Философия және Саясаттану факультеті Жалпы және этникалық психология кафедрасы


дәріс. Вербальды емес қатынастың (ым, ишара, жүріс,) ерекшеліктерін зерттеу



бет12/23
Дата26.04.2024
өлшемі96.18 Kb.
#499944
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23
толык умкд карым-катынас Текстовый документ OpenDocument

6 дәріс. Вербальды емес қатынастың (ым, ишара, жүріс,) ерекшеліктерін зерттеу
7 дәріс. Қарым-қатынас - ақпарат алмасу ретінде
Коммуникаторлар мен реципиенттер
8 дәріс. Тұлғаның қарым-қатынасындағы эмоциялық күйлерінің бірлескен іс -әрекетке әсері
Бірлескен іс-әрекеттегі қарым-қатынаста тұлға аралық қатынастардың дамуы бірнеше кезеңнен тұрады: таныстық; жолдастық;достық.
Осылардың ішінде бірлескен іс-әрекеттегі эмоциялық-экспрессивті жағы достықты бөліп қарауға болады. Тұлғааралық қатынастардың даму механизімінің бірі ретінде жеке адамның қайғырып қамығуына жауап беру-эмпатияны атаған едік.Қарым-қатынастағы эмпатияның бірнеше деңгейі бар:
- Бірлескен іс-әрекетте басқа бір адамның психикалық жағдайын түсіну (өз жағдайының өзгерісінсіз );
- Бірлескен іс-әрекетте басқа бір адамның жағдайын түсініп ғана қоймай,сол жағдайды бөлісу.
- бастапқы екі деңгейді біріктіреді.
Эмпатияның осы үш деңгейінің арасында өте күрделі эрархиялық түрде ұйымдасқандықтан бірлескен іс-әрекеттер бар. Эмпатияның әртүрлі формалары мен оның интенсивтілігі субьектіге ғана емес, сонымен қатар араласу обьектісіне де тән.
М.И. Тимофеевтің «Іскерлік қарым-қатынас» атты оқу құралында бірлескен іс-әрекетті жүйелендіру қарым-қатынастағы адамдардың бірін – бірі қабыладау ерекшеліктеріне байланыстылығын көрсете келе, ол мынандай анықтамалар береді. Әлеуметік перцепция адамдардың жалпы объектілерді қабылдауы, түсінуі және бағалауы. Өзін-өзі және басқа адамдарды бағалау кезінде әлеуметтік мәртебесі, қоғамдағы рөлі мен ықпалы бағаланады. Тұлғааралық перцепция бірлескен іс-әрекеттегі қарым-қатынаста адамдардың бір-бірін тәрбиелеуі, тануы және түсінуі процесі болып табылады. Перцептивтік дағдылар бірлескен іс-әрекетке түсушілердің көңіл-күйін оның вербалды (сөздік) және вербалді емес әрекеті арқылы түсіне білу шеберлігінде көрініс табады.
Адамдардың бір-бірін эмоциялық қабылдауы аттракция, эмпатия және рефлексия түсініктерімен сипатталады.
Тұлғааралық аттракция - бір адамдарға басқа адамдардың артықшылық беруі, адамдар арасындағы өзара тартылу, өзара жағымдылық процесі. Бұл эмоциялық бағалау біршама тұрақтылық сипатта болады және адамдар арасындағы қарым-қатынастың негізгі факторының бірі болып табылады. Эмоциялық бағалау «жақсы көреміннен» «жек көремінге» дейінгі бар дипазонды қамтиды. Тұлғааралық аттракция процесіне сыртқы және ішкі факторлар анағұрлым қатты ықпал етеді. Сыртқы және ішкі факторларға мыналар жатады: Аффилиацияға деген қажеттілік - бұл басқа адамдармен қанағаттандырылған қатынас құруға деген қажеттілік, ұнауға, назарды аудартуға, өзіңді құнды және маңызды тұлға ретінде сезінуге деген ұмтылыс.
Халқымыздың «Сені өзгелер түсіне білсе – сол бақыт» дейтіні бар. Қарым-қатынас кезінде адамның екінші адамды тек қабылдап қана қоймай, оның ойын, қылықтары мен іс-әрекетін ұғынуға талпынуы шарт. Бірлескен іс-әрекетте бөтен бір адамды түсіну, сол сияқты өзіңді түсіну – қабылдаудың психологиялық механизміне сәйкес жүзеге асырылады. Осы механизмдерді қарастырсақ:
Идентификация (латын тілінен аударғанда теңгеру дегенді білдіреді) – бұл өзіңді өзгеге бейімдеу құблысы. Яғни, серігіңді түсіну үшін өзіңді соның орнына қойып көруің. Бұл механизм бізге өзге бір адамның құндылықтарын, қылықтарын, тәртібін түсінуге мүмкіндік береді.
Эмпатия (латын тілінен аударғанда жағдайын сезіне білу дегенді білдіреді) – бұл өзге бір адамның басындағы күйді кешу емес, соған өзіңнің эмоционалдық жауабың, түсінуге ұмтылуың, қосылып қабылдауың. Эмпатия адамның ішінде не болып жатқанын дұрыс түсінуге, жағдайды дұрыс бағалауға негізделген. Эмпатия өмірлік тәжірибемен бірге дамып отырады. Көргені көп, естігені мол адамдар жастарға қарағанда екінші бір адамның тап болған жағдайын, басындағы ауыртапылығн дұрыс ұғынып жатады.
Аттракция (латын тілінен аударғанда – тарта білу, қарата білу дегенді білдіреді) – біреуді түсінуге тырысуда жақсы қасиеттерге негізделу құбылысы: яғни, симпатиядан махаббатқа дейін. Мұндай жағымды эмоционалдық қарым-қатынастың орнауына екі адамның ішкі және сыртқы күйлерінің сәйкестігі себепші. Мысалы, жас адамдар өздерінің айналасындағы ересектерге қарағанда өз замандастарын дұрыс ұғынады.
Серігіңді дұрыс қабылдауда оның саған деген қарым-қатынасы қандай, сені қалай қабылдайды, осыны да ескерген жөн. Бұл жағдайда психологияда рефлексия деп аталатын менханизм жұмыс істейді. Рефлексия (латынша – қайта қайырылу дегенді білдіреді) – бұл сені серігіңнің қалай қабылдайтынын ойлап көру құбылысы. Бұл жағдайда бар көңіл екінші адамға емес, енді өзіңе ауа бастайды. Яғни, өзімізді өзіміз бағалай бастаймыз. Соның нәтижесінде қарым-қатынасқа екі емес, алты адам түсіп отырғандай әсер қалдырады: «Мен», шын мәнінде қандаймын, «Мен», өзімді өзім қалай көремін, «Мен», қалай мені серігім көреді.
Бұл түсініктерді М.И. Тимофеевтің «Іскерлік қарым-қатынас» еңбегінде эмпатия бұл басқа адаммен бірге алаңдау, әңгімелесуші не сезінсе, соны сезіне білу қабілеті, оны «ақылмен» емес «жүрекпен» сезе білу. Бұл жерде бізге аса жағымды емес адамға да алаңдаушылық білдіреді. Қарым-қатынас процесінің келесі кезеңі-санасыз «рефлексия». Рефлексия адам санасының өз-өзіне шоғырлану қабілеті. Қарым-қатынас контекстінде рефлексия қарым-қатынастың берілген актісінде өз ұстанымыңды талдау кезеңінде қосылады. Стереотиптендіру өткеннен кейін бірлескен іс-әрекетке түсушіге реакция механизмі қосылады. Адам саналы немесе санасыз түрде қорғанысқа, не анағұрлым тығыз қатынасқа түсуге дайындалады, немесе керісінше, ол жайбарақаттанып, қарым-қатынасқа түсуге қуанады және өзін-өзі ашуға дайын болады деген [179. 9 б.]. Тимофеев М.И. 2004
Көп жағдайда біз адам туралы толық ақпаратты біле бермейміз. Соның кесірінен оның қылықтарын, іс-әрекетін түсіндіруде өзіміз ойлаған ақпаратты алға тартамыз. Бұл каузальды аттрибуция (латын тілінен аударғанда себеп пен соған көңіл бөлемін дегенді білдіреді) деп аталады. Бір адамдар орын алған келеңсіз жағдайға кінәлі өзі емес, өзге біреу деп есептейді. Мысалы, емтиханнан жақсы баға ала алмай қалса, бұған мұғалімді кінәлайды. Мұндайды тұлғалық аттрибуция деп атайды. Енді біреулер бұған кінәлі адам емес, сол тұстағы жағдай деп қабылдайды. Мұны жағдай аттрибуциясы деп атайды. Мысалы, сабаққа кешігуінің себебі – өзінің ерте шықпағанында емес, автобустың уақытылы жүрмеуінде. Үшінші біреулер стимулды аттрибуциядан көреді, яғни кәні зат деп есептейді. Мысалы, азық-түлік салынған сөмке құлап қалды, оған сөмке дұрыс тұрмағаны себеп.
Мұнымен қоса, біз ішкі және сыртқы аттрибуцияға да кезігіп жатамыз. Мысалы, емтиханнан жақсы баға алып, оны сол адамның білімінң жоғарылығы, ойлау қызметінің артықшылығы деп түсіндірсек, мұның ішкі аттрибуция болғаны; ал егер бұған оңай билеттің түсуі, не емтихан барысында шпаргалка қолдануға мүмкіндіктің болуы деп ұғынсақ, сыртқы аттрибуция.
Каузальды аттрибуцияны зерттеу барысында психологтар мынадай қызық жәйтті анықтаған: адамдар көп жағдайда оң нәтижелерді - өздеріне, ал жағымсыз нәтижелерді - жағдайға телиді екен.
Сонымен қоса, стереотиптеу (грекше – қатты, белгі, із) деген түсінік бар. Стереотип – бұл адамның не құбылыстың тұрақты бейнесі, яғни аз ақпарат болғанда біздің жүгінетін жаңсақ нанымдарымыз. Көптеген стереотиптер біздің санамызда ата-аналарымыздың берген тәрбиесі арқылы қалыптасады.
Этникалық стереотиптер әрдайым дұрыс бола бермейді. Мысалы, ағылшындардың сыпайы болатыны туралы, славяндықтардың құпиялылығы туралы стеоретиптер. Этникалық стереотиптер фольклорда, анекдоттарда көп көрініс табады.
Кәсіби стереотиптер тұрақтырақ болып келеді. Мысалы, сол салада істемей-ақ, біз математиктердің қателеспейтінін, әскерилердің тәртіпті жақсы көретінін, сатушылардың – алдампаз болатынын, шенеуніктердің бюрократтығын білеміз. Яғни әр саланың өз нанымы бар.
Қарым-қатынастағы бірлескен іс-әрекет адамдардың бір-бірін дұрыс түсініп, ұғына білгенінде, серігінің қандай екенін анық білгенде нәтижелі болады. Бұл өз кезегінде іскерлік қарым-қатынас мәдениетін арттырады.
Бұл фактордың ықпалы сонда, әр түрлі тең жағдайлар кезінде адамдар бір-біріне кеңістік жағдайында неғұрлым жақын болған сайын олардың өзара тартымдылығы мүмкін болады. Бұны анағұрлым тығыз араласатын адамдарда ортақ ақпараттар, ортақ сұрақтар мен мәселелер болуымен түсіндіруге болады.
Тұлғааралық аттракцияны өлшеу әдістері. Дж. Морено «социометриялық тест» ұсынды. Адамға ол қандай да бір жұмысты немесе әрекетті орындағысы келетін адамды, сонымен қатар қандай да бір істі атқарғысы келмейтін адамды (сіз кімді басшы ретінде көргіңіз келер еді? Сіз кіммен демалысты өткізгіңіз келмейді?) атауын ұсынады. Социограмма топ мүшелері арасындағы тұлғааралық артықшылық берулер туралы ақпаратты жалпылайды, сонымен қатар олардың арасындағы коммуникативтік байланыстарды анықтайды.
Адамдар арасында тарихи қарым-қатынас бәрінен бұрын тікелей бірлескен еңбек іс-әрекетінде пайда болды және құралды. «Қарым-қатынас» сөзінің түп төркіні сол, «бірлескен» деген сөз. Іс-әрекет және қарым-қатынас адамның әлеуметтік тұрмысының екі жағын бейнелейтін екі бірдей мәнді категория ретінде қарастырылуы мүмкін. Қарым-қатынас іс-әрекеттің алғышарты, жағдайы, ішкі немесе сыртқы факторы рөлін атқаратын жақтары ретінде ұсынылуы мүмкін [180. 16 б.]. Лобанов
Әрқайсымыз адамдармен қарым-қатынас барысында өзіндік қиялға ие боламыз, әрқашанда сыртқы белгілері бойынша олардың ішкі психологиялық жағдайын қайта жасап отырамыз. А.А. Бодалев пайымдауынша: «Сезімдер мен ойларды ойша қайта жасау индивидте өзге адаммен тікелей бірлескен іс-әрекет барысында жүзеге асады. Бұл жағдайда қиял іс-әрекеті индивидуум әрекеттерін, сөйлеу мазмұнын, өзге тұлғанның іс-әрекет қасиетін тікелей қабылдау негізінде өтеді» [181. 52 б.]. Кан-Калик В.А.
Студенттердің жоғары оқу орнындағы жетістігі таным және қарым-қатынастада даму нәтижесі деңгейінің барлық психикасының негізгі құрылымымен байланысты, олар бірлескен іс-әрекеттегі: интеллектуалды, эмоциялық, мотивациялық және т.б. Әлеуметтік жетілудің бірінші факторының мазмұны барлық психика құрылым асты зерттеліну көрсеткіштерімен анықталады: зейін, интеллект, мінез-құлықтың эмоциялық-ерік бейнесін сипаттайтын тұлғалық ерекшеліктер, сонымен қатар бағытталудың құрылым асты көрсеткіштері болып табылады.. Одан басқа бұл факторға белгілі мөлшерде тұлғаның әлеуметтік тәжірибесінің сипаттамасы және жасерекшелік көрсеткіші де кіреді. Бұл фактордың көрсеткіш кешені адамның үйлесімді тұлғааралық бірлескен іс-әрекеттегі қабілеттілігі немесе қабілетсіздік бейнесі туралы түсінікпен сәйкестенеді [182. 7 б.]. Сиомичев А.В.
Қатынас – бұл субьектілердің қоршаған әлем обьектісімен немесе басқа субьектімен өзіндік байланыс, нәтижесінде пайда болатын олардың тікелей бірлескен іс-әрекеті яғни бір жақты рационалды таным немесе эмоциялық және мінез-құлықтық формада сақталуы. Біз қарым-қатынас бойынша серіктесімізге өзіміздің сөзіміз, эмоция және әрекетіміз арқылы оған деген қатынасымызды жеткіземіз.
Тұлғаның дамуы – бұл бір сәтке де тоқтамайтын және әр түрлі биологиялық (тұқымқуалау) және әлеуметтік (орта, тәрбие) факторлардың ықпалымен жүзеге асырылатын үздіксіз процесс.
Психология ғылымында “өзін-өзі түсіну” термині “өзін тану”, “өзіне қарым-қатынас”, “өзіне талдау жасау” сияқты түсініктерге қатысты қолданылады. Дэймон мен Харттың еңбектері арқасында өзін-өзі түсіну бөлімдері шетелдің даму психологиясының жаңа оқулықтарына бөлім болып енгізілді. Эмоциялық жағдайлар өзін-өзі түсінудегі дамумен тығыз байланысты. Осылайша эмоциялық аймақтың қалыптасу прогресі 2-3 жаста байқалады, осы уақытта балалар өзінің психикалық және физикалық менін сезіне бастайды.Уақыт өткен сайын өзін-өзі түсіну қиындатыла бастайды және тұлғанаң дамуына әсерін тигізеді [183. 105 б.]. Романова А.И.
Ендеше, тек эмоциялық ой бар, бұл ізденіс, рухани және шын мәніндегі белсендірілген ойлау. Эмоция дегеніміз - адамдар мен жануарлардың өз айналасындағы ортамен қарым-қатынасы негізінде пайда болатын шағын жағдайлық көңіл-күйлер. Эмоция термонологиясы қазіргі психологияда өте бай: эмоция, сезім, уайымдау, жоғарғы сезім, көңіл-күй, аффект, қарым-қатынас, эмоциялық реакция, эмоциялық жағдай ретінде және ол тұрақты факт болады [184.145 б.]. Буров А.И.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет