Философия және Саясаттану факультеті Жалпы және этникалық психология кафедрасы


Құзыреттері (оқытудың нәтижелері)



бет4/23
Дата26.04.2024
өлшемі96.18 Kb.
#499944
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
толык умкд карым-катынас Текстовый документ OpenDocument

Құзыреттері (оқытудың нәтижелері)::
құралдық: Студенттер қарым-қатынас психологиясының негізінде әдіснамалық, білімдерге ие болу; ғылыми зерттеуде дәстүрлі және инновациялық әдістер мен тәсілдерді пайдалану арқылы қарым-қатынас психологияның стандартты жағдайдағы ақпараттық өрісін критикалық бағалау мен талдауға қабілеттіліктерін арттыру.
тұлғааралық: Студент қарым-қатынас психологиясынан дәрістік немесе семинарлық сабақтарды өткізуге қажетті материалдарды іздестіру және таңдай білу; Жоғары мектептегі қарым-қатынас психологиясы аудиториялық және индивидуалды сабақтар үрдісінде студенттік топпен жұмыстар жасау; Педагогикалық қарым-қатынас арқылы жоғарғы оқу орнындағы оқыту-тәрбиелік үрдісті басқару.
Жүйелік: Қарым-қатынас психологиясының концептуалды ұйымдастырылған психологиялық білімдерді ақпараттық толықтырулар, концептуалды тұтастылық, логикалық қатынастағы когнитивті құрылымдардың жүйесі ретінде қайта жаңғыртуға қабілеттілік; психологиялық білімдер жүйесін тұлғалық білімдер аясына қатыстыру мақсатымен талдау және бағалау (интерпретация, жүйелеу, жіктеу, салыстыру, т.б) формализациялау процедурасы арқылы өзектендіру қабілеті; психологиялық білімдер жүйесін әлемнің ғылыми бейнесін біртұтас бейнелеу негізінде ғылыми, оқу-зерттеу және оқу іс-әрекетінде пән аралық пайдалану мақсатында жобалау мен құрастыру;
Пәндік құзырет: Қарым-қатынас психология және онымен шектес ғылыми білімдердің фундаменталды жағдайларын, қазіргі қарым-қатынас психология ғылымының бағыттары мен басқа ғылымдармен салыстырмалы жағдайын, кросс-мәдени әсерлер аясындағы отандық және әлемдік психология ғылымдарының қазіргі жағдайы мен даму тенденцияларын меңгеру; қарым-қатынас психологиясының білімдерді, меңгерілген құқықтық және этикалық ережелерді психологиялық талдау мен оқу, оқу-зерттеу іс-әрекетіндегі түрлі проблемалық ситуацияларды индивидуалды-тұлғалық, әлеуметтік-психологиялық тұрғыда шығармашылық шешу кезіндегі жорамалдауда пайдалану.
Пререквизиттері: “ Қарым-қатынас психологиясы ” курсын жақсы меңгеру үшін осы курстың алдында оқылуы тиіс, мына пәндермен танысу қажет: «Саясаттану», «Философия», «Жалпы психология», «Әлеуметтік психология», «Педагогикалық психология», «Жас ерекшелік психологиясы», «Еңбек психологиясы», «Әлеуметтану».


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет