуының аясында танылады. Алуан түрлі дереккөздерді пайдалана отырып, тарихи грамматика қазіргі тіліміздің дыбыстық және лексикалық арсеналының қалыптасу және даму заңдылықтарын диахрондық сипатта түсіндіреді.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А., 1966.

  2. Қашғари М. Түбі бір түркі тілі. А., 1993.

  3. Аманжолов С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка. А., 1997.

  4. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. Фонетика, морфология. А., 1981 және басқа да басылымдары.

  5. Томанов М. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. А., 1992.

  6. Томанов М. Тіл тарихы туралы зерттеулер. А., 2002.

  7. Қордабаев Т. Томанов М. Тарихи грамматика мәселелері. А., 1975.

  8. Кайдароа А.Т. Структура односложных корней и основ в казахском языке. А., 1986. .

  9. Қазақ тілі тарихи лексикасының мәселелері. А., 1988

  10. Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихы мен даму жолдары. А., 1981.

  11. Ибатов А. Қазақ тіліндегі есімдіктердің тарихынан. А., 1966.

  12. Өмірәлиев Қ. ҮІІІ – ХІІ ғ.ғ-дағы көне түркі әдеби ескерткіштері.А., 1985.

  13. Құрышжанұлы Ә. Тіл тарихы жайында ойлар. А., 2006.

  14. Проблемы этимологии тюркских языков. А., 1990.

  15. Жолдасбеков М. Асыл арналар. А., 1986.

Сабақ беру әдістері: баяндау, сұрақ-жауап, талдау-жаттығу, салыстырмалы, тақтамен жұмыс т.б.

Бағалау әдісі/нысаны: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, электронды білім ресурстары, (РЭМБ – республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана), электронды кітапханалар ресурсы
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Жалпы тіл білімі

Пәннің коды: ZhTB 4210

Пәннің типі: Базалық пәндер, міндетті компонент

Оқу жылы:4

Оқу семестрі:8

Кредиттер саны:2 KZ кредиті

Дәріс берушінің/профессордың аты-жөні: Абасилов А- ф.ғ.к., аға оқытушы

Курстың мақсаты:Студенттредің жеке тіл білімі (Қазақ тіл білімі) бойынша алған білімдерін қорыта отырып, оның бастау көздері мен теориялық негіздерімен таныстыру. Әлемдік тіл білімінің проблемаларымен байланыстыру. Жалпы тіл білімінің теориялық-методологиялық мәселелерінен хабардар ету.

Деректемелер/Пререквизит:Жалпы тіл білімі мамандықтың базалық пәндерінің бірі. Ол: Тіл біліміне кіріспе, Қазіргі қазақ тілі фонетика, лексикология, морфология, сөзжасам, синтаксис, Қазақ тілінің тарихи грамматикасы, Түркітануға кіріспе, Қазақ жазу тарихы, Қазақ әдеби тілі тарихы пәндерімен байланысады.

Курстың/ пәннің мазмұны: Жалпы тіл білімі тіл ғылымының теориялық-медодологиялық негізі болып табылады. Онда алдымен, тіл білімінің қалыптасу, даму тарихы, өзіндік кезеңдері, олардағы лингвистикалық ой-пікірлер, алғашқы тілдік зерттеулерден бастап бүгінге дейінгі лингвистиканың қол жеткен табыстары мен нәтижелері сөз болады. Екіншіден, тіл теориясының негізгі проблемаларынан терең филологиялық білім беру көзделеді.

Ұсынылатын әдебиет:

1.Қалиұлы Б. Жалпы тіл білімі. Алматы: Қазақ университеті, 2005

2.Березин Ф.М. История лингвистических учении. Москва, 1979.

3.Березин Ф.М., Головин Н.Б. Общее языкознание. Москва, 1979.

4.Рүстемов Л.З., Тіл білімінің тарихына қысқаша шолу. Алматы, 1984.

5.Ф. де Соссюр Труды по языкознанию. Москва. 1977.

6.В.фон Гумбольд Труды по языкознанию. Москва. 1978.

7.Лингвистический энциклопедический словарь. Москва, 1980

8.Салқынбай А., Абақан Е. Лингвистикалық түсіндірме сөздік. Алматы, 1999

9.Мажитова Ш. Әлеуметтік лингвистика: Электрон. Оқу-әдістемелік құрал. Қарағанды: Инновациялық - технологиялық орталық, 2009

10.Сулейменова Э.Д.,Шаймерденова Н. Ж. Словарь социолингвистических терминов. Алматы, 2002.

11. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, 1992.

12. Хасанұлы Б. Ана тілі –ата мұра. Алматы, 1992.

Сабақ беру әдістері: баяндау, сұрақ-жауап, талдау-жаттығу, салыстырмалы,

тақтамен жұмыс т.б.



Бағалау әдісі/нысаны: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, электронды білім ресурстары, (РЭМБ – республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана), электронды кітапханалар ресурсы
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Тіл мәдениеті және фразеология мәселелері

Пәннің коды: ТК 4202

Пәннің типі: Базалық пәндер, тандау компоненті

Оқу жылы:4

Оқу семестрі:8

Кредиттер саны:2 KZ кредиті

Дәріс берушінің/профессордың аты-жөні: Сарышева К-ф.ғ.к., аға оқытушы

Курстың мақсаты: «Тіл мәдениеті және фразеология мәселелері» пәнінің мақсаты - студенттерді дұрыс сөйлеуге дағдыландыру, соған орай тіліміздің бағзы заманнан бері қалыптасқан сөйлеу нормасынан, қазақ фразеологизмдерінің шығу арналары мен семантикалық топтарынан, таңбалық - символдық ерекшеліктерінен мағлұмат беру. Тілдік ауытқулардың сырын ашу. Себебін түсіндіру. Болашақ қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдерінің орфографиялық, орфоэпиялық, лексикалық, синтаксистік, лингвистикалық нормаларды игеруін қалыптастыру. Тілдік және әдебиеттік пәндерден алған білімдерін іс жүзінде қолдану дағдыларын қалыптастыру.

Деректемелер/Постреквизит: Тіл мәдениеті және фразеология мәселелері пәні болашақ тіл мамандарына тіл заңдылықтарын терең ұғынуға, көркем шығарма тілін түсініп, оны талдай білуге, шебер тіл орамдары – фразеологизмдерді игеруге дағдыландырады. Тіл мәдениеті тілдің мәдениетке қатысты екенін аңғартпайды, тілдік тәсілдердің кемелдену, ширау, жүйелену дәрежесінің қандай екенін меңзейді. Сондықтан сөйлеудегі, жазудағы тіл жұмсаудың өнегелі үлгілері, сауаттылық, айқын ойлылық, ізеттілік тіл мәдениеті дегенге енеді. Ал фразеологизмдер өз халқыңның ұлттық болмысын терең ұғынуға итермелейді.

Курстың/ Пәннің мазмұны: Тіл мәдениеті және фразеология мәселелері курсы 4 курста, 8 семестрде 20 сағат лекция, 10 сағат практикалық сабақ, 15 сағат оқытушының студенттермен өз бетінше жұмысы (ОСӨЖ) түрінде беріледі. Дәрістердің тақырыбы, семинарлар, рефераттар, баяндамалар, СӨЖ-дің тапсырмалары, бақылау сұрақтары және әдебиеттер тізімі төменде көрсетілді.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Абай тілі сөздігі. –Алматы, 1968 ж.

  2. Байтұрсынов А. шығармалары. – Алматы, 1989 ж.

  3. Балақаев М. Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері. – Алматы, 1969, 1975.

  4. Балақаев М . Қазақ әдеби тілі мен оның нормалары. – Алматы, 1984 ж.

  5. Бейсембаев М.. Тіл мәдениетінің негіздері. – Алматы, 1991ж.

6. Головин Б.Н. Основы культуры речи. – Москва, 1980 г.

7. Дүйсебаева М. Қазақ әдеби тілі орфоэпиясының кейбір мәселелері. Алматы, 1987

8. Жазушы және сөз мәдениеті. – Алматы, 1983 ж.

9. Исаев С.М. Қазақ әдеби тілі орфоэпиясының кейбір мәселелері. – Алматы, 1987ж.

10. Исаев С.М., М.Х. Шаяхметова. Әдеби тілдің нормалары. –Алматы, 1987 ж.

11. Қазақ әдеби тілінің ауызша түрі. – Алматы, 1987 ж.



Сабақ беру әдістері: баяндау, сұрақ-жауап, талдау-жаттығу, салыстырмалы,

тақтамен жұмыс т.б.



Бағалау әдісі/нысаны: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, электронды білім ресурстары, (РЭМБ – республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана), электронды кітапханалар ресурсы
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Құрмалас сөйлем синтаксисінің мәселелері

Пәннің коды:ТК 4204

Пәннің типі: Базалық пәндер, тандау компоненті

Оқу жылы:4

Оқу семестрі:8

Кредиттер саны:2 KZ кредиті

Дәріс берушінің/профессордың аты-жөні: Бекмағанбетов Ш-ф.ғ.к, доцент

Курстың мақсаты: Құрмалас сөйлем синтаксисі - тіл білімінің аса күрделі салаларының бірі. Қазіргі қазақ тіл білімінде бұл категория жаңаша қырынан қарастырылып, соңғы жылдарда бірқатар ғылыми зерттеулер жасалды. Біз өзіміздің 1993-ж. қорғалған «Түсіндірмелі құрылымдағы сөйлемдердің құрылымдық-семантикалық сипаты» атты кандидаттық жұмысымыз негізінде студенттерге кеңейтілген көлемде түсінік беру мақсатында осы арнаулы курс бойынша лекциялар курсын оқып келеміз.

Деректемелер/Пререквизит: Сабақ барысында студенттердің тілдік деректермен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыруға көбірек көңіл бөлу жағы қарастырылады. Қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, құрмалас сөйлем мәселесінің зерттелуіндегі кейінгі жаңалықтарды пайдалану .

Курстың/ пәннің мазмұны: Сабақ барысында студенттердің тілдік деректермен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыруға көбірек көңіл бөлу жағы қарастырылады. Қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, құрмалас сөйлем мәселесінің зерттелуіндегі кейінгі жаңалықтарды пайдалану .

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Аманжолов С. Қазақ тілі ғылыми грамматикасының қысқаша курсы. ІІ бөлім. Синтаксис. А., 1940

  2. Амиров Р.С. Особенности синтаксиса казахской разговорной речи. А., Наука. 1977.

  3. Арғынов Х. Қазақ тілі методикасы. Синтаксис. Пунктуация. А., 1972.

  4. Аханов К.А. Грамматика теориясының негіздері. А., 1972.

  5. Әбілқаев А., Арғынов Х. ҮІ – ҮІІ кластардың «Қазақ тілі» оқулығына арналған методикалық нұсқау. А., 1979.

  6. Байтұрсынов, А. Тіл тағылымы. А., 1992.

  7. Балақаев М. Қазақ тілі грамматикасы. ІІ бөлім. Синтаксис. 1971.

  8. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис. А., 1966.

Сабақ беру әдістері: баяндау, сұрақ-жауап, талдау-жаттығу, салыстырмалы,

тақтамен жұмыс т.б.



Бағалау әдісі/нысаны: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, электронды білім ресурстары, (РЭМБ – республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана), электронды кітапханалар ресурсы
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Қазақ әдеби сынының тарихы

Пәннің коды: ТК 4205

Пәннің типі: Базалық пәндер, тандау компоненті

Оқу жылы:4

Оқу семестрі:1

Кредиттер саны:2 KZ кредиті

Дәріс берушінің/профессордың аты-жөні: Тайманова С-ф.ғ.к., доцент

Курстың мақсаты: Бiр халықтың рухани тiрлiгiн баяндаған уақытта оның ел-жұртқа қалай әсер етiп жатқанын қадағалайтын сынның, сыншылық ойдың туу, даму, қалыптасу сатылырын әңгiмелеу қазақ халқының эстетикалық таным-бiлiгiнiң өрбiп жатқанын, баспасөз жандана бастағаннан кейiн тұрақты орын тапқанын әңгiмелеу студенттердiң жалпы бiлiм қорын молайтумен қатар, сыни ой-пiкiрлерiнiң ұшталуына жәрдем жасауға тиiс. Әдебиет сыны көркем әдебиетпен үзеңгiлес дүниеге келедi. Көркемдiк даму мен эстетикалық талап-талғамның өркендеу процесi уақыт жағынан бiр-бiрiнiң iлгерi-кейiндiлiгiне қарамастан, өзара байланысты болады.

Деректемелер/Пререквизит:

Халық ауыз әдебиеті

Қазақ әдебиетінің тарихы

Әдебиеттің теориясы



Курстың/ пәннің мазмұны: Қазақ әдебиетi сынының тарихы басқа пәндерге қарағанда кейiннен /1972/ енгiзiлген дәрiс. Бiр халықтың рухани тiрлiгiн баяндаған уақытта оның ел-жұртқа қалай әсер етiп жатқанын қадағалайтын сынның, сыншылық ойдың туу, даму, қалыптасу сатылырын әңгiмелеу қазақ халқының эстетикалық таным-бiлiгiнiң өрбiп жатқанын, баспасөз жандана бастағаннан кейiн тұрақты орын тапқанын әңгiмелеу студенттердiң жалпы бiлiм қорын молайтумен қатар, сыни ой-пiкiрлерiнiң ұшталуына жәрдем жасауға тиiс.Әдебиет сыны көркем әдебиетпен үзеңгiлес дүниеге келедi.Көркемдiк даму мен эстетикалық талап-талғамның өркендеу процесi уақыт жағынан бiр-бiрiнiң iлгерi-кейiндiлiгiне қарамастан,өзара байланысты болады.1972 жылы “ Әдеби - көркем сын туралы” арнайы қаулы қабылданды.Эстетикалық ойды тереңдетудiң бiр жолы – сыншы кадрлар даярлау мәселесiне айрықша назар аударылып, ол мiндеттiң негiзгi салмағы университеттерге жүктелдi.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Кәкішұлы Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы А,1994.

2. Ысқақұлы Д. Сын шын болсын А,1993.Сын жанрлары А,1999.,Сын талқы А,2003

3. Алпысбаев Қ. Көркем шығарманы талдау жолдары А,1995

4. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш А,1989

5. Қабдолов З. Сөз өнеріА,1992:2002

6. Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық талдау

7. Нұрғалиев Р. Айдын А,1985.

8. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы А,1994.

9. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы А,1979.



Сабақ беру әдістері: баяндау, сұрақ-жауап, талдау-жаттығу, салыстырмалы,

тақтамен жұмыс т.б.



Бағалау әдісі/нысаны: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, электронды білім ресурстары, (РЭМБ – республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана), электронды кітапханалар ресурсы
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті

Пәннің коды: ТК 4208

Пәннің типі: Базалық пәндер, тандау компоненті

Оқу жылы:4

Оқу семестрі:8

Кредиттер саны:3 KZ кредиті

Дәріс берушінің/профессордың аты-жөні: Әйтімов Б- ф.ғ.д., профессор

Курстың мақсаты: Тәуелсіз жылдардағы тарихи романдарды оқыту- ХХ ғасырдың 90-жылдары мен ХХІ ғасырдың бас кезіндегі қазақ прозасына қосылған жаңа романдар. Поэтикасына тән тарихи шындық пен көркемдік шешім мәселелерін арнайы жүйелене қарастыру үшін

Деректемелер/ Пререквизит: Тәуелсіз жылдардаындағы қазақ әдебиетін оқыту болашақ мамандарға еліміздің соңғы он бес жылдағы қазіргі қазақ романдарындағы ұлттық және жалпы азаматтық өркениет жетістіктерімен деңгейлес ерекшеліктерін тани алады.

Курстың /Пәннің мазмұны: Бағдарлама сөз өнері дамуының тарихын әдеби шолу және монографиялық тақырыптар ауқымда оқытуды көздейді.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Назарбаев Н.Ә. «Ғасырлар тоғысында».-Алматы:Өнер,1996,-272 б.

  2. Байтұрсынов А. Ақжол: Өлеңдер мен тәржімелер,публ.мақалалар және әдеби зерттеу.-Алматы:Жалын,1991.-464б.

  3. Методология анализа литературного процесса.-М.:Наука,1989.-237 с.

  4. Әуезов М.О. Уақыт және әдебиет.-алматы:ҚМКӘБ,1962.-427 б.

  5. Мұқанов С. Өсу жолдарымыз.-алматы:ҚМКӘБ,1960.-998 б.

  6. Дәдебаев Ж. Өмір шындығы және көркемдік шешім.-Алматы:Ғылым,1991.-208 б.

  7. Дәдебаев Ж.Жазушы еңбегң.-Алматы:Қазақ университеті,2001,340 б.

  8. Бердібаев Р.Қазақ тарихи романы.-алматы:Ғылым,1979.-240 б.

  9. Бердібаев Р.Роман және заман.-алматы:Жазушы,1965.-250 б.

  10. Хасенов М. Ұнамды образ және типтендіру.-Алматы:Ғылым,1966.-280б

  11. Атымов М. Идея және композиция.-алматы:ғылым,1970-232 б.

  12. Атымов М. Қазіргі қазақ романдарындағысюжет пен композиция мәселесі.-Алматы:Ғылым,1978.-270 б.

  13. Ахметов З. Поэтика эпопеи «Путь Абая» в свете истории ее создания.-Алматы:Наука,1984.-254 с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет