Философия және Саясаттану факультеті Жалпы және этникалық психология кафедрасы



бет8/23
Дата26.04.2024
өлшемі96.18 Kb.
#499944
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23
толык умкд карым-катынас Текстовый документ OpenDocument

Қолданылған әдебиеттер;
1.Выготский Л.С. Мышление и речь // Соч.: В 6-ти т. -М.: Педагогика, 1982. - Т.2. - С.49 – 108.
2 Самойленко Е.С. Основные направления экспрементального исследования речи в ситуации общения./ Психологический журнал №4,1985 с. 153-158.
3.Джакупов С.М. Психология познавательной деятельности. – Алма- Ата, 1992. – 195 с.
4.Эльконин Д.Б. Психическое развитие в детских возрастах-М.: Изд-во “Институт практической психологии”,1995.- 416 с.
5.Тоқсанбаева Н.Қ. Оқытудағы қарым-қатынасты ұйымдастыру жеке тұлғаны қалыптастырудың негізгі факторы ретінде.әл-Фараби ат. Қаз.ҰУ-нің Хабаршы \\ Алматы.2006 ,№3/4.8-13 бет.
6.Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. - М: Политиздат, 1977. - 304 с.
3 дәріс
Тұлғаның жас ерекшелігіндегі бірлескен іс-әрекеттің қарым– қатынастағы маңыздылығы мен стилдерін теориялық талдау
Қарым-қатынас формалары әлі күнге дейін әрбір жас ерекшелігіндегі қарым-қатынастың нақты, тұтас, мазмұндық сипаттамасын жасауға мүмкіндік беретін бір ғана практикалық тәсіл екендігін ескерген жөн. Сол себепті мектепке дейінгі жас ерекшелігі тәжірибесінде айтарлықтай маңызға ие.
Әрекет құрылымына келесі элементтер кіреді: іс-әрекет заты, мақсаты, мотиві, осы іс-әрекетті жүзеге асырушы операциялар; берілген іс-әрекетті орындау үшін субъектіге қажетті ақпараттар мазмұнынан тұратын іс-әрекеттің бағдарлы негізі. Іс-әрекет функционалды деңгейде, кез-келген жүйе сияқты орындаушылық (жұмысшы), бағдарлы (реттеуші), бақылау және коррекциялы бөлімдерден тұрады [45. 4б.]. Талызина Н.Ф.
Бірқатар авторлар жаңа техникалық және ғылыми жетістіктерге негізделген қарым-қатынастың өзіндік стильдерін анықтады:

  • жанама стиль (баланың компьютермен жұмысында, оқушыларға және ата-аналарына сауалнама жүргізу);

  • интуитивті, биоэнергетикадағы жақсы білімге негізделген.

Кеңестік және шетелдік еңбектерді талдау сонымен қатар өзара әрекет етуші серіктестердің қарым-қатынас стильдерінің әсіресе өндіріс саласындағы бірлескен іс-әрекет тиімділігіне ықпалын зерттеген еңбектерде бар [46. 9 б.]. Аргентова Т.Е. Тек кейбір зерттеулерде ғана тұлғаның жеке коммуникативтік сипаттамаларының бірлескен іс-әрекет тиімділігіне, жетекшілік пен басқару сәттілігіне ықпалы зерттелген (Н.Н.Обозов, О.В.Аллахвердова, А.Л.Журавлев, Ю.А.Ханин). Қарым-қатынас стилінің өзі қарастырылатын еңбектерде ол не бірлескен іс-әрекет тиімділігіне тигізетін ықпалына тәуелсіз түрде талданады, не оның бірлескен іс-әрекет тиімділігіне тигізетін ықпалы материалдық емес өндіріс саласында бағаланады (Е.Г.Злобина, Т.Б.Беляева).
Соңғы кездерде психологиялық зерттеулерде қарым-қатынас түсушілердің аралығындағы қашықтықтың, серіктестің коммуникативтік мәніне көңіл аударуда. Америкалық қарым-қатынас психологиясында бұл бағыттағы зерттеулерге проксемика – деп ат қойылды. Проксемика бойынша қарым-қатынасты төрт түрге бөлуге болады, олар: көңіл-күйлік, жеке бастық, әлеуметтік, көпшілік. Алғашқы екі ара-қатынас жақын достық байланысты аңғартады, ресми қатынастағы адамдар әлеуметтік тұрғыны ұстанады, ал көпшілік ара-қатынас бөтен адамдармен араласу болып табылады. Әрбір адамның өзіне ғана тән қалыптасқан қарым-қатынас стилі болады.
Қарым-қатынас стилі дегеніміз не? Ол қалай қалыптасады?
Тұлғаның өмірлік жолын түсіндіру үшін Адлер стиль ұғымын қолданады, яғни стиль ол жүйе мінездемесі және мақсатқа жету, адам өзінің алдына қойып өзінің толықтығын қорғайды. Бірақ адам өзінің өмірлік стилін жасамайды, ол тұлға қасиеттері және әлеуметтік шарттар салдарынан туындайды [47. 26 б.]. Мерлин В.С.
Осы тақырыптағы ең алғашқы тәжірибелік зерттеулерді 1938 жылы неміс психологы Курт Левин жүргізген. Ал қазіргі кезде педагогикалық қарым-қатынас стилінің көптеген түрі анықталған, солардың негізгілеріне тоқталып өтейік.
Авторитарлық стиль – қатаң басқару тенденциясы және бақылау формасымен сипатталады. Басқа әріптестеріне қарағанда бұйрық беру жолын көп қолданады. Мұндай стилді педагог жұмыс мақсатын тек өзі анықтап қана қоймай, сонымен қатар тапсырманың орындалу жолдарын, кім кіммен және қай топта жұмыс жасау керектігін нқты анықтап береді. аталмыш стиль ынталану әрекетін бәсеңсітеді, себебі оқушы орындап отырған жұмысының мақсатын, жұмыс кезеңдерінің функцияларын және алда не күтіп тұрғанын ұғына алмайды. Бұл стиль жалпы алғанда тиімсіз болып табылады. Педагог ұжымы және оқушылар айтқанды жасауға үйреніп; белсенділік, инициатива көрсетуге дағдыланбайды: көбіне жалтақ болып, жағымпаздық жолға түседі. Оқушының позитивті мүмкіндіктеріне мұғалімнің сенімсіздік танытуы жұмысқа деген қызығушылығын күрт төмендетеді. Оқушы тарапынан көрсетілген әрбір ынталану үрдісін авторитарлы педагог «өз бетімен кету» деп қабылдайды. Зерттеулердің нәтижесі көрсеткендей мұндай мінез-құлық өз беделін жоғалтып аламын деген қорқыныштан туындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет