1.1 Қазақ әдебиетіндегі тұғырлы тұлға-Дулат Исабеков
Дулат туралы сөз
Дулат шығармашылығы жазушылық ұстанымына тән бір ерекшелігін айтпай кетуге болмайды.
Ол – Дулаттың түптің түбінде кішкентай адамдардың тағдыры жөнінде үлкен бастауды Бальзактан алып, оны кейін орыстың ұлы жазушылары Гоголь, Достоевский, Чехов, Горькийлер мейлінше жеткізіп, жан-жағынан алып, кең қамтып жазып еді. Жазушының шығармалық өмір жолы 1963 жылдан басталады.Ең алғашқы болып «Жолда» атты әңгімесі Замандастар атты әңгімелер жинағында басылып шығады.Содан кейін,Жас Алаш газетінде «Шойынқұлақ» әңгімесі жазылады.
Арада өткен үш жылдан кейін «Бекет» деп аталатын повесі мен әңгімелері жарық көреді.Кейін көптеген шығармалары жарық көреді атап айтатын болсақ, «Мазасыз күндер», «Қара шаңырақ», «Тіршілік» т.б.Дулат Исабековтың әңгімелерінде,шығармаларында ұлттық таным бар.
Исабеков әңгімелері жақсы сомдалған кейіпкер бейнесі,қапысыз тартылған оқиғалар желісі,ең бастысы қоғамның әлеуметтік тіршілік тынысын дөп басып айту сияқты сипаттар Д.Исабеков шығармаларына тән келеді.Қаламгер өз оқырманының жан дүниесіне үңіле отырып,адам тағдыры,ұлт бейнесін мысқылмен жақсылап жеткізеді.Әдебиетіміздегі еркін жазушы,қарқынды қаламгер бүгінде ұлттық өміріміздің өзекті мәселелерін шығармаларында арқау етіп,тақырыптың өзін адам тағдырымен байланыстыра,бағындыра бейнелеуге жете көңіл бөледі.
5
1.2 Күрделі сөздер және олардың жасалуы жолы.
Күрделі сөздер әрқилы жолмен жасалады.Көптеген күрделі сөздер о бастағы тұлғаларын өзгертіп,әрі дыбыстық,әрі мағыналық жақтан мағыналық қатты өзгеріске ұшырауы мүмкін.Осындай өзгерістердің нәтиежесінде мұндай сөздер бір-біріне кірігіп,ықшамдалады:биыл-бұл жылы,сексен-сегіз он,тоқсан-тоғыз он.Байқалып отырғандай,бұлар бір ғана екпінмен айтылып,қатты өзгерген,бұлардың жеке дара сөз болғанын тек этимологиялық талдау арқылы ғана анықтауға болады.Мұндай сөздерді А.Ысқақов «кіріккен сөздер»,түркологтар біріккен сөздер деп атайды.
Біріккен сөздер деп отырғанымыз құрамындағы компонеттері мағыналық және дыбыстық жақтан қатты өзгеріске ұшырамай тұтасқан сөздер.
Кіріккен сөздер болса,мағыналық жағынан бейлексикаланған,дыбыстық жақтан қатты өзгерген сөздер.К.Аханов оларды күрделі сөздер қатарына қосады.Қазіргі қазақ тілінің орфографиясы бойынша олар бөлек жазылады.Мысалы:тоқ ішек,су жылан,боз қырау,боз жорға,көк жөтел,тау ешкі т.б.К.Аханов күрделі сөздер қатарына жатқызғанымен,оларға синтаксистік тіркес деп қарамайды.Бұдан шығатын қорытынды біреу:ол орфографиялық белгісіне,яғни жазылуына қарап күрделі сөздерге жатқызу.
Күрделі сөздер әртүрлі сөз табына тән.
Мысалы,күрделі сын есімдер:қызыл ала,көк ала,қара көк,қара сұр немесе шошақ сақалды,кең маңдайлы,қасқыр ішекті, түлкі тымақты т.б.
Біріккен сөздер
Кіріккен сөздер
Күрделі сөздердің түрлері: Қос сөздер
Қысқарған сөздер
Ғ.Бегалин мен Н.Сауранбаев «Қазақ тілінің грамматикасы» еңбегінде күрделі сөздерді үш топқа бөледі.біріккен сөздер,қос сөздер,қысқарған сөздер.Сөздердің қайталануы жаңа сөз тудыру амалы ретінде қарастырады.Қос сөздер құрылысына қарай:
Достарыңызбен бөлісу: |