9 дәріс. Қарым-қатынастың коммуникация ретінде талдануы және оны эксперименталдық зерттеу.
Қарым-қатынастың жеке тұлғалардың психикалық ерекшеліктерінің көрініс табуына ықпалы, ең алдымен, топ мүшелерінің өзара байланыстылық деңгейімен анықталады.
Шындығында, қарым-қатынас үнемі тұлғаның аффективті және когнитивті даму салаларына тек қана оң ықпал етпейді. Оның тұлғаның психикалық ерекшеліктерінің көрініс табуына ықпалының қарқындылық деңгейі бірқатар факторларға негізделген, оларға мыналар жатады:
· атқарулы қызмет ерекшеліктері (оның мазмұны, күрделілік, мәселелік, талқылану деңгейі және т.с.с.);
· субъектінің жеке психологиялық сипаттамалары (коммуникативті емес міндетті орындау барысындағы белсенділік деңгейі, оған қосылу, мотивация сипаты, бірлескен іс-әрекет бойынша серіктестермен өзара әрекетті ұйымдастыру мен қолдаудағы жеке мүмкіндіктер, қарым-қатынас тәжірибесі, тұлғаның коммуникативті қасиеттері және т.с.с.);
· әлеуметтік-психологиялық сипаттамалар (өзара әрекеттің келісімге негізделу деңгейі, оның бағыттылығы, топтың құрылуы және т.с.с.);
· ситуациялық факторлар (жағдай ерекшелігі, оның кеңістіктік-уақыттық сипаттамалары және т.с.с.).
Қарым-қатынас дәстүрлі түрде мінез-құлықты және өзін-өзі реттеудің маңызды құралы ретінде қарастырылады. Қарым-қатынас процесі іс-әрекеттің нәтижелеріне өзара бақылауды қарқындатады, оған қатысушылардың әрбірінің жалпы топтық нәтижеге қосқан үлесін бағалауға жағдайлар туғызады, күш-жігерді үйлестіруді талап етеді, бұл, өз кезегінде, өзара әрекет процесіне қатысушының әрбірінің өзін-өзі бақылауын, өзін-өзі реттеуін күшейтуге әкеледі (Б.Ф. Ломов, А.В. Мудрик, Н.Н. Обозов және т.б.).
Педагогтар тарапынан қарым-қатынасқа деген үлкен қызығушылық барлық білім беру іс-әрекетінің бірлескен іс-әрекет түрлерінің оның түрлі формаларында және түрлі әдістермен жүзеге асатын кешені ретінде таныла алатындығынан туындап отыр. Олардың шын мәнінде көлемді және алуан түрлі екендігін атап өте отырып, бұл процесте диалогтың жетекші рөл атқаратындығын да атап өткен дұрыс.
Қарым-қатынас бойынша мамандар дәстүрлі түрде диалогты қарым-қатынастың өзекті факторы ретінде көрсетеді (А.В. Брушлинский, Дж. Вертч, П. Гриффин, Б.Ф. Ломов, А.В. Мудрик, В.А. Кольцова, М. Коул, Л.А. Радзиховский және т.б.). Ішкі және сыртқы диалогтың жүйе құрушы және ұйымдастырушы қызметтерін қарастыру нәтижесінде соңғы кезде өзара байланыста қарастырылып отырған қарым-қатынас және таным процестеріне үлкен мән беріліп жүр.
Қарым-қатынас жағдайларында сыналушылар іс-әрекетін бақылау елеулі түрде өзгереді. Іс-әрекет жағдайларын оның мақсаттарымен қатыстыру түрінде жүзеге асатын өзін-өзі бақылау бірлескен іс-әрекетке өзге де қатысушылар тарапынан сыртқы бақылау арқылы толықтырылады. Оны бірлескен іс-әрекетке қатысушылар бір-бірінің іс-әрекет нәтижелеріне берілген әр сипаттағы бағалар түрінде, өзара түзету, айқындау, мақұлдау, теріске шығару арқылы жүзеге асырады.
Сыртқы бақылау ықпалымен, шешкелі отырған мәселеге назарды шоғырландыру, сыналушы жүзеге асыратын іс-әрекетке жауапкершілікті көтеру, үнемі өз іс-әрекетінің нәтижелерін бірлескен іс- әрекетке өзге де қатысушылардың есебінен өзін-өзі бақылау тереңдей түседі.
Қарым-қатынастың маңызды жеке психологиялық мазмұны басқаны субьекті ретінде түсінудің ерекшеліктерін анқтайды. Бірлескен іс-әрекеттегі басқаға маңызды тұлғаның қасиетін түсінудің психологиялық ерекшеліктері /түсінік деңгейінде/ оның жыныс-жасерекшелік және индивиттік сипатына белгілі дәрежеде тәуелді [193. 20 б.]. Князев В.Н.
Бақылау қызметі бірлескен іс-әрекетте қарым-қатынас орындайтын реттеу қызметімен тығыз байланысты. Бір-бірінің іс-әрекет нәтижелеріне баға бере отырып, қарым-қатынастағы серіктестердің белсенділігін тежеумен қатар ынталандыра да алады.
Қарым-қатынас процесінде сонымен қатар ойлармен және сезімдермен алмасу жүзеге асырылады, белгілі бір жағдайларда қарым-қатынасты оңтайландырып, адамдар арасында неғұрлым тығыз байланыстарды қалыптастыра алатын топтық эмоциялық күй-жағдайлар туындайды.
Е.И. Исаев, С.В. Пазухина зерттеулерінде бағалаудың мағыналы табиғатын анықтау бойынша жеке тұлғаның санасында объектілер арнайы қарым-қатынас, психологиялық білімді студенттер игеруінде ерекше зерделі бағалылық қалыптасады. Осы кезде доминантты қажеттіліктер мен қызығушылықтар болашақ педагогтардың психологияға қарым-қатынасын анықтайды. Нәтижесінде студенттер жеке және профессианальды мәселелерін психологиялық әрекеттер арқылы шешімін табуға тырысып, ол оқыту мен тәрбиелеу процесіне әсер етеді. Олардың зерттеулерінің нәтижесінде студенттердің танымдық эмоциялық, ерікті қасиеттерін қалыптастыруға болады.
Болшақ педагогтардың психологияға мәнді-құнды көзқарасын қалыптастыру негізгі үш кезеңді қамтиды:
жеке тұлғаның өзін бағалауы;
студент санасында өз өмірін тұлға ретінде сезінуі;
практикалық іс-әрекетке құнды-зерделі көзқарас экстериоризациясы [194. 5 б]. Исаев Е.И.,
А.Н. Леонтьевтің іс-әрекеттің құрылымдылық сызбасы қарым-қатынастың маңыздылығына бірқатар артықшылық берді. Біріншіден, қарым-қатынастың құрлымы барынша ойластырылған және операцияланған, басқаша айтқанда, нақты құрлымдық компоненттері болды. Екіншіден, қарым-қатынасты іс-әрекет ретінде қарастыру оны адамның өзе іс-әрекеттерімен салыстырып, оның жалпы адам өміріндегі маңызын түсінуге мүмкіндік берді. Үшіншіден, қарым-қатынасты іс-әрекет ретінде түсіну оның ішкі, қажеттілік-мотивациялық қырын бірінші орынға шығарып, зерттеуді қарастырылып отырған коммуникативтік операцияларды жай ғана тіркеп отыру аясынан шығарып жіберді. Қарым-қатынастың сыртысқы және ішкі қабаттары тұтас психологиялық категорияның өзара байланысты мәнді элементтерін анықтайды [195. 27 б.]. Леонтьев А.А. 1997
Қарым-қатынас жағдайларында оған қатысушылардың әрқайыссында өзіндік бақылау процесстері белсенді жүреді, «үздікті» және «қауіпті», яғни сыналушылардың біреуі де нақты жаңғырта алмайтын орындарды нақтырақ сезінеді. Қарым-қатынас ақпаратты біріншіден екіншіге және керісінше аударатын оператор рөлін атқаруы мүмкін.
Ғылыми- техникалық прогресс адамзат іс-әрекетінің барлық түрлерін компьютеризациялауға жетелейді. Адамдардың бірлескен іс-әрекеттері де шеткерілмейді. Компьютерлер арқылы өзара хабарламалар алмасудың техникалық мүмкіндігі ақпараттардың электронды таралу құралы мен оларды электронды өңдеу құралдарымен бірігуімен дайындалған. Мұндай бірігудің нәтижесі ретінде пайда болған телематика адамдар арасындағы қарым-қатынастың компьютермен жанамаланған шынай негізді құрайды. Телеконференциялар (немесе компьютерлі конференциялар) және электронды пошта мұндай қарым-қатынастың әртүрлілігі болып табылады.
Компьютерлерді қарым-қатынас құралы ретінде қолдану қоғамдық тәжірибеге енді, бұл коммуникативті процесстердің жанамалануының жаңа тәсілдерінің психологиялық салдарын зерттеуді өзекті етеді. Мұндай зерттеу телематикалық жүйелерді жасау тәжірибесі үшін де, адами қарым-қатынастың даму тенденцияларын болжау үшін де маңызды. Қазіргі уақытта қарым-қатынас мәселесі психологияда орталық орындардың бірін алады. Қарым-қатынас процестері ерекшеліктерін олардың компьютермен оңтайландырылуы психологиялық ғылымға тек елеулі үлес қосып қоймай, сонымен қатар қоғамды ақпараттандырудың әлеуметтік аспектілерімен байланысты тартысты мәселелерді шешу барысында басым аргумент қызметін атқаратын эмпирикалық зерттеулер көрсеткіштері әдіснамалық тұрғыда негізделген ұсыныс ретінде байқалады [196. 5 б.]. Войкунский А.Е.
Біздіңше, «өзара қатынастар» ұғымын анықтай отырып, термин семантикасына сәйкес мұның, ең алдымен, міндетті түрде бірлескен іс-әрекетінде «жеке тұлғалар ретіндегі өзара қатынас» екендігін атап көрсеткен жөн (К. Маркс және Ф. Энгельс). Осының барысында бірлескен іс-әрекет жағдайлары қайтымдылық және симметриялылық қасиеттеріне ие болады. Шындығында, менің барлық өзге адамдарға деген қатынастарым өзара қатынастар ретінде қарастырыла алмайды.
Өзара қатынастар – бұл тікелей тұлғааралық қатынастар. Олар «бетпе-бет» тікелей болуы мүмкін немесе қандай да бір коммуникация құралдары арқылы (телефон, телеграф, радио, теледидар) жүзеге асуы мүмкін, бір мезгілде болуы немесе кейінге қалдырылуы ықтимал (мысалы, хат жазысу барысындағыдай), бірақ оларда әрқашан да нақты бірлігінің сақталу мүмкіндігі орын алады.
Егер өзара қатынастарды тұлғаның ішкі күйі ретінде қарастырсақ, онда қарым-қатынас олардың бақыланатын, бірлескен іс-әрекетте көрініс табу және жүзеге асу процесі ретінде түсіндіріледі: қарым-қатынас – бұл тұлғааралық қатынастар жүзеге асатын, көрініс табатын және қалыптасатын, адамдар арасындағы ақпараттық немесе заттық және т.с.с. бірлескен іс- әрекет [197. 9 б.]. Коломинский Я. дисс.
Мәселені зерттеудің күрделі болу себебі қарым-қатынас адамзат өмірінің барлық саласын қамтиды. Әрбір зерттеуші қарым-қатынас процесін өзінің нақты сұрақтарымен қарастыра отырып, тұлғалық ерекшеліктерін кешенді түрде бір шекарасын қамтиды. Нақты қарым-қатынаста болуды зерттеуге көптеген теориялық , эксперименттік жұмыстар арналған. Алайда бірлескен іс-әрекетегі және оның бағыттарының өзгеруін зерттеу салыстырмалы түрде алғанда жақыннан бері қаралған [198. 4б.]. Мельникова Н.М.
Түрлі эксперименттік зерттеулер балалардың адаммен байланысты сыртқы ықпалға – адамның дауысынан ана тілінің фонемаларына дейін ажыратуға, әлеуметтік материалмен интеллекуалдық операциялар жасай алу (Д.Б. Годовиков) мүмкіндігіне қатысты қалыптасатын таңдамалылық феноменін (басқаша айтқанда асқан сезімталдық және барынша дифференциациялылықты) анықтады. Жүргізілген зерттеулер ересектермен қарым-қатынас бала іс-әрекетінің ішкі жоспарын (А.В. Болбочан, Г.И. Капчелия), эмоционалдық күйзелістерінің аумағын (С.Ю. Мещерякова, А.И. Сорокин), балалардың танымдық белсенділігін (Е.О. Смирнова, Т.А. Землянухина) ерік пен жігерін (Г.И. Капчелия, Е.О. Смирнова), өз-өзін түйсінетіні мен бағалайтынын (Н.Н. Авдеева), қатарластарымен қарым-қатынасын (Л.Н. Галигузова) анықтайтынын дәлелдеді
Е.В. Залювовскаяның «Бірлескен іс-әрекет жағдайында коммуникативті кедергілерді жеңу» атты ғылыми зертеуінде бірлескен іс-әрекеттегі еңбек қызметі арқылы қарым-қатынас адам өмірінің қажетті шарты, олардың айналасындағы әлемді және өзіндік танымын жүзеге асырады. Жеке адамның тұлға ретінде қалыптасу процесі қарым-қатынаста атқарылады.
Е.Е. Караванова мен Л.В. Матвееваның экспериментік зерттеуінде теледидарлық қатынас – бұл тұлғааралық қарым-қатынастарға тән барлық ерекшеліктер мен құрамдас бөлшектерден тұратын жанама түрдегі тұлғааралық қарым-қатынас деген тұжырымға негізделген үлгісіне сүйене отырып олар зерртеу мақсаты: тәжірибеге қатысушылардың пікірленінің нәтижесінде 5 кезең бойынша қарастырды:
Іс-әрекеттік (көрермендердің телеэкрандағы нақты кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне қобалжумен айқындалады)
Когнитивтік (бағдарламадағы танымдық ақпарат);
Эмоциялық (көрермендердің аффективті көңіл-күйлері)
Экологиялық (кейіпкерлердің телевизиялық жағдайдың кеңістігінде әрекет ету мекенімен байланысты, адамның экологиялық айналасын көрсету арқылы автордың әлемге, қоршаған ортаға деген қарым-қатынасын айқындайды)
Достарыңызбен бөлісу: |