Филология және педагогика факультеті Қазақ филологиясы кафедрасы


«Ағайындылар» әңгімесінде кездесетін күрделі сындық ұғымдар



бет10/14
Дата23.11.2022
өлшемі108.57 Kb.
#465585
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Базарбайқызы Көркем КОК203

«Ағайындылар» әңгімесінде кездесетін күрделі сындық ұғымдар.
Той-думан тарқап,кісі аяғы басылған соң,біз үйреншікті жұмысымызға кірістік те,ағамның үй ішімен тату-тәті өміріміз жалғаса берді...
«Қойшы,Камал бала болып кетттің бе? Ұят-ай,сырықтай келген жігіт осылайша еркелей ме екен?»-деуін десе де,күректей-күректей алақанымен шашымды сипап қоюшы еді...
Менің жеңешем алтын адам шіркін,жүрегі кең-ақ күлімсіреген жүзді қашанда жымия қарап тұрады.Нұржан,қолыма шойындай зіл фонарды алып депо жаққа кетемін.Үйде Шолпан мен Жамал қалады...
Алғашқы кезде қызылшақадай жас нәрестеден бойымды алып қашушы едім.Балаға қарап отырып: «Қойшы,осы да адам бола ма екен?»деген сөзіме ауыл кемпірінің бірі:Не дейді мына дода бас?Құдай қаласа әлі-ақ жігіт бола келеді...
Өстіп жүріп,жұмыста болған кездерімде Сүгірдің сүп-сүйкімді тәті қылықтарын көз алдыма елестетін болдым.Қазір,жеңіл-желпі жұмыстарымды көмекшілеріме тапсыра салып,үйге жетуге асығатын болыппын...
Қазір қарасам,осы ойымның өзі ағам екеуміздің арамызда,жас ұйыған сүттей,жаңа-жаңа пайда болып келе жатқан қарғыс атқыр бөлектенудің алғашқы нышаны екен ғой..

19
Менің бұрынғы еркелігімнің електегі ұндай таусылып,ақыр соңында біржолата тыйылғанын ол «есейген соң басылғаны болар» дегенге балап,дәл бұрынғысындай Сүгірді аймалап,тіпті оған деген махаббаты менікінен де асып түсіп,ешнәрсені байқамай жүре берді...
Егер де,ешқандай жағдай кездеспей,өмір дәл осы қалпымен ғана бергенде,әлі ешқайда ұзамай қойған теріс сезімді жөнге салып,бізде тату-тәтті өмірімізді жалғастырар ма едік,қайтер едік...
Бірдеңе деуге оқталып тұрдым да,түнеукүндегідей бетімнен алып,тілін тигізер деп үн қатпадым...Осындай шым-шытырық белгісіз сұрақтар басымды шырмап алды да,бірде-біріне жауап таба алмай дал болдым.Есіме осыдан бес-алты күн бұрынғы
Жамалдың мен келгенде тамақты үйге әкеліп бергені түсе кетті. «Мұның қалай?»-деген сұрағыма: «Шаршап келдің-ғой,осынан-ақ іше сал»-деп еді.Демек,сол күні тамақты бөлек-бөлек жасаған екен-ғой!Әттең сонда білсемші,қазанымен төңкеріп тастар едім...
Мен оған ашулы жүзді түріммен жалт қарағанымда,ол шошып кеткендей көзін төмен түсіре қойды...
Осы кезде мен оның алып алпамсадай иығына бар денеммен асыла кеттім.Жоқ,бармаймын,бармаймын ол жаққа!Керегі жоқ маған!-деп айқайлап жібердім.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет