Филология және педагогика факультеті Қазақ филологиясы кафедрасы


2.1 Күрделі сындық ұғымға анықтама беру



бет5/14
Дата23.11.2022
өлшемі108.57 Kb.
#465585
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Базарбайқызы Көркем КОК203

7
2.1 Күрделі сындық ұғымға анықтама беру.
Сын есім-заттың сындық белгісін білдіретін сөз табы.Сондықтан ол зат есімнің алдынан ешбір қосымшасыз келіп тіркесіп келіп сөйлемде анықтауыштық қызмет атқарады.
Сын есім қолданыста заттық мағынаны да білдіре алады,ол сын есімнің заттануы деп аталады.Сын есім сөйлемде келіп анықтауыштық,пысықтауыш,баяндауыш қызметін атқарады.Заттанған сын есім сөйлемнің барлық мүшесі бола береді.
Дара және күрделі сын есімдер
Дара сын есімдер құрамы бірсөзден тұратын сындық мағыналы сөздер аталады.
Күрделі сын екі немесе одан да көп сөзден құралып,бір сындық ұғымды білдіретін сөздер.
Сын есімнің аналитикалық формасы толық мағыналы сөзбен көмекші сөздер тіркесуінен туындайтын және сөздердің орын тәртібі арқылы пайда болатын грамматикалық форма.Мәселен,сын есімнің аналитикалық формасы ең ақылды,тым қымбат т.б.Сын есімнің шырайларының тым,көрікті,күшті түрінде келуі аналитикалық тәсілің жалғамалы тілдерге жат емесін көрсетеді.Асырмалы шырай жалғанғанда көмекші дербес сөзге ешбір қосымшасыз алдынан тікелей тіркеседі.Мысалы:ең қиын,өте ауыр,тым үлкен т.б.
Сын есімнің семантикалық топтары.
Семантикалық мағыналары мен грамматикалық ерекшеліктеріне орай сын есімдер сапалық және қатыстық сын есімдер деп аталатын екі топқа бөлінеді.
Қатыстық сын есімдер деп басқа бір заттың белгісі мен амалдың қатысы арқылы заттың қасиетін,белгісін,сапасын білдіретін сын есімдерді айтамыз.
Сын есімнің жасалу жолдары.
Құрамы мен жасалу жолына қарай сын есімдер негізгі және туынды болып екіге бөлінеді.
Туынды сөздерге беріліп жүрген анықтамалар бойынша туынды сөз түбірлерге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөздер.Туынды түбірден,басқада грамматикалық тұлғалардан туынды сын есімдер тудыруға болады.
8
Күрделі сынның жасалуы жолдары:
Сапа сындарының бір бірімен тіркесуі арқылы күрделі сыннан жасалуы.
Сапа сыны мен қатыстық сынның тіркесуінен жасалады.
Қатыстықсын мен қатыстық сынардың тіркесп келуінен жасалынуы
Сын есім бір бірімен қосарланып келіп жасалуы
Күрделі сындар туралы 1952 жылы А.Ысқақов пен К.Аханов авторлық етіп «Күрделі сын есімдер» деген термин ғылыми айналымға енді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет